Құрылыс материалдарының, бұйымдарының


Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі375.5 Kb.
#132942
1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық және ұйымдастырушылық негіздері

Дәрістің жоспары:

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізі

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері

4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін мыналар құрайды:

- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондары және Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметтері менқолданылатын шама барліктерінің эталондары;

- өлшеу құралдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы территориясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілері.

Өлшеу құралдары өлшеуге арналады, нормаланған метрологиялық сипаттарға ие болады, шама бірлігін ұдайы қайталайды және (немесе) сақтайды. Шама бірлігінің мөлшері (бекітілген қателік шегінде) белгілі уақыт ішінде тұрақты деп есептеледі.



Шама бірлігінің эталоны – шама бірлігін (шама бірлігінің еселік немесе үлестік мәндерін) оның мөлшерін осы шаманы өлшейтін басқа өлшеу құралына беру мақсатында ұдайы қайталау және (немесе) сақтауға арналған өлшеу құралы. Эталон Қазақстан Республикасы техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен тағайындалған тәртіп бойынша бекітіледі.

Шама бірліктерінің эталондары

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін тағайындалған шама бірліктерін дәл ұдайы қайталау, сақтау керек және олардың мөлшерлерін халық шаруашылығының әртүрлі салаларында қолданудағы өлшеу құралдарына беру қажет.

Бірліктердің мөлшерлері эталондар арқылы ұдайы қайталанылады, сақталады және беріледі.

Эталондар мынадай сипаттары бойынша жіктеледі.

Халықаралық немесе ұлттық сипаты бойынша эталондар Халықаралық, Мемлекетаралық және ұлттық деп бөлінеді.

Халықаралық эталон – халықаралық келісім бойынша ұлттық эталондардың бірліктерінің мөлшерін онымен салыстырудың халықаралық негізі ретінде қабылданған эталон.

Халықаралық эталонды Халықаралық өлшемдер мен салмаақтардың Бюросы сақтайды және жұмысқа жарамды күйде ұстайды.



Мемлектаралық эталон - ТМД мемлекеттері арасында жүретін мемлекетаралық эталон. Мемлекетаралық эталондар экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық процесінде мемлекетаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде және Келісімге қатысушы мемлекеттердің халық шаруашылығын метрологиялық қамтамасыз етуде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.

Мемлекетаралық эталондарды стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес бекітеді.

Шама бірліктерінің Мемлекетаралық эталондары Ресейде сақталады. Ресейдің эталондық базасы физикалық шамалардың негізгі бірліктерінің бастапқы эталондары құрайды (метр, килограмм, секунда, Ампер, Кельвин және кандела).

Ұлттық эталон – мемлекет үшін бастапқы деп ресми шешім бойынша танылған эталон.

Мемлекеттік эталондар ұлттық байлық болып табылады, мемлекеттің ғылым, техника және мәдени жағынан даму денгейін білдіреді.

Эталондардың дұрыс сақталуын, тексерілуін және зерттелуін бақылау үшін, сондай-ақ басқа талаптарды орындау үшін ғалым – эталон сақтаушы тағайындалады.

Қазақстан Республикасының эталондар базасы

Эталондар базасы елімізде өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ең маңызды элементі болып табылады. Оның деңгейі еліміздегі өлшеулер деңгейін көрсетеді.

Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекеттердің негізгі бағыты эталондар базасын дамыту және жетілдіру болып табылады.

Өлшем бірлігін және өлшеу құралдарының бірегейлігін қамтамасыз ету үшін, 10 миллионнан астам өлшеу құралдарын, оның ішінде заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілерін метрологиялық қамтамасыз ету үшін республикада эталондар базасы және стандарттық үлгілер қызметі құрылған, мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері өлшеу құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу құқығына аккредитациядан өткізеді.

01.01.2003 жылға республиканың эталондар базасы 20 мемлекеттік эталоннан құралады. Оның ішінде:

- масса эталоны – 2;

- ұзындық эталоны – 2;

- қысым эталондары – 6;

- айналмалы (ауыспалы) ток кернеуінің эталоны;

- электр сиымдылық бірлігінің эталоны;

- рН бірлігінің эталоны;

- температура бірлігінің эталондары – 4;

- уақыт және жиілік эталоны және т.б.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасында 1- разрядты 518 жұмыстық эталоны, 2- разрядты 710 жұмыстық эталон және 3- разрядты 879 жұмыстық эталон қолданылады.

Шама бірліктерінің эталондары мөлшерді беру жұмыстарында ғана қолданылады (салыстырып тексеру, калибрлеу, салыстыру (сличение)).

Мемлекеттік эталондарды сақтау, зерттеу және қолдану осы жұмыстарды жүзеге асырудың бекітілген ережелері бойынша жүргізіледі. Сонымен бірге мемлекеттік салыстырып тексеру талаптары сақталуы керек.

Заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерінің эталондары нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес пайдаланылады. Мемлекеттік қызметтердің эталондарын өте жоғары дәлдікпен өлшеу үшін қолдануға рұқсат етіледі. Бұл жерде олардың эталон ретіндегі функциясы бұзылмауын қамтамасыз ету керек.

Эталонды мөлшер берумен байланысы жоқ өлшеулерді жүргізу үшін қолданғаннан кейін эталон кезектен тыс салыстырып тексеруден өткізілуі керек.

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Метрологиялық қызметінің құрылымына мыналар кіреді:

- мемлекеттік метрологиялық қызмет;

- мемлекеттік уақыт және жиілік қызметі;

- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметі;

- заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама-деректерінің мемлекеттік қызметі;

- мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.

Мемлекеттік метрологиялық қызметі Қазақстан Республикасы Метрологиялық қызметін реттейтін құрылымдық бөлігі болып табылады. Ол мыналардан құралады:

- техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнан;

- мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтан.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды мемлекет тарабынан басқаруды жүзеге асырады.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органнын негізгі міндеттері және мақсаттары мыналар болып табылады:

а) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;

б) Қазақстан Республикасыметрологиялық қызметінің әрекеттерін координировать ету;

в) Республикада қолдануға жіберілетін шама бірліктері жүйесін тағайындау;

г) шама бірліктерінің эталондарын әзірлеу, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін тағайындау, шама бірліктерінің эталондық базасын жетілдіру;

д) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өлшем бірлігін қамтамасыз ету Жүйесін жетілдіру.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық.

Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталығының негізгі міндеттері мен мақсаттары:

а) метрология облысында іргелі зерттеулер, ғылыми-техникалық, практикалық және ұйымдастыру-өдістемелік жұмыстырды жүргізу;

б) Қазақстан Республикасы шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру;

в) шама бірліктерінің мөлшерін беру жүйесін құру;

г) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен гармонизациялау;

д) өлшем бірлігін қамтамасыз ету облысындағы мемлекеттік саясатты ескере отырып, республикада метрологияны жетілдіруге бағытталған жұмыстарды жүргізу.

3 Ел ішінде және халықаралық деңгейде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттің бас міндеттердің бірі болып табылады. Осы міндетті орындау мақсатында 18.01.1993 ж. «Өлшеулердің бірегейлігі туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл заң республикадағы метрологиялық ішкі құрылымдарды (инфраструктураны) заңнамалық принциптерге көшіруге мүмкіндік берді және мемлекеттік қадағалаудың төмендегі формаларын тағайындады:

а) өлшеу құралдарын мемлекеттік сынаудан өткізу және типін бекіту;

б) өлшеу құралдарын мемлекеттік аттестациялаудан өткізу;

в) өлшеу құралдарын мемлекеттік салыстырып тексеруден өткізу;

г) өлшеу құралдарын жасау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалдауға беру жөніндегі әрекеттерді (қызметтерді) лицензиялау;

д) кез келген орамаға буып түйілген бума тауарларды сату және буып-түю кезінде осы тауарлардың санын метрологиялық қадағалау;

е) өлшем құралдарының шығарылуын, олардың жау-күйін және қолданылуын, өлшемдерді орындау әдістемелерін, метрологиялық ережелер мен нормаларын мемлекеттік қадағалау.

07.07.2000 ж. жаңа заң – ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.

Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін тағайындады, мемлекеттік басқару органдары, жеке және заңды тұлғалар арасындағы метрологиялық әрекеттер сферасындағы қатынастарды реттейді. Заң Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін және республика экономикасын өлшеулердің ақиқат болып табылмайтын нәтижелерінің салдарынан қорғауға бағытталған.

Заңның ережелері мемлекеттік басқару органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында өлшем бірлігін қамтамасых етумен байланысты әрекеттер жүргізуші жеке және заңды тұлғаларға таралады.

Заң 7 тараудар және 31 баптан құралады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасы Конституциясында негізделеді және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету тураы» Заңнан және басқа өлшем бірлігін қамтамасыз ететін әртүрлі жұмыстарды жүргізу және ұйымдастыру тәртібін анықтайтын нормативтік құқықтық актілерден құралады (өлшеу құралдарын Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі тізіліміне енгізу тәртібі, өлшеу құралдарын метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді жүргізу тәртібі, олшеулерді орындау әдістемелерін әзірлеуге, аттестациялауға, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген физикалық шама бірліктеріне қойылатын талаптар және т.б.).

4 Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздері – Қазақстан Республикасында өлшем бірлігін және қажетті дәлдігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін регламенттейтін бірегей ережелер, положения және ноормаларды тағайындайтын ноормативтік құжаттардың комплексі болып табылады.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары мыналарды регламенттейді:

- шама бірліктерін;

- шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және мемлекеттік салыстырып тексеру схемаларын;

- өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу әдістерін және құралдарын;

- өлшем құралдарының нормаланатын метрологиялық сипаттамаларының номенклатурасын;

- өлшеу дәлдігінің нормаларын;

- өлшеу нәтижелерін және өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін беру тәсілдері және көрсету формалары;

- өлшеулерді орындау тәсілдемелері;

- заттар мен материалдардың қасиеттері туралы мәліметтердің дұрыстығын бағалау әдістері;

- заттар мен материалдардың құрамы және қасиеттерінің стандарттық үлгілеріне талаптар;

- өлшеу құралдарын сынау, метрологиялық аттестациялау, салыстырып тексеру және калибрлеуді, нормативтік құжаттарды, жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды метрологиялық сараптауды, заттар және материалдардың қасиеттері туралы мәліметтерді сараптау және аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртіптерін;

- метрология облысындағы терминдер мен анықтамалар.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттары бөлінеді:

- негізін қалаушы, яғни жалпы талаптар, ережелер мен нормаларды тағайындаушы;

- өлшеудің бір түріне талаптар, ережелер мен нормаларды регламенттеуші.

Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарына мемлекеттік стандарттар, бекітілген тәртіппен қолданылатын халықаралық (региондық) стандарттар, положениелар, нұсқалықар және басқа до нормативтік және өлшем бірлігін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу тәртібін анықтаушы әдістемелік құжаттар.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттар техникалық реттеу және метрология облысындағы заңнамаға сәйкес әзірленеді және қолданылады.

Қазақстан территориясында міндетті түрде қолдануға жататын Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің нормативтік құжаттарын техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет бекітеді.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізін не құрайды?

2 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық негізі қандай?

3 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздеріне қандай заң актілері кіреді?

4 Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік негіздерін қандай құжаттар құрайды?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Ракымжанова М.Т. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері– Астана, «Фолиант», 2008 ж. – 245 б.

3 Метрология, стандарттау және сертификаттау негіздері: Оқу құралы / Г.Х. Шәкібаева, Х.К. Оспанов, Р.Р. Сыздықов, Л.И. Сыздықова– Алматы:Қазақ университеті, 2002. – 242 б.

№ 11 дәріс (1 сағат)



Тақырыбы: Сәйкестікті растау саласындағы

негізгі түсініктер мен оның мәні

Дәрістің жоспары:

1 Сәйкестікті растау саласындағы негізігі түсініктер мен оның мәні

2 Сәйкестікті растаудың нормативтік-құқықтық негіздері мен ұйымдастырушылық құрылымы

3 Сертификаттауға қатысушылар

1 Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» деп аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.

Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.

Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.

«Үшінші жақ», яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынандай анықтама берілген. Сертификаттаусәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.

Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың жиынтығы болып табылады.

Сертификаттау объектілері:

өнімдер;

көрсетілетін қызметтер;

процестер;

жұмыстар;

сапа менеджментінің жүйелері.

Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.



Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.

Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.

Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады.

Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.



Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:

өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;

өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;

саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;

жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар нарығындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.

Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:

тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;

тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;

шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру.

2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.

Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.

Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.

Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:

стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;

өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;

сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.

Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.

Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді.

Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады.

Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.

Мемлекеттік сертификаттау жүйесі:

сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;

сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін;

сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін;

сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін;

мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін;

және басқаларды тағайындайды,

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім-шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.

ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:

техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;

акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар

аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);

аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;

сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар.

Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.



Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады.

Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс.

Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді.

Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін.

Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс және нақты болуын қамтамасыз ету керек.

Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек.

Сарапшы – аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады.

Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді.

Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады.

Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар:

өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға;

тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға;

сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады.

Өздікбақылауға арналған сұрақтар:

1 «Сертификаттау» дегенді қалай түсінесіз?

2 Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады?

3 Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар берілуі мүмкін?

4 Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде?

5 Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай?

6 Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз.

7 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды?

8 Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.

2 Самсаев М.Б. Өзара-ауыстырымдылық стандарттау, сертификаттау негіздері және техникалық өлшеу. Сапа менеджменті – Алматы, 2008 ж. – 300 б.

№ 12 дәріс (1 сағат)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет