Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары



Дата20.07.2016
өлшемі173.98 Kb.
#211561




Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «30» қарашадағы

№ 1518 қаулысымен

бекітілген 
 

Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары

(101.04-нысан)

1. Жалпы ережелер
1. Осы Резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (есебін) жасау қағидалары (101.04-нысан) (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және резидент еместің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомаларын есептеуге, сондай-ақ халықаралық шарт ережелеріне сәйкес салық салудан босатылатын табыстардың сомаларын, шартты банк салымында орналастырылған сомаларды көрсетуге арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (есепті) (бұдан әрі – есеп) жасау тәртібін айқындайды, есепті Салық кодексінің 196-бабына сәйкес салық агентi жасайды.

2. Есеп осы есептің өзінен (101.04-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшадан (101.04) тұрады.

3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.

4. Көрсеткіштер болмаған кезде есептің тиісті торкөздері толтырылмайды.

5. Есепке қосымша есептегі тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады.

6. Есепке қосымша онда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды.

7. Есепке қосымшаның парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда, есепке қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады.

8. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» – қосу; «–» – алу; «х» – көбейту; «/» – бөлу; «=» – тең.

9. Сомалардың теріс мәндері есептің тиісті жолының (бағанының) бірінші сол жақтағы торкөзінде «–» белгісімен белгіленеді.

10. Есеп жасау кезінде:

1) қағаз жеткізгіште – қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспаханалық бас әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;

2) электронды жеткізгіште – Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.

11. Есепке салық агенті қол қояды және Салық кодексінің 61-бабы
3-тармағына сәйкес салық агентінің мөрімен куәландырылады.

12. Есепті табыс ету кезінде:

1) келу тәртібінде қағаз жеткізгіште – екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық агентіне қайтарылады;

2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен қағаз жеткізгіште – салық агенті пошта немесе өзге байланыс ұйымының хабарламасын алады;

3) электрондық түрде – салық агенті салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау жүйесінің салық есептілігінің қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы хабарлама алады.

13. Есепке қосымшаның «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде осы есептің «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімінде көрсетілген тиісті деректер көрсетіледі.

14. «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы Заң) сәйкес есепті табыс ету кезінде:

СТН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

ЖСН/БСН – Ұлттық тізілімдер туралы Заңның 3-бабы 4-тармағының


4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) міндетті түрде толтырылуы тиіс.
2. Есепті жасау (101.04)
15. «Салық агенті туралы жалпы ақпарат» деген бөлімде салық агенті мынадай деректерді көрсетеді:

1) СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;

2) БСН/ЖСН – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру нөмірі
(бизнес-сәйкестендіру нөмірі);

3) салық есептілігі табыс етілетін салық кезеңі – есеп табыс етілетін есепті салық кезеңі (араб сандарымен көрсетіледі);

4) салық агентінің атауы.

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) немесе заңды тұлғаның құрылтай құжаттарына сәйкес атауы көрсетіледі;

5) есеп түрі.

Тиісті торкөздер есепті Салық кодексінің 63-бабында көрсетілген салық есептілігінің түрлеріне жатқызу ескеріле отырып белгіленеді;

6) хабарлама нөмірі мен күні.

Жолдар Салық кодексінің 63-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген есеп түрін табыс еткен жағдайда толтырылады.

16. «Есептік көрсеткіштер» деген бөлімде:

1) 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ, 101.04.001 ІІІ жолдары салық кезеңінің әр айы үшін резидент емеске есептелген және төленген табыстардың сомаларын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.001 IV жолы 101.04.001 І, 101.04.001 ІІ және 101.04.001 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын осы тармақшада көрсетілген салық кезеңі үшін табыстардың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

2) 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдары Салық кодексінің 195-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін бюджетке аударуға жататын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.002 IV жолы 101.04.002 І, 101.04.002 ІІ және 101.04.002 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін салықтың жиынтық сомасын көрсетуге арналған;

3) 101.04.003 жолы салық агенті шегерімге жатқызған, есептелген, бірақ резидент еместерге төленбеген табыстардың сомасын көрсетуге арналған. 101.04.003 жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады.

Резидент еместердің есептелген, бірақ төленбеген табыстарын шегерімге жатқызу күні болып есепті күнтізбелік жылдың 31 желтоқсаны танылады.
101.04.003 жолы есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;

4) 101.04.004 жолы резидент еместің есептелген, бірақ төленбеген, салық агенті шегерімге жатқызған, Салық кодексінің 195-бабы 1-тармағының


2) тармақшасына сәйкес бюджетке аударылуға жататын табыстарынан алынатын табыс салығының сомасын көрсетуге арналған. 101.04.004 жолы есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады;

5) 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ және 101.04.005 ІІІ жолдары Салық кодексінің 216-бабына сәйкес салық кезеңінің әр айы үшін шартты банк салымына аударылған табыс салығының сомасын көрсетуге арналған және есепке қосымшаның деректері негізінде толтырылады. 101.04.005 IV жолы 101.04.005 І, 101.04.005 ІІ және 101.04.005 ІІІ жолдарының сомасы ретінде айқындалатын салық кезеңі үшін табыс салығының жиынтық сомасын көрсетуге арналған.

17. «Салық агентiнiң жауапкершiлiгi» деген бөлімде:

1) «Басшының Т.А.Ә.» жолында құрылтай құжаттарына сәйкес басшының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

2) есептің табыс етілген күні.

Есептің салық органына табыс етілген күні көрсетіледі;

3) салық органының коды.

Салық төлеушінің орналасқан орны бойынша салық органының коды көрсетіледі;

«Есепті қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә.» жолында есепті қабылдаған салық органы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) көрсетіледі;

4) есептің қабылданған күні.

Салық кодексінің 584-бабы 2-тармағына сәйкес есептің табыс етілген күні көрсетіледі;

5) құжаттың кіріс нөмірі.

Салық органы берген есептің тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) пошта штемпелінің күні.

Пошта немесе өзге байланыс ұйымы қойған пошта штемпелінің күні көрсетіледі.

18. Есепке қосымшада (101.04):

1) А бағанында жолдың реттік нөмірі көрсетіледі;

2) В бағанында резидент емеске табысты төлеу жүргізген тоқсанның айы көрсетіледі.

Есептелген, бірақ шегерімге жатқызылған, төленбеген табыстардың сомалары көрсетілген жағдайда, 4 тоқсан үшін есептің В бағаны толтырылмайды;

3) С бағанында табыстар алушы шетел заңды тұлғасының (бұдан әрі – резидент емес) толық атауы көрсетіледі;

4) D бағанында резидент еместің резиденттік елінің коды.

Ел кодын толтыру кезінде «Кеден декларацияларын толтыру үшін пайдаланылатын жіктеуіштер туралы» Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешімімен (бұдан әрі – шешім) бекітілген 22 «Әлем елдерінің жіктеуіші» қосымшасына сәйкес кодтауды пайдалану қажет;

5) Е бағанында резидент еместің резиденттік еліндегі салықтық тіркеу нөмірі көрсетіледі;

6) F бағанында Салық кодексінің 192-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден резидент емес алған осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес табыс түрлерінің коды көрсетіледі;

7) G бағанында дивидендтер түріндегі табыстарды қоспағанда, оған сәйкес табыстар туындайтын резидент емес пен салық агентінің арасында жасалған келісімшарттың (шарттың) нөмірі мен күні көрсетіледі;

8) Н бағанында олар бойынша салықтарды ұстап қалу бойынша міндеттеме туындайтын есептелген және төленген, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстаудан босатылған табыс сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда табысты есептелген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыстарды есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген және қоса есептелген табыстардың төленген сомасы көрсетіледі;

9) І бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 194-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

10) J бағанында Салық кодексінің 195-бабына сәйкес бюджетке аударылуы тиіс есептелген және төленген табыстардан табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Операциялар (табыс төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табысты төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда табысты есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген төлем көзінен табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Н – J бағандары резидент еместерге есептелген және төленген табыс сомалары бойынша толтырылады;

11) К бағанында салық агенті шегерімге жатқызған, салық кезеңі ішінде резидент еместерге есептелген, бірақ төленбеген табыс сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда Салық кодекстің 148-бабында белгіленген, салық агенті шегерімге жатқызған салық кезеңінің соңғы күніне валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген, резидент еместердің төленбеген табыстарының сомасы көрсетіледі.

12) L бағанында халықаралық шартта немесе Салық кодексінің 194-бабында белгіленген төлем көзінен табыс салығының ставкасы көрсетіледі;

13) М бағанында Салық кодексінің 195-бабына сәйкес бюджетке аударылуға тиіс, салық агенті шегерімге жатқызған, есепті салық кезеңі ішінде есептелген, бірақ төленбеген резидент еместің табыстарынан алынатын табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Операциялар шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда резидент еместің табысын шегерімге жатқызған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.

К – М бағандары шегерімге жатқызылған кезде резидент еместерге есептелген, бірақ төленбеген табыстардың сомалары бойынша толтырылады және есепті күнтізбелік жылдың 4-тоқсаны үшін есепте толтырылады;

14) N бағанында халықаралық шартқа сәйкес салықтарды ұстап қалудан босатылған есептелген (төленген) табыстардың сомасы көрсетіледі. Бұл ретте салықтарды ұстап қалудан босатылған деп халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес төмендетілген салық ставкалары қолданылған сомалар да танылады. Операциялар (табыстар төлеу) шетел валютасында жасалған кезде бұл бағанда табыс төлеген күнге немесе алдын-ала төлеген жағдайда, табыс есептеген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыстардың сомасы көрсетіледі;

15) О бағанында N бағанында көрсетілген табысқа қатысты қолданылған осы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес халықаралық шарт түрінің коды көрсетіледі;

16) Р бағанында О бағанында 22 код көрсетілген кезде О бағанында көрсетілген халықаралық шарттың атауы көрсетіледі;

17) Q бағанында халықаралық шарт жасасқан елдің коды көрсетіледі.
Q бағаны осы Қағидалардың 18-тармағы 4) тармақшасына сәйкес толтырылады;

18) R бағанында шешіммен бекітілген 23 «Валюта жіктеуіші» қосымшасына сәйкес табыс салығын шартты банк салымына орналастыру валютасының сандық коды көрсетіледі;

19) S бағанында Салық кодексінің 216-бабына сәйкес шартты банк салымына орналастыру валютасында орналастырылған табыс салығының сомасы көрсетіледі. Табыс салығы ұлттық валютада орналастырылған жағдайда, бұл баған толтырылмайды;

20) Т бағанында Салық кодексінің 216-бабына сәйкес шартты банк салымына ұлттық валютада орналастырылған табыс салығының сомасы көрсетіледі.

Операциялар (салықтарды орналастыру) шетел валютасында жасалған кезде, бұл бағанда салықты шартты банк салымына аударған күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептелген табыс салығының сомасы көрсетіледі.

N – Т бағандары егер салық төлеуші ратификацияланған мемлекетаралық немесе үкіметаралық шарт ережелерін қолданған жағдайда толтырылады.

Есепті тоқсанның тиісті айы үшін қосымшаның Н бағанының жиынтық сомалары 101.04.001А, 101.04.001В және 101.04.001С тиісті жолдарына көшіріледі;

J бағаныныкі – 101.04.002А, 101.04.002В және 101.04.002С тиісті жолдарына;

Т бағаныныкі – 101.04.005А, 101.04.005В және 101.04.005С тиісті жолдарына;

К бағанының қорытынды сомалары есептің қосымшасы бойынша жиынтық түрде 101.04.003 жолына, М бағаны 101.04.004 жолына көшіріледі.


3. Табыс түрлерінің кодтары
19. Есеп толтыру кезінде мынадай табыс түрлерін кодтауды пайдалану қажет.

Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс түрлерінің кодтары:

1010 – Қазақстан Республикасының аумағында тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1011 – сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы, одан тысқары жерлердегі тауарларды өткізуден түскен табыстар;

1020 – Қазақстан Республикасының аумағында жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түскен табыстар;

1021 – Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде басқарушылық, қаржылық (сақтандыру және (немесе) қайта сақтандыру жөніндегі қызметтерді қоспағанда), консультациялық, аудиторлық, заң (соттарда, төрелік сотта немесе аралық сотта өкілдік ету және құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтерді, сондай-ақ нотариаттық қызметтерді қоспағанда) қызметтерін көрсетуден түсетін табыстар;

1030 – Қазақстан Республикасының Үкіметі Салық кодексінiң 224-бабына сәйкес айқындайтын жеңілдікті салық салынатын мемлекетте тiркелген тұлғаның жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудiң нақты орындалған, көрсетiлген жерiне қарамастан, оларды орындаудан, көрсетуден түсетiн табыстары, сондай-ақ осы бапта белгiленген өзге де табыстар;

1040 – Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiкке құқық немесе мүлiкпен жасалатын мәмiлелер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын мүлiктi өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1041 – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік тiркелуге жататын Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлiктi өткізу нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

1042 – резидент шығарған бағалы қағаздарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасында орналасқан резидент заңды тұлғаның, консорциумның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн сату нәтижесінде алынған құн өсімінен табыстар;

1043 – егер резидент емес заңды тұлғаның мұндай акциялары, қатысу үлестерi немесе активтерi құнының 50 және одан да көп пайызын Қазақстан Республикасындағы мүлiк құрайтын болса, резидент емес шығарған акцияларды, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестерiн өткізу кезіндегі құн өсiмiнен түсетiн табыстар;

1050 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1051 – талап ету құқығын берген салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1060 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін резиденттен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1061 – талап ету құқығын сатып алған салық төлеуші үшін Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместен қарызды талап ету құқықтарын беруден табыстар;

1070 – бұрын негізсіз ұсталған айыппұлдардың бюджетке қайтарылғандарынан басқа, тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) және санкциялардың басқа да түрлері;

1080 – резидент заңды тұлғадан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1081 – Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құрылған пайлық инвестициялық қорлардан түсетін дивидендтер түріндегі табыстар;

1090 – мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы болып табылатын резидент емес үшін Қазақстан Республикасында салық міндеттемелерін орындау жүктелмеген сенімгерлікпен басқарушы-резиденттен мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тағайындау туралы акт бойынша алынған табыстар;

1100 – борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақыларды қоспағанда, сыйақылар нысанындағы табыстар;

1101 – эмитенттен алынатын борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйақылар нысанындағы табыстар;

1120 – роялти түріндегі табыстар;

1130 – Қазақстан Республикасында орналасқан мүлкін жалға беруден түсетін табыстар;

1140 – Қазақстан Республикасында орналасқан жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар;

1150 – Қазақстан Республикасында туындайтын сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1151 – Қазақстан Республикасында туындайтын тәуекелдерді қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетін сақтандыру сыйлықақылар түріндегі табыстар;

1160 – халықаралық тасымалдарда көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1161 – Қазақстан Республикасы ішінде көліктік қызмет көрсетуден табыстар;

1162 – Тармақ ҚР 21.07.11 ж. № 467-IV Заңына сәйкес
(2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген) 16-1) тармақшамен толықтырылған
теңіз тасымалы шартында (келісімшартта) көзделген сталиялық уақыттан тыс тиеу-түсіру операцияларында кеменің бос тұрып қалғаны үшін төлем түріндегі табыс;

1170 – Қазақстан Республикасының аумағындағы құбырларды, электр беру желілерін, оптикалық-талшықты байланыс желілерін пайдаланудан түсетін табыстар;

1180 – жұмыс беруші болып табылатын резидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1181– жұмыс беруші болып табылатын резидент емеспен жасасқан еңбек шарты (келісімшарт) бойынша Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін резидент емес жеке тұлғаның табыстары;

1190 – өздерiне резидентке қатысты жүктелген басқарушылық мiндеттердi орындауға байланысты, мұндай мiндеттердi нақты орындайтын жерiне қарамастан, басшының гонорарлары және (немесе) басқару органының (директорлар кеңесiнiң немесе өзге де органның) мүшелерi алатын өзге де төлемдер;

1200 – жұмыс беруші болып табылатын резидент Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған резидент емес жеке тұлғаның төлейтін үстемақылары;

1201 – жұмыс беруші болып табылатын резидент емес Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған резидент емес жеке тұлғаның төлейтін үстемақылары;

1210 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстар;

1211 – резидент емес жеке тұлғаның жұмыс беруші еместен алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметінен түсетін табыстар;

1220 – резидент жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері;

1230 – қалайша және кімге төлем жүргізілетініне қарамастан, мәдениет және өнер қызметкеріне: театр, кино, радио, теледидар артистіне, музыкантқа, суретшіге, спортшыға Қазақстан Республикасындағы қызметтен төленетін табыстар;

1240 – резидент төлейтiн ұтыстар;

1241 – егер ұтысты төлеу осындай тұрақты мекеменің қызметіне байланысты болса, Қазақстан Республикасында тұрақты мекемесі бар резидент немесе резидент емес төлейтін ұтыстар;

1250 – Қазақстан Республикасында тәуелсіз жеке (кәсіби) қызмет көрсетуден алынған табыстар;

1260 - резидент емес жеке тұлғаның резидент жеке тұлғадан өтеусіз алынған мүлкін қоспағанда, өтеусіз алынған немесе мұраға қалдырылған мүлік, оның ішінде жұмыстар, қызметтер түріндегі табыстар;

1270 – туынды қаржы құралдары бойынша табыстар;

1280 – міндеттемені есептен шығарудан табыстар;

1290 – күмәндi мiндеттемелер бойынша табыстар;

1300 –банктер мен лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар жасаған провизиялардың (резервтердің) мөлшерiн азайтудан табыстар;

1310 – сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан табыстар;

1320 – талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

1330 – кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс;

1340 – тіркелген активтерді шығарудан түскен табыстар;

1350 – геологиялық зерттеу мен табиғи ресурстарды өндіруге дайындық жұмыстарына шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түскен табыстар;

1360 – кен орындарын әзірлеу салдарларын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарларын жою бойынша нақты шығыстар сомасынан артуынан түскен табыстар;

1370 – бірлескен қызметті жүзеге асырудан табыстар;

1380 – егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері;

1390 – бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар;

1400 – өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс;

1410 – дивидендтер;

1420 – депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты;

1430 – оң бағамдық айырма сомасының теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі. Бағамдық айырма сомасы халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады;

1440 – ұтыстар;

1450 – әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс;

1460 – кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс;

1470 – сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын) мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс;

1480 – ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс;

1490 – 1010 – 1480 кодтарында көрсетілмеген басқа да табыстар енгізіледі.


4. Халықаралық шарт (келісім) түрлерінің кодтары
20. Есепті толтыру кезінде халықаралық шарттар (келісімдер) түрінің мынадай кодталуын пайдалану қажет:

01 – табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция;

02 – Ислам Даму Банкiнiң құрылтай шарты;

03 – Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы жұмысының жағдайлары жөніндегi келісім;

04 – Азия Даму Банкінің құрылтай шарты;

05 – жаңа үкіметтік ғимараттың құрылысы жобасына грантты пайдалану бойынша келісім;

06 – Қаржылық ынтымақтастық туралы келісім;

07 – Өзара түсiнiстiк туралы меморандум;

08 – Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісім;

09 – Халықаралық қайта құру және даму банкiнiң келісімі;

10 – Халықаралық валюталық қордың келісімі;

11 – Халықаралық қаржылық корпорацияның келісімі;

12 – Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі конвенция;

13 – Еуропалық Қайта құру және Даму банкiн құру туралы келісім;

14 – Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы;

15 – Орталық Азия университетін құру жөніндегі шарт;

16 –  Инвестициялар кепiлдiгiнiң көп жақты агенттiгiн құру туралы конвенция;

17 – «Нұр–Мүбәрак» ислам мәдениетінің Египет университеті туралы келісім;

18 – Әуе қатынасы туралы келісім;

19 – «Агросервистік қызметті қолдау» жобасын дайындауға арналған Халықаралық Қайта құру және Даму Банкінің грантын беру туралы келісім;

20 – «Қазақстан Республикасында ауылдық елдi мекендердi сумен жабдықтау» жобасын жүзеге асыру үшiн Жапония Yкiметiнiң грантын тарту туралы ноталар алмасу нысанындағы келiсiм;

21 – Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың артықшылықтары мен иммунитеттері туралы конвенция;

22 – Өзге де халықаралық шарттар (келісімдер, конвенциялар).

______________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет