Сабақтың тақырыбы: Домбыра жасау технологиясы
Гатауов Кенжетай Охасович
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы.
Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Сабақтыңмақсаты: домыраның шығу тарихы мен жасалу жолдарын үйрету
Оқушылардың ой-өрісін жетілдіру, ұлттық қол- өнер бұйымдарын жасау жолдарын үйрету.
Көрнектіқұралдар: домбыра жасауға арналған ағаштар (қайың,емен,өрік-ағаштар,қаттыағаштар)т.б. домбыраның қалыбы. Алмұрт,жаңғақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,әнгімелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, тарихи деректер, кітаптар. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Жаңа сабақ
Домбыраның шығу тарихы
Б.Ә.Д. УІІ-ІУ ғасыр Орта Азия Өңірін сақ тайпалары мекен еткен.Сақтар негізінен Іле алқабы мен Жетісу өңірінде болған.Мысалы,ІУ-ІІІ ғ табылған домбыралы түсін тас «ескерткішінің»өзі айтып тұрғандай,домбыраны қай уақыттан бастап пайда болғаның баяндап тұрғандай.Домбыра-ішекті музыка аспабы.Ол кебіне ағаштан тұтас ойылып жасалады.Негізінен екі ішекті болып келеді.Ел арасында үш ішекті домбыралар да кезігеді.Домбыра өткен ғасырларда шертер сыбызғы,қылқобыз,шаңқобыз т.б. музыкалық аспаптармен қатар дамыды.
І.Жобаны болжау және негіздеу
Жобаны орындау үшін қазақ халқының көне ұлттық домбыраны жасау тақырыбын алдық.
Домбыраны көптеген түрлері бар екенін білеміз:
1.Үшем домбыра
2.Бүктемелі домбыра
3.Желбезекті домбыра
4.Қоссаб
5.Қуыс мойын домбыра
6.Үш ішекті домбыра
7.Шіңкілдек.
Бұл домбыралар қос ішекті музыкалық аспаптарға жатады.Олардың ішінде кең таралғаны әрі ұзақ сақталып келе жатқаны да осы домбыра.Онда күй орындағанда шертіп және қағып тарту әдістері қолданылады.Шертіп ойнау әдісі Қазақстанның көп деген жерлеріне тән.Домбыраның алғашқы нұсқасы 5-7 пернелері болса,кейін перне саны 13-14 –ке жетті.
Оның құлақ күйі оң бұрау және теріс бұрау түрінде келтіріледі.Қазақтың майталман күйші,сазгерлері-Құрманғазы,Тәттімбет,Дәулеткерей, Байсерке,Қазанғап Сейтек.Домбыраның қасиеттін кейінгі ұрпаққа насиғаттап кетті.Домбыраны-тек күй тарту үшін ғана емес,ән сүйемел деугеде қолданылатын аспаптардың бірі:Біржан-сал,Ақан-сері,Жайау Мұса,Мұхит, Мәди,Әміре,Кенен Әзірбаев,М.Ержанов,Ж.Елебеков,Ғ.Құрманғалиев т.б.
ІІ.Домбыра материалдарын таңдау және өлшемдерін жобалау
Домбыра эстетикалық талғамдары сай және әдемі болуы тиіс.Негізгі домбыра тек біріңғай ағаш материалынан жасалады.Домбыра жасауға қандай ағаштарды пайдаланамыз.
Жаңғақ ағашы-қолдан өсіретін бағалы ағаш.
Шырша-қылқан жапырақты құнды ағаш.
Сағызқарағай-биік,ірі,тік,қатты,суыққа төзімді.
Самырсын қарағайы-шырша ағашына ұқсас дыбыс шығару жағынан шыршаны алмастыра алады.
Арша-дыбыс шығару жағынан шыршадан асып түседі.
Шамшат-жалпақ жапырақты.
Алмұрт-қатты тығыз.
Емен-жалпақ жапырақты күнді ағаш.
Қарағаш-қатты ,тығыз қызыл күрен,қоңырлау болып келеді.
Қанды ағаш-құнды ағаш.
Шетен-қатты,мықты,майысыпайтын ағаш.
Терек-жұмсақ,өңдеуге жеңіл ағаш,өзі ақ-сары түсті.
ІІІ.Бұйымды жасау технологиясы.
Домбыраның жасалу технологиясының толық меңгеріп,жұмыс барысында қателіктер жібермеу үшін, оның технологиялық картасын жасадық.Технологиялық картада домбырана жасау технологиясы толық көрсетілген.
ІV.Экономикалық есеп.
Домбыра жасау үшін сызбадағы өлшем бойынша ағаштың үш түрі қажет:
1.Терек-жұмсақ,өңдеуге жеңіл ағаш.ақ-сары түсті.Домбыраның мойыны ағашын жасау үшін ұзындығы 1м,ені 5 см.Құны С200тн.
2.Шанақ жасауға құны А-500тн.
3.Мойын ағашқа жапсырылатын алмұрт ағаш құны Р-510тн.
4.Желім құны-3-300тн.
Сарамандық жұмыс.
1.Домбыраның нақты өлшемдерін қатырма қағазға сызып,қайшымен қиып алу.
2.Мойын ағашын свзбаға қарап,өлшем бойынша кесу.
3.Шанақты даындау.
4.бұрау тетігін,перне,тиек жасау.
Сабақтың соңы.
Сабақ соңынан оқушылардың іскерлігін бағалау.баға қою.
Үйге тапсырма.
Оқушылардомбыраныңтүрлерінойшасалыпкелу.
Достарыңызбен бөлісу: |