Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



бет1/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ

«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


_______________________________________________________________________________________________________________________


ДИРЕКТОРЛАР

КЕҢЕСІНІҢ ҚАУЛ ЫС Ы




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

СОВЕТА ДИРЕКТОРОВ

2013 жылғы 17 мамыр № 138





Алматы қ.


г. Алматы




«Кредиттік тіркелім»

жаңғыртылған автоматтандырылған

ақпараттық шағын жүйесіне әдістемелік

нұсқауларды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысын іске асыру, сондай-ақ кредиттік тарих субъектілері бойынша ақпарат беру үшін пайдаланылатын терминдер және анықтамалықтарды айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған «Кредиттік тіркелім» жаңғыртылған автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесіне әдістемелік нұсқаулар бекітілсін.

2. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

3. Cтатистика департаменті (Жақамбаева Қ.С.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, ведомстволарына және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

Ұлттық Банк

Төрағасы Г. Марченко

ҚРҰБ Директорлар кеңесінің

2013 жылғы ______________

№___ қаулысымен бекітілген


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

«Кредиттік тіркелім» жаңғыртылған автоматтандырылған

ақпараттық шағын жүйесіне әдістемелік нұсқаулар

Алматы, 2013




Мазмұны


1. Жалпы ережелер 4

2. Терминдер мен анықтамалар 4

3. «Кредиттік тіркелім» АШШЖ құрылымы 6

3.1. Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпарат 6

3.2. Шарт туралы ақпарат 7

3.3. Қарызға қызмет көрсету туралы ақпарат (шартты міндеттеме) 8

4. Кредиттік тарих субъектісі бойынша анықтамалықтар және көрсеткіштер 10

4.1. Анықтамалық - Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі) 10

4.2. Көрсеткіш - Кредиттік тарих субъектісінің толық атауы 11

4.2.1. Кредиттік тарих субъектісінің заңды тұлғасының (дара кәсіпкердің) толық атауы 11

4.2.2. Жеке тұлғаның толық атауы 12

4.3. Анықтамалық - Ұйымдық-құқықтық нысаны 12

4.4. Анықтамалық - Сәйкестендіру құжаттарының түрлері 15

4.5. Анықтамалық - Облыстар, қалалар және елді мекендер 19

4.6. Анықтамалық – Байланыс түрі 20

4.7. Анықтамалық – Кредиттік тарих субъектісінің елі 21

4.8. Анықтамалық – Оффшорлық аймақтар 30

4.9. Анықтамалық – Экономикалық қызмет түрі 33

4.10. Анықтамалық - Банкпен (банктік емес ұйымдармен) ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі 36

4.11. Көрсеткіш – Заңды тұлғаның басшысы 41

4.12. Анықтамалық – Дара кәсіпкерлік субъектісінің коды 41

5. Шарт бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер 43

5.1. Анықтамалық – Қарыз және шартты міндеттеменің түрі 43

5.2. Көрсеткіш – Шарттың (қосымша келісімнің) күні мен нөмірі 47

5.3. Көрсеткіш – Нақты беру күні 47

5.4. Көрсеткіш – Шарт талаптарына сәйкес өтеу күні 47

5.5. Анықтамалық – Шарт бойынша валюта түрі 47

Валюта коды 48

5.6. Көрсеткіш – Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы 48

5.7. Көрсеткіш – Шарт бойынша жылдық сыйақы ставкасы 48

5.8. Анықтамалықтар – Кредиттеу мақсаты және Кредиттеу объектісі 48

5.9. Анықтамалық – Қарыз берген банкті (банктік емес ұйымды) қаржыландыру көзі 51

5.10. Көрсеткіш – Қарыз алушыда валюта түсімінің және/немесе қарыз алушыда хеджирлеу құралының болуы 52

5.11. Анықтамалық – Қамтамасыз ету түрі 53

5.12. Анықтамалық –біркелкі кредиттердің портфелі 62

6. Қарызға қызмет көрсету туралы ақпарат бойынша анықтамалықтар мен көрсеткіштер 63

6.1. Резиденттік, экономика секторы және валюта түрлері шеңберіндегі баланстық шоттар анықтамалығы 63

6.2. Анықтамалық –Жіктелімдік санат 68

6.3. Анықтамалық – Экономика секторы 69

7. Қазақстан Республикасының резидент еместері үшін баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары 73

7.1. Заңды тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары 73

7.2. Жеке тұлғаларға баламалы сәйкестендіру нөмірін беру қағидалары 74




1. Жалпы ережелер

Осы Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген және қарыз алушылардың кредиттік тарихын жасауға арналған ұғымдар, көрсеткіштер, анықтамалықтарды, банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ақпарат жеткізушілер) «Кредиттік тіркелім» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйесіне (бұдан әрі - «Кредиттік тіркелім» АШШЖ) қарыз алушылардың кредиттік тарихы бойынша ақпарат беру тәртібін айқындайды.

«Кредиттік тіркелім» АШШЖ барлық берілген және өтелмеген қарыздар (оның ішінде баланстан шығарылған) және қарыз алушы/тең қарыз алушыға қойылатын талаптар тоқтатылғанға дейінгі шартты міндеттемелер бойынша ақпараттан тұратын электронды деректер базасы.

Есептерді жасау кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін сандармен белгіленеді, егер өзгесі көзделмесе теңге түрінде көрсетіледі. 0,5-тен кем сома нөлге дейін, ал 0,5-ке тең және одан жоғары сома бірге дейін дөңгелектенеді. Коэффициенттер үтірден кейін екі таңба түрінде беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет