Реферат тақырып : Анатомиялық терминдер құрылымы. Меңгеру және қиысу әдістерімен құрастырылған термин тіркестері



бет1/3
Дата15.02.2024
өлшемі124 Kb.
#492085
түріРеферат
  1   2   3
Латын 3 Есболат срс



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

«Қазақ, орыс және латын тілдері» кафедрасы




РЕФЕРАТ

Тақырып: Анатомиялық терминдер құрылымы. Меңгеру және


қиысу әдістерімен құрастырылған термин тіркестері.

Орындаған: Ергеш Е.С.


Топ: ЖМ-МҚ(Б)-04-23
Қабылдаған : Қамысбай А.Б.

Шымкент-2024




Жоспар:


  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

2.1 Анатомиялық терминдер құрылымы.
2.2 Меңгеру және қиысу әдістерімен құрастырылған термин
тіркестері.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Терминология – белгілі бір білім саласында қолданылатын терминдердің жиынтығы. Термин – (лат. тerminus - шек, шекара) – ғылым, техниканың, өнердің және қоғамдық тұрмыстың т.б. саланың белгілі бір ұғымының немесе заттың дәл (ауыспалы немесе бейнелі түрде емес) мағынасын білдіретін немесе нақты мән-сипатын аңғартатын сөз немесе сөз тіркесі. Терминдердің басқа сөздерден айырмашылығы, олар бірмағыналы, қысқа болады, эмоциялылық және экспрессия жоқ, стилистикалық бейтарап. Кейбір терминдер өзінің ерекше сипатын жоғалтып, әр түрлі сөйлеу стилінде кеңінен қолданылады. Терминология білімнің белгілі бір саласы терминдерінің жиынтығы ретінде кез келген тілде кәсіби қызметпен тығыз байланысты. Адам қызметінің белгілі бір саласында жұмыс істейтін маман терминологияны меңгермей, өз мүмкіндіктерін толыққанды іске асыра алмайды.
Терминдердің арасында термин-синонимдер де кездеседі, мысалы, пневмония – өкпенің қабынуы, грамматикалық модель – грамматикалық құрылым, дисфазия – афазия.
Терминологиялық лексика екі топқа бөлінеді: тарсалалық және жалпы ғылыми терминдер. Тарсалалық терминдер жекелеген ғылым шеңберінде ғана кездеседі: математика, физика, химия, информатика және т. б. Тарсалалық терминдер ерекше функционалдық оқшаулығымен сипатталады, көбінесе мамандарға ғана белгілі. Олардың басқа стильдерде қолданылуы шектеулі. Жалпы ғылыми терминдер ғылымның әртүрлі салаларында кездеседі, олар барлық адамдарға түсінікті, оларды жалпыға түсінікті деп аталады. Термин тек бір терминологияның құрамына кіруі мүмкін, және де әртүрлі терминологияларға, мысалы, операция (ота) – медицинада, қаржы саласында, әскери істе; ассимиляция – биологияда, этнографияда, лингвистикада кіруі мүмкін. Қазіргі жағдайда терминге қойылатын маңызды талап оның халықаралық сипаты, халықаралық стандарттарға сәйкестігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет