Үркер романы



Дата05.05.2023
өлшемі14.85 Kb.
#473256
Үркер романы


Үркер романы-қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді суреттеген,17-18 ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазған,көп қанатты,тарих шежіресін жырлаған тамаша туынды.Ол әдебиеттегі тарихи шыығармалардың қатарында белді жерден орын алатын,көркемдік дәрежесі жоғары,айрықша орамды шығарма.Роман мазмұны,ең басты,нағыз өзекті мәселесі-қазақ елінің өз жері,өз бостандығы,дәрбес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы,айбынды асулары.Шығармада талай тар жол,тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәледі де,әділетті де айтылған.
Шығарманың басты кейіпкерлері-Тәуке,Әбілқайыр,Бөкенбай,Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер:Қазыбек,Төле,Әйтеке.Бұдан басқа персонаждар-ойдан шығарылған адамдар емес,өмірде,тарихта болған,қоғам өмірінде өшпес із қалдырған тұлғалар,қайраткерлер.Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы-ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы.Сондықтан да бұл шығарма-шын мәнісінде тарих шежіресінде құрылған тарих жанрына жататын туынды.Мұның өшпес маңызы мен тарих төрінен алатын орны орасан зор.Қазақ хандықтарының Ресей империясына деген көзқарасы,бұған байланысты бұл мемлекетпен жақындасуға,мүмкін болса тіпті одақ жасауға,бағытталған ниеттері мен әркеттері әр жақты әңгімеленген.
Бұл роман-қазақ елі өміріндегі аса қиын,асулы кезеңдерді қамтитын,әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін кең шығарма.Тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық рөлінің маңызы жағынан да,көркемдігі мен тіл тартымдылығы жағынан да «Үркер»романы-қазақ әдбиеттінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алған құнды шығарма. «Үркер»романы 1981 « Жазушы»баспасынан жеке кітап болып шықты.1999 жылы екінші рет жарық көрді. «Үркер» романында тарихи дерек реалистік тұрғыда игерілген.Ә.Кекілбай «Үркер» романының ерекшелігі туралы «Ел тарихы, ел тағдыры»мақаласында былай деп жазады: «Тарихи материал жасақтауда құжат дерегі де,ел аузындағы әңгіме де,көркем қиял да көп қызмет ете алады.Бірақ тарихи шындыққа үлкен жауапкершілікпен қарайтын жазушы қиялдан гөрі дерекке табынары сөзсіз. «Дала балладалары»атты циклға енген «Аңыздың ақыры» романым мен повестерім,негізінен, «белгілі бір көзқарастан туындаған тұжырымға»,концепцияға сүйенеді.Ал «Үркерде»оған атымен кереғар бағытта іздендім.Онда,мүмкіндігінше,тарихи деректің ала жібін аттамауға,нақты тарихи ситуацияның өз драматизмін әсірелеусіз көрсетуге күш салдым».
Жазушының өзі мойындағандай, «Үркер»романы-Қазақстанның Ресейге қосылуын баяндайтын нақты тарихи негізі бар шындыққа,фактіге құрылған туынды,саяси роман.Туындының хроникалық,деректілік сипаты оның көркемдік деңгейіне нұқсан келтірмейді.Шығармадағы кейіпкерлердің дені-тарихта болған,өз істерімен өшпес із қалдырған тұлғалар және көбісінің атақ-жөндері де өзгеріссіз қалдырылған.Қаламгер туындысын жазу барысында 17-18 ғасырлардағы орыс-қазақ,орыс-ноғай,орыс-жоңғар,орыс-қалмақ,орыс-башқұрт,орыс-Орта Азия хандықтары,орыс-қытай,орыс-Индия ара-қатынастарына байланысты архив деректеріндегі мәліметтерді,тарихи құжаттарды ,қазақ тарихын зерттеушілердің еңбектерін,ел аузындағы деректерді,аталмыш оқиғаларға қолма-қол араласқан В.Н.Татищев,А.И.Неплюев т.б жазбаларын молынан пайдаланған.
«Үркер» романындағы Әбілқайыр бейнесі «Үркер»романында оқиға желісін өрбітуге негіз болған тарихи тұлға-Әбілқайыр хан.Әбіш Кекілбай «Үркер» романын жазу барысында 1979жылы ауыл адамдарының жөн сілтеуін Әбілқайыр хан қабірінің басында болып қайтқан.Романдағы сюжет Әбілқайыр ханның өткен оқиғаларға лирикалық шегініс жасауына құрылған.Шығармада ханның өз елінің болашағын көз алдына елестетіп,халқының тыныштығын,кейбір өмірін армандауына да орын берілген. Халқының алдындағы асқаралы міндетін орындау үшін Әбілқайыр тәуекелшл мінезімен қатар саяси дарындылығын,сұңғылалығын да танытады.Елді басқару ісін жетік меңгерген хан аталарынан келе жатқан тақ мұрагерлігін де назарынан тыс жібермеуге тырысады.
Үркер романы-қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді,17-18 ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған,көп қанатты,тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды.Бұл роман қазақ елі өміріндегі аса қиын,асулы кезеңдерді қамтитын,әлеуметтік дамудың өзекті мәселелерін әңгіме ететін кең шығарма.Роман мазмұны,ең басты,нағыз өзекті мәселесі-қазақ елінің өз жері,өз табан тіресіп жүргізген күресінің жайы,айбынды асулары. «Үркер» романы-тарихи тақырыбы мен атқаратын идеялық рөлінің маңызы жағынан да,көркемдік құндылығы мен тіл тартымдылығы жағынан да түбінде,ертелі-кеш,қазіргі профессионалдық қазақ кеңес көркем әдебиетінің нағыз төрінен өзіне лайық орын алатын сегіз қырлы бір сырлы шығарма.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет