Үржар ауданы әкімі С. З. Зайнулдиннің «2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2015 жылы алда тұрған міндеттер туралы» аудан тұрғындарына есеп беру кездесулеріндегі есебінің тезистері



Дата23.02.2016
өлшемі307.25 Kb.
#5383


Үржар ауданы әкімі С.З.Зайнулдиннің «2014 жылы жергілікті атқарушы органдардың атқарған жұмыстарының қорытындылары және 2015 жылы алда тұрған міндеттер туралы» аудан тұрғындарына есеп беру кездесулеріндегі есебінің тезистері

 

Елбасы  Нұрсұлтан Назарбаевтың  2014  жылы 11 қарашадағы Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол»  Жолдауы  Жаңа Экономикалық Саясат - әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Жолдау әрбір адамның ертеңгі күніне үлкен сенім ұялатады. Қазақстан 23 жылдың ішінде қоғам  өмірінің барлық саласында жаңартуды өте жоғары деңгейде жүргізді. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлардың барлық сұрақтарына  жауап іздей отырып, күрделі кезеңнен елді аман-есен алып шығудың алғышарттарын қарастырған Жолдауда елді еңбекпен қамтамасыз ету, байтақ еліміздің ішкі байланысын арттыру қажеттілігі атап өтілді.  Егемен еліміз алған биіктер мен табыстар ұлт­аралық татулық, өзара келісім мен бірлік­тің арқасында келіп отырғанын жас­тардың ойына сіңіру керектігі туралы пікірі де көптің көңілінен шықты. Бүгін еліміз бағыт ұстап отырған «Мәңгілік Ел» болудың нұр­лы жолында барша қазақ­­­­­стан­дықтар жұмылған жұды­­­­рықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуі­не үлес қосуы керек деуі де орынды. Болашақ – жастардың қолында екені де шындық. Жолдауда аға ұрпақтың қолымен жасалған құндылықтарды көздің қара­шығындай сақтау қажет­тігіне маңыз берді. Алда атап өтілетін Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан мемлекеттілігінің түпқазығы Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты мерекелерді қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытында ұйымдастыру туралы ойлары да ұтымды. Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Аймақтардың өзара байланысын жақсарту елдің ішкі әлеуетін арттырады. Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, экономикалық байланыстарын нығайтады. Ел ішінен тың нарықтар ашады. Осылай, алысты жақын ету - бүгінгі Жолдаудың ең басты түйіні. Әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамыту. Бірінші кезекте, бұл - апатты мектептер мен балалар бақшасының жетіспеушілігі. Білім беруде, денсаулық сақтауда, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламалары жалғаса береді. Жолдаудың әрбір жолында Президенттің еліміздегі миллиондаған халықтың әл-ауқаты, жағдайына байланысты қамқорлығы сезілген. 2014 жыл еліміз үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Елде саяси тұрақтылық, береке –бірлік нығайып, жұрт болашағына зор үмітпен қарай бастады. Ендігі біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілікте, ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар.  

Үржар ауданы жер көлемі мен халқының саны жағынан облыс көлеміндегі ауылшаруашылық бағыттағы ірі ауданы. Ауданның 27 ауылдық округіндегі 55 елді мекенінде 79 774 халық тұрады. Ауданның барлық жер көлемі – 2 341 372 гектар, оның ішінде егістік жер – 196 444 га, шабындық  - 83 888 га, жайылымдық – 1 676 902 га, бау-бақшалар – 916 га, бақшалар – 1072 га.

Ауыл шарушылығы. 2014 жылдың қорытындысы бойынша  аудан көлемінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 30057,2 млн. теңгеге жеткізіліп, 2013 жылдың қорытындысымен  салыстырғанда өсімі  102,5 %-ды құрауы болжануда. Ауылшаруашылығының жалпы өндірілген өнімнің 59,9 пайызы егін шаруашылығы алып отыр.

Есепті жылы мал және егін шаруашылықтары  саласындағы барлық негізгі көрсеткіштердің өсу тенденциясы сақталды.

  2014 жылы  барлық егілген егістік  көлемі 180 058 гектарды құрап, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артты, оның ішінде дәнді дақылдар  58 562,4 га (өсім 26,5%), майлы дақылдар 84 066,9 га (2,3%-ға кем), картоп 2 758,5 га (өсім 0,2%), көкөніс 1 909,1 га (өсім 0,7%), бақша дақылдары 1683,2 га (өсім 6,6%), мал азықтық дақылдар 31 078 га құрады.

Есептегі жылы егілген күнбағыстың көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 3 084 га  азайтылып, керісінше соя 1 227 га көбейтілді.

Күзгі егін жинау қорытынды жұмыстарының алдын-ала жиналған мәліметтерге сәйкес, барлығы: 48 214 га дәнді дақылдар толық орылды, жиналған өнімнің көлемі    62 045 тонна. Сонымен қатар, 50 164 тонна майлы дақылдар, 61778 тонна картоп,  46 102 тонна көкөніс  және38548 тонна бақша дақылдары  жиналып,  картоптың  1 га алынған  өнім 224 центнер,  көкөністің 1 га алынған өнім  241,6 центнер және бақшаның 1 га  алынған өнім 229,0  центнерді құрады. 2014-2015 жылдың қыстамасына 210,0 мың тонна қатаң мал азығы, 2,2 мың тонна сенаж дайындалды. 2014 жылы 50,0 мың га сүрдігер жыртылып, тапсырма толықтай орындалды.

Аудан бойынша 2015 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 6 966 тонна дәнді дақылдар тұқымы дайындалған, бұл тұқым көлемі «Казагрэкс» тұқым зертханасымен тексерілген 4 765 тонна тұқымның 644 тоннасы бірінші класты, 4 121 тоннасы екінші класты.

Ауданда «Юбилейный» ЖШС тұқым шаруашылығы жұмыс атқаруда. Бірақ ауданның барлық шаруашылықтарын сапалы тұқыммен қамтамасыз ету үшін бір шаруашылық жеткіліксіз. Сондықтан аудан көлеміндегі тұқым шаруашылықтар санын көбейту мақсатында жұмыстар жүргізіліп, 2014 жылы «Бақ-Тұр» ЖШС-гі және «Некрасовка и К» шаруа қожалығы жаздық бидай, арпа, соя және көп жылдық шөптің тұқымын өндіруге тұқым шаруашылығы статусын алды.

Аудан бойынша барлығы 196 444 га егістік алқаптар бар, оның ішінде 43200 га суғармалы жер тіркелген. 2014 жылы әр-түрлі әдестермен 22500 га суғарылғаны немесе 52,1%.

2014 жылы егістік алқаптарының 2 450 га жаңбырлатып суғару әдісі бойынша, 300 га тамшылатып суғару әдісі бойынша, 19 750 га бороздалық суғару әдісімен игерілуде. Оның ішінде «Бәтуа» ЖШС-гі егілген соя дақылының 1950 га жерін 16 дана «VALLEY» жаңбырлатқыш қоңдырғылары арқылы, 300 га жерді тамшылатып суғару әдісін қолданды.

Көкөзек ауылдық округіне қарасты «Бақ-Тұр» ЖШС-гі 500 га жерді «Beinlich Monsun» жаңбырлатқыш қондырғыларымен суғарды.

Аудан экономикасының негізгі саласы - ауыл шаруашылығына уақыт талабына сай бағдар ұстап, тұрақты дамуына қол жеткізу үшін мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлініп, көмек көрсетіліп отыр.  2014 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға ауданның 697 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне 394,1 млн. теңге субсидия төленді.

Жердің құнарлығын арттырып, жоғары өнім алу мақсатында аудан бойынша барлығы 630,5 тонна минералды тыңайтқыштар сатып алынып пайдаланылды. Минералды тыңайтқыштардың құның арзандату үшін 46 500,0 мың теңге субсидия бөлінген. Тыңайтқыштарды 50 %-ға арзандатып сатқаны үшін аталған субсидия көлемдері тыңайтқыш өндіретін зауыттарға төленді.

Арамшөптермен күрес жүргізу мақсатында ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары өз қаражаттарына 5217 литр әр-түрлі гербицидтер сатып алып, 7450 га егіс алқаптарына қолданып арамшөптермен күрес жүргізілді.Арамшөптермен күрес жүргізу үшін гербицидтердің құнын арзандату мақсатында 9 ауыл шаруашылық құрылымдарына 5 909,5 мың теңге субсидия төленді.

Аудандағы 27 ауылдық округ бойынша  842 920 га ауылшаруашылық жерлерге түгендеу жұмыстары жүргізілді.

Түгендеу жұмыстарының нәтижесінде барлығы 55341,2 га құнарлылығы төмен егістік пен тыңайма жерлер анықталды. Оның ішінде 41694 га құнарлылығы төмен егістіктің 1362,4 гектарын табиғи шабындық алып жатыр, 36637,7 гектары жақсартылған жайылымдық болса, 3693,9 гектары табиғи жайылымдыққа аударылды.

Құнарлылығы төмен 13647,2 га тыңайма жерлердің 763,5 гектары табиғи шабындыққа, 6879,0 гектары жақсартылған жайылымдыққа, 6003,8 гектары табиғи жайылымдыққа аударылды. Есепті жылы 99 шаруа қожалығы жер телімдерінен өз еріктерімен бас тартып, 13753 га жер телімдері мемлекеттік меншігіне қайтарылды. Қайтарылған жер телімдері конкурс арқылы басқа шаруа қожалықтарына берілді.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аудан көлемінде өндірілген ет көлемі – 15 930,5 тонна (103,0%), сүт – 67 966,9 тонна (101,0%), жұмыртқа – 16 356 мың дана (103,0%) болуы межеленіп отыр.

Аудан бойынша ірі қара малы саны 72 682 басты (105,0 %), оның ішінде сауын сиырлар – 32 605 басты (101,9 %), қой мен ешкі – 236 430 басты (104,0%), жылқы – 21 366 басты (108,5%), шошқа – 2738 басты (101 %) және құстар –132 730 басты (103,0%) құрауы болжануда.

Ауданда 12 асыл тұқымды шаруашылықтар жұмыс істейді. Бүгінгі күні малды асылдандыру жұмыстарымен (селекционно-племенная работа) 81 шаруа қожалықтары айналысады. Алматы, Қостанай облыстарынан Ангус, Әулиекөл асыл тұқымды бұқалар сатып алынуда. 2014 жылға «Қараш» және «Ырысақ Ата» шаруа қожалықтары, ірі қара малдан, қойдан және жылқыдан асыл тұқымды статусын алуға жұмыстар атқаруда. 2014 жылдың тамыз айының аяғында «Еламан» ШҚ-ғы Ақтөбе облысынан Абердин Ангус асыл тұқымды 150 бас ірі қара малдарын  әкелді. Бұл ауданның мал шаруашылығының асылдануына үлкен үлес қосатыны анық.

Аудан бойынша бүгінгі күнге 1 210 бас «Әулиекөл», 565 бас «Шароле», 635 бас «Абердина ангус» асыл тұқымды ірі қара малдары, 7340 бас асыл тұқымды «Байыс» қойлары, 450 бас қазақтың «Жәбе» асыл тұқымды жылқылар және 2530 дана «Карпатская» асыл тұқымды ара ұялары бар.

Бүгінгі күнге шаруа қожалықтардың иелігінде барлық сиымдылығы 2000 бас ірі қара малды бордақылауға арналған 17 мал бордақылау алаңдары жұмыс істеп жылына 1 100 тонна ет өндіруге мүмкіншіліктері бар.

«Сыбаға»  бағдарламасы аясында ірі қара малын сатып алуға ауданның 6 шаруа қожалықтарына 81 060 мың теңге несие берілді. Берілген несиеге барлығы 428 бас ірі қара малы алынды. 2014 жылдың аяғына дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ауданға берілген жоспар-тапсырма толық орындалды.

«Құлан» бағдарламасы аясында «Айдын-Шалқар» шаруа қожалығының                    5  250 мың теңгеге 21 бас биелер сатып алу туралы жобасы толықтай мақұлданды.

 «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ –мы арқылы «Жайлау» бағдарламасы аясында 40,0 млн. теңге бөлініп, 20 шаруа қожалықтарына 100 бас қойдан берілді.

 «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы ауданның 75 шаруа қожалықтарымен жеке кәсіпкерлеріне 199,9 млн. теңге мөлшерінде несие берілді. Соның ішінде: «Егінжай» бағдарламасы арқылы ауданның 11 шаруа қожалықтары жалпы сомасы 48,1 млн. теңгеге, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынща 56 жеке тұлғаға 124,5 млн. теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 8 жеке кәсіпкерге 27,3 млн. теңге несие берілді.

2014 жылы «ҚазАгро Қаржы» АҚ арқылы «Бақтұр» ЖШС-і, «Алғабас», «Бакей» және «Сағади» шаруа қожалықтары жалпы құны 885,9 млн. теңге болатын  жобаны іске асырды (жем-шөп өндіруді дамыту және малды бордақылау алаңдары).

 «Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша ауданның 8 шаруа қожалықтарына республикалық бюджеттен – 47 883,0 мың теңге төленді. Соның ішінде: өткізілген ірі қара малдың етіне – 30 372,9 мың теңге, сүтке – 3 490,6 мың теңге, өндірілген қымызға – 11552,5 мың теңге, биязы жүнге – 2496,9 мың теңге.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша ауданның 104 шаруа қожалықтарына республикалық бюджеттен 147 962,0 мың теңге төленді. Соның ішінде: сатып алған асыл тұқымды ірі қара малдары үшін  5 390,0 мың теңге, асыл тұқымды етті бағыттағы тұқымдық бұқаларды қосқан үшін 1 560,0 мың теңге, сатып алған асыл тұқымды қойлар үшін  - 20 536,0 мың  теңге, ірі қара малына селекциялық асылдандыру жұмыстар жүргізген үшін  113 984,0 мың теңге, қойларға селекциялық асылдандыру жұмыстар жүргізген үшін  6 492,0 мың теңге.

2014 жылға «Эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізу туралы» бюджеттік бағдарламасы негізінде профилактикалық-диагностикалық тексеру іс-шараларына республикалық бюджет есебінен 131 984 мың  қаражат бөлінген. Бүгінгі күнге бөлінген қаражат толығымен игерілді.

 «Үржар-Вет» мекемесінде 2 ДУК автомашинасы  және республикалық эпизоотияға қарсы отрядта  1 ДУК автомашинасы дезинфекция жасауды қамтамасыз етуде. Биылғы жылы аудандық бюджеттен дезинфекция жұмыстарына 1 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, 500 литр дезинфекциялық препараттар алынып, 2014 жылы бруцеллез ауруы шыққан аулаларға «Үржар-Вет» МКК-ны арқылы аудан бойынша 662 нысанды құрайтын 55 614 шаршы метрге дезинфекция жұмыстары жүргізілді. 

2014 жылы ұсақ мүйізді малдар арасында бруцеллез ауруынан 4 елді мекендер (Мақаншы, Қаратал ауылдық округінің Бұғыбай ауылы, Барқытбел және Қоңыршәулі а/о) және ІҚМ бруцеллезінен Қабанбай ауылдық округінің кейбір учаскелері арасында қолайсыз аймақ деп жарияланған. Осы шектеу қойылған ауылдарда ұсақ мүйізді малдардан 7-8 реттен қан алынып, барлық жиыны  153 963 бас ҰММ тексеріліп, 3524 бас оң нәтиже берген. Бруцеллез індетінен қолайсыз елді-мекендерде  936 ауланы құрайтын 395 650 шаршы метрге республикалық бюджет есебінен залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

 «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында жыл басынан ауданға барлығы 184 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникалары кірді. Оның ішінде :  «КазАгроФинанс» АҚ-мы арқылы лизингке 153 әртүрлі жаңа ауыл шаруашылық техникалары және 31 бірлік ауылшаруашылық техникалары шаруашылықтардың өз қаражаты есебінен сатып алынды. 2014 жылы лизинг арқылы алынған техникалардың саны 2013 жылмен салыстырғанда 90 бірлікке артты. Биылғы жылы жаңадан сатып алынған ауыл шаруашылық техникаларының  құны 1 109,6 млн. теңгені құрады.

Облыс әкімінің тапсырмасын орындау мақсатында, «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 200 бас сауынды сиырларға арналған сүтті тауарлық фермаларын ашуға «Абдураим», «Hors Farm» шаруа қожалықтары және «Юбилейный» ЖШС-мен   жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күнге Ресей Федерациясынан сүт бағытындағы асыл тұқымды сиырлар сатып алынды. Бұдан тыс, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-мы арқылы «Ырыс» бағдарламасы арқылы несие алуға ауданның 5 шаруа қожалықтары сүт бағытындағы сауынды сиырлар сатып алуға жұмыстар жүргізуде.

Сонымен қатар, халықтың жеке шаруашылықтарында қанша сауынды сиырлар бар, олардың сүт өнімділігі, тұқымы анықталуда. 2015 жылы Алтыншоқы, Үржар, Мақаншы ауылдарынан сүт дайындау пункттері ашылатын болады. 



Өнеркәсіп. 2014 жылдыңқорытындысы бойыншаөндірілген өнеркәсіп өнімнің көлемі 4 980,0 млн. теңге болып, табиғи көлемінің индексі 110,2 % құрауы күтілуде.

Есептік кезеңде «Мадина» ЖШС-мен өндірілген көмір көлемі 76,6 мың тоннаны құрап, 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнім көлемі 30,9 %-ға немесе 18,1 мың тоннаға артуы күтілуде.

Алдын-ала алынып отырған мәліметтерге сәйкес, «Швабские колбаски» серіктестігі өндірілетін шұжық өнімдерінің көлемі 278 тоннаны құрап, былтырғы жылдың деңгейінде сақталуы болжанып, күтілуде.

Сонымен қатар, аудан көлемінде азық-түлік өнімдерін өндіруші орта және шағын кәсіпорындар 1420 (100,9%) тонна өсімдік майын және 406,0 (165,7%) тонна көлемінде нан және нан өнімдерін өндіруді болжауда.



Инвестиция және құрылыс. Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияныңжалпы көлемі 10 700,0 млн. теңгені құрап, былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 53,4 %-ға, соның ішінде кәсіпорындардың жеке қаражаты есебінен негізгі капиталға жұмсалған инвестицияның көлемі 4 295,3 млн. теңгені құрап, 1,4 есеге дейін көбеюі күтілуде.

  2014 жылы бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында  республикалық және облыстық бюджеттен Бақты ауылындағы 320 орындық, Сегізбай ауылындағы 80 орындық, Қызыл ту, Барқытбел ауылдарындағы 130 орындық мектеп құрылыстары басталды.

2011 жылы құрылыс жұмыстары басталып, 2012 жылдан бері тоқтап тұрған Ер Қабанбай, Лайбұлақ ауылдарындағы 80 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары жалғастырылып, есепті жылы пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары 2011 жылы басталған Жаңа Тілек, Қабанбай ауылдарындағы 320 орындық, 2013 жылы басталған  Үржар ауылындағы 320 орындық мектеп,  Үржар ауылындағы 140 орындық бала-бақша, Ақжар ауылындағы әлеуметтік-медициналық мекемеге жапсаржай, Таскескен ауылындағы 2 пәтерлі 2 тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары 2014 жылы жалғасын тауып, Үржар ауылындағы 140 орындық бала-бақша, Ақжар ауылындағы әлеуметтік-медициналық мекемеге жапсаржай құрылыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданды.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында  Келдімұрат ауылының тұрғындарын сапалы, таза ауыз сумен қамтамасыз мақсатында республикалық және облыстық бюджеттерден 286,1 млн. теңге бөлініп, аталған ауылдың су құбырларына жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

«Қол жетімді баспана» бағдарламасы аясында кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында, Үржар ауылында 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Сонымен қатар, есептегі жылы Үржар ауылында аудандық сот ғимаратының құрылысы жүргізіліп, мемлекеттік қабылдау комиссиясымен пайдалануға қабылданды.

 «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында бағдарламаға қатысушы кәсіпкерлердің нысандарын жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлініп, мал шаруашылығына арналған 13 дана блок-модуль (малшы үйі) сатып алынды және Үржар ауылындағы 1 қоғамдық моншаға кәріз жүйесі мен кәріз суларын жинайтын шұңқыр құрылысы жүргізілді.

Жеке тұлғалардың есебінен 2014 жылы жалпы ауданы 7374 шаршы метр көлемінде тұрғын үй пайдалануға беріліп, 2013  жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге немесе 2073 шаршы метрге  дейін артуы күтілуде.

2014 жылы аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, Таскескен ауылындағы су құбырларын кеңейту, Мақаншы ауылындағы спорт модуль, Үржар ауылындағы балалар саябағының құрылыстарына жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Сонымен қатар, Мақаншы, Қаратұма, Қарабұта, Көкөзек, Ақшоқы ауылдарындағы су құбырларын жаңғырту және Бақты ауылындағы су құбырының құрылысы бойынша жобалау-сметалық құжаттамалар мемлекеттік сараптамада қарастырылуда.

2020 жылға дейін ауыл тұрғындарын 80% ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына  Көктал, Елтай, Сағат, Ақжар, Бестерек, Жоғарғы Егінсу, Егінсу, Барқытбел, Қаратал, Қабанбай, Шолпан ауылдарында су құбырларының құрылысы мен жаңғыртуы жұмыстарын жүргізуі енгізілді. 

«ШҚО құрылыс, сәулет және қалақұрылысы басқармасы» ММ тапсырысы бойынша Алакөл көлінің жағалауын бекіту бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға түзету жасалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. 

         Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары.  Үржар ауданы бойынша 965 шақырым автокөлік жолдары бар. Соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 277 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 204 шақырым және жергілікті   маңызы бар жолдардың ұзақтығы 484 шақырым.

         2008 жылдан бастап республикалық маңызы бар  «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 60-100 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның сметалық құны 5 432,9 млн. теңге. 2014 жылға «Таскескен-Бақты» автокөлік жолының 60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауға 797,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Алайда, «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының  60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары баяу жүруіне байланысты, бөлінген қаржының 67,4 %-ы немесе 538 млн. теңгесі игерілді.  Қалған  259,5 млн. теңге қаржы «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 60-100 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарын толық аяқтауға 2015 жылға ауыстырылды.  

         2012 жылдан бастап «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 20-60 шақырымдарында қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаның сметалық құны  6 386 млн. теңге. 2014 жылы «Таскескен-Бақты» автомобиль жолының 20-60 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстарына 3 172 млн. теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаржы толығымен игеріліп, 25 шақырым автокөлік жолына асфальт жамылғысы төселді.

         2014 жылы «Алматы-Өскемен» автомобиль жолының 625-639 шақырымдарына 95,2 млн. теңге қаржы бөлініп, автокөлік жолына  орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         2011 жылы облыстық маңызы бар «Мақаншы-Жалаңашкөл» автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жобаның жалпы құны 1 600 млн. теңге.   2014 жылы автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 596,0 млн. теңге қаржы қарастырылып, 10 шақырым автокөлік жолын күрделі жөндеу яғни 35 шақырымға дейін толықтай аяқтау жоспарланған. Есепті жылға бөлінген қаржы толығымен игеріліп, жұмыстар толығымен аяқталды.

         2014 жылдан бастап облыстық маңызы бар «Барлық Арасан –Алакөл көлі» автожолының 15,7-23 шақырымында күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Есепті жылы 69 млн. теңге игеріліп, 1 шақырым жол жасалып, 5 шақырым айналма жол салынды.

         Жергілікті маңызы бар жолдарға 2014 жылы 205,0 млн. теңге қаржы бөлініп, соның ішінде: қысқы күтіп ұстауға – 72,0 млн. теңге және ағымды жөндеу жұмыстарына  133,0 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсалды. Үржар ауылындағы 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жарықтандырылды. Сол секілді,  9 көшеде тас төгіліп тегістелді. «Науалы-Көлденен» автокөлік жолына облыстық бюджеттен 54 млн. теңге  қаржы бөлініп, 15-26 шақырым аралығына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын қысқы мерзімде қардан тазалау жұмыстарына 47 дана арнайы техникалар жұмылдырылды.

         2014 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде 73,8 млн. теңгеге елді мекендердің инфрақұрылымдары жақсартылды.

         2014-2015 жылдардағы жылу беру маусымына барлығы 15490 тонна қатты және 40,2 тонна сұйық отын қажет етеді. Есепті жылы бюджеттік мекемелер 100 %-ға отынмен қамтамасыз етілді.

         Бюджеттік мекемелерге көмір тасыған мердігерлер жалғызбасты қарттар, мүгедектер және әлеуметтік көмекке тәуелді 57 адамға арзан бағамен 4 тоннадан және 12 ҰОС ардагерлеріне тегін 4 тоннадан көмір түсіріп берді. Сонымен қатар, аудан әкімдігі мен фирма Мадина ЖШС-гі арасында жасалған меморандумның нәтижесінде, Мақаншы өңірінің әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылары 3000 тонна көмірмен қамтамасыз етілді.

         Үржар ауданы аумағында 55 елді мекендердің, 34-і немесе 61,8 %-ы автобус қатынасымен қамтылған.  2014 жылы жергілікті бюджеттен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыруға 6,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

         Үржар ауылы әуежайынан  аптасына 2 рет (дүйсенбі,бейсенбі,) күндері «Алматы-Үржар-Алматы»  әуе бағыттары бойынша   АН – 24 ұшағы жолаушыларды тасымалдауда.   

         Әуежайға қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін, жобалық-сметалық құжаттарын әзірленуде.

          Үржар ауданы бойынша тіректі елді мекендер қатырына Мақаншы, Таскескен және Қабанбай ауылдары жатқызылған. Тірек ауылдарды дамыту үшін 2013 жылы жалпы құны 1417,0 млн. теңге тұратын барлығы 109 жоба жүзеге асырылды.  Жалпы экономиканың барлық саласында Мақаншы ауылында 259,6 млн. теңгелік 46 жоба,  Қабанбай ауылында 908,4 млн. теңгелік 44 жоба және Таскескен ауылында 249,0 млн. теңгелік 19 жоба іске асты.

         Үржар аудандық электр желілері мекемесінің күшімен ауданның елді мекендерінің 14 шақырым 10 киловаттық,  28 шақырым 0,4 киловаттық әуе желілері мен 10/0,4 киловаттық 8 қосалқы стансаларына жоспарлы түрде ағымды және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр энергиясын үздіксіз беруді қамтамасыз ету мақсатында Қарабұлақ ауылынан Еміл өзеніне дейін ұзындығы 12 шақырым 10 киловаттық әуе желісі және Көктерек ауылынан Келдімұрат ауылына дейін 10 киловаттық резервтік электр желілері тартылды.

         Кәсіпкерлік. Аудан экономикасының қалыпты жағдайда дамып, одан ары өсуіне кәсіпкерлік саласының тигізер әсері мол. Аудан тұрғындарына 533 дүкен, 41 дәріхана, 5 диірмен, 38 наубайхана, 1 ет комбинаты, 8 кондитер цехы, 2 қымыз өндіру цехы, 7 қонақ үй,  32 техникалық қызмет көрсету станциясы, 17 жанар-жағар май станциясы, 88 қоғамдық тамақтандыру орыны, 2 базар және 70 қызмет көрсету орындары қызмет көрсетеді. Соңғы жылдары аудан көлемінде шағын кәсіпкерлік саласы жоғары  деңгейде дамуда, атап айтқандаесепті жылы  1 сауда базары,  13 сауда  дүкені, 2 шағын  нан  пісіретін  цех, 7 шаштараз, 3 қоғамдық  монша, 4 техника  жөндеу  орталығы, 1 аяқ киім цехы, 2 дәріхана, 1 кірпіш шығаратын  цех, 1 сауда  үйі,  2 есік-терезе  жасау цехы, 1 мал  базары, 1 тігін  цехы, 1 ағаш  өңдеу  цехы, 2 қоғамдық  тамақтану  орны, 2 дөңгелек  жөндеу  орны, 1 массаж кабинеті, 1 қасапхана  іске   қосылып, 72 адамға  жаңа  жұмыс  орындары  ашылды.

         2015 жылы аудан көлемінде өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің көлемін көбейту мақсатында,  жеке кәсіпкер А.Садвакасов Үржар ауылынан қуаттылығы жылына 3,0 млн. дана кірпіш шығаратын заводты іске қосу арқылы 20 жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр. Сол секілді, жеке кәсіпкер Т.Қалмақбаев жеке қаражаты есебінен Мақаншы ауылынан кондитер цехы мен заман талабына сай мейрамхана құрылысын бастады.

         Инфляциялық үдерістерді тежеу яғни халық тұтынатын негізгі азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру  мақсатында,  әр аптаның сенбі күндері ауданның ірі елді мекендері Үржар, Мақаншы және Таскескен  ауылдарында жәрмеңкелер өткізу жұмыстары ұйымдастырылдыЖыл  басынан аталған елді мекендерде жалпы  150 жәрмеңке  өткізіліп, 128,3 млн. теңгенің    ауылшаруашылық  өнімдері базар  бағасынан 10-15 пайыз  төмен  саудаланды.

         Жыл  басынан әлеуметтік маңызы бар бірінші кезекте халық тұтынатын тауарлардың тұтыну бағаларын шамадан тыс өсірмеу мақсатында барлығы 458 жеке меншік иелерімен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Оның ішінде: 405 меморандум сауда дүкен, 38 наубайхана, 3 май тарту цехтары, 5 диірмен және 7 көтерме сауда дүкендері бар.

         Ағымдағы  жылы  5  әлеуметтік     дүкен  және  аудан көлемінде 275 дүкендер ішінен әлеуметтік бұрыш ашылып, халыққа  қызмет көрсетуде.   

         Аудан көлемінде барлығы 38 наубайхана жұмыс істеп, аудан тұрғындарын нан және нан өнімдерімен қамтамасыз етуде.  Соның ішінде, «Жұмыспен  қамту - 2020» бағдарламасы  аясында 2 наубайхана ашылды.

         Елді мекендердегі наубайхана  санының көбеюі,  аудан көлеміндегі нан және нан өнімдерінің тұтыну  бағаларының тұрақтануына өзінің оң  әсерін тигізетін болады.

         Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша тұрақтандыру қорынан  бөлініп отырған  әлеуметтік ұнның аудан  көлемінде  нан  бағасының   тұрақтануына әсері мол.  Ағымдағы  жылдың   сәуір-желтоқсан  айларына  барлығы  2507 тонна  ұн бөлініп, оның  1690 тоннасы  наубайханаларға, 817  тоннасы бөлшек  саудаға  тасымалданды. Бүгінгі  күнге  түрік  технологиясымен қуаттылығы  тәулігіне 55-60 тонна  ұн  шығаратын «Береке»шаруа  қожалығы мен жеке кәсіпкер Қарашевтың  шағын ұн  тарту  зауыты  аудан  халқын ұнмен  толық  қамтамасыз  етуде, І-ші сұрыпты  50 кг ұнның тұтыну  бағасы  3400-3600 теңгеден  саудалануда. 

         Аудан көлемінде әлеуметтік маңызы бар  азық-түлік, көкөніс өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру мақсатында ауданда уақытша тұрақтандыру қоры құрылды. Аудандағы жергілікті ұн өндірушілермен  500 тонна көлемінде ұнның тұрақтандыру қорында сақталуына өзара келісім меморандумдары жасалды. Сонымен қатар, көкөніс   егумен  айналысатын  шару  қожалықтарының   басшыларымен  1737,6 тоннасы   картоп, 200 тоннасы  орамжапырақ, 130 тоннасы  сәбіз, 44,5 тоннасы пияз, 10 тоннасы  қызылша және  6,4 тоннасы  алма сақтау  туралы барлығы  136 меморандумы жасалынды.

«Бизнестің  жол  картасы  2020»  бағдарламасы   шеңберінде  «Омаралинов И.К.» ЖШС-нің туризмді  дамыту  мақсатында «Демалыс  үйінің  құрылысын  кеңейту» мақсатында 108,2 млн. теңгелік    инвестициялық  жобасы  жүзеге асырылып,  20 адам   маусымдық жұмыспен  қамтылды. 2015 жылға  аталған  бағдарлама  аясында   туризмді  дамыту бағытында  тағы  100,8 млн.теңгенің инвестициялық  жобасы  қарастырылуда.

         «Даму Өндіріс II»  бағдарламасы  аясында   шұжық өнімдерін  өндіруші «Швабские  колбаски» ЖШС-інің  жалпы  құны   19 762  мың теңге  болатын  инвестициялық  жобасы  іске  асырылды. 2015 жылы  аталған  серіктестіктің  айналым  қаражат  толықтыру  мақсатында  15,0 млн.теңге  болатын  тағы  бір  жобасы «Даму Өндіріс» бағдарламасы  арқылы    іске  асырылуы   қарастырылуда.

         2014 жылы Индустрияландыру  картасына  2 жоба ұсынылды.Оның ішінде атап айтқанда: «Куәбол и Пэн Шэн » ЖШС-і  жалпы  құны   546 млн. теңге болатын қуаттылығы жылына 47,0 мың тонна темір-бетонды бұйымдар әзірлейтін заводты іске қосуды және 47 жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

Туризмді дамыту мақсатында «Омаралинов И.К.» ЖШС-нің   құны 500,0 млн. теңгелік жобасының құжаттары облыстық үйлестіру кеңесіне ұсынылды.

 Бюджет. 2014 жылғы ауданның жоспарланған бюджет шығыстары  6 685,0 млн. теңге, нақты кассалық шығыстары   6 678,3 млн. теңге, яғни аудан бюджетінің шығыстары 99,9 %-ға орындалуы болжанып, күтілуде.

Жыл қорытындысы бойынша өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда аудан бюджеті меншік кірістерінің көлемінің өсу қарқыны  109,0 %-ды құрап, жиналған салық көлемі 965,9 млн. теңгені құрауы болжанып отыр.

Білім беру. Үржар ауданында 52 мектеп бар, оның 46 орта, 5 негізгі, 1 бастауыш мектеп. Таскескен ауылында Үржар колледжі, Үржар ауылында 1 музыка, 1 спорт мектебі, Бестерек ауылында 100 орынды мектеп жанындағы интернат, Науалы ауылында бір балалар үйі, Мақаншы ауылында 150 орынды «Балалар шығармашылық үйі» жұмыс істейді. Аудан бойынша  31 балабақша жұмыс атқарып, онда 1465 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар,  51 мектепте ұйымдастырылған толық және қысқа күнді шағын орталықтарда 3353 бала қамтылған. Аудан бойынша балаларды мектепке дейінгі білім беру мен қамту 3-6 жас бойынша 100 %-ды, 1-6 жас бойынша 96,6 %-ды құрап отыр.  

2014 жылы 836 бала мектеп бітіріп, оның 693 оқушысы (82,9 %) ҰБТ-ға қатысты. Аудан бойынша ҰБТ-ның қорытындысында 4 пән бойынша орта балл 62,84 болды. Былтырғы жылмен салыстырғанда Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша көрсеткіш 4 пәннен 3,84 баллға жоғарлады.   4 пән бойынша бірінші ондықта Тұрлыханов, Қайынды, Егінсу, Қаратал, Әуэзов, Лайбұлақ, Қазымбет, Көктал, Қызылбұлақ, Көкөзек мектептері болса, соңғы ондықта М.Горький, Ер Қабанбай, Қ.Төлеубеков, Сағат, Ақтамберді, Ы.Алтынсарин, Жүзағаш, Алтыншоқы, Бақты, Кішкенетау орта мектептері. Алтын белгіге ұсынылған 31 оқушының тек  6-ы ғана  өз білімдерін ақтап шықты. Аудан бойынша 148 мектеп бітіруші белгіленген деңгейден төмен нәтижелер көрсетті.

Есепті жылы 11 418 оқушы ыстық тамақпен 100 %-ға қамтылды, оның ішінде     5222 бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтанды. Бастауыш сынып оқушыларына және аз қамтылған 5-11 класс оқушыларына, күнделікті ас мәзірінде 20 гр бал,  200 гр сүт беру ұйымдастырылды.

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Алакөл жағалауындағы «Үржарайым» демалыс лагерінде балалардың демалыс уақытын тиімді өткізілуіне үнемі көңіл бөлінуде. «Үржарайым» демалыс лагерінде есептегі жылы 1582 баланың демалуына тиісті жағдайлар жасалды, оның ішінде 567 тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балалары тегін демалды.

Мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға 2014 жылы республикалық бюджеттен – 24 474 мың теңге қаржы бөлініп 6 мектепке (Ақшоқы, БестерекАлтынсарин, Игенбайұлы, Қазымбет, Қарабұлақ, Қаратал ОМ) химия каинеттері алынды.

Жергілікті бюджеттен 2014 жылы 2875,0 мың теңгеге аудандық білім бөліміне бір қызметтік көлік, 2013 жылы 11208,0 мың теңгеге 5 мектепке (Жүзағаш ОМ, Сағат ОМ, Ақшоқы ОМ, Қарабұта ОМ, Мақаншы ОМ) шағын УаЗ автобус көліктері алынып берілді.

Білім саласы бойынша 2014 жылы 20 білім беру объектілеріне күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарына барлығы – 196,5 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 161,8 млн. теңге. Бөлінген қаржыға Алтынсарин мектебінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп,  Абай атындағы мектептің есік, терезелері ауыстырылды. 15 мектептің 23 жылу қазандықтары жаңадан ауыстырылып, Мақаншы мектебіне қосымша резервтік 2 электр қазандығы қойылды. Мектеп ғимараттарын ағымды жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен – 7800,0 мың теңгеге бөлініп, межеленген жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Денсаулық сақтау. Аудан тұрғындарына 2 медицина бірлестігі, 2 ауылдық аурухана, 18 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 бастапқы медициналық санитарлық көмек орталықтары, 8 медициналық, 22 фельдшерлік акушерлік пункттер және 1 туберкулезге қарсы аурухана қызмет көрсетеді.

Аудан әкімдігі тарапынан емдеу мекемелерін кадрлармен қамтамасыз ету және оларды тұрақтандыру мақсатында жоспарлы түрде жұмыстар атқарылуда.  2014 жылы ауданның медициналық бірлестігіне 11 жас маман дәрігерлер жұмысқа қабылданды. Жас мамандарға «Дипломммен ауылға» бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй  сатып алу мақсатында 22 224 мың теңге көлемінде бюджеттік несиелер беріліп, тұрғын үйлермен қамтамасыз етілді. Барлық жас мамандарға 1555,7 мың теңге мөлшерінде көтерме жәрдемақылар төленді.

2014 жылы емдеу мекемелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджет есебінен 81,6 млн. теңге қаржы бөлініп, Үржар аудандық ауруханасының тәулік бойы стационарының 1-2 қабаттарына  және Елтай, Бақты дәрігерлік амбулаторияларының ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде Бақты ауылдық дәрігерлік амбулаториясының ауласына қоршау орнатылды.

         2014 жылы аудандық денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық техникалық базасы 41,9 млн. теңгеге жаңартылып, заман талабына сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

         2015 жылы «ҚазМедТех» АҚ арқылы жалпы құны 25,9 млн. теңгелік Корея елінде жасалған заманауи «ACUSON X 300»  ультрадыбысты зерттеу аппараты әкелініп, орталық ауруханаға орнатылатын болады.

         2014 жылы  облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы Жаңа Тілек,  Шолпан, Мақаншы, Қарабұта  дәрігерлік амбулаториялары, Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөлімі және туберкулезге қарсы ауруханасы, 6 жаңа арнайы санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етілді.                    Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай. Үржар ауданы бойынша 2013 жылы санитарлық-эпидемиологиялық хал ахуал бір қалыпты, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.  2013 жылмен салыстырғанда жіті ішек індеттері 2014 жылы 4 ауруға,  вирус гепатит сырқаттанушылығы 2,1 есеге дейін төмендеп отыр. Топтап сырқаттанушылық, тағамнан улану жәйттары тіркелген жоқ.

         Былтырғы жылмен салыстырғанда сәби өлім көрсеткіші 1000 тірі туғандарға шаққанда 2,0 есеге, туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші 100,0 мың тұрғынға шаққанда 23,0 %-ға дейін төмендеді. 2014 жылы туберкулез аурушандығыбылтырғы жылмен салыстырғанда 1,3 есеге дейін төмендеді, алайда туберкулез аурушаңдығы жасөспірімдер және 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелуде.

         2014 жылында адамдар арасында 62  сарып аурушаңдығы тіркелді, 2013 жылмен  салыстырғанда адам арасында сарып аурушаңдығы 11 науқасқа өсіп отыр.Сарып ауыруы науқастарға негізінен малдан жұғатыны белгілі. Ветеринарлық қызметкерлердің жүргізген жұмыстарының қорытындысымен аудан көлемінде барлығы мал ауырған 662 ошақ тіркеліп, 62 адамның науқас екені анықталып, жұқпалы аурулар бөлімінде емделді. Осыған сәйкес, аталған аурудан аман болуы үшін мал ұстайтын қора-жайларға уақтылы және сапалы түрде залалсыздандыру жұмыстарын жүргізіп отыру және мал ішінен сарыппен ауырған мал анықталғанда, ол малдарды кешіктірмей жою аудан тұрғындарына ескертетін жағдай.

          Әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту. 2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 193 адам жұмыссыз ретінде ресми тіркеуге қойылған, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 37 адамға немесе 16,1 %-ға азайды. Экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,4 % құрады, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,1 %-ға кеміді.  2014 жылдың басынан 411 адам жұмысқа орналастырылды.  Есепті жылы жаңадан 876  жұмыс орындары құрылды, 428 адам төлемді қоғамдық жұмысқа тартылды. 2013 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда  атаулы әлеуметтік көмекті алушылар саны  24,8 %-ға (62 адамға) және жәрдемақы алушы балалар саны 13,2 %-ға  (566 алушыға)   кеміді.

         2014 жылы тұрмыс жағдайлары төмен отбасылардың облыстық жоғары оқу орындарында оқитын  29 балаларына жатаханада тұру және шәкіртақыларына 28,0 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. 

         Аудан бойынша 2503 мүгедек адамдар бар, олардың ішінде 206 мүгедек адам еңбекке қабілетті. 2014 жылы 44 мүгедек адамдар тұрақты жұмысқа орналастырылды.  Сонымен қатар, әлеуметтік көмектің белсенді түрлерімен барлығы 25 мүгедек қамтылды, оның ішінде 21 төлемді қоғамдық жұмыстарға, 3 адам жастар практикасына, 1 адам әлеуметтік жұмыс орнына қамтылды.

         Жыл басынан емдеу-сауықтыру шипажайларына 95 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолданды. Бұдан қосымша ауданда Алакөл көлі жағалауында орналасқан «Үржарайым» демалыс үйінде мүмкіндігі шектеулі 60 бала және 78 еңбек ардагерлерінің демалысы ұйымдастырылды.

         2014 жылдан бастап Ақмола, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарыында пилотты жоба ретінде «Өрлеу» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жобаның негізгі мақсаты – тұрғындардың аз қамтылған бөлігінің 20 %-ына қолдау көрсетіп, кедей тұрмысты азаматтарға берілетін ақшалай көмектің белсенді түріне көшу, нәтижесінде жұмыссыздар санын мүмкіндігінше азайту және оларды өзін-өзі қамтамасыз ету дәрежесіне жеткізу. Есепті жылы «Өрлеу» жобасымен ауданда 144 отбасы қамтылған (652 алушы бар). Оларда 217 жұмысқа жарамды мүшелері бар.

Отбасылардың жұмысқа жарамды мүшелерінің – 33-і төлемді қоғамдық жұмыстарға жіберіліп, 71 адам тұрақты бос жұмыс орындарына,70 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы келісім шартпен жұмысқа орналастырылды.

         Аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 12 196 мың теңге, жергілікті бюджеттен  8139,0 мың теңге  бөлініп, бөлінген қаржы 100 %-ға игерілді.

         Аудан көлемінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы үш бағыт бойынша жүзеге асырылды:

         Бірінші бағыты бойынша 2014 жылы әлеуметтік нысандарды жөндеу жұмыстарына 320,9 млн. теңге қаржы бөлініп, межеленген жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша барлығы 151 адам жұмыспен қамтылды, соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында  101 адам жұмысқа жолданды. 

         Екінші бағыты бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 56 адам 124,5 млн. теңге және «Ертіс ӘКК ҰҚ» АҚ арқылы 86 адам  185,0 млн. теңге, барлығы 142 адам 309,5 млн. теңге несие алды.      Несие алу арқылы 101 адам жаңадан өз ісін ашып, 41 несие алушы ашылған кәсібін кеңейтуге мүмкіндік

алды. Нәтижесінде, 210 жаңа жұмыс орны ашылды.

         Үшінші бағыты бойынша есепті жылы республикалық бюджеттен 11 552,0 мың теңге бөлініп, қайта даярлау және біліктілік арттыру курстарына барлығы 43 адам жолданды. Оның ішінде : 19 адам  тракторист-машинист, 15 адам электргазбендәнекерлеуші, 1 адам қонақ үй әкімшісі, 8 адам электрик мамандығы бойынша  оқу курстарын бітіріп, жұмыспен қамтылды.

         Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін 2014 жылға 9074,3 мың теңге бөлініп, әлеуметтік жұмыс орындарына жоспар бойынша 40 адам жолдануы тиіс болса, іс жүзінде 65 адам  жолданды.

         Жастар практикасын ұйымдастыруға  2014 жылға барлығы  4 012,0  мың теңге бөлініп, 24 түлектер жастар практикасына жолданды.

         Мәдениет, ішкі саясат. Ауданда  3 мәдениет үйлері, 15 ауылдық клубтар, Үржар ауылындағы балалар мен жасөспірімдер театры, аудандық тарихи- өлкетану мұражайы және 7 кітапхана халыққа толыққанды қызмет түрлерін көрсетуде.

Есептегі жылы мәдениет нысандарын қалпына келтіріп, мәдени жұмыстарды жандандыру мақсатында «Жұмыспен қамту-2020 мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінген 50 588,0 мың  теңгеге, Ақшоқы, Қарабұлақ ауылдарындағы мәдениет үйлерінің ғимараттарына заман талабына сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.  Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен бөлінген 68 011,0 мың теңгеге, Науалы, Қарақол, Қарабұлақ ауылдық клубтарына және  Таскескен мәдениет үйінің спорт  залына жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Көлденең ауылдық клубы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында жеке кәсіпкер М.Қарашевтың демеушілігімен жөндеуден өтіп, іске қосылды.

Аудан көлемінде 2014 жылы ұйымдастырылған мәдени, саяси жұмыстардың барлығы қоғамдық саяси ахуалды, бірлікті, ұлтаралық және дінаралық келісімді қолдауға бағытталып, Елбасының «Нұрлы жол –Болашаққа бастар жол» атты Жолдауымен байланысты өткізілді. Елбасы Жолдауы аудан тұрғындары арасында кеңінен түсіндіріп, насихаттау мақсатында аудан бойынша барлық мекемелер, ұйым басшылары, мәслихат депутаттары елді мекендерді аралап, өңірдің қарапайым тұрғындарына кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Туған жерге тағзым» атты акциясының аясында  аудан көлемінде барлығы  168 млн. 791 мың теңгенің 236 жобасы жүзеге асырылды.



Саяси қоғамдық және діни ахуал. Ауданда тіркеуден өткен 31 діни бірлестік (олардың 29 ислам мешіттері, 1 православиелік, 1 христиан-пресвитериандық шіркеуі) бар. Үржар ауданының әкімшілігі тұрғындар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында барлық діни бірлестіктермен тығыз байланыста жұмыс жасап, оларға жан-жақты көмек көрсетуде. Діни терроризм мен экстремизмді алдын алу мақсатында арнайы құқық қорғау органдарымен бекітілген жоспарға сәйкес алдын алу шаралары, ақпараттық-насихаттық жұмыстары жүргізілуде. Аудандық діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес жастармен жұмыс жүргізуге аса назар аударып, рухани құндылықтарын нығайту, белсенділігін арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында мемлекеттік органдар мен қоғамдық және діни бірлестіктермен өзара байланыс етуде. Аудан көлемінде қоғамдық институттар мен саяси партиялардың қатысуымен  ұйымдастырылған мәдени, саяси жұмыстардың барлығы қоғамдық саяси ахуалды, бірлікті, ұлтаралық және дінаралық келісімді қолдауға бағытталып, Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясына   байланысты өткізіледі.  

Аудандағы қоғамдық-саяси, діни  ахуал тұрақты.



Спорт. Ауданда денешынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту жұмысы жоспарлы түрде іске асырылуда. 2014 жылы аудан көлемінде 180-нен астам ірі жарыстар мен турнирлер өткізілді. Өткізілген жарыстарға 40 000 аса адам қамтылды. Жалпы аудан көлемінде жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен 22550 жуық адам айналысуда. Ауданымыздың мемлекеттік қызметшілер құрама командасы Шығыс  Қазақстан  облысы мемлекеттік  қызметкерлері  арасындағы   ХІV  спартакиадасының бағдарламасындағы 8 спорт түрлерінен қатысып, жалпыкомандлық 4 орын иеленді.Наурыз мерекесіне орай,«Үржар Барысы» атты қазақ күресінен және бұқаралық  жарыстар  өткізілді. Зайсан қаласында өткен 50 жастан жоғарғы ардагерлер арасында волейболдан  облыстық жарыста ауданымыздын командасы 1 орын иеленді.  Дәстүрлі түрде аудан әкімінің жүлдесі үшін, Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған  VІІ халықтық спорт ойындары спартакиадасы өтті. Спартакиада 20 спорт түрлерінен волейбол, футбол, жеңіл атлетика, қазақ күрес, қол күрес, үстел теннисі, дойбы, шахмат, гір көтеру, тоғызқұмалақ,  байге, жорға жарыс, тай жарыс, аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, көкпар) өткізілді.  Спартакиаданың қортындысы бойынша ауданымыздың құрама командасы жасақталып, 20-27 маусым күндері аралығында Зайсан қаласында өткен ШҚО әкімінің жүлдесі үшін, Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған ХVIII халықтық спорт ойындары спартакиадасының барлық 22 спорт түрлерінен қатысып, 8  орын иеленді.

 5-7 қазан күндері аралығында ҚР Құрметті Спорт Қайраткері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Сақанұлы Қапсалықовты еске алуға арналған грек- рим күресінен жасөспірімдер арасындағыреспубликалық турнир өткізілді.

 Үржар ауылының Горький атындағы мектебінің жанындағы және Қаратал ауылдық округінде құны 9  800 мың теңге құрайтын жасанды кіші футбол алаңдары және Үржар ауылының Абай мектебінің жанындағы, Жоғарғы Егінсу, Таскескен, Елтай,  Қаратал  ауылдарында  құны 2 700 мың теңге тұратын хоккей қорапшалары іске қосылды. Сонымен қатар, Үржар ауылындағы орталық стадионға абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Байланыс, пошта.  Аудандық телекоммуникация торабы арқылы 2014 жылы 643 телефон нүктелері қойылып, нәтижесінде есепті жыл аяғында негізгі телефон абоненттерінің саны 13 342-ге жетті. 1170 Мегалайн қызметі орнатылып, жыл соңында аталған қызмет түрін пайдалаушылар саны 2532 бірлікті құрады.

Қазіргі заман талабына сай желілі байланыс бойынша Таскескен, Жана Тілек, Науалы ауылдарына «Мегалайн» қызметін орнату мүмкіндігі пайда болды. Есепті жылдың басынан «Мегалайн» қызметі сымсыз байланыс бойынша орнату жүргізілуде.  Жалпы аудан көлемінде сымсыз байланыс бойынша «Интернетке» қосылған абоненттер саны 470 бірлікті құрап отыр.

Ауданның елді мекендерінде 29 ауылдық пошта бөлімдері, 1 орталық операциялық участок және 6 жылжымалы бөлім жұмыс істеп, аудан орталығына аптасына 5 рет ауылдық жерлерге 3-4 рет газет, журналдар, сол сияқты  белгіленген кестеге сәйкес мемлекет тарапынан төленетін зейнетақы мен әртүрлі жәрдемақылар уақтылы алушыларға жеткізіліп отырады.

Құқық бұзушылық.Есепті жылы Үржар ауданының аумағында алдын-ала болжам бойынша аудан көлемінде 350 қылмыс тіркеліп, 2013 жылғы деңгейден    16,3 %-ға немесе 68 қылмысқа дейін кеміту және тіркелген   қылмыстардың  ашылу деңгейін былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайыздық пунктіге арттыру болжанып отыр.

Демографиялық жағдай. Есепті жылы 1194 сәби дүниеге келіп, 609 адам қайтыс болды, табиғи өсімі 585 адамды құрады. 

Аудан әкімінің аппаратына 2014 жылы барлығы жеке және заңды тұлғалардан жалпы 691 өтініш түсті (2013 жылы - 1214). Оның ішінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жол жөндеу, электр энергиясын пайдалану бойынша-69, құрылыс-1, ауыл шаруашылық және ветеринария бойынша-9, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша-101, білім саласы бойынша-21, денсаулық сақтау-1, басқа өтініштер-153, жер мәселесі бойынша-336. Барлық түскен өтініштер қолданыстағы заңнамаға сай қаралды.

Аудан әкімінің 2014 жылдың  ақпан айында өткен   халыққа есеп беру кездесулеріне 5191 адам қатысып,  барлығы  96  сұрақтар мен ұсыныстар келіп түскен. Түскен ұсыныстар мен сұрақтардың басым бөлігі аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту,  шағын кәсіптерін кеңейту және одан ары дамыту мақсатында мемлекеттік  бағдарламардың жүзеге асырылу  жолдары туралы мәселелерді қамтыды.

Аудан әкімімен  халыққа есеп беру кездесулерінде айтылған  ұсыныстар мен сын ескертпелер бойынша іс-шаралар жоспары жасақталынып, оның 14-і  ШҚО әкімі аппаратының инспекторлық бөлімімен бақылауға алынған. Бүгінгі күні бақылауға алынған 14 тапсырманың толығымен 100 %-ға  орындалды.

 2015 жылға міндеттер. Аудан көлемінде 2015-2016 жылдар аралығында   келесі бюджеттік инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ: Үржар ауылындағы 27 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы, Мақаншы ауылындағы 140 орындық бала-бақша, Үржар ауылындағы 2 пәтерлі 6 тұрғын үй, Мақаншы ауылындағы 2 пәтерлі 3 тұрғын үй, Үржар ауылындағы балалар саябағының құрылысы және Таскескен ауылындағы су құбырлар желісін кеңейту Мақаншы ауылындағы спорттық модуль.

         Аудан бойынша «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорынының теңгеріміндегі гидротехникалық құрылғыларды қайта жаңғырту өткізу жоспарланды,  атап айтқанда  Келдімұрат өзеніндегі су тоғанының бөгетіне 1373,4 млн.теңге,  Қусақ өзеніндегі су тоғанының бөгетіне 1445,2 млн.теңге, Егінсу өзеніндегі су тоғанының бөгетіне 1723,6 млн. теңге қарастырылып, жаңғырту жұмыстары атқарылуда.  Жобаларды жүзеге асыру мерзімі 2014-2015 жылдар. Сонымен қатар,  Қарақол өзеніндегі су тоғанының бөгетіне 2816,7 млн. теңге қарастырылған, жобаны іске асыру мерзімі 2014-2017 жылдар.

         ҚР Су ресурстары басқармасының 2014-2020 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес, Қарабұта, Көктерек өзендеріндегі су қоймаларының құрылыстарының техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындау жұмыстары 2015 жылы басталып, 2016 жылы жобалық-сметалық құжаттары әзірленеді. Қарабұта су қоймасының жалпы құны 3500,0 млн. теңге, Көктерек су қоймасының жалпы құны 4000,0 млн. теңге.

         2015 жылы жергілікті бюджет есебінен Сегізбай,  Бестерек ауылындағы су құбыры құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға  14,0 млн. теңге қаржы бөлінді.

         Мақаншы ауылындағы қатты қалдықтар тастау полигоннының техникалық-экономикалық негіздемесін және жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға  6,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

         Үржар ауылында 150 орынға арналған аудандық ішкі істер бөлімінің ғимаратының құрылысына жобалық-сметалық құжаттарын дайындауға республикалық бюджет есебінен 42,5 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. Құрылыс жұмыстары  2016-2017 жылдарға жоспарланған. Жобаның жалпы құны 2026,9 млн. теңге.

         Білім саласы бойынша Алтыншоқы орта мектебіне автобус алуға 5,9 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан Сегізбай ауылындағы 80 орындық, Барқытбел, Қызыл-Ту ауылдарындағы 130 орындық, Үржар,  Жаңа Тілек,  Қабанбай,  Бақты   ауылдарындағы 320 орындық мектептердің, 140 орындық бала-бақша және Үржар ауылындағы 27 пәтерлі тұрғын үй құрылыстарының жұмыстарын жалғастыру үшін 2015 жылы бюджеттен тиісті қаржы қарастырылды.

         Денсаулық саласы бойынша 2015 жылы Үржар ауданының орталық аудандық ауруханасына  жаңадан кір жуу және жылу қазандығының ғимаратын салу үшін облыстық бюджеттен 250,0 млн. теңгеге қаржы қарастырылды. Сол секілді,  жер төле мен стационардың 3-4 қабаттарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы құны 73,0 млн. теңгеге жобалық сметалық құжаттары әзірленуде.

          «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында аудан орталығы Үржар ауылында 2 пәтерлі 3 бөлмелі 6 тұрғын үй құрылысын салу үшін республикалық бюджеттен 70,6 млн. теңге қаржы бөлінді.

         Мақаншы және Үржар ауылдарындағы су құбырларын ағымды жөндеуден өткізуге 15,0 млн. теңге қаржы қарастырылды.

         Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында:  «Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы,   ең мәртебелі жол» деген. Ендігі біздің басты мақсатымыз алдымызда тұрған өзекті мәселелерді шеше біліп, ауданымыздың одан әрі көркеюі, экономикасы мен халықтың әлеуметтік жағдайының жақсару жолында аянбай еңбек ете беруіміз қажет.  Бұл барлығымыздың азаматтық парызымыз. Осы азаматтық парызымызды орындау жолында ынтымақтаса отырып, береке-бірлікпен ортақ ісімізге бір кісідей ат салысуға шақырамын.

Үржар ауданының әкімі                                                                     С. Зайнулдин





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет