Тұрсынбекұлы Данияр - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы
Абдуллин Рустем Жомартович - э.ғ.м., Қ.И. Сатпаев ат. ҚазҰТУ оқытушысы
ТАБЫСТАР ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ
Нарықтық қатынас жағдайында кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің мақсаты қызметтен табыс алу болып табылады.
Бухгалтерлік есептің 3 «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытынды есеп» стандартының талабына сәйкес 1996 жылы 13 қарашада жоғарыда көрсетілген үкімет органы бекіткен және 1997 жылдын 1 қаңтарынан күшіне енген, бұл қорытынды есепте табыс бойынша мынандай ақпараттар ашылуға міндетті деп көрсетілген:
1) өнім (жұмыс, қызмет) сатудан табыс;
2) жалпы табыс;
3) негізгі қызметтен табыс;
4) негізгі қызметтен емес табыс;
5) салық алынғанға дейінгі әдеттегі қызметтен табыс;
6) салық салынғаннан кейінгі әдеттегі қызметтен табыс;
7) төтенше жағдайлардан табыс;
8) таза табыс.
Өнім (жұмыс, қызмет) сатудан табыс, қосылған құнға салынған салықты акциздеуді ж.т.б. салықтар мен міндеттемелерді, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құнын, сату шегерімдерін, баға шегерімдерін шегеру арқылы көрсетіледі.
Осы бапта негізгі қызмет табыстарымен қатар, тауарлы-материалдық қорларды сатудан, қызмет көрсетуден, сондай-ақ сыйақы, пайыздар, дивидендтер, қаламақылар және ренталар, ізгі қызмет түрлеріне байланысты алынуға тиісті басқа табыстар көрсетілуі мүмкін.
Оның көлемі 6000 - «Негізгі қызметтен табыс» бөлімшесінің шоттарының кредиті бойынша есеп регистрларының мәліметтерінің негізінде анықтайды.
Қазіргі уақытта шаруашылық сатудан түсімді есептеу әдісі бойынша анықтайды, яғни сату кезеңі деп өнімді (жұмыс, қызмет) артып жөнелту, өткізу және банкке ұсынылған төлем талап тапсырма құжаттарындағы көрсетілген күнін айтса, шоттарға аудару күні қаражаттың келіп түскенін білдіреді. Өнімді сату қаржының айналу шеңберін аяқтаушы соңғы сатысы екені белгілі. Оның көлемі қаржы шаруашылық қызметінің нәтижесіне айналым және рентабельділік көрсеткіштеріне байланысты.
Сондықтан сату үрдісі өнімді орналастыруға және сатуға байланысты шаруашылық операцияларының жиынтығы ретінде шаруашылықтың әкімшілігінің тұрақты назарында. Оны жоспарлау шаруашылықты тапсырыстармен қамтамасыз етуден басталады. Оның негізінде, өндіріс үрдісін ұйымдастырудың барысында қалыптасқан номенклатура (тізбек) бойынша жоспар жасалады. Тапсырыстар өнімге тапсырыс берушілермен де, жабдықтаушылармен де келісіледі. Сатып алушылармен шарт жасалып, онда өнімнің түр-түрін жөнелту мерзімі саны және сапасы, бағасы, есеп айырысу нысандары көрсетіледі.
Аудитор өнімді артып-жөнелтуді және сату операцияларына тексеру жүргізген кезде анықтау керек:
- дайын өнім сатуға шарттың жасалғандығын және олардың құжаттарының дұрыс жасалғандығын;
- өнімді артып-жөнелту құжаттарының дұрыс жасалғандығын;
- артылып-жөнелтілген өнімнің бағасын анықтау ережелерінің сақталғандығын және оның құжаттарында дұрыс көрсетілгендігін;
- өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес, сатушыдан сатып алушыға өнімді жеткізіп беру шығындары ескеріліп, босату бағасының дұрыс белгіленгендігін;
- артылып-жөнелтілген өнімдердің құнын төлеуді талап еткен банк мекемелеріне төлемді талап ету құжаттарының дер кезінде табыс етілгендігін;
- егер өнім сатушының қоймасынан тікелей босатылған жағдайда, өнімді босату құжаттарының дұрыс жасалғандығын;
- дайын өнімдердің қоймалық есебінің дұрыс ұйымдастырылғандығын;
- өнімді (жұмыс, қызмет) жөнелту және сатудың аналитикалық және синтетикалық есебінің дұрыс жүргізілгенін;
- өнімді жөнелту және сату бойынша бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс белгіленгендігін;
- 6000 - «Негізгі қызметтен табыс» бөлімшесінің шоттары бойынша жазуларының Бас кітаптағы «Қаржы шаруашылық қызметтің нәтижесі» туралы қорытынды есеп үлгісіндегі жазуларымен сәйкестігін.
Жалпы табыс - өнім (жұмыс, қызмет) сатудың қаржылық нәтижесі болып табылып, өнім (жұмыс, қызмет) сатудан табыспен, негізгі өндірістің нәтижесінде сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының арасындағы айырмасы ретінде анықталады.
Негізгі қызметтен түсетін табыс жалпы табыс сомасыман жалпы және әкімшілік шығындардын, пайыздарын төлеу шығындарын және сату бойынша шығындарын шығарып тастау жолымен анықталады.
Шоттардың типтік жоспары бойынша сатылған өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құнының және негізгі қызметтен табыстың есебінің әдістемесі шаруашылықтың толық құнын, өзіндік құнын есептеуге міндетті емес шектеуін көрсетсе, яғни өндірістік шығындар есебінің әдісін қолданудың негізінде «директ костинг» жүйесі бойынша, оның негізінде өндірістің көлеміне қатынасы бойынша шығындарын тұрақты және айнымалы деп жіктеу жатыр. Бұл жүйенің басты ерекшелігі -өнімнің өзіндік құны, тек қана айнымалы шығындардың бөлігінде көрсетіліп және жоспарланады, яғни өнімнің толық өзіндік құнын калькуляциялау әдісі емес, оны калькуляциялаудың шектеулі әдісі қолданылады. Тұрақты шығындарға жалпы табыстың көлемін кемітетін кезеңдік шығындар жатады.
Негізгі емес қызметтен түсетін табыс, өнім өндіру және сату операцияларына тікелей байланысты емес. Ол мынандай қызмет түрлерінен жинақталатын табыстарды қамтиды:
1) материалды емес активтерді сатудан табыс (6210 шоты);
2) негізгі құралдарды сатудан табыс (6210 шоты);
3) құнды қағаздарды сатудан табыс (6210 шоты);
4) акциялардың девиденд және сыйақы түріндегі табыстар (6100);
5) бағамдық айырымнан табыстар (6250);
6) атқарушы үкімет органдарының субцидиялары (6200);
7) басқа да (6280).
6280 шотта қарыздарын шығысқа шығарудан, алынған мүліктерден табыстар, тауарлы-материалды құндылықтарды, материалды емес активтерді және негізгі құралдарды түгендеуден алынған табыстар. Есепті жылы анықталған өткен жылдар табыстары роялти және өнім (жұмыс, қызмет) өндірумен және оны сатумен тікелей байланысты емес операциялардан басқа да табыстар.
Негізгі және негізгі емес қызметтен табыс деп Қазақстан Республикасының 2001 қабылданып, 2006 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген «Салық кодекісі» баптарының талаптарына сәйкес салық алынуға тиісті жиынтық табысты айтады.
Сондықтан қаржылық қорытынды есепте табысты сипаттайтын көрсеткіші салық алынғанға дейінгі және салық алынғаннан кейінгі табыс деп келтірілген. Одан баска да төтенше жағдайлардан алынатын табыстың көлемі, сонымен қатар басқа ұйымдарға үлестік қатынастан табыста көрсетілген. Әрбір төтенше жағдайдың мазмұны және сомасы түсініктеме жазуда ашылуға тиісті.
Аудитор түсініктеме жазудағы баяндалған бұл ашуды мұқият зерттеп тексеруге міндетті. Табыстың қорытынды көрсеткіші әдеттегі қызметтен және төтенше жағдайлардың табыстарының сомасынан тұратын таза табыс болып табылады.
Таза табыстың көлемін 5410- «Есепті жылғы бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» шотына көшірілетін, 5400- «Жинақтық табыс (зиян)» шотының дебетіндегі және кредитіндегі айналымын салыстыру жолымен анықтауға болады.
Аудитор 5400- «Жиынтық табыс (зиян)» шотының дебетіндегі және кредитіндегі айналымын салыстыру жолымен анықтауға болады. Аудитор 5400 - «Жиынтық табыс (зиян)» шотының мәліметін Бас кітаппен және бұл шоттың кредиті бойынша, журнал-ордер №14 салыстырып, шаруашылықтың таза табысының дұрыс құрылуын (қалыптасуына) және оны шаруашылықтың қалай пайдаланғанын тексеруге міндетті.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Абленов Д.О. «Основы аудита» Алматы.-Экономика, 2007
2. «Аудит» уч. пособие под редакцией В.И. Подольского М: «Юнити» 2008
Достарыңызбен бөлісу: |