Халықаралық экономикалық қатынастар



бет1/4
Дата29.11.2022
өлшемі42.13 Kb.
#466022
түріРеферат
  1   2   3   4
АЙГЕРИМ


Қазақ Технология және Бизнес Уриверситеті
Экономика және сервис факультеті
Экономика және басқару кафедрасы
Халықаралық экономикалық қатынастар”
Реферат


Тақырып: Халықаралық экономикалық қатынастар мәні мен жағдайы
Орындаған:Алтынбекова.А.А
Тобы:Қаржы-191
Тексерген:Тулегенова.К.Т

Астана 2022


Жоспар

1.Кіріспе
2. Халықаралық экономикалық қатынастар. Жүйесіндегі халықаралық сауда
3. Халықаралық экономикалық қатынастардың пәні және құрылымы
4.Қорытынды

Кіріспе
 

XX ғасырдың екінші жартысындағы дүниежүзілік шаруашылықтың айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрі қарқынды дамуы.


Әр түрлі мекемелер мен фирмалалардың, сондай–ақ мемлекеттер арасындағы екі жақты, көп жақты экономикалық қатынастардың кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанының куәсі болып отырмыз. Бұл процестер халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуінен, шаруашылық өмірдің интернациялауынан, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтыққа ұмтылысынан, аймақтық халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара пайдалы көмек арқылы нығайып, дами бастағаннан көрінеді.
Әрине, аталған процестер оңайлықпен жүріп жатқан жоқ. Бұлар бәсекелі, қайшылықты, диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толы процестер. Халықаралық экономикалық қатынастардың диалектикасының өзі жекелеген елдердің экономикалық тәуелсіздік пен ұлттық шаруашылықты көркейтуге деген ұмтылысының көрінісі. Дүниежүзілік шаруашылықтың нығайтып, интернационалдануы, ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы, дамудың жаңа, тиімді арналарының пайда болуы – осының бәрі экономикалық өсудің диалектикасы.
Қазіргі кезеңде адамзат әлемін «ақ қара» деп жіктеп, оған капитализм, социализм атты айдар тағушылықпен қоса жасанды антогонизмдер де келмеске кетті. Біздің заманымыз өзара байланысты, экономикалық дамудың жалпыға ортақ заңдылықтарына бағынатын біртұтас әлем. Сондықтан еліміздің ойдағыдай өркендеп, гүлденуі үшін сыртқы экономикалық байланыстардың маңызы зор.
Қазақстан Республикасы бұрынғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық экономикалық қатынастардың субъектісі бола алған жоқ. Сыртқы экономикалық байланыстардың субъектісі болуына оған ешкім мүмкіндік те берген жоқ еді.
Ал, қазір Қазақстанның егеменді ел ретінде қалыптасуы барысында халықаралық экономикалық қатынастар ғылымын қолға алып, оны оқытуды жетілдіру көкейтесті мәселеге айналып отыр.
Еліміздің сыртқы экономикалық байланыстарын орнақтырып, дамытудың қазіргі кезеңі сол қатынастардың нысанды мен әдістерін түдегейлі өзгерту қажеттігімен айқындалады. Меншік құнының қандай түрінде болмасын отандық жүздеген фирмалар мен кәсіпорындар халықаралықаралық – экономикалық қарым – қатынастарға қосылып, оның белсенді мүшесі болуға ұмтылады. Бұл, әрине, мейлінше қолдануға тұрарлық құбылыс. Дегенмен, қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың дүниежүзілік сауда – саттық процесіне еркін адымдап кіруіне, экономикалық интеграцияның шарапттарын пайдалануына кедергі боларлық себептер де жоқ емес. Сол себептермен бірі халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы бай тәжірибені екшейтін, әлемдік рыноктың ерекшеліктерін талдайтын қазақ тіліндегі оқу құралдарының тапшылығы.
Халықаралық, рыноктық орта өзінің экономикалық, ұйымдық, заңдық т.б. аспектілер бойынша біздің елде қалыптасып, орныққан шаруашылық қызметін жүргізу әдіс – амалдарынан өзгеше екендігі мәлім. Соңғы уақытқа дейін орын алып келген сыртқы экономикалық қатынастарға деген қөзқарасымыз рыноктың заңдарына сәйкес құрылған экономикалық жүйелерде шарасыздығын, тіпті кейбір сәттерде зиянды екендігін көрсетіп жұр. Мұның өзі шетелдік әріптестерімен өзара түсінікті, бірлескен іс–қимылдарды атқаруды күрделендіреді, тіпті заяға кетіреді.
Сондықтан да, біз халықаралық экономикалық қатынастардың мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын және жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі тенденциялары мен өзгешеліктерін тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып отырған осы оқу құрылында қарастырамыз.
Кітапта дүниежүзілік шаруашылықтың макро және микро деңгейлерінде қалыптасатын экономиканың ұлттық субъектілерінің қарым – қатынастары сөз болады. Біздің бұл талабымыздың қаншалықты сәтті шыққанын оқушының өз бағалай жатар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет