Білім беру зерттеулерінің сипаты. Білім беру зерттеулерінің тарихы



бет1/12
Дата25.09.2022
өлшемі44.84 Kb.
#461290
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Практика 1 Білім беру зерттеулерінің сипаты Оқу материалдарымен


Практика 1. Білім беру зерттеулерінің сипаты. Білім беру зерттеулерінің тарихы


Тапсырма 1. (жұппен жұмыс) Келесі сұрақтарға жауап беріңіз [1]:
1. Бест пен Кан берген зерттеудің бір сипаттамасын атап өтіңіз.
2. Білім беру зерттеулерінің негізгі мақсаты қандай?
Зерттеудің мақсаты: зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және
заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну.

3. Зерттеу дегеніміз не? Оның негізгі проблемалары қандай?


Педагогика саласындағы зерттеулер деп педагогика үдерісінің заңдылықтары, оның
құрылымы мен тетігі, оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру теориясы және әдістемесі, оның мазмұны, ұстанымдары, әдістері және тәсілдері туралы жаңа білім алуға бағытталған ғылыми іс-әрекет үдерісін және нәтижесін айтуға болады. Педагогикалық зерттеудің іргелі, қолданбалы және қайта жасалымдар деп жіктелу қатары пайда болды. Іргелі зерттеулер педагогикалық үдерістің заңдылықтарын ашады, ғылымның жалпы теориялық тұжырымдамасын, оның әдіснамасын, тарихын жасайды.
4. Білім беру зерттеулерінің негізгі мәселесін тұжырымдаңыз.
Зерттеу әдісі белгілі бір
ғылыми міндетті, амалдар мен рәсім-тәртіптерді орындауға бағытталған зерттеу әрекетінің нормативті моделі арқылы түсіндіріледі. Педагогикалық зерттеулерді ғалымдар эмпирикалық және теориялық деп бөліп қарастырады.


Эмпирикалық білім – зерттелетін пәннің нақты қасиеттері, фактілер, істің мән-жайы туралы білім. Бұл мәліметтер эмпирикалық деп аталатын танымның арнайы әдістерінің көмегімен алынады. Олардың қатарына байқау мен эксперимент енеді.


Байқау – жаңа педагогикалық құбылыстарды мақсатты түрде қабылдап, оларды бұрынғы қоғамның даму кезеңдеріндегі мектептер мен педагогикалық ойлардың даму сатыларындағы ұқсас құбылыстармен салыстырып, олардың араларындағы сабақтастықты, оқыту мен тәрбиелеу үдерісіндегі кемшіліктер мен жетістіктерін саралап дәлелдейді.


Әңгімелесу – қосымша ақпарат алуда педагог ғалымдармен, білім беру саласына еңбегі сіңген адамдармен алдын-ала күрделі мәселелерге байланысты, сұрақ-жауап түрінде әңгімелесу арқылы тиісті жауаптар алынып, жүйеленеді.


Сұхбат – бұл зерттеудің дербес және қосымша әдісі, байқаудың жетіспей жатқан және алған ақпараттардың толық болмау жағдайларында қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет