Құрметті ауыл тұрғындары, жерлестер! Басынан бақ пен бейнетті бірдей өткізген бабаларымыз «Адамның өскені әрбір өткен жылымен, шаһардың өскені әз-халықтың сынымен бағаланады»



Дата09.06.2016
өлшемі211.51 Kb.
#123245
ЖОБА
Аудан әкімі Р. Рустемовтің 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындысы бойынша кент, ауылдық

округтердің тұрғындарымен есептік

кездесуінің тезисі

2016 жылғы қаңтар
Құрметті ауыл тұрғындары, жерлестер!
Басынан бақ пен бейнетті бірдей өткізген бабаларымыз «Адамның өскені әрбір өткен жылымен, шаһардың өскені әз-халықтың сынымен бағаланады» деген екен. Шындығында қаласына қарап қоғамның ырысын, баласына қарап әлеуметтің тынысын анықтайтын уақыттың талабын біз де орындауға міндеттіміз.

Бүгін біздер өздеріңіз қалаған халық қалаулылары сайлаған кент, ауылдық округтер әкімдерінің 2015 жылы атқарған жұмысының қорытындысына талдау жасағалы отырмыз және оны Сіздермен бірге бағамдаймыз.

Өздеріңіз БАҚ арқылы хабардар болып отырсыздар. Көрші және сырт мемлекеттерде халық пен билік арасы алшақтап, түсініспеушіліктер, қақтығыстар орын алып, қоғамдық-саяси ахуал қиындап, қалың бұқара зардап шегуде.

Осы орайда, өткен жылғы басты саяси оқиға Қазақстан Республикасы Президентін сайлауы науқанына аудан халқы белсенді қатысып, басым бөлігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты қолдап дауыс беруі - Қазақ халқының көпшіліктің мүддесін жеке мүддеден гөрі жоғары ұстауы, өмір салтынан шыққан құндылығының көрінісі деп білемін. Бұл ауданымыздың ең үлкен жеңісі және сыртқы қолайсыз факторларға қарамастан, елімізде экономикалық және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты сақталуының кепілі болды. Мұның айқын дәлелі Елбасы Қазақстан халқына арнаған Ұлт жоспары - «100 нақты қадам» бағдарламасында есеп беретін мемлекетті қалыптастыруды ұсынды. Осы жоспар аясында жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту бойынша бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Яғни, халықты ортақ мүддеге жұмылдыру, жергілікті мемлекеттік басқаруға, бюджет қаражатын жоспарлауға қауымдастықты қатыстыру арқылы қоғам мен билік арасында алшақтықты болдырмау көзделген. 2016 жылғы жоспарға сәйкес кент, ауылдық округтер бойынша жергілікті салықтар өздеріне беріліп, қауымдастық мүшелерімен бірге ақылдасып, жоспарлап, ауылдың қажеттілігі үшін жаратылатын болып жолға қойылды. Ал 2018 жылдан бастап әр ауылдың өз дербес бюджеті қалыптастырылады. Бұл дегеніміз, әрбір азаматқа өз ауылын дамытуға байланысты мәселелерге қатысу мүмкіндігімен қоса, “Біз кімбіз?”, “Бұл өмірдің мәні неде?”, “Ауылымыз үшін не істедік?” деген сауалға жауап беретіндей міндет жүктейтінін жадымыздан шығармауымыз қажет. Енді әр ауылдың салығы өздеріне түсіп, өздері жарататын болғандықтан, ауыл тұрғындары, қауымдастық мүшелері салық төлеуден жалтарып жүрген немесе кәсіппен айналысқанымен заңды тіркелмеген кәсіпкерлерді тіркетіп салығын төлету үшін жергілікті әкімдікпен бірлесе жұмыс жасауы тиіс деп ойлаймын. Әрине міндет —ауыр, шаруа — шаш етектен болғанымен ортақ іске жұмыла кірісуіміз керек.

Қазақтың тамаша сөзі бар «Сардар құласа, сарбаз тозады» деген. Сол үшін басшы болып мен, қосшы болып барша атқарушы орган өкілдері тәулік бойы тыным таппай тірлік кешуге тура келеді. Мен де өз тарапымнан аудандағы барлық елді мекендердің даму әлеуетіне талдау жасап отырамын. (Мониторинг қоса тігіледі) Байқағаным, негізгі ортақ проблемалар – ауыз су, аяқ су, жол, электр энергиясы сынды инфрақұрылымдар.

Дегенмен жаһандық және Республикадағы қаржылық дағдарысқа қарамастан аймақ басшысының қолдауымен ауданда бюджет қаражаты есебінен бірқатар инвестициялық жобалар іске асырылып жатыр. Аудан тұрғындары үшін аса маңызды мәселе - халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болды. Мұның да орайы келді.

Жобалық құны 6 млрд 128 млн 265 мың теңге болатын Талап және Сырдария топтық су құбырының құрылысы басталды. Бұл жобаларды іске асырудың нәтижесінде 28 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады. Талап, Бесарық, Аққұм бекеттері және Кейден елді мекені топтық су құбырына биыл қосылса, 2016 жылдың соңына дейін Манап, Бесарық ауылдары және Кеңес елді мекені қосылатын болады. Қалған елді мекендер


2017-2019 жылдар аралығында кезең-кезеңімен сапалы ауыз сумен қамтылады.

«Ақбұлақ» бағдарламасымен «Түгіскен елді мекенінің ауыз су жүйелерін кеңейту және қайта құру» жұмыстарына Республикалық бюджеттен 487 млн 384 мың теңге, аудандық бюджеттен 56 млн 69 мың теңге, барлығы 543 млн 453 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды. «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында кенттің ауыз су проблемасы да бір жүйеге келетін болады.

Екінші бір күрделі мәселе — газдандыру болып келді. Облыс әкімінің тікелей қолдауының арқасында келесі жылы қолға алынатын газдандыру жобасы мерзімінен бұрын биыл басталды. Осындай мүмкіндікті ел игілігіне пайдаланудың ықпалы орасан. Рас, табиғи газ пайдалану - тамаша табиғатымызды сақтаудың, экологиялық ахуалдың жақсаруының, тұтынушылық деңгейін жоғарылатудың бірден-бір кепілі болып табылады.

Осы мақсатта “ҚазТрансГаз Аймақ” акционерлік қоғамы Қызылорда өндірістік филиалы облыс бойынша жобалық құны 23,5 млрд теңгенің құрылыс-монтаж жұмыстарын барынша қарқынды жүргізуде. Оның 3 млрд теңгеге жуығы біздің ауданның үлесінде. Басқа аудандардан жұмысты 1,5 ай кеш бастасақ та, Жаңақорған кенті орталығына жоспарланған 283,4 шақырым газ құбырының 280,4 шақырымы жүргізілді. Кент ішіндегі газ тарату құбырлары мен 27 дана ШГРП орнатылды. 11 ШГРП пайдалануға берілді. Мұнан өзге 6 ШГРП сынамалық байқаудан өткізілуде. Он жеті тұрмысы төмен отбасыларына бюджеттен тыс қаржы көздерінен 2 млн 500 мың теңгеге ілеспе газ жүйесі орнатылды.

Келешегі барлық елді мекендер табиғи газға қосылатын болады.

(Тапсырыс беруші: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ;

Бас мердігер: «Астана Строй Концерн» ЖШС Құрылыс жұмысына жұмылдырылған жұмысшы саны 155 адам. Оның ішінде 135 жұмысшы жергілікті жерден алынып отыр.)

2015 жылы 22 маусымда қабылданған «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы жолдар мен нысандардың құрылысын салу, қайта жаңарту, күрделі және орташа жөндеуден өткізу, сондай-ақ облыс елді мекендеріндегі көшелердің кейбір мәселелелері туралы» облыс әкімдігінің №50 қаулысына ауданымыздағы 28 елді мекеннің 374,9 шақырым болатын 463 ауылішілік көшелерін орташа жөндеу жоспары енгізіліп отыр. Алдағы уақытта бұл мәселер де шешімін табатын болады.

Рас, Кеңестер одағы ыдыраған дағдарыс кезінде бұрынғы кеңшарлардың теңгерімінде болған елді мекендердегі каналдардың көпшілігі иесіз қалған. Елді мекендерді аяқ сумен қамту үшін каналдарды тазалату мақсатында алдымен Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының теңгеріміне өткізуге жұмыс жасалып жатыр. Себебі аталған мәселені қаржыландыру ҚР Бірыңғай бюджеттік сыныптамасына сәйкес Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырында. Осы мақсатта Өзгент, Екпінді, Сунақата, Манап ауылдарындағы каналдар мен тоғандардың құжаттарын рәсімдеуге 8 млн. 981 мың теңге аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Ал, Кейден және Жаңарық ауылдық округтеріндегі Жетітөбе және Р-22 каналдарын тазалауға 16 млн. 605 мың теңге бөлініп, тазаланды.

2014 жылы басталған «Жаңақорған кентінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту, жайластыру» жобасы бойынша 2015 жылға Республикалық бюджеттен 252 млн 890 мың теңге, жергілікті бюджеттен 3 млн 886 мың теңге, барлығы 256 млн 776 мың теңге қаржыға 23,9 шақырым тас жол салынып, 778 метр ВЛ-10кВ, 15 532 метр ВЛ-0,4 кВ электр желілері жүргізілді және 3 дана КТПН орнатылды. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 41 млн 65 мың теңгеге 14 елді мекендерге (Жаңақорған-3, Шалқия-2, Келінтөбе-1, Аққорған-4, Қыркеңсе-1, Төменарық-2,
Сүттіқұдық-1, Ақүйік-1, Бесарық-3, Байкенже-1, Жаңарық-2, М.Нәлібаев-2, Екпінді-1, Қыраш-1)
25 дана трансформатор сатып алынды.

Талдау көрсеткендей елді мекендерден жиналатын салықтық, салықтық емес түсімдер сол ауылға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаражаттың (мектеп, бала бақша, денсаулық сақтау ұйымдарын ұстауға, әлеуметтік жәрдемақыларға, инфрақұрылымдарға, шаруашылық құрылымдарына берілетін субсидияларға) 1 пайызын да құрамайды екен. Ал, ауданымыздың жылдық бюджетінің 26,6 пайызын ғана өз кірістеріміз құраса, қалған 73,4 пайызын жоғары тұрған бюджеттерден бөлінген қаражат көлемінде міндеттеме қабылдауымызға тура келеді.


Ағымдағы мәселелерді аудан бюджетінің мүмкіндігімен кезең-кезеңімен шешуге болады. Бірақ біздің межеміз мұнан әлдеқайда жоғары болуы керек деп есептеймін. Ағымдағы ахуалдың жетегінде қалып қоймай, елімізде жүзеге асырылып жатқан өзгерістердің ағынынан қалмай, жаңа бастамаларға ұмтылуымыз керек. Елімізде қолға алынып жатырған ірі-ірі жобалардан ауданымыздың сырт қалып қоймауына, өз үлесін алуына, қомақты инвестициялар тартуға жұмыс жасауымыз керек. Осындай ірі инновациялық жобалар ауданымызда іске қосылған жағдайда ғана халқымыздың әл-ауқаты артып, табысы молаяды.

Осы бағытта экономиканы әртараптандыру мақсатында «Шалқия» кенішіндегі қорғасын мырыш өндірісін «Самұрық Қазына» ұлттық қорымен бірлесе отырып игеру көзделуде. Бүгінде кен байыту комбинатының базалық жобасын әзірлеу аяқталып, детальдық жобалау жұмыстары қолға алынды. Жақын арада құрылысы басталады деген ойдамыз. Өткен жылдың мамыр айында «Самұрық Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеевтің іс-сапары аясында кәсіпорында қорғасын мен мырышты терең өңдеуге бейімдеу және соның негізінде гидрометаллургиялық зауыт құрылысын салу жөнінде шешім қабылданды. Бұл өз кезегінде металлопрокат алуға мүмкіндік беретін жобаның келесі сатысы болып табылады.

Сонымен қатар, «Молль» неміс компаниясы «Тау Кен Самұрық» Ұлттық компаниясымен осы аумақтан біздің қорғасынды пайдалана отырып, аккумулятор зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

Аймақ басшысы келесі жылы ветеринария жүйесін жетілдіру шараларының нәтижесінде буферлік аймақтан шығуды жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде Жаңақорғанда «Eurasia Agro Holding» ЖШС-нің жобалық құны 2 млрд. 520 млн. теңге шамасында болатын жылдық қуаты 7 мың тоннаға дейін қозы етін өңдейтін ет комбинатының құрылысын жобалауға мүмкіндік туғызады.

Жаңақорған ауданы Бесарық бекетінде «Eurasia Agro Holding» ЖШС-нің жобалық құны 5 млрд. 985 млн. теңге шамасында болатын жылына 12 750 тонна томат пастасын өндіретін, заманауи құрал жабдықпен жұмыс жасайтын зауыт құрылысын салу жобалануда (3,0 мың гектар жер телімі берілді). Зауыт жұмыс істеген кезде 600 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Осы жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы Үкіметаралық келісімге орай 10 млрд доллар көлемінде қол қойылған меморандум аясында қолға алынатын жобалардың қатарында болады.

Мұнан басқа «БК Қызылордацемент» ЖШС-нің қуаты жылына 750 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауыт құрылысы, «Южшахтстрой» ЖШС-нің қуаты 75 мвт жел электр станциясы, «Жаңақорғанэнерджи» ЖШС-нің қуаты 50 мвт күн электр станциясы, «Global Enerjy Company» ЖШС-нің Шалқия және Жайылма елді мекендерінің аралығындағы Жанбай өңірінде салынатын қуаты


24,94 МВт жел-күн электрстанциясы инновациялық жобасы, «Астана LPS пласт» ЖШС-нің полиэтилен трубалары зауыты, «Айзере» ЖК-нің қуаты жылына 1500 тонна әк өнімдерін шығаратын зауытының
жобаларын іске асыру жоспарлануда. Жоба бастамашыларымен жобаны нақтылау жұмыстары жүргізілуде. (Жер телімдерінің алдын-ала таңдау актілері жасалған)

Жалпы алғанда 2015 жыл аудан үшін табысты жыл болды. Ауданымыз әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша облыста жетекші орындардан көрінді. Қалыптасып отырған күрделі жағдайларға қарамастан, бізде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында ілгерілеушілік бар. Жалпы өнім көлемі төмендеген жоқ.



Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда:

Өнеркәсіп өнімдері – 148,0 %;

Құрылыс жұмыстары - 128,8 %;

Тұрғын үй құрылысы – 108,4 %;

Сапалы ауыз сумен қамтылған тұрғындар саны–100,0 %;

Туберкулезбен аурушаңдық – 93,4 %.

Жалпы денсаулық сақтау саласына аурушаңдықтың алдын алу мақсатында, 102 млн. 119 мың теңгеге заманауи медициналық құрал-жабдықтар алынып, (оның ішінде: құны


9 млн. 900 мың теңге жаңа туылған сәбилерге және ересектерге арналған ИВЛ аппараты, 39 млн. 915 мың теңгеге УЗИ аппараты, 5 млн. 500 мың теңге нәрестеге арналған реанимациялық жиынтық, 5 млн. 408 мың теңгеге иммунологиялық анализатор, 41 млн. 396 мың теңгеге флюорография аппараты
) өз ауданымызда күрделі ота жасау мүмкіндігіне ие болып отырмыз.

Білім саласында білім беру сапасын көтеруге бағытталған тиянақты жұмыстар өз нәтижесін берді. ҰБТ нәтижесі бойынша аудан көрсеткіші 81,6 баллды құрады. Бұл өткен жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 13,1 баллға өскенін атаған дұрыс. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орнына түскен мектеп бітірушілер саны 75-тен 293-ке өсіп, 4 есеге дейін артты.

«Серпін» бағдарламасы бойынша 191 түлек (2014 жылы 26 түлек) жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсті. Бұл облыста ең жоғары көрсеткіш.

Бұған қоса «Алтын белгіге» ұсынылған үміткерлердің 71,4 пайызы өздерінің үздік білімін дәлелдеп шықты (облыс бойынша орташа көрсеткіш 60 %). Бұл нәтижеге тоқмейілсуге болмайды, сапалы істерді сарқа жұмсауды жалғастыру керек. 2015-2016 оқу жылын да жақсы нәтижемен қорытындылау үшін аудандағы «Тау самалы» тынығу лагерінің базасында мектеп бітірушілерге сапалы білім беру мақсатында Алматы, Қызылорда қалаларының ЖОО-ның білікті мамандарымен келісімдер жасалып, ҰБТ-ға дайындық жұмыстары басталып кетті. Балалардың толыққанды білім алуы үшін жұмсалған қаражат - жарқын болашаққа салынған инвестиция деп білемін. Халықтың жылдам өсуі әлеуметтік инфрақұрылымға, атап айтқанда мектептерге, бала бақшаларға, емханаларға едәуір қажеттілік тудырғанымен өзге өңірлердегідей бізде апаттық және үш ауысымдық мектептер жоқ. Бүлдіршіндердің бала бақшамен қамтылуы жоғары. (Республика бойынша бұл көрсеткіш 78,6%)

Бүлдіршіндердің бала бақшамен қамтылуы – 100,0 %;

Ұйымдастырылған жазғы демалыспен

қамтылған оқушылар саны – 104,4 %;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімі – 100,0 %;

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 103,0 %;

Шағын кәсіпкерлік аясында жұмыспен

қамтылғандар саны – 102,4 %;

Ауылшаруашылығының жалпы өнімдері – 130,9 %;

Мал басы орташа - 102,9 %;

Құс – 109,2 %;

Алынған төл орташа – 105,8 %;

Мал өнімдері орташа – 102,1 %;

Жүк тасымалы – 103,8 %;

Жолаушылар тасымалы – 104,5 %;

Ашылған жаңа жұмыс орындары – 118,0 %;

Экономикалық белсенді халыққа шаққанда жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2 %, ресми жұмыссыздық деңгейі – 0,6 %-ды құрады. Жұмыссыздықтың ресми деңгейі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25%-ға төмендеген.



Бұл жетістіктердің барлығы ат төбеліндей ғана мемлекеттік қызметшілердің емес аудан халқының, ауыл еңбеккерлерінің, шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлердің, қала берді мектеп оқушыларының да еткен еңбегі мен қосқан үлесі.

Мұнан бөлек 2015 жылы 821 млн 944 мың теңгеге әлеуметтік нысан құрылыстары жүргізілді. Оның ішінде:

Талап станциясындағы 100 орындық №254 мектеп құрылысына 194 млн 554 мың теңге;

Жаңақорған кентіндегі 250 келушіге арналған емхана құрылысына 338 млн 847 мың теңге;

Түгіскен елді мекенінде дәрігерлік амбулатория құрылысына 41 млн 474 мың теңге;

Бесарық ауылындағы 150 орындық ауылдық клуб құрылысын аяқтауға 11 млн 709 мың теңге;

Бесарық бекетіндегі 150 орындық ауылдық клуб құрылысына 56 млн 918 мың теңге;

Жаңақорған кентінде дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылысына 178 млн 442 мың теңге (Бүгінгі таңда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.);

Автомобиль жолдары саласы бойынша

Аудандық маңыздағы "Әбдіғаппар-Төлегатай-Хорасан ата"
15 шақырым автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 106,0 млн теңге;


"Самара-Шымкент-Аққұм" 12 шақырым автомобиль жолының құрылыс жұмыстарының жоба-сметалық құжаттарын жасау және мемлекеттік сараптамадан өткізу үшін облыстық бюджеттен 3 млн 500 мың теңге;

Аудандық маңыздағы автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудандық бюджеттен 27 млн 800 мың теңге;

"Самара-Шымкент-Кеңес" автомобиль жолын және су өткізу құбырын қалпына келтіру жұмыстарына аудандық бюджеттен
6 млн 800 мың теңге;


Жаңақорған кентіндегі Ә. Молдағұлова көшесін орташа жөндеу жұмыстарына 23 млн 900 мың теңге;

Төменарық ауылының ауыл ішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 27 млн 100 мың теңге;

Түгіскен ауылының ауыл ішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 26 млн 500 мың теңге;

Бірлік ауылының ауыл ішілік жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 27 млн 500 мың теңге;

Барлығы 249 млн 100 мың теңгеге осы жоғарыда аталған жұмыстар атқарылды.

Сонымен қатар, алдағы жылдары атқарылатын жобалар үшін 2015 жылы 18 млн 729 мың теңгеге әлеуметтік нысан құрылыстарының жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді. (Атап айтар болсақ, 3 мектеп, 1 бала бақша, 2 дәргерлік амбулатория, 1 ауылдық аурухана, 1 денешынықтыру-сауықтыру кешені жобалары)

Оның ішінде: Түгіскен елді мекеніндегі 140 орындық бала бақша құрылысы жобасына 3 млн 900 мың теңге;



М.Нәлібаев елді мекеніндегі 250 орындық №196 мектеп құрылысы жобасына 3 млн 430 мың теңге;

Қожамберді елді мекеніндегі 200 орындық №162 мектеп құрылысы жобасына 451мың теңге;

Аққұм елді мекеніндегі 100 орындық №221 мектеп құрылысы жобасына 2 млн 359 мың теңге;

Төменарық елді мекеніндегі 40 орындық ауылдық аурухана құрылысы жобасына 5 млн 500 мың теңге;

Сүттіқұдық елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы жобасына 1 млн 189 мың теңге;

Сунақата елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория құрылысы жобасына 1 млн 189 мың теңге;

Түгіскен елді мекеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының жобасына 711 мың теңге.

Жаңақорған ауданы аумағында ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы алқаптарын түгендеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2014 жылғы 12 мамырдағы №735-ө өкімімен комиссия құрылды.

Жаңақорған ауданы бойынша жалпы алғанда 606 шаруа қожалықтардың 316,9 гектар жеріне түгендеу жұмыстары жүргізіліп, аудан әкімдігі тарапынан пайдаланылмай отырған жерлерді қайтару және рәсімдеу мақсатында шаруа қожалықтарымен қажетті шаралар атқарылды. Нәтижесінде 26 шаруа қожалықтың жалпы көлемі 3 040 гектар жер учаскелері мемлекет қорына қайтару туралы аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №55 қаулысы шықса, 13 967 гектар жер құжаттары қайта рәсімделіп айналымға қосылды. Қазіргі таңда қалған 21 116 гектар жер учаскелері 2015 жылдың 18 желтоқсандағы №275 қаулысымен бір жақты жойылды.

Өңірде шағын және орта бизнестің дамуы қарқын алып келеді. Белсенді әрекет ететін шағын және орта бизнес субьектілері тұрғысынан алғанда да өзге аудандардан ілгерілеу байқалады. Ауданда белсенді әрекет ететін субьектілер саны 2014 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,5% ұлғайды.

2015 жылы шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің жалпы саны 11 мың 600 адамды құрады. Бұл жалпы халық санының 14 % тең. (Республикалық көрсеткіш 16,6%). Шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер санының артуынан (2014ж-10800, 2015ж-11600) ресми жұмыссыздық деңгейі 25%-ға төмендеді (2014ж-0,8%, 2015ж-0,6%). Қазір қолдаудың арқасында «Қазақстанда жасалған» маркасымен Жаңақорғанда «Талдысу» минералды суы шығарыла бастады. Енді шикізаты өзімізден табылатын кірпіш (шлакоблок) өнімін дамытуға да ден қою керек. Жылыжай өнімін оңтүстіктен тасымалдамай өзімізден өндіруге де мол мүмкіндік бар. Оның да алғашқы нышаны бар. Бау-бақша егуге де тың жер жеткілікті. Шалқия кентінің төңірегінде де пияз егу үрдіске айналды. Осындай мәселелерді біз үнемі қолдауға алып отырамыз. Оны төмендегідей тізбеден де байқауға болады.

2015 жылы қаржы институттары арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландыру үшін 260 млн 675 мың теңгеге жуық несие бөлінді. Атап айтар болсақ:



«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 16 жұмыссыз азаматқа 34 млн. теңге;

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 4 жобаға 47 млн. 175 мың теңге (ЖК Божбанбаева заманауи тіс емдеу жабдықтарын алуға 4 млн 500 мың теңге, ЖК Азнабаев бетон, цемент, гипстен жасалатын құрылыс заттарын шығаратын цехты кеңейтуге 21 млн 300 мың теңге, «Дархан 2006» ЖШС Темір бетон құрылыс заттары цехын кеңейтуге және ағаш өңдеу цехын ашуға 6 млн 500 мың теңге, «Ернұрбек» ЖШС мебель жасау цехын ашуға 14 млн 875 мың теңге);

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 16 жобаға 113 млн. 600 мың теңге несие алынды (жылдық жоспар 450 бас мүйізді ірі қара сатып алу белгіленген болса, 856 бас сатылып алынып 190 пайызға артығымен орындалған. Бағдарламаға қатысу көрсеткіші бойынша республикада 26, облыста 1-ші орында);

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 5 жобаға 30 млн. 900 мың теңге несие алынды (1006 бас уақ мал мен асыл тұқымды қошқарлар сатып алынып, жылдық жоспар 69,4 пайызға орындалған). Бұл меже облыс бойынша ең жоғарғы көрсеткішке ие болып отырмыз.

«Құлан» бағдарламасы бойынша 4 жобаға 35 млн. теңге (жылдық жоспар 125 пайызға орындалған).

Осы орайда айта кететін жәйт, аталған бағдарламалар аясында қаржыландырылу көрсеткішімен біз облыста алдыңғы қатарда келеміз. Демек, бизнес жобалардың нақты жүзеге асуы өз жемісін көрсетті.

2015 жылы аграрлық салаға берілген субсидиялар көлемі 1 млрд 103 млн теңгені құрады. 2014 жылмен салыстырғанда 104,5% артық (2014 жылы-1млрд 90 млн теңге).

Мұнан өзге ауыл шаруашылығы өнімдерінің құнын тұрақтандыру бағытында 111 ауыл шаруашылығы құрылымын субсидиялауға 145 млн. 598 мың теңге бөлінді. Облыс бойынша жоңышқа көлемі 57780 га, аудан бойынша 17031 га егілді. Бұл көрсеткіш облыс бойынша егілген жоңышқаның 30 пайызын қамтиды. Сонымен бірге, аграрлық салада ет өндіру мен өндіріс көлемінің де өсуі байқалады.

Бұл саланы біз табанды түрде дамытатын боламыз. Аймақ басшысының ұйғарымымен соңғы 19 жылда бірінші рет мамыр айындағы облыстық малшылар слетінің біздің ауданда өткізілуі және алдағы уақыттарда жыл сайын Жаңақорған ауданында өткізілетін болып келісілуі кездейсоқтық емес. Біздің аудан ауыл шаруашылығы саласы бойынша облыстың көш бастар локомативіне айналды. Оған біздің әлі де толық мүмкіндігіміз бар деп сенемін. Ал, енді егін шаруашылығының басым бөлігіне күріш дақылы ие болып келді. Дегенмен қазіргі талап деңгейімен алғанда, суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыру жақсы жүйемен жүзеге асты. Осы негізбен бүгінгі таңда 3708 гектарға мақсары егілсе, күріш көлемі 8000 гектардан 7636 гектарға азайды.
Құрметті жерлестер!

Ендігі кезекте, салық және бюджет саясатына арнайы тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын. 2015 жылы жоғары болжамға қарамастан, кірістер болжамы (трансферттерді қоса есептегенде) 10 млрд 83 млн 896 мың теңгені құрап, 10 млрд 248 млн 623 мың теңгеге немесе 101,6 % орындалды. Оның ішінде өз кірістеріміз болжанған 2 млрд 721 млн 402 мың теңгенің орнына 2 млрд 886 млн 134 мың теңгеге, яғни


106,1 % орындалды. Жалпы Жаңақорған ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке (республикалық+облыстық+ аудандық) түскен салықтық және салықтық емес түсімдер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 173,1 %- ға артты (2014 жылы-8 млрд 43,3 млн теңге, 2015 жылы 13 млрд 924,7 млн теңге). Ал шығындар бөлігі 99,6 пайызға игерілді.

Елбасымыз айтпақшы, «Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады».

Мемлекетіміз бен экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты қолға алынды. Президенттің бес институционалдық реформасын жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» стратегиясы жасалды. Сонымен қатар «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жолдаған жолдауда көрсетілген міндеттер жүзеге асырылатын болады.

Біздің ендігі ортақ міндетімізжергілікті атқарушы билік те, депутаттар корпусы да, «Нұр Отан» партиялық активі және қоғамдық бірлестіктер де нәтижелі жұмыс істеуге тиісті. Ол үшін бізге мемлекеттік органдар қызметінің кәсібилігін арттыру қажет.

Сөз соңында ауданымыздың рухани - мәдени және спорт саласындағы серпілістерге назар аударсақ деймін.

Өздеріңізге белгілі, 2015 жылдың наурыз айында Қаратау бөктерінде «Нұрлы Наурыз» шарасы ұйымдастырылып, онда ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымыз дәріптелді. Республика көлеміне «Қазақстан-1» Ұлттық телеарнасы арқылы ақпараттандырылды.

Жаңақорған ауданы өңіріндегі тарихи- мәдени және діни- рухани ескерткіштер арқылы қазақ халқының тереңде жатқан тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін қайта жаңғыртуды қолға алып, оны кеңінен насихаттау мақсатында үстіміздегі жылдың 1-ші жартыжылдығында «Туған жерге тағзым» атты деректі кинофильмнің түсірілімі өтті. Аталған бейнефильм «Қазақстан-1» Ұлттық арнасының «Алтын қорында» сақталады.

Осы жылдың маусым айында жерлесіміз, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Дүкенбай Досжанның өмір жолын, шығармашылығын келешек ұрпаққа насихаттау және еске алу мақсатында облыстық деңгейде ұйымдастырылған салтанатты шара Қызылорда қаласында аталды.

Сонымен бірге, 4 желтоқсан күні аудандық М.Көкенов атындағы Мәдениет үйінде Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, көрнекті жазушы, көркем прозаның хас шебері жерлесіміз Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Дара ақын, қарымды қаламгер» атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Жүрекке жетсе жыр өлең» атты жергілікті ақын, Тұрар Сүлейменовтің өлеңдер жинағының кітабы демеушілер арқылы жарыққа шығарылды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлерге құрмет көрсету, ескерткіш мемориалдарды қалпына келтіру шаралары үздіксіз жүрді. Мұнан өзге атаулы мереке, даталы күндер өз дәрежесінде аталып келеді. Ең бастысы, халықтың ынтымағы жарасып, елдік асыл мұраттарға бір кісідей атсалысып келеді.

«Жаңақорған-Көмек» қоғамдық қоры арқылы 2015 жылы ҰОС, еңбек ардагерлері және батыр аналарға Жаңақорған шипажайына 2 млн 360 мың теңгеге 35 жолдама алынды. 155 мұқтаж азаматтарға 7 млн 490 мың теңге, мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар үшін иппотерапиялық шаралар мен сыйлықтарға 1 млн 750 мың теңге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Үстіміздегі жылдың мамыр айында Баспасөз күніне орай облыстық «Сыр-Медиа» ЖШС-нің ұсынысымен аймақ басылымдарының өзара тәжірбие алмасу мүмкіндігін жасау мақсатында облыстық журналистер форумы өткізілсе, маусым айында баспасөз қызметінің ардагерлері мен газеттің тұрақты спикерлерінің басын қосып, марапаттаулар жасалды, ардагерлер мен жас журналистердің тәжірибе алмасуы өткізілді.

Сәуір айында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұлттар татулығы мен ел бірлігін насихаттау мақсатында ауданға «Менің Қазақстаным» үгіт – насихат поезы келіп, ауданның және ауданнан алыс –шалғай жатқан елді мекендер тұрғындарына құқықтық және әлеуметтік мәселелер бойынша кеңестер беріп, соңынан Республикаға танымал өнер жұлдыздары аудан жұртшылығына өз өнерлерін ұсынды.

Елдің туын көкке көтерер спортшыларымыз Әлем, Азия чемпионатында және әскерилер арасындағы әлем ойындарында 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль иеленді. Олар халықаралық дәрежедегі спортшыларымыз еркін күрестен Дәулет Ниязбеков, Азамат Шағапұлы, Ғалымжан Өсербаев, гір тасын көтеруден ардагер спортшымыз аудандық Мәслихат депутаты Әлем чемионы Серік Ибрагимов және кеше ғана АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен Әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Алмас Өтешов күміс жүлдегер атанғанына барлығымыз куә болдық.

Ұлттық ат спорт түрінен 100 пайыз Жаңақорған ауданының шабандоздары құрайтын Қызылорда облысының «Сейхун» құрама командасы 2015 жылдың 25 маусым –1 шілде аралығында Орал қаласында өткен жастар арасында көкпардан ХІ-ші ҚР-ның чемпионатында ІІ-орын иеленді.

Әрине, айта беруге айғақ іс аз емес. Қысқа уақытта осынша шаруаны атқаруға аудан халқы аянбай еңбек етті. Аудан орталығын сәулеттендіру, жарықтандыру жолында да біршама шаралар атқарылды. Бір кездері қараңғылық құшағында қалған кент аумағы қазір «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолынан көз салсаңыз, үлкен қаланың үміті жанып тұрғандай әсер әкеледі. Игі істің жалғасы ретінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолынан Жаңақорған кентіне дейінгі аралықты абаттандыру, көркейту жұмыстарына 2016 жылы аудандық бюджеттен 44 млн


930 мың теңге, Жаңақорған кентіне кіре беріс қақпадан бастап орталыққа дейін Қорасан ата көшесіне суағар (лоток), жаяу жүргіншілер жолы (тротуар), абаттандыру жұмыстарына
63 млн 464 мың теңге, барлығы 108 млн 394 мың теңге қаржы жоспарлап отырмыз. Бұл ежелгі Ұлы Жібек Жолының ізімен, Елбасының бастамасымен іске асырылған жобаға Жаңақорған ауданының қосқан үлесі деп бағалауға болады.
НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗ ҮШІН РАХМЕТ !

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет