Республиканское государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»


Кредиттік тарих субъектісі бойынша анықтамалықтар және көрсеткіштер



бет4/18
Дата30.05.2016
өлшемі1.28 Mb.
#102771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

4. Кредиттік тарих субъектісі бойынша анықтамалықтар және көрсеткіштер




4.1. Анықтамалық - Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі)

4.1.1. Қолданылу саласы

Осы анықтамалық кредиттік тарих субъектісінің түрін (рөлін) айқындайды.

4.1.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта мынадай Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

- 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

- «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» 1995 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ипотека туралы заң);

- «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Акционерлік қоғамдар туралы заң),

- Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесі (бұдан әрі - №49 қаулысы);

- Бухгалтерлік есептің халықаралық стандартын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар (IAS) 18 «Кіріс».

4.1.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады.

Қарыз алушы – қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға.

Принципал – кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға.

4.1.4. Жалпы ережелер

Заңды және жеке тұлғалар (оның ішінде дара кәсіпкер), Қазақстан Республикасының резиденттері және резиденті еместер осы анықтамалықтың объектілері (кредиттік тарих субъектілері) болып табылады.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі) анықтамалықта белгіленген мәртебеге сәйкес келеді.

4.1.5. Анықтамалықтың құрылымы


р/с №

Коды

Субъектінің түрі анықтамалығы

1

01

Қарыз алушы

2

07

Принципал


4.2. Көрсеткіш - Кредиттік тарих субъектісінің толық атауы




4.2.1. Кредиттік тарих субъектісінің заңды тұлғасының (дара кәсіпкердің) толық атауы

Заңды тұлғаның, оның филиалдарының, өкілдіктерінің немесе басқа оқшауланған бөлімшелердің мемлекеттік тілдегі және (немесе) орыс тіліндегі толық атауы ұйымның құрылтайшы құжаттарында (жарғыда) белгіленген атауға сәйкес қалыптастырылады. Жарғының, анықтамада немесе мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе мәтін бөлігіндегі, жарғының титулды парағында және басқаларда заңды тұлға атауының әр түрлі оқылғанда, жарғының мәтінінде көрсетілген толық (фирмалық) атауы негізделген атау көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген заңды тұлғаның атауы латын алфавитінің әріптері көрсетіледі.

Заңды тұлғаның атауы өзгергенде, алдындағы атауды ауыстыратын жаңа өзекті атауы көрсетіледі.



4.2.2. Жеке тұлғаның толық атауы

Жеке тұлғаның мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі толық атауы мынадай түрде беріледі:



  1. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін тегі, аты, бар болса- әкесінің аты жеке куәлікке сәйкес мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде көрсетіледі. Қарыз алушының жеке басын куәландыратын құжатта аты немесе тегі болмаған жағдайда, «аты» немесе «тегі» бағанында тиісінше «Жоқ» көрсету қажет.

  2. шетел азаматтары үшін тегі, аты, бар болса әкесінің аты жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес латын алфавитінің әріптерімен көрсетіледі. Шетел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда тегі, аты, әкесінің аты орыс әріптерімен көрсетілсе, тиісінше орыс әріптері беріледі.

Тегі, аты, әкесінің аты өзгертілген жағдайда алдындағысын ауыстыратын жаңа өзекті тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі.

4.3. Анықтамалық - Ұйымдық-құқықтық нысаны

4.3.1. Қолдану саласы

Осы анықтамалық кредиттік тарих субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысанын айқындайды.

Анықтамалық талаптары экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға болып табылатын субъектілердің барлық түрлері үшін міндетті.

4.3.2. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер

Осы анықтамалықта Қазақстан Республикасының мынадай нормативтік құқықтық актілеріне сілтемелер пайдаланылған:

- 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

- 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім);

- Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 4 мамырдағы №12 бұйрығымен бектілген Шарушалық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктеуіші;

- Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің ведомстволық «Шаруашылық жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының жіктегіші».

- «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысы.

4.3.3. Терминдер мен анықтамалар

Осы анықтамалықта тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер пайдаланылады.

заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны - басқа түрінен құру тәсілімен, құқықтық қабілетінің көлемімен, басқару тәртібімен, құрылтайшылардың (қатысушылардың) бір-біріне және заңды тұлғаға қатысты құқықтары және міндеттерінің сипаты және мазмұнымен ерекшеленетін заңды тұлғаны құрудың белгілі бір түрі;

заңды тұлға - меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның құрылтайшылары заңды тұлғаның құқықтық мәртебесі (ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетудi қамтитын заңды тұлғаның атауы, тұрған жері, қызметін басқару тәртібі, құқықтары және жауапкершлігі және т.б.) белгіленетін құрылтай құжаттарын әзірлеуі оның пайда болуы үшін қажетті алғышарт болып табылады;

толық серiктестiк – Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақ жауапкершiлiкте болатын серiктестiк;

коммандиттік серіктестік – Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады;

жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк – бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк; жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi. Осы ережеден өзгеше жағдайлар АК және заң актiлерiнде көзделуi мүмкiн;

қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк - қатысушылары серiктестiк мiндеттемелерi бойынша өздерiнiң жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретiн, ал бұл сомалар жеткiлiксiз болған жағдайда өздерiне тиесiлi мүлiкпен оған өздерi еселенген мөлшерде енгiзген салымдар арқылы жауап беретiн серiктестiк;

акционерлік қоғам – өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражатты тарту мақсатында акцияларды шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғамның акционері моның міндеттемелері бойынша жауп бермейді және оған тиесілі акциялардың шегінде қоғамның қызметімен байланысты шығындар тәуекелін көтереді;

өндiрiстiк кооператив - азаматтардың бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн мүшелiк негiзде олардың өз еңбегiмен қатысуына және өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң мүлiктiк жарналарын бiрiктiруiне негiзделген ерiктi бiрлестiгi;

мекеме - басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы функцияларды жүзеге асыру үшiн өзінің құрылтайшысы құрған және қаржыландыратын ұйым;

қоғамдық бiрлестiктер - саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтiн, өздерiнiң ортақ мақсаттарына жету үшiн ерiктi негiзде құрған басқа да бiрлестiктер;

қоғамдық қор – бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке тұлғалар, және (немесе) заңды тұлғалар- қоғамдық бiрлестiктер құрған қор;

тұтыну кооперативi - қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (үлестiк) жарналарын бiрiктiру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi.

дiни бiрлестiк - рухани қажеттерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде, заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша бiрiккен Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтағы жоқ тұлғалардың ерiктi түрдегi бiрлестiгi;

заңды тұлғалардың қауымдастықтары (одақтары) – заңды тұлғалар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүдделерiн бiлдiру мен қорғау мақсатында құрылатын коммерциялық емес ұйымдар.

4.3.4. Жалпы ережелер

Анықтамалық экономикалық қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысандарын жіктеу және кодтауды қамтамасыз етеді.

Дара кәсіпкер үшін көрсеткіш толтырылмайды.

Осы әдістемелік нұсқаулық мақсатында өзге акционерлік қоғамдарға/жауапкершілігі шектеулі серіктестікке мемлекеттік болып табылмайтын акционерлік қоғамдар/жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жатады.

Мемлекеттік меншік болып табылатын ұйымды анықтау үшін, «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі №405 қаулысын басшылыққа алу ұсынылады.

4.3.5. Анықтамалық құрылымы

Анықтамалық екі бөліктен тұрады:

- толық атауы;

- қысқаша атауы.



Қысқаша атауы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ұйымдық-құқықтық нысанның кодына сәйкес келеді (ҚР ӘМ ҰҚН).

№ п/п

Коды

Толық атауы

Қысқаша атауы

1

01

Толық серіктестік

ТС

2

02

Коммандиттік серіктестік

КС

3*

03

Өзге жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 15-тармақта көрсетілген ЖШС қоспағанда

ТОО

4

04

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

ҚЖС

5*

05

Өзге акционерлік қоғамы 14- тармақта көрсетілген АҚ қоспағанда

АО

6

06

Өндірістік кооператив

ПК

7

07

Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы (қазыналық) мемлекеттік кәсіпорындар

ШЖҚМК мен ЖБҚМК

8

08

Мекеме

М

9

09

Қоғамдық бірлестіктер

ҚБ

10

10

Қоғамдық қор

ҚҚ

11

11

Тұтыну кооперативі

ТК

12

12

Діни бірлестіктер

ДБ

13

13

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) түріндегі бірлестіктері

ЗТБ

14

14

Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және өзге мемлекеттік акционерлік қоғамдар

АҚ

15

15

Мемлекеттік жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

ЖШС
* Ескерту: 3, 5-тармақтарда мемлекеттік меншік болып табылмайтын акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет