Жоба
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің
2015 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілді
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің таңдау бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
аккредиттеу туралы куәлікті беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні;
аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын беру – 5 (бес) жұмыс күні.
ХҚО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі – 4 жыл мерзiмге республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәлік не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Республикалық және (немесе) өңірлік спорт федерацияларын аккредиттеу туралы куәлікке қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жолданады.
7. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Жұмыс кестесі:
1) ХҚО-ның – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін. Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз «электрондық кезек» күту тәртібімен көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;
2) порталда – тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақытты аяқталғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерді беру электрондық (толық автоматтандырылған) нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді қоспағанда келесі жұмыс күнде жүзеге асырады).
9. ХҚО-ға көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:
1) ХҚО-ға:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ХҚО қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
басқарушы органның жеке құрамы туралы мәліметті ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшесі болып табылатын ұйымдар тізбесін ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде аудармасы бар құжаттың көшірмесін ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесін ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай –күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасын ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізіген республикалық спорттық жарыстар хаттамаларының көшірмелерін ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидаларын ХҚО қызметкері сканерлейді және электрондық сұрау салуға қоса тіркейді;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – заңды тұлғаның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттіктерді куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).
Көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, бөлімшелердің және жергілікті спорттық федерациялардың мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
ХҚО қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызмет алушыдан ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жазбаша келісім алады.
Құжаттарды қабылдау кезінде ХҚО қызметкері түпнұсқалардың түпнұсқалылығын құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырып тексереді, содан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
ХҚО арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға мыналар көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
сұраудың қабылданған күні мен нөмірі;
сұратылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың атауы мен саны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және олардың байланыс телефондары.
ХҚО-да дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға оның қызметкері қолхат негізінде, жеке басын куәландыратын құжатын (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсеткен кезде береді;
2) порталға:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
құрылтайшылық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
басқарушы органның жеке құрамы туралы мәлімет құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшесі болып табылатын ұйымдар тізбесі құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы мүшесі болып табылатын кемінде сегіз әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада) орналасқан (өңірлік федерациялар үшін бес әкімшілік-аумақтық бірліктен (облыстарда, республикалық маңызы бар қалада, астанада) кем емес) филиалдардың немесе жергілікті спорт федерацияларының мемлекеттiк тiркеу туралы куәлігінің көшірмелері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
Халықаралық олимпиада комитеті, Азия олимпиадалық кеңесі немесе «Спорт-Аккорд» халықаралық конвенті таныған халықаралық спорт ұйымдарына мүшелігін растайтын мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде аудармасы бар құжаттың көшірмесі құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы Ұлттық олимпиада комитетінің танығандығы туралы құжаттың көшірмесі құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
төрт жылдық кезеңге спорт түрін дамыту бойынша ағымдағы жай –күйді талдауды және жоспарланған іс-шараларды қамтитын спорт түрін дамыту бағдарламасы құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
аккредиттеуді өткенге дейінгі бір жыл ішінде республикалық немесе өңірлік спорт федерациясы өткізіген республикалық спорттық жарыстар хаттамаларының көшірмелері құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
дамып жатқан спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық жарыстарды өткізу қағидалары құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, бөлімшелердің және жергілікті спорттық федерацияларды мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус елестетеді.
10. Мыналар:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес талап етілген барлық құжаттарды ұсынбау;
2) куәлік алу үшін спорт федерациясы ұсынған құжаттарда жалған немесе бұрмалаған ақпараттың болуы;
3) спорт федерациясының Қазақстан Республикасының заңнамасында аккредиттелген спорт федерацияларына қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
4) келесі аккредиттеу кезінде бұрынғы мерзімде спорт түрін (түрлерін) дамыту бағдарламасын орындамауы;
5) аккредиттеуді қайтарып алуға негіз болған бұзушылықтарды спорт федерациясының жоймауы (бұған дейін аккредиттеу қайтарып алынған спорт федерациясы аккредиттеу туралы өтініш берген жағдайда);
6) аккредиттеу туралы өтініш берген спорт федерациясы сияқты спорт түрін(түрлерін) дамытуды жүзеге асыратын аккредиттелген спорт федерациясының болуы.
Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушінің, халыққа қызмет көрсету
орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің
шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым 010000, Астана қаласы, «Министрліктер үйі», Орынбор көшесі, 8-үй,
15-кіреберіс, 634-кабинет мекенжайы бойынша, байланыс телефондары: 8 (7172) 741262, 741194 көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы көрсетілетін қызметті алушының аты, тегі, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен жайы, шағымның шығыс нөмірі мен күні міндетті түрде көрсете отырып қолма-қол қабылданады.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
ХҚО-ның қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, шағым ХҚО-ның басшысының атына беріледі. ХҚО басшыларының мекенжайлары мен телефондары www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген.
ХҚО-ға қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанын растау оның тіркелуі болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады).
Сондай-ақ көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны немесе портал арқылы алуға болады.
Көрсетілетін қызметті берушіге оның шағымының қабылданғанын растау ретінде нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауапты алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты алуға болатын адамдардың байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжделген жауабы көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚО кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Портал арқылы электрондық жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» оны өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады.
Шағымды қарау нәтижелері туралы көрсетілетін қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде, порталда – көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетінде хабарланады.
Шағым сондай-ақ www.1414.kz мекенжайы бойынша портал форумы арқылы беріледі.
Портал арқылы көрсетілетін қызметті беруші, ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының: 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету
ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Белгеленген заңнама тәртәпте көрсетілетін қызметті алушыларға толық немесе ішанара қабілетінен айрылу немесе өзіне-өзі қызмет көрсету, дербес жүру, бағдарлау бар болса, онда мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды қабылдауды бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефонына жүгіну арқылы көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне шыға отырып, ХҚО қызметкерлері жүргізеді.
14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:
1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің www.mks.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
2) қызметті берушінің www.sport.gov.kz интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
3) ХҚО-ның – www.con.gov.kz;
4) порталда орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ бар болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.
16. Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдағы «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің 8 (7172) 741396, 741386 телефондары арқылы не мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығының: 1414 телефоны бойынша анықтамалық қызметте алуға болады.
__________________
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша
Нысан
Кiмге ________________________________________
______________________________________________
(дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi ______________________________________________ және (немесе) жергілікті атқарушы орган
______________________________________________
басшысының лауазымы,тегі, аты, ______________________________________________
әкесінің аты (бар болса))
Кiмнен ______________________________________
(Спорт федерациясы басшысының немесе ______________________________________________
өкiлiнiң тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
______________________________________________
______________________________________________
(мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы)
Спорт түрлері бойынша республикалық, өңірлік немес жергіліктіспорт федерацияларын аккредиттеуді өткізуге және аккредиттeу туралы куәлік беруге
ӨТIНIШ
Сiзден ________________________________________________________
(спорт федерациясының атауы
___________________________________________________________________
аккредиттеу өткізуді және аккредиттеу туралы куәлiк берудi сұраймын.
Өтiнiшке мынадай құжаттар қоса берiледi:
1) ____________________________________________________________
2) ____________________________________________________________
3) ____________________________________________________________
4) ____________________________________________________________
5) ____________________________________________________________
6) ____________________________________________________________
7) ____________________________________________________________
8)_____________________________________________________________
9)_____________________________________________________________
10)____________________________________________________________
М.О. ___________ _____________________________________
(қолы) (тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
20__ ж. «___» ____________
Өтiнiштiң түскен күнi 20__ ж. «___» _____________
Тiркеу нөмiрi ___________________________________
_______________________________________________________________
(жауапты тұлғаның қолы, тегi, аты, әкесінің аты (бар болса))
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін ________
20 __ жылғы «___ »_________________
____________________
«Республикалық және өңірлік спорт федерацияларына аккредиттеу туралы куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша
Нысан
(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.
не ұйымының атауы)
____________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы
15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілсін) құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын, атап айтқанда:
Жоқ құжаттардың атауы:
-
_______________________________;
-
_______________________________;
-
....
ұсынбауыңызға байланысты бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
Аты-жөні (ХҚО қызметкері) (қолы)
Орындаушы: Т.А.Ә. ____________________
Телефоны: ____________________
Алды: аты-жөні /көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ ж. «___» _________
__________________
Достарыңызбен бөлісу: |