Республиканское государственное учреждение



Дата04.07.2016
өлшемі26.13 Kb.
#176096



«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2016 жылғы 28 қаңтар


Алматы қаласы



№ 20
город Алматы




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Басқармасының Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды

кері сата отырып сатып алу аукционын

өткізу мәселелері бойынша кейбір

қаулыларының күші жойылды деп тану

туралы
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды кері сатумен сатып алу жөнінде аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 қаулысының;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде заңды тұлғалардың банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды кері сатумен сатып алу жөнінде аукцион жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі № 196 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

2. Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті (Молдабекова Ә.М.):

1) осы қаулы қабылданған күннен бастап бір апталық мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жіберсін;

2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастырсын.

3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.

5. Осы қаулы1 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.





Ұлттық Банк

Төрағасы


Д. Ақышев

Дұрыс:


Бас маман-ҚРҰБ Басқармасының хатшысы

А. Дупленко






1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалы қағаздарды кері сата отырып сатып алу аукционын өткізу мәселелері бойынша кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет