Бюджет қаржысының 2014 жылдың
1 шілдесіне игерілуі туралы ақпарат
Бюджет. Ұлан ауданының 2014 жылға нақтыланған бюджеті 5118,8 млн. теңгені құрайды, оның ішінде 900,6 млн. теңге меншік кіріс, ол жалпы түсімнің 18,6 %-ын құрайды, трансферттер мен субвенциялар 3819,2 мың теңге және 2014 жылдың 1 қаңтарына бос қалдықтар 46,7 млн. теңге сомада.
Меншік кірістердің өсім болжамы ағымдағы жылы 108,1 %-ға жоспарланып отыр.
1 шілдедегі жағдай бойынша бюджеттің кірісті бөлігі 100,9 %-ға орындалды, оның ішінде меншік кірістер түсімінің болжамы 105,1 %-ға орындалған. 398,9 млн. теңге жоспармен 419,2 млн. теңге түсті немесе болжам 20,3 млн. теңге сомаға асыра орындалды. Бюджеттің меншік кіріс өсімінің қарқыны 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,02 %-ды немесе 4,4 млн. теңге сомағы асыра орындалды.
Бюджетте бекітілген барлық бағдарламалардың жүзеге асырылуына есептік кезеңде 2848,8 млн. теңге жоспарланды, республикалық және облыстық бюджеттен алынған мақсатты трансферттердің есебімен 2841,6 млн. теңге жұмсалды.
Ауданның мемлекеттік мекемелерін ұстауға ағымдағы бюджеттен 1830,3 млн. теңге жіберілді, даму бюджеттік бағдарламаларына - 1018,5 млн. теңге.
Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне бюджеттің шығындары 99,8 %-ға орындалды.
7,0 млн. теңге сомада қаражат игерілмеді, оның ішінде:
республикалық трансферттер – 6,0 млн. теңге;
жергілікті бюджет – 1,0 млн. теңге.
Аудан Әкімінің, ауылдық округтер мен кенттердің аппаратын ұстауға шығындар есептік кезеңде 134,3 млн. теңге жоспармен 134,2 млн. теңгеге немесе 100 %-ға орындалды.
2014 жылы ауданның білім беруіне 3055,2 млн. теңге жоспарланды, есептік кезеңде 1790,2 млн. теңге жоспарланып, 100 %,-ға орындалды, оның ішінде:
- мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту мекемелерінің жұмысы мен демеуіне 42,7 млн. теңге бөлінді;
- бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруге 1083,7 млн. теңге бөлінді.
Сондай-ақ, жетімдердің, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік қамсыздандыруына ағымдағы кезеңде бюджеттен 6,3 млн. теңге бөлінді.
Аудандағы әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік көмекке шығындар 2014 жылға 283,6 млн. теңге жоспарланған, есептік кезеңде 134,8 млн. теңге жоспарланып, орындалғаны 130,7 млн. теңге сомада немесе 97,0 %-ға орындалды, 4,2 млн. тенге қаражат игерілмеді, оның ішінде:
- 4,0 млн. теңге күн көріс минимумынан төмен кірісі бар отбасыларына ақшалай көмекке, «ӨРЛЕУ пилоттық жобасы бойынша көмек көрсету туралы» Үкіметтік Қаулының кеш қабылдануына байланысты.
Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша жоспарланған 29,2 млн. теңге 100%-ға игерілді. Қоғамдық жұмыстарға 349 жұмыссыз жұмылдырылды, жұмыс төлеміне 16,4 млн. теңге бөлінді немесе 100%-ға орындалды. Кәсіби даярлау және қайта даярлауда 1,1 млн. теңге сомаға 35 адам оқуын бітірді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 349 адам жұмысқа орналастырылды және 19 жас маман жастар іс-тәжірибесінен өтті.
Мемлекеттік мекен-жайлық әлеуметтік көмек көрсетуге 3,5 млн. теңге сомада қаражат қарастырылған, орта есеппен алғанда 60 отбасы қамтылды, алушылар саны - 231.
18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге 10,1 млн. теңге қарастырылған, 358 отбасының 992 жәрдемақы алушысына төленді.
Баспаналық көмек көрсетумен 944 алушы қамтылды, оның ішінде 477 алушыға 6,6 млн. теңге сомада баспаналық көмек төленді, бұл 100%-ды құрады.
«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек енгізуге 2014 жылы бюджетпен 17,7 млн. теңге бекітілді, есептік кезеңге қаржыландыру жоспары 6,6 млн. теңгені құрады, кассалық орындау 2,5 млн. теңге, игерілмеген сома 4,0 млн. теңге, оның 1,7 млн. теңгесі көмекшілер мен кеңесшілердің 2014 жылдың қаңтар және ақпан айларындағы еңбекақысы мен іссапар шығындары бойынша, 2,3 млн. теңге шартты ақшалай көмекті төлеу бойынша.
2014 жылдың 1 шілдесінде 11 азаматтық қызметкер жұмыс істейді: 9 көмекші және 2 кеңесші.
«Өрлеу» бағдарламасы бойынша 392 алушылсы бар 98 отбасы жоспармен, нақты саны 104 алушысы бар 22 отбасы республикалық бюджеттен 0,9 млн. теңге сомаға және 37 алушысы бар 7 отбасы жергілікті бюджеттен 0,3 млн. теңге сомаға.
Аудандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына 2014 жылыға 772,4 млн. теңге жоспарланған, есептік кезеңге 501,9 млн. теңге жоспарланып 499,7 млн. теңге немесе 99,6 % орындалды, 2,2 млн. теңге игерілмеді, оның ішінде:
- 2,0 млн. теңге «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бойынша Бозанбай ауылындағы балалар алаңын абаттандыруға, техникалық ерекшіліктер қате көрсетілгендіктен жеткізушімен келісім-шартты бұзу туралы шешім қабылданды.
2014 жылы білім беру, мәдениет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының құрылыс нысандарын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттердің трансферттерінің есебіне 1528,5 млн. теңге қарастырылған, есептік кезеңге 1013,9 млн. теңге немесе 100% игерілді, оның ішінде:
республикалық бюджеттен:
- Қ.Қайсенов кентінде көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына, А,Б корпус 95 пәтерлі үй (несиелік баспана) – 289,8 млн теңге;
- Қасым Қайсенов кентіндегі тұрғын үйге инженерлік инфрақұрылымның құрылысына – 77,4 млн теңге;
- инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның ЖСҚ әзірлеуге – 9,5 млн теңге;
облыстық бюджеттен:
-төрт жалпы орта білім беретін мектептердің құрылысына есепті кезеңге – 474,5 млн.теңге жоспарланып, 100 пайызға орындалды, оның ішінде:
- Жаңа Қанай ауылында 80 орынды жалпы орта білім беретін мектептің құрылысына – 105,7 млн.теңге;
- Украинка ауылында 80 орынды мектептің құрылысына – 121,3 млн.теңге;
- Привольное ауылында 180 орынды мектептің құрылысына – 184,5 млн.теңге;
- Айттықов ауылында 80 орынды орта мектептің құрылысына – 63,0 млн. теңге;
- Тайынты ауылында «Төменгі Тайынты» демалыс орынын балалар лагеріне қайта құруға – 105,8 млн.теңге;
- Тарғын ауылында 200 орынды ауылдық клубтың құрылысына – 6,4 млн№теңге;
- Қ.Қайсенов кентінде орталық қазандықты қайта құру – 45,9 млн.теңге.
Аудандағы мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке 2014 жылы 230,1 млн. теңге жоспарланған, есептік кезеңде 116,7 млн. теңге жоспармен 116,6 млн. теңге немесе 100% орындылды. Облыстық бюджеттің трансферттерінің есебіне мәдениет нысандарын дамытуға 14,9 млн. теңге сомада қаражат жоспарланған, есептік кезеңде Тарғын ауылындағы ауылдық клубтың құрылысына орындалған жұмыстар үшін 6,4 млн. теңге игерілді.
Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары функционалдық тобы бойынша шығындар 2014 жыға 140,6 млн. теңге жоспарланды, есептік кезеңде жоспарланған 45,2 млн. теңге 100 % орындалды.
2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша республикалық және облыстық бюджеттен ауданға 939,5 млн. теңге сомада мақсатты трансферттер қарастырылған, жоғары тұрған бюджеттен нақты түскені 939,5 млн., оның 933,3 млн. теңгесі немесе 99,3% есептік кезеңде игерілді.
«Бюджеттік қаражатты басқару» бағыты бойынша әкімдіктің қызметінің тиімділігін бағалау есептік кезеңде 85 баллды құрады, 2013 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өсу 9 баллды құрайды. Тиімділік бағасының өсуі келесі белгілер бойынша құрылды:
- сәйкес қаржылық жылға бөлінген қаражаттың игерілуі – 3 баллға;
- бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне жету – 3 баллға;
- бюджеттік бағдарламаны орындау тиімділігі – 3 баллға.
Өткен жылдармен салыстырғанда белгілер бойынша төменеу болған жоқ.
Қаржы бөлімінің басшысы К.Бердигожаева
Достарыңызбен бөлісу: |