Құрметті Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтын пайдаланушылар!



Дата22.02.2016
өлшемі179.49 Kb.
#1958
2012-2014 жылдарға арналған 2012 жылғы 23 қазандағы нақтыланған азаматтық бюджет
Алматы қаласының 2012-2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлері бойынша ақпарат.
Құрметті Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтын пайдаланушылар!

Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласының азаматтық бюджетін ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз. Сіздер жергілікті бюджеттің құрылуымен, қаланың бюджеттік қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттарымен, үш жылдық кезеңге арналған болжамдық параметрлермен таныса аласыздар.


2012 жылдың 1 қарашадағы жағдайы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 362,1 млрд. теңгені құрады. Ол өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 3,7 % -индекс.

Электр энергиясын, газды және әуені кондициялауды өндіру және таратудың үлес салмағы шамамен 16,7%-ды құрды, 60,6 млрд. теңге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 104,1%. Осыған сәйкес өңдеу өнеркәсібі – 79,7%, 288,5 млрд. теңге және 104,4%.

2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда азық-түлік өнімдерін өндіру 78%-ға өсті, оның ішінде сүт өнімдері – 22,6%-ға, ет өнімдері – 2 есеге, өсімдік майы – 1,6 есеге өсті. Сусындар шығару 7,8%-ға өсті, олардың ішінде сыра 15,9%-ға. Кір жуғыш машиналарды және теледидарларды шығару 1,6 есеге өсті.

Шағын және орта кәсіпкерлік. Шағын және орта бизнес субъектілері 1336,8 млрд. теңге шамасындағы сомаға өнімдер (жұмыстар, қызметтер) шығарды, ол өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,4%-ға артық.

Жұмыспен қамтылғандардың саны 3,4 %-ға өсе отырып, шамамен 355,7 мың адамды құрды.

Шағын және орта кәсіпкерліктің 84,0 мың белсенді субъектілері тіркелді, ол 2011 жылдың 1 қазанына қарағанда 4,8%-ға артық.

ОШК несиелеу өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 28,9%-ға өсті және 227,9 млрд. теңгені құрды.

Әкімшілік кедергілерді жою бойынша тетіктер жұмыс жасауда және өнімді сертификаттаудың халықаралық жүйесі енгізілуде.

Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі 9,2%-ға өсті және 304,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде мемлекеттік бюджет қаражаты – 82,8 млрд. теңге (106,8%), кәсіпорынның өз қаражаты – 148,7 млрд. теңге (119,3%), шет елдік – 2,0 млрд. теңге (30,8%), қарызға алынғаны – 70,5 млрд. теңге (109,9%).

Құрылыс жұмыстарының (қызметтердің) көлемі 145,9 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,6%-ға өсті.

Өсім бес көлік жол айрықтарының, метрополитеннің екінші кезегінің, тұрғын үй құрылысының белсенді құрылысы, білім беру мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысы және сейсмикалық күшейту есебінен қамтамасыз етіледі.
Тұрғын үй құрылысы көлемінде тұрақты өсу үрдісін айта кету керек. Жыл басынан бастап 585,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, ол өткен жылдың тиісті кезеңінен 24,0 %-ға артық.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 7,6%-ға өсті және 907,2 млрд. теңгені құрды. Көтерме тауар айналымы 12,8%-ға көбейді және 3411,5 млрд. теңгені құрады.

Тұтыну бағасының индексі 2012 жылдың қыркүйегінде 2011 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 104,6% деңгейінде қалыптасты. Азық-түлік тауарлары бағасының индексі 102,7%-ды, азық-түлік емес тауарлар – 101,9%-ды, ақылы қызметтер – 110,1% құрды.

Азық-түлік тауарлар тобы бойынша жылдың басынан бастап келесі тауарларға бағаның ең көп өсуі байқалады: өнімді жеткізушілердің босату бағасын көбейтулері салдарынан шошқа еті (114,2%), қой еті (109,2%), күріш (109,3%), шай (107,4%); маусымдық сипатына байланысты жеміс-жидектер (104,3%), минералды су және сусындар (104,6%); алкогольдік ішімдіктер (102,6%), темекі өнімдері акциздердің өсуі - (106,5%).
Ақылы қызметтер бойынша ыстық суға 27,7%-ға және көлік қызметтеріне 28,7%-ға бағалар көтерілді.
Ағымдағы жылы Алматы қаласының қолындағы нақты бюджеті 303,2 млрд. теңгені құрды, оның ішінде жергілікті бюджет кірісі – 183,1 млрд. теңге, республикалық бюджет трансферттері – 120,1 млрд. теңге.
ҮИИДМБ және Индустриализациялау картасы шеңберінде қалада жалпы сомасы 546,4 млрд. теңгеге 5000 шамасында жұмыс орындарын құра отырып, 29 индустриальдық-инновациялық жобалар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылдан бастап 16 жоба іске асырылды.

Жаңа өндірістерді енгізу қала экономикасына 225 млрд. теңге қосымша инвестицияны тартуға мүмкіндік берді. Әрбір үшінші жоба технологиялық инновацияларды енгізудің жоғары деңгейіне ие. Ал, ең бастысы еңбек өнімділігі жоғары деңгейлі тұрақты жұмыс орындары құрылуда.

2012 жылдың аяғына дейін 17 млрд. теңге сомаға 3 индустриальдық-инновациялық жобаларды іске асыру жоспарланып отыр:

1) «GEGA» (Global Ecoloqical Group Almaty) Азық-түлік логистикалық орталығын құру жобасы;

2) «Оргтехстром» ЖШС 1СС, 1АА, 1СС-TVL-M үлгісіндегі контейнерлерін және сұйық нәрсені тасымалдау үшін контейнерлер шығару жобасымен. Тоннельдік үлгідегі А класты, «МЕЗОНИН» үлгідегі мұрағаттық сөрелік жүйелерді әзірлеу және шығару;

3) «Қазшынықұрылысы» ЖШС шыныны өнеркәсіптік қайта өңдеу бойынша зауыт құрылысы жобасымен.

Қалған 9 жобаны 2013-2014 жылдары іске асыру жоспарлануда. Индустриализациялау картасын сапалы толықтыру мақсатында Алматы қаласы әкімдігімен ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қарауға жалпы сомасы 1,6 млрд. теңгелік 4 жаңа жоба жіберілді:



  1. «Алмафарматек» ЖШС – емдеу-алдын алу мекемелері үшін қолданыстағы залалсыздандыру құралдары өндірісін кешендік жаңғырту;

  2. Алматы «Синтетикалық жуғыш заттар» зауыты өндірісін дамыту және жаңғырту;

  3. «Медаспапоптика» ЖШС – көзәйнек линзалары өндірісі технологиялық желісін жаңғырту;

  4. «Бирунифарм» ЖШС – капиллярлық диализаторлар өндірісін ұйымдастыру.


Бизнестің жол картасы 2020 шеңберінде Алматы қаласының Аймақтық үйлестіру кеңесімен 2012 жылдың 1 қазандағы жағдайы бойынша 79 жоба мақұлданды, олардың:

72 жобаның пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға сомасы 38,8 млрд. теңге.

Субсидиялаудың жалпы сомасы 9,0 млрд. теңгені құрайды.

Инфрақұрылымды (индустриалдық) дамыту үшін 7 жобаға жалпы сомасы 1,2 млрд. теңге, кепілдеме бойынша 1 жобаға – 3,2, млн. теңге.

Құрылатын жұмыс орындарының саны -5579.

2012 жылы тұрғын үй көмегіне 219,9 млн. теңге бөлінді. 1 қарашада тұрғын үй көмегі 2924 алушыларға 43,0 млн. теңге сомасында төленді.


Жұмыспен қамту - 2020 Бағдарламасын іске асыруға Халықты жұмыспен қамту картасы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тарту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді, бұл қала үшін басым жобаларды іске асыруды жұмыспен қамту мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызады.

Кіріс бөлігі

Алматы қаласының 2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджетінің кіріс бөлігі орта кезеңге арналған макроэкономикалық және өңірлік көрсеткіштердің болжамдық параметрлері, жалақы төлеу қорының өсу динамикасы және өткен жылдардағы түсімдер, 2012 жылға арналған кірісті бағалау Қазақстан Республикасының салықтық және басқа да заңнамаларының соңғы өзгерістерінің негізінде белгіленді.

Бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі көздері еңбек ақы төлеу қорынан төленетін салықтар - жергілікті бюджеттің барлық түсімдерінің 70%-ы болатын әлеуметтік салық және жеке табыс салығы болып табылады.

2012 жылға жергілікті бюджеттің болжанып отырған кірісі 221,0 млрд. теңге сомасында, 2013 жылға 214,6 млрд. теңге сомасында, 2014 жылға 224,5 млрд. теңге сомасында белгіленген.

2012-2014 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің негізгі параметрлері

млрд.теңге

Көрсеткіштердің атауы

2012

2013


2014


Түсімдер

221,0

214,6

224,5

Салық түсімдері

213,4

209 ,9

219 ,7

Салықтық емес түсімдер

1,8

0,9

0,9

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

5,7

3 ,7

3,8

Бюджеттік несиелерді өтеу

0,1

0,1

0,1


2011 2012 2013 2014


Шығыс бөлігі
2012 жылға арналған Алматы қаласының нақтыланған бюджеті 354 178 млн. теңгені, бекітілген бюджеттен 52 372 млн. теңгеге (17 %) артық.

2 Диаграмма

млрд.теңге



Әлеуметтік топтама (әлеуметтік сала)
Әлеуметтік топтамаға арналған шығыстарға 4 функциональдық топтар кіреді:


  • Білім беру;

  • Денсаулық сақтау;

  • Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек;

  • Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік.




3 Диаграмма

үлескерлік баламада, %

Жұмыспен қамту - 2020 Бағдарламасын іске асыруға Халықты жұмыспен қамту картасы, сондай-ақ «Жұмыспен қамту-2020» Бағдарламасына қатысушыларды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тарту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленді, бұл қала үшін басым жобаларды іске асыруды жұмыспен қамту мәселелерімен байланыстыруға мүмкіндік туғызды.



Жұмыссыздық мәселесін шешу бойынша барлық шаралар қолданылуда.


Әлеуметтік жәрдемақы мөлшері

1 қарашада мекенжайлық әлеуметтік көмек 587 отбасына 52,5 млн. теңге сомасында төленді. МӘК -тің орташа мөлшері 3210 теңгені құрайды.





млн.теңге


Іс-шараның атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Арнайы қалалық жәрдемақы

2 743,1

2 953

3184,5

Мүгедек балаларды үйінде тәрбиелейтін және оқытатын отбасыларына төленетін жәрдемақы

28,7

26,3

28,1

Он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы

27,4

40,5

42,5

Бір жолғы материалдық көмек

35,8

35,0

35,0

Тұрғын үй көмегі

55,0

185,0

211,5

Жұмыспен қамту бағдарламасы

271,5

260,6

395,5

Мұқтаж мүгедектерді арнайы құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету

307,0

284,0

215,6

2012 жылдың тамыз айында бір қызметкердің орташа еңбек ақысы 131,1 мың теңгені құрады 2011 жылдың тиісті айымен салыстырғанда 3,2 % өскен.


Денсаулық сақтау саласына бағытталған 2012 – 2014 жылдардағы

шығыстар
Денсаулық сақтау саласын дамытудағы негізгі міндет әйелдер мен балалар денсаулығын нығайту, әлеуметтік маңызы бар ауруларды төмендету, салауатты өмір салтын дамыту, Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде қолжетімділікті және медициналық көмектің сапасын көтеру, дәрімен қамтамасыз етудің жаңа үлгісін енгізу және медициналық ұйымдарды білікті кадрлармен қамтамасыз ету.

2012 жылы денсаулық сақтау саласын дамытуға 38,5 млрд. теңге бөлінді, оның 9 айлық жоспар бойынша 1 қазанда 24,9 млрд. теңгесі немесе 99,2% игерілді.

Ағымдағы жылы құрылыс жалғастырылуда.

«Ұлжан» және «Дархан» шағынаудандарында, сондай-ақ Түрксіб ауданында үш емхана;

«Дружба» және «Алтай» шағынауданындағы ЖДА және №12, № 15 емханаларға екі қосымша құрылыс салу;

диагностикалық орталыққа қосымша корпус беру;

8 денсаулық сақтау нысандарына сейсмокүшейтілген күрделі жөндеу жүргізіледі.

млн. теңге

Атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Қаланың медициналық мекемелері үшін дәрі-дәрмектер сатып алу

2 634

3016,8

3 249

Қаланың медициналық мекемелері үшін азық-түлік өнімдерін сатып алу

514

551,9

590,6

2012 жылға арналған күрделі жөндеу (22 денсаулық сақтау нысандары) жұмыстары (оның ішінде сейсмокүшейту жүргізілетін 9 денсаулық сақтау нысандары)

2 689







Материалдық-техникалық жабдықтау (қоланыстағы денсаулық сақтау мекемелері үшін заманауи құрал-жабдықтар, аппаратуралар, медициналық бағыттағы бұйымдар сатып алу және жаңадан салынған перинатальдық орталықты жабдықтау)

2 082







10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы және қайта жаңалау

3756

2 300

2 300

7 денсаулық сақтау нысанының құрылысына ЖСҚ әзірлеу

140

300

300

7 денсаулық сақтау нысанын сейсмикалық күшейту (оның ішінде 16 денсаулық сақтау нысанына ЖСҚ әзірлеу)

605

200

250


2012 – 2014 жылдардағы білім беру саласына бағытталған шығыстар
Әлеуметтік салаға арналған шығыстар Алматы қаласы бюджеті шығыстарының басым бабы болып табылады, дәлірек айтқанда білім беру саласында, ол өз кезегінде мыналарды қарастырады.

Ағымдағы жылы білім беру саласын дамытуға 76,3 млрд. теңге бөлінді, 9 айлық болжам 99,6 % орындалды.

Түрксіб ауданында 1200 орындық мектеп және «Қарасу» шағынауданында Алатау ауданында 320 орындық бала бақша құрылысы аяқталды.

Бұзу арқылы 7 мектеп құрылысының және РВ-90-ғы №12 лицейдің құрылысы жалғасуда. Қазақстан Республикасы Бірінші Президентінің 2 интеллектулдық мектебінің құрылысы басталды.



Сейсмокүшейту бойынша білім беру саласының 13 нысандарының жұмыстары аяқталып және 5 нысандағы жұмыстар аяқталуға жақын.
-мектепке дейінгі ұйымдар желісін жұмыс жасамайтын, жалға алушылардан босатылған бала бақшаларға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, шағын орталықтарды ашу және жеке бала бақшаларға мемлекеттік тапсырысты орналастыра отырып одан әрі күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жолымен көбейту;

  • интернетке кең жолақты қол жетімділік жүйесін дамыту, компьютер техникасын, интерактивтік құрал-жабдықтарды, жаңа модулді кабинеттерді және тегін оқулықтарды сатып алу,

  • мүмкіндіктері шектелген, әлеуметтік жетім балаларға инклюзивтік білім беруді дамыту;

  • МТБ білім беру ұйымдарын күшейту;


млн.теңге

Іс-шараның атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Орта білімнен кейін техникалық және кәсіби ұйымдарда мамандар дайындау және жоғары оқу орнынан кейін жоғары білімі бар мамандар дайындау

5 510,4

5 523,6

5 752,3

Бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарында лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді, мектеп жиһаздарымен және өзге де оқу жабддықтарымен жабдықтау

1 039,1

1 000

1 000

Техникалық және кәсіби білім беру оқыту мекемелерінің оқу-өндірістік шеберханаларды, зертханаларды жаңарту және қайта жабдықтау

325







Ата-анасының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) ұстауға (қамқоршыларға) ай сайын ақшалай қаражат төлеу

177,7







Мектеп оқытушыларына және балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің оқытушыларына біліктілік санаты бойынша төленетін қосымша төлемнің мөлшерін көбейту

820,8







Оқулықтар және оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алу

1 384,0

1 480,9

1 584,5

Оқушыларды тамақпен қамтамасыз ету

1 720

1 840,5

1 970

1-ші сыныптан 4-ші сыныпқа дейінгі оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету

3 466

3 778

4 045

16 бала бақшаға күрделі жөндеу жүргізу

1 967







Түрксіб ауданындағы, «Әскери қалашық» РВ-90 шағын ауданында 720 орынға арналған кәсіби техникалық мектептің құрылысы

1 411

782




№26 және № 169 мектептердің инженерлік желілерінің құрылысы (кәріздерді қайта қосу)

21







31 білім беру нысанының құрылысы ( оның ішінде білім беру нысандарына 4 қосымша құрылыс)

11 280

2 300

3 300

18 білім беру нысандарын сейсмикалық күшейту (оның ішінде 52 білім беру нысандарын сейсмикалық күшейтуге ЖСҚ әзірлеу)

8 339

478

500

22 білім беру нысанының құрылысына ЖСҚ әзірлеу

183

200

200



2012-2014 жылдардағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына бағытталған шығыстар
Алматы қаласының инфрақұрылым нысандарын дамыту және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылықты қайта жаңалау ерекше маңызға ие болып келеді.
млн.теңге

Іс-шараның атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Коммуналдық тұрғын-үй құрылысы

10 791

2 588

4088

Облигациялық заем есебінен тұрғын-үй құрылысын салу

2 511

2 856

3 800

Аула іші аумақтарын абаттандыру

1 976







Көшелерді тазалау

3 917

4 028

4 496

Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру

1 611

1 349

1 564

Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту, абаттандыру және (немесе) сатып алу

10 215

6 526

8 248

Жұмыспен қамту 2020 шеңберінде іс-шараларды іске асыру

1 115







2012-2014 жылдардағы сумен жабдықтау және энергетика нысандарына бағытталған шығыстар
Қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңалау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

млн.теңге

Іс-шараның атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту

2 681

1 361

1 456

Коммуналдық шаруашылықты дамыту

882

601


643

Жылуэнергетика жүйесін дамыту

3 956,6

7 876

8 302

Тұрғын үй құрылыстарын газбен жабдықтау

1 249

1 095

1 172

Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер, оның ішінде:

12 000







магистралдық және тарату жылу желілерін қайта жаңалауға

6 912







Жылу магистралдарын қайта жаңалауға және салуға

5 088








Көлік инфрақұрылымын қамтамасыз ету



млн.тенге

Іс-шараның атауы

2012 жыл

2013 жыл

2014жыл

Автожолдарды күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстары

6 917

8 018

8 579

Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1 110

746

799

4 автомобиль жолдарын ың құрылысы ( оның ішінде шағын аудандарда 14 жолдың құрылысын жобалау)

1 227







6 көлік жолайрығының құрылысы (оның ішінде 4 көлік жолайрығын жобалау)

27 433

9 005




Алматы қаласында электр көлігін дамыту

2 000

110

285

Метрополитеннің бірінші желісінің екінші кезегін салу

13 310

20 000

20 000

4 көшені ұзарту құрылысы

4 626

2 611




ЖҚ АБЖ қайта жаңалау және дамыту

561







Жаяу жүрушілерге арналған өтпелі жол құрылысы

1 199









Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет