Құрметті депутаттар! Құрметті әріптестер!



Дата24.02.2016
өлшемі334.01 Kb.
#14991
Жаңақорған ауданының әкімі С. Тәуіпбаевтың 2013 жылғы бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша жасайтын есебінің мәтіні
Құрметті депутаттар!

Құрметті әріптестер!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемелекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы Жаңақорған ауданының халқына да ерекше сипат берді. Жолдауда ел болашағы үшін ауқымды мақсат пен міндет жүктелген. Бұл - болашақтың бағдарламасы. Алдымызға жаңа мақсат – 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылу міндеті қойылды. Біз бұл мақсатқа сөзсіз жетеміз деп ойлаймын. Ал ауданымызда ауқымды істер жалғасын табуда. Ауданымызда егін, мал шаруашылығымен қатар өндіріс саласы да жақсы дамып келеді. Енді ауданда бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстарға тоқталып өтейін.
Өнеркәсіп, инвестиция және кәсіпкерлік

Елімізде қабылданған индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы Ел экономикасының дамуын айқындайтын негізгі бағдарлама болып келеді. Бұл бағдарламаның іске асуына Елбасы ерекше назар аударуда. Бұл бағдарлама аясында облыста 22 жоба іске асырылса, оның 5 Жаңақорған ауданында іске асырылды. 1жоба Республикалық даму картасына енді, 5 жоба аймақтық даму картасына еніп отыр. Олардың жалпы құны 33 млрд 982 млн теңге. Ашылған жұмыс орындары 485. Даму картасынан тыс


3 жоба іске асырылды. Олардың құны 14 млрд 295,5 млн теңге. Ашылған жұмыс орындары 502. Жалпы алғанда 2010-2013 жылдары өндіріс саласына 48млрд 277 млн теңгеден астам инвестиция салынды. Жаңадан 987 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Аудан ауылшаруашылық ауданымен қатар өнеркәсіпті ауданға айналып келеді. Өнеркәсіп өндірісінің өсімін айтар болсақ 2009 жылы 5 млрд 68 млн теңге болса 2012 жылы 20 млрд 955 млн теңге болып 3 жылда 4 есе артты. Биылғы жылы өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 24-25 млрд теңгеге жетіп облыстың аудандары арасында Жаңақорған ауданы алдыңғы орындарда болады деп күтудеміз.

Алдағы жылдары, индустриялы-инновациялық дамудың екінші бесжылдығында ауданда бірнеше инвестициялық жоба іске асырылуы жоспарлануда. Жоба бастамашыларымен жобаларды нақтылау жұмыстары жүргізілуде. Олар: «Шалқия ЦИНК ЛТД» ЖШС-кен байыту фабрикасы, «Сырцемент» ЖШС-нің қуаты жылына 700 мың тонна цемент өнімін шығаратын зауытының құрылысы, қуаты 50 Мегаватт күн электр станциясы, полиэтилен трубалары зауыты, минералды тыңайтқыш зауыты және басқа жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Ауданда өнеркәсіп өнімдерін өндіру 2012 жылдың 6 айында 7122 млн теңгені құраса, 2013 жылдың 6 айында 12885 млн. теңге болып өсім 181 пайызға жетті.



2012жылдың 6 айын 2013 жылдың 6 айымен салытыру

Көрсеткіштер

өлшем

бірлігі


2012

жыл


2013

жыл


пайыз

Нақты көлемінің индексі, %

Барлық өндіріл. өнім

млн теңге

7122

12885

181

158

Оның ішінде заттай көлемде:

Сүт өнімдері

тонна

75

78

104




Қиыршық тас

мың куб

852,6

712,8

83,6




Күріш

тонна

3723

3986

106,6




Нан

тонна

1608

1608

100




Ауыз су

мың куб

400,6

488,5

121,9




Газет, бланка

мың дана

510

513

100,6




Күкірт қышқылы

мың тонна




128







«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Тату Агро» шаруа қожалығының томат өндеу зауытын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін құны 331 млн теңге болатын жоба жасалып аймақтық үйлестіру кеңесінде мақұлданды. Бұл жоба тек қана зауыт мәселесін шешіп қоймайды, бұл жоба Бесарық, Кеңес және Манап ауылдарын электр қуатымен қамтамасыз етуді жақсартады. Сондықтан бұл әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыру аса қажет деп есептейміз.

Жалпы 2014-2016 жылдары ауданға 60 млрд жуық теңгенің инвестициясы тартылады деп күтілуде.

Аталып өткен ірі жобалардан басқа бірнеше орта және шағын өндіріс және қызмет көрсету орындары ашылып жұмыс жасауда. Көп жылдардан бері аудан орталығындағы базар мәселесі шешілмей келетін. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жаңадан құны 170 млн теңге, сауда алаңы 1200 шаршы метр болатын «Нұрасыл» сауда үйі салынып пайдалануға берілді. «Тасболат и К» жшс-гі құны 30,0 млн теңге, тәулікті қуаты 60,0 тонна күріш ақтайтын зауытты іске қосты. Жаңадан 2 кондитер цехтары ашылды. Қабырғалық құрылыс блоктарын (шлакоблок) шығару қарқын алуда. Бірнеше цехтар жұмыс істеуде. Ауданда өнеркәсіп өнімдерінің өсу қарқыны өткен жылдардағыдан жоғары болады деп есептеп отырмыз.

Ауданда кіші кәсіпкерлікке арналған шағын индустриялдық аймақ құру бағытында біршама жұмыстар жүргізілуде. Бұл өз кезегінде шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын дамытуға ықпал етеді. Мұнда наубайханалар, кондитер цехтары, темір және ағаш өңдеу цехтарын, түрлі шеберханалар және басқа шағын өндіріс орындарын ашуға болады.

Еліміздегідей Жаңақорған ауданында да кәсіпкерлік күнделікті өмірімізден нық орын алып, көптеген азаматтардың тіршілік көзіне айналды. Әлеуметтік маңызы бар бұл салаға аудан әкімдігі тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп үздіксіз жұмыс атқарылуда.

Атап айтар болсақ, кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы аймақтық бағдарламалардың орындалуын, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті қолдау туралы заңнама бойынша сұрақтар жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қысқа мерзімдік оқыту жүргізу, басым жобаларға іріктеу жасап, олардың мониторингін жүргізу, кәсіпкерлік нысандармен шарт жасау барысында аймақ тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық мүдделерін сақтауға байланысты сұрақтарды шешу,

Аудан халқын азық-түлікпен және тұрмыстық заттармен қамтамасыз ету және басқа түрлі қызметтер көрсетуді шағын кәсіпкерлік нысандары атқарып келеді.

2013 жылдың 6 айында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2501, оның 181 заңды тұлғалар, 579 шаруа қожалықтары, 1741 жеке кәсіпкерлер, олардағы жұмыспен қамтылғандар саны 5353 адамға жетіп, 3 млрд 106 млн теңгенің өнімдері (оның 2млрд 778 млн теңгесі өнеркәсіп өнімдері) өндіріліп, түрлі қызметтерді көрсетті. Бюджетке түскен салық 43,6 млн теңгені құрады. 2013 жылдың алты айының қорытындысы бойынша кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі келесідей көрсеткіштермен сипатталады:





Көрсеткіш

2013 ж


2012ж


2012 ж 2013 ж салыстырғанда %

1

Кәсіпкерлік нысандарының саны, бірлік

2501

2411

103,7

2

шағын және орта кәсіпкерлік белсенді субъектілерінің саны, бірлік

2020

1905

106,1

3

Жұмыспен қамтылғандар саны, адам

5353

5132

104,3

4

Шығарылған өнім және көрсетілген қызмет,млн теңге

3106

2823

110,0

5

Бюджетке түскен салық, млн теңге

43,6

40,7

107,1

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын түсіндіру мақсатында аудандық газетке мақалалар және кәсіпкерлерге кеңес беру, бизнес жоспар жасап беру т.б. қолдау көрсететін орталықтар жөнінде хабарландырулар жарияланды және кәсіпкерлікті дамыту, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау бағытында ауданда бірнеше жиындар өткізілді. Оған осы салада жұмыс жасап жүрген компаниялар, мемлекеттік емес ұйымдар өкілдері тартылды. Кездесулерде кәсіпкерлікті қаржыландыру жайы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Кәсіпкерлерге арналған ақпараттық анықтама», «Кәсіпкерлік саласына арналған жадынама», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы шағын кәсіпкерлік субъектілеріне арналған жадынама» кітапшалары кәсіпкерлерге таратылды. Күнделікті келген кәсіпкерлерге өздерінің ой-пікірі мен толғандырып жүрген мәселелеріне толық жауаптар мен ақыл кеңестер берілді. Кәсіпкерлер құқықтар қорғау мақсатын аудан орталығында құқық қорғау орындарының байланыс телефондары мен мекен жайлары жайлы мәліметтер жазылған бильбордтар ілінген.

Аудан орталығындағы микрокредиттік ұйымдар үстіміздегі жылдың 6 айында аудан тұрғындарына 274 млн теңге несие берді. Жыл басынан «Қамқоршы» несие серіктестігі аудан кәсіпкерлеріне 118,2 млн теңге несие берді.



Ауылшаруашылығы саласы

Ауданда 2013жылы 29261 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егілді, өткен жылмен салыстырғанда егістің көлемі 1467 (107,9 %) гектарға артты. Бұл негізінен мал азығындық дақылдардың есебінен болды.

Барлық дәнді дақылдар 11410 гектар болса, оның ішінде: 8226 га күріш, 2192 га күздік бидай, арпа, 430 га тары, 502 га дәндік жүгері, 526 га мақсары, кұнбағыс, 2876 га картоп, бақша, көкөніс, 4906 га жаңа жоңышқа егіліп, 9603 гектар ескі жоңышқа күтімге алынып агротехникалық талаптарға сәйкес тиісті жұмыстар жасалды.

Ауылшаруашылығы саласында 688-шаруашылық құрылымдары өндіріспен айналысуда, оның 355-і егін шаруашылығы және 333-і мал шаруашылығында жұмыс жасап, 7214 адам тұрақты еңбек жасайды. Барлық шаруашылық құрылымдардың жер телімдері заңдастырылып тиісті құжаттары рәсімделген.

Биыл егін шаруашылығында тамшылатып суару технологиясымен 3 шаруашылықта 81 гектар жеміс-жидек, жүзім дақылдары егілді. «Серікбай» шаруа қожалығындағы жылыжайда биылғы жылы 35 тонна қияр өндіріліп халыққа сатылды. Жылыжай көлемі 0,7 гектар, 15 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.Жүгерінің қайта өңдеп консервілеуге келетін жаңа сорттарын егуді қолға алудамыз.Биылғы жылы «Шеба» сортты жүгері дақылы егіліп күтімге алынған.

Ауданда егілген 2100 га күздік, 60 га жаздық бидай мен 32 га арпа дақылдары толық жиналып, 2050 тонна бидай, 40 тонна арпа өнімдері өндірілді.Мал азығын дайындау жұмыстарынан 9603 гектар ескі жоңышқаның 9123 гектары жиналып 22804 тонна жоңышқа шөбі дайындалған. Жылдық жоспар 136000 тоннадан, бүгінгі таңға 53104 тонна мал азығы дайындалып отыр.

Тұқым шаруашылығын дамытуда өзіңдік орны бар «Түгіскен» шаруашылығы мемлекет қамқорында, облыс әкімдігінің тікелей көмегі арқасында көктемгі егісін дер кезінде егіп алуына мүмкіндік болды. Шаруашылықтың өндірісі қалыпты жүйеде жүргізілуде, мол өнім алуға негізі жасалған. Жергілікті халықты жұмыспен қамту мақсатында «Түгіскен» шаруашылығы жерінен қосымша 2000 гектарды инженерлік жүйеге келтіруге іздестіру-жобалау жұмыстарын жүргізу үшін тиісті құзыретті орындарға ұсыныстар жасалды.

Сырдария өзеніндегі үрлемелі тоспаның құрылысы Түгіскен массивін барынша пайдалануына жағдай жасайды деп есептейміз.

Күріш шаруашылығын дамыту үшін күріш консорциумына ауданда 134 шаруашылық мүше болуға ниет білдіріп отыр.

Мал шаруашылығы саласы қалыпты даму үстінде, бүгінгі таңға ірі қара -46249 бас, қой мен ешкі -275359 бас, жылқы – 11053 бас, түйе -1195 басты құрайды.

«Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2013жылдың алғашқы жартысында 14 шаруа қожалығы 87,7миллион теңге несие қаржысын игерді. Бағдарламаға салған жеке инвестицияны қоса есептегенде барлығы 90 бас асыл тұқымды ет бағытындағы ақ бас бұқа және 632 бас аналық сиыр мен қашарлар сатып алынып, жоспары 350 бас болса, 152,0 пайызға орындалды.

«Агробизнес 2020» бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді игеріп тиімді пайдалану үшін 214 құдықтар мен скважиналарды қазуға өтінімдер берілді. Қазіргі жұмыс істеп тұрған 9 мал бордақылау және 3 мал сою алаңдарына қосымша жыл аяғына дейін 4 мал бордақылау және 4 мал сою алаңдары пайдалануға беріледі.

«Агробизнес 2020» бағдарламасына ендіру үшін К-1, К-2 су қашыртқыларының техникалық жағдайын көтеру мақсатында ұсыныс жасалған. Бұл өз кезегінде 23 мың гектар жердің екінші тұзданудан аман алып қалуына, «Түгіскен» массивін барынша тиімді пайдалануына өз септігін тигізеді.

Алдағы уақытта мал басын көбейту мен оның өнімдерін арттыру мақсатында «Мастер-план» жобасымен 1246 бас мүйізді ірі қара, 8960 бас қой малын сатып алу қарастырылып отыр.

Аудандағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие беру «Қамқоршы» несие серіктестігі мен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры » А.Қ-ның Қызылорда филилалы арқылы жүргізіліп келеді. «Қамқоршы» несие серіктестігінің несие желісі -491,3млн теңге, құрылтайшылар саны -78 болып саны 15-ке көбейген. Көктемгі егіске кредиттік серіктестік арқылы 8 шаруашылық 69,0млн теңге, мал шаруашылығын дамытуға 7 шаруашылық 68,4 млн теңге, барлығы 15 шаруашылықтар - 137,4 млн теңге жеңілдікпен несие алды.

Есепті мерзімде 1 млрд 647,9 млн теңге ауылшаруашылығы өнімдері өндірілді.


Құрылыс саласы

Жаңақорған ауданының құрылыс саласына 2012 жылы 2 128 365 мың теңге қаржы бөлінсе, 2013 жылы 3 268 833 мың теңге қаржы бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 53,6 пайызға ұлғайған.

Үстіміздегі жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінген 723 780 мың теңге қаржыға Кейден, Қаратөбе ауылдары мен Талап бекетіндегі ауыз су жүйелерінің құрылыстары жүргізілуде.

Білім беру, мәдениет салаларының нысандарына 1 961 449 мың теңге қаржы бөлініп, 7-мектеп, 2-бала бақша, 1 клуб үйінің ғимараттары салынуда. 2-мектеп және аудандық мәдениет үйінің ғимараттары күрделі жөндеуден өткізіледі. 6-ауылдың ішкі жолдарын орташа жөндеуге 321057 мың теңге қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Тұрғын үй бағдарламасы бойынша бөлінген 22547 мың теңге қаржыға екі арендалық тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Бюджеттен бөлінген 3268 833 мың теңге қаржыға жобалық сметалық құжаттар жасалуда.



Әлеуметтік қолдау және жұмыссыздықты азайту

Жұмыспен қамту :

2013 жылдың 1 шілдеге жұмыссыздыққа тіркелу үшін хабарласқандар саны 1257 адам, оның ішінде жоғары білімі барлар 335, арнаулы орта 438, мамандығы жоқтар 488 адам. Хабарласқандардың ішінен жұмысқа орналасқаны 396 адам.

2013 жылға жергілікті бюджеттен бөлінген 26,067 млн теңгеге 448 адамды 3-4 ай мерзімге ақылы қоғамдық жұмыстарға тарту көзделсе, 6-айда нақты 338 адам жұмысқа тартылып 12889,1 мың теңге қаржысы игерілді.

Бірінші жартыжылдықта ұсынылған бос жұмыс орындарына 5 рет жәрмеңке өткізіліп нәтижесінде 88 адам тұрақты жұмыстарға орналастырылды.

Жұмыстардың нәтежесінде экономикалық белсенді халық санына шаққанда аудан бойынша

жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы бірінші жартыжылдықта 5,7 пайыз болса, 2013 жылдың бірінші жартыжылдығына аудан бойынша 5,2 пайыз, аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі 0,5 пайызға, төмендеген.

Аудан көлемінде жастардың (15-29 жас) жұмыссыздық деңгейі 2012 жылдың бірінші жарты жылдығында 8,1 пайыз болса, 2013 бірінші жарты жылдығында 7,9 пайыз болып, бұл көрсеткіш 0,2 пайызға төмендеген. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының 3 бағыты бойынша 2013 жылға республикалық бюджеттен барлығы 651,0 млн. 970,0 мың теңге қаржы бөлінді, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 405,1 млн теңгеге артық.

Атап айтақанда, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы қаралған 651 млн теңгенің 188,8 млн теңгесі игеріліп 445 адам жұмыспен қамтылса, 2012 жылы бірінші жартыжылдығында 23,1 млн теңгесі игеріліп 215 адам жұмыспен қамтылған. Яғни, өткен жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 817,3 пайызға қаржы артық жұмсалып, жұмыспен қамтылу пайызы 206,9 пайызға өскен.

2-ші бағыт бойынша республикалық бюджеттен бөлінген 167,0 млн.теңге қаржыға 90 азаматтың кәсіпкерлігін дамытуға жұмсалатын болып жоспарланса, одан нақты 42 азаматқа 132,0 млн. 900,0 мың теңгенің несиесі берілді.

3-ші бағыт бойынша Үкімет тарапынан әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен және жоғары елді мекендердің тізбесін жасақтау жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан осы бағытқа бөлінетін қаржы көлемі айқындалмай отыр.

4-ші бағыт бойынша республикалық бюджеттен 234,0 млн. 113,0 мың теңге бөлінген қаржының есеп мерзімге игерілген 79,0 млн. 600,0 мың теңгесіне 16,0 шақырым болатын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары мен елді мекендердің ішіндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары атқарылуда, осы жұмыстарға 47 азамат жұмысқа тартылды.
Әлеуметтік төлемдер:

Аудан бойынша тұрмысы төмен отбасыларына қолдау көрсету мақсатында 2013 жылдың бірінші жартыжылдығында 795 отбасына (4712 мүшесі) 12996,7 мың теңге тұрғын үй көмегі, 39 отбасына (200 жаны бар) 1964,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек, 2869 отбасына (9870 баласы бар) 91370,0 мың теңге 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы төленді.



Ардагерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау:

2013 жылдың жартыжылдығында 88 үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларға 1777,3 мың теңге әлеуметтік көмек, даму мүмкіндігі шектеулі 18 жасқа дейінгі есепте тұрған 187 баланың ата-аналарына қоғамдық бірлестіктер тарапынан барлығы 242,7 мың теңге, балаларды қорғау күніне орай 70 мүгедек балаларға 250,0 мың теңге, онан тысқары жеке демеушілер тарапынан 103 балаға 218,0 мың теңге барлығы 710,7 мың теңге және демеуші мекемелер мен ұйымдар есебінен 76 қарияға 366, 2 мың теңгенің әлеуметтік көмектері көрсетілді.

Жеңістің 68 жылдық мерекесіне орай 704 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауған, Чернобыль ардагерлеріне, Семей сынақ аймағында болғандарға, мүгедек әскери қызметшілерге барлығы 10073,2 мың теңге (о.і. облыстық бюджеттен – 1774,4 мың теңге, аудандық бюджеттен – 8298,8 мың теңге)бюджет қаржысы есебінен көмектер берілді. Жеке оңалту бағламасы бойынша 14782,0 мың теңгеге мүгедектер түрлі гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.
Білім беру саласы:


  1. Білім саласы туралы ақпарат (мектеп, балабақша)

Аудан бойынша 42 мектеп (оның ішінде 36-сы орта, 6-уы негізгі мектеп), 34 мектепке дейінгі ұйым, 15 шағын орталық, 3 мектептен тыс мекеме, 1 жалпы білім беретін кешкі мектеп,
1 жазғы тынығу лагері жұмыс істейді. Аудан бойынша 15127 оқушы бар.

Аудан көлеміндегі 42 мектептің 29-і типтік, 13-і ыңғайластырылған ғимараттарда орналасқан.



2. Мектепке дейінгі тәрбие мен білім берумен қамтамасыз етілген балалардың көрсеткіштері

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасы негізінде жыл басында балабақшамен 2813 бала қамтылып ол 65,5 % құраса, 6 айлықта 18 жеке балабақша ашылып, оларға 885 бала тартылып, (Барлығы 3698 бала) 82% құрады.

Барлығы 52, оның 21 мемлекеттік ,31 жеке бала бақша, 15 шағын орталық.

Жыл соңына дейін Келінтөбе, Сүттіқұдық ауылдарынан 90 орындық және Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже ауылдарынан 50 орындық мемлекеттік балабақша мен 6 жеке балабақша,


2 шағын орталық (№110 мектептен 50 орындық, №208 мектептен қосымша 1 топ) ашылады, барлығы 705 бүлдіршін тартылып, балалардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші (барлығы 4403 бала ) 86,1 пайызға жетеді деп жоспарлануда. Барлығы 63, оның 26 мемлекеттік, 37 жеке бала бақша, 16 шағын орталық.

Ауданда өткен жылдан бастап ҚР «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары кент және ауылдық округ әкімдері құзырына берілді.

Сондай-ақ білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есебін жүргізетін орталықтандырылған есеп бөлімін құру жұмыстары жүргізілуде.

Дегенмен де алдағы уақытта білім беру ұйымдарының бухгалтерлік есебін жүргізетін орталықтандырылған есеп бөлімінің жұмысы жүйелі және тиімді жүру үшін білім беру ұйымдарындағы педагог кадрларды жұмысқа қабылдау және шығару бір орталықтан, яғни білім бөлімінің құзырына беруді ұсынамын.



Педагог кадрлар мониторингі

Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарындағы 2359 мұғалімнің 2165-і жоғары,194 арнаулы орта білімділер.Оның жоғары санаттысы- 58, І санаттысы - 973, ІІ санаттысы- 755, санатсызы– 573-і құрады.

Жоғары және І санатты мұғалімдер жалпы мұғалімнің 43,7 %құрады. (1031 мұғалім)

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жоғары және І санатты мұғалімдер жалпы мұғалімнің 51,5 % құрап, 285 бірлікке артатын болады. (1316 мұғалім)

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мониторингі

1. Біліктілігін арттыру курстарынан 2013 жылы барлығы 508 мұғалім түрлі дәрежедегі курстардан республикалық және облыстық орталықтарда өткізу жоспарланса, бүгінгі таңда оның
359 біліктілік курстарынан өткізілді, ал қалған 149 мұғалім 2013 жылдың соңына дейін курстардан өткізіледі.

Балаларды асырап алу, тәрбиелеу және білім беру бойынша

Қазіргі таңда аудан бойынша, яғни 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін барлығы 68 тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туыстарының отбасында тәрбиеленуде. Осы жылдың 6 айында


1 бала қорғаншылыққа берілді.

Жалпыға міндетті оқуды ұйымдастыру және тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету жайы

42 мектептің 29-нда типтік асхана, 13 мектепте ыңғайластырылған жобадағы асхана жұмыс жасайды.



2013 оқу жылында жалпыға міндетті оқу қорына 102791,0 мың теңге қаржы қаралды.

Жергілік бюджеттен 15 млн.теңгеге асхана құрал-жабдықтары ( 30 дана газ плитасы, 31 дана тоңазытқыш, ыдыс-аяқтар, 25 дана аристон) алынды.

2013 жылы 1 сынып оқушыларын 100 % тегін ыстық тамақпен қамтуға 45652,0 мың теңге қаралды.

Сонымен қатар қыркүйек айынан бастап 2-ші сынып оқушыларын 100% ыстық тамақпен қамту жоспарланып, қажетті 27693,0 мың теңгеге жергілікті бюджетке бюджеттік өтінім берілді.

1 сынып оқушыларын ағылшын тілі оқулығымен қамтуға қажетті 4991,0 мың теңге бюджеттік комиссияға ұсынылды.



Тәрбие жұмысы және жастар саясаты,

Аудан бойынша осы жылдың 6 айында 570 оқушы аудандық балалармен мәдени-тәрбие жүргізу (оқушылар үйі) орталығына, 510 оқушы өнер мектептеріне, 1005 оқушы спорт мектептеріне, 7200 оқушы мектептердегі түрлі үйірмелерге, 500-ден аса жасөспірім аула клубтарына қатысты. Ауданда мектептен тыс уақытта жасөспірімдердің қосымша білім алуы 61%-ға жетті.



Білім беру ұйымдарында жасөспірімдер арасында спорт және денешынықтыру тәрбиесі мазмұнын жетілдіру

Білім беру ұйымдарында денешынықтыру пәнінен 2214 сағат бар, оған 15127 бала 100 % қамтылған, оның ішінде 8539 бала (54,6%) қосымша түрлі үйірмелерге тартылып, ақылы негізде 11 ставка ұйымдастырылған, жыл соңына дейін 43 ставкаға жеткізу (774сағат) жоспарлануда.



Қосымша білім беру ұйымдарының, мектептен тыс мекемелердің жұмыс мазмұнын жетілдіру,

Аудан бойынша қосымша білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, аталған қосымша білім беру мекемелеріндегі үйірмелерге барлығы 1000-нан аса бала қатысады, бұл жалпы оқушылардың 7-пайызын құрады, алдағы 6 айда оқушылардың қамту пайызын көтеру жоспарлануда.



Балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылу барысы

Ауданда жазғы сауықтыру шараларына қатысатын 14031 оқушының 12630-ы жазғы сауықтыру шараларымен қамтылып, ол жалпы баланың 90 пайызын құрайды.



2013 жылғы ҰБТ нәтижелері

Былтырғы жылы ауданның орташа балл көрсеткіші – 58,2 пайыз құрады. Биылғы жылы ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа балы – 70,3 балды құрады, яғни өткен жылмен салыстырғанда балдық көрсеткіш 12,1 пайызға артты.


Денсаулық сақтау саласы бойынша

2013 жылдың бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша ауданның 78421 халқына-17 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік бекет, 10 медициналық бекет қызмет көрсетті.

Ауданның емдеу, алдын алу мекемелерінде 86 жоғары білімді дәрігер, 490 орта буынды медицина қыметкерлері қызмет етеді.

Дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа шаққанда 17,7 пайыз (2012ж -11,3%). Дәрігерлердің біліктілігі: жоғары санатта-1, 18- бірінші, 11 -екінші санаттық дәрежеде. Жалпы дәрігерлік санат-30- 35,0 пайыз.



Аудандық емханада 8 терапиялық аймақта -8 терапевт, 1 жасөспірімдер дәрігері жұмыс жасайды. 16 балалар дәрігерлік аймағында -7 бала дәрігері жұмыс атқарады, балалар дәрігерімен қамтамасыз етілу 2,8 (2012 ж -2,2) 7 балалар дәрігерінің санаты бары -5, 38,7 пайызды құрайды. Аудандық емхана балалар бөлімі бойынша 9 аймақта 5 балалар дәрігері (55,5 пайыз) бар, қалған 4-уінде фельдшерлер жұмыс жасайды. Ауылдық жерлерде Қыркеңсе дәрігерлік амбулаториясында- 1 дәрігер, Төменарық дәрігерлік амбулаториясында -1 бала дәрігері жұмыс жасайды.

Аудан бойынша аурушаңдық бірінші рет көрінгендер - 2013 жылдың 6 айында 22549 адам-297,6 пайыз (2012ж-23718-313,1%)



Өлімшілдік - 2013 ж 6 айында 219 -3,0 (2012ж 219-2,9 ), ауруханада қайтыс болғаны 2013 ж 6 айында -30-14,0 (2012ж –23,10,0 ) , үйде 2012 жылдың 6 айында- 189-87,0 (2012– 207-90,0 ).

2013жылдың І-жарты жылдығында аудандағы 78421 халыққа аудандық орталық аурухана және а/о Қандөз, а/о Келінтөбе, а/о Төменарық, а/о Бесарық бөлімшелері қызмет көрсетті. Аудандық орталық ауруханада 537 қызметкер жұмыс атқарады. Олардың 41 -дәрігер,(2012ж- 46), 3 –провизор, (2012ж- 3) 7 Дәрігерлермен қамтамасыз ету 10 мың халыққа шаққанда-5,8 (2012ж-6,0 )

2013ж І жарты жылдығында -4235 (2012ж-3971) науқас емделіп шықты.

Аурухана бойынша жалпы орташа жату күні-8,1(2012ж-7,8), төсектің орындалу пайызы-98,9 (2012ж-84,1), төсек айналымы-19,3(2012ж-17,2), өлім көрсеткіші-0,3 % (2012ж-0,3%)

Емделіп шыққан науқастардың емхана арқылы жоспарлы түрде түскені-843 (2012ж-696), жедел түскені-3514 (2012ж-3055). БМСКК жолдамасымен-1219 (2012ж-1100) аудандық емханадан-1492 (2012ж-1314), жедел жәрдем арқылы-740 (2012ж-735) өзі келіп қаралғандар-682 (2012ж-379), т.басқалары-221 (2012ж-200).

Аудандық орталық ауруханаға 2013жылы 439млн 597 мың тенге қаралып, 2013ж І-жарты жылдығында 229млн 268 мың тенге игерілді. Жылдық қаржыдан орындалғаны 52,15 пайыз.

Аудандық орталық аурухана ғимаратының шатырын күрделі жөндеуден өткізу үшін 31 млн 200 мың тенге, Қандөз ауылдық аурухананың жылу жүйесін жөндеуге 2 млн 507 мың тенгеге жобалау сметалық құжаттары жасалынып, облыстық денсаулық сақтау басқарамасының экономика бөліміне тапсырылды. Сондай ақ ауруханада электр жарығы өшіп қалған жағдайда, 6 млн 878 мың 500 тенгеге автономды дизельді қондырғысын алуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына сұраныс берілді.

Осы жылдың 1 тамыз айынан бастап Келінтөбе, Бесарық ауылдық бөлімшелері қайтадан ашылды. Қожакент, Бірлік ауылдық бөлімшелері 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап ашу жоспарлануда.



Мәдениет саласы бойынша

Аудан бойынша 28 мәдениет үйлері мен клубтар, 8 халықтық өнер ұжымдары, 3 жылжымалы кешен, 36 кітапхана, 1 аудандық тарихи өлкетану музейі жұмыс жасайды.

2013 жылы аудандық мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 57762,0 мың теңге қаржы бөлінді. Ордакент кинотеатрына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге жергілікті бюджеттен 1800,0 мың теңге қаржы бөлініп, бөлінген қаржы толығымен игерілді.

Мәдени көпшілік шараларды өткізуге бөлінген - 4503,0 мың теңге қаржы толығымен игерілді.

Тілдер саясатын іске асыруға 723,0 мың теңге бөлініп, есепті мерзімге

298,0 мың теңгесі игерілді.



Мәдениет үйлері мен клубтары бойынша 2013 жылдың 6 айында 774 мәдени көпшілік шаралар ұйымдастырылып, оларға 110515 көрермендер тартылды.

Есепті мерзімге 1693,2 мың теңгенің ақылы қызметі орындалды.



Кітапханалар бойынша 2013 жылдың 6 айында жалпы кітап қоры – 422547, оқырман саны – 17857, кітап берілімі –293930, келушілер саны – 63725. Жыл басынан 3879 дана жаңа әдебиеттер алынды.

Ішкі саясат саласы бойынша

Қоғамдық саяси ахуал жайлы

Ауданның қоғамдық саяси ахуалын бағалау мақсатында қоғам дамуына үлес қоса алатын, қоғамдық құрылымның әртүрлі саласын қамтитын 18 жастан жоғары аудан тұрғындары арасында 2013 жылдың сәуір- маусым айларында сауалнама жүргізілді. Сауалнама көрсеткіштері бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің негізгі бөлігі, яғни 59 пайызы аудандағы қазіргі қоғамдық- саяси ахуалды оңды деп бағалаған, дегенмен есепті мерзімде пессимистік көңіл- күйдегі бағалаулар көрсеткішінің артқандығы байқалады. Дегенмен қазіргі сәттегі өмір сүруіне қанағаттанбайтындардың негізгі бөлігін Төменарық, Сунақата, Қыркеңсе, Манап, Келінтөбе, Қыраш, Бесарық ауылдық округтері құраған.

Жаңақорған ауданы әкімінің бірінші кезекте назар аудару керек мәселелер көрсеткішін анықтау мақсатында қойылған сауал нәтижелері бойынша ең алдымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, халықтың тіршілік деңгейін көтеру, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қолға алыну қажеттігі ұсынылған.
Ақпараттық – насихаттық топтардың құрамы мен қызметі

Қазақстан Республикасының Призиденті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан 2050- стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру насихаттау мақсатында: 2012 жылдың желтоқсан айының айының 19 күні аудан активі өткізілді. Активке барлық мемлекеттік мемеке, кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері, аудандық мәслихат депутаттары, ҮЕҰ, саяси пария, БАҚ өкілдері, кент, ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары , барлығы 170 адам қатысты.

Ауданда құрамына түрлі сала басшылары мен мамандары енгізіліп жасақталған 8 ақпараттық – наихаттық топ жұмыс жасап келеді. Ақпараттық топ аудан әкімі бекіткен кестеге сай, қаңтар айының 14-19 күндері аралығында барлық кент, ауылдық округтерде, мекемелер мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұжымдарда, өндіріс орындарында болып, «Қазақстан - 2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тақырыбындағы Жолдауын насихаттау түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ААНТ сәуір айында «Отау ТВ» ұлттық телеарнасына қосылу жұмыстарын жеделдету қажеттігі мен «Халықтық ІРО» бағдарламасын кеңінен аудан тұрғындарына насихаттау мақсатында елді мекендерге шығып, насихат жұмыстарын жүргізді.

ОАНТ наурыз айының 11-12 күндері аудандық ақпараттық – насихаттық топ жетекшілерімен бірге аудан тұрғындарымен кездесулер өткізді. 2012 жылдың желтоқсан айында ауданымызда Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттары Қ. Баймаханов пен М. Бақтиярұлы келіп, Елбасы Жолдауының басым бағыттары бойынша түсіндірме жасап, аудан халқымен кездесу өткізсе, наурыз айында ҚР Білім және ғылым вице министрі М. Әбенов пен облыстық білім саласы бойынша бақылау департаментінің директоры М. Шермағамбетов, облыстық балалар құқығын қорғау департаментінің директоры А. Қаржаубаевтар келіп, Сунақата, Төменарық және Сүттіқұдық ауылдық округтерінде болып, тұрғындарымен кездесулер өткізді.

2013 жылдың сәуір айының 6 күні ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Оразкүл Асанғазықызы тұрғындармен кездесуін Жаңақорған кенті орталығынан бастап, Сунақата, Екпінді, Сүттіқұдық, Төменарық ауылдық округтерінде болып, тұрғындарымен кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын, тақырып аясында туындаған бірнеше сұрақтарға жауап берді. ҚР Парламент Мәжілісі депутаты С. Әйімбетовте, жоғарыда аталған тақырып аясында Екпінді, Сүттіқұдық және Қыраш ауылдық округтерінде түсіндірме жұмыстар жүргізіп, ауыл тұрғындарына Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін дамыту мақсатында туындаған өзекті сұрақтарға жауап берді. Сондай – ақ осы жылдың сәуір айының 9 күні Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты депутаттары Қ. Баймаханов пен М. Бақтиярұлы аудандық мәслихат депутаттарымен, «Қожакент» ауылдық округіндегі «Нұрбол» шаруа қожалығында болып, жұмысымен танысып, күріш ақтайтын цехты, мал сою алаңы мен мал болдарқылау орнынмен танысып , шаруашылық мүшелерімен кездесу өткізді. Мұнан кейін «Қаратөбе» ауылдық округінде жылыжайдағы жұмысшыларымен пікірлесті. Зейнетақы жүйесін дамытудың негізгі бағыттарына тоқталып, пікір бөлісілді. Кездесулер аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде «Қос сенатордың ауданымызға іс-сапары» тақырыбында жарияланды.

Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Жолдауы бойынша орнатылған көрнекіліктер саны - 116

ҮЕҰ-ң өкілдерінің ұйымдастыруымен 24 мәдени шаралар ұйымдастырылып, шара барысында биылғы Елбасы Жолдауының басым бағыттары кеңінен насихатталды.


БАҚ-ы арқылы насихат жұмыстарын жоспарлау және жүргізу

Елбасы Жолдауы мен жалпы мемлекет саясатын ақпараттық қамтамасыз ету арнайы бекітілген бас медиа – жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде «Жолдау бағытымен» «Жұмыспен қамту - 2020», «Біз болашаққа сеніммен қараймыз», «Халық пен билік», «Саламатты Қазақстан», «Қазақстандық патриотизм», «Аудан әкімі есеп беруде», «Мықты мемлекет – нұрлы болашақ кепілі», «Нақты міндет пен мақсат табысқа жеткізеді», «Барша байлық – адам еңбегімен жасалады», «Елбасы Жолдауы – кемел келешек кепілі», «Ең бастысы - өмір сапасын қамтамасыз ету», «Жасампаздыққа жігерлендірген Жолдау», «Елбасы Жолдауы – қоғамды ұлы қадамға бастайды» тұрақты айдарлары ашылып, онда мемлекеттік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік топ өкілдерінің, мемлекеттік орган басшыларының, мамандардың Президент Жолдауы төңірегіндегі ойлары, пікірлері мен оны жүзеге асыру бағытында атқарылған жұмыстар жайлы, 184-тен астам материал аудандық басылым «Жаңақорған тынысы» газетінде жарық көрді.



Жастар саясаты

Жаңақорған ауданының әкімдігі мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөнінде тұрақты қызмет атқаруда. Ауданда 14 пен 29 жас аралығында 23075 жасты құраса. Оның ішінде Жаңақорған кент орталығында 7060 жас , ауылдық округтер бойынша 15941 жас бар.

2012 жылы аудандық бюджеттен мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға 2 млн теңге бөлінсе, 2013 жылы 4 млн 100 мың теңге қаржы қаралды.

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатындағы әлеуметтік жобалар «Жастар саясаты саласындағы өңірлік бағдарламаларды іске асыру қызметін ұйымдастыру»



Осы жоба аясында 13 әлеуметтік қызметі ұйымдастырылып аудан жастарының қатысуымен өткізіліп отыр. Жыл басында 1 рет әлеуметтік сауалнама жүргізілсе, оған аудан жастарының 0,1 пайызы қатыстырылды. Сондай – ақ, осы жылдың сәуір айында жастарды патриоттылыққа , отансүйгіштікке, тазалыққа баулу мақсатында «Жалынды жастар – тазалыққа бастар» тақырыбында экологиялық акция ұйымдастырылды. Наурыз айында аудан әкімінің қатысуымен «Ел мерейін көтерген еңбегі ерен аналар» атты ауданымыздың түрлі саласын басқарған әйел – аналар мен аудан жастары өкілдерінің бас қосуы өткізіліп, кездесуге 100-ден астам жас қыз –келіншектер қатыстырылды. Наурыз айында аудан жастарының шығармашылық әлеуетін арттыру мақсатында «Нұрлы көктем» аймақтық фестиваль өткізіліп, оған 700 –ден астам жастар қатыстырылды. Мамыр айында аудан әкімдігінің салалық бөлімдері жастары арасында 5 бағытта командалық жарыс ұйымдастырылып, оған 50-ден астам аудан жастары қатыстырылды. Сәуір айында аудан жастарының жат ағымдар жетегінде еріп кетпеуінің алдын алу мен өзіне - өзі қол жұмсаудың (Суицид) алдын алу мақсатында арнайы психолог мамандардың қатысыумен «Өзге діни ағымдардан сақтана білейік» атты Қожакент, Өзгент, Шалхия, Бесарық, Кеңес, Төменарық, Сүттіқұдық ауылдық округ және Жаңақорған кенті жастарымен жүздесулер өтті. Шараға 1200-дай адам қатысып жастардың арасында түсіндірме насихаттық шаралар ұйымдастырылды. Мамыр айында шығармашыл жастарды қолдау мақсатында аудандық «Дельфийлік ойындар» өткізіліп, нәтижесінде жеңімпаз болған 50 жас облыстық шараға қатысып қайтты. Жалпы шараға 350 жас қатыстырылды. Мамыр айында «Қазақстан – татулық пен бірліктің мекені» тақырыбынды аудандық дебат ойыны өткізіліп, оған кемінде 100 жас өз белсенділіктерін танытуға мүмкіндік алды. Маусым айында «Менің Отаным - Қазақстан» атты аудан әкімінің кубогы үшін аймақтық кіші футбол өткізіліп, онда аудан жастарының 100-ден астамы өздерінің салауаттылығын арттырды. Мемлекеттік рәміздер күніне орай аудандық шеру, аудандық шығармашыл жастар арасында жас ақындар мүшайрасы өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жастардың зиянды әдеттерден аулақ болуға насихаттау және шығармашыл жастарды қолдау мақсатында «Жастар – болашақтың жарқын боларына сенеді» тақырыбында суретшілер байқауы, шілде айында өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету мақсатында «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында аудандағы «Талды су», «Тау самалы» лагеріндегі демалушы жастармен Ауған соғысына, Чернобыль апатына қатысушы қоғамдық ұйым жетекшілерімен кездесулер өткізілді. Сондай – ақ жастардың әлеуметтік жағдайына зерттеу жүргізе келе, ауданымызда әлі де жұмыссыз жастардың қатары сейілмей келеді. Осы бағыттағы жұмыстың алдын алу мақсатында шілде айында аудандық орталықтандырылған кітапханада жұмыссыз жастармен кездесу өткізіліп, жұмыссыз жастарды «Жасыл ел» жасағының, облыстық «Құрылыс жасағының» жұмыстары насихатталып, жұмыссыз жастарды осы жасақтың құрамын толықтыруға, белсенді жұмыс жасауға шақырды. Осы мақсатқа жоспарланған 4 млн 100 мың тенгенің бүгінігі күнге 2 млн 200 мың теңгесі игеріліп отыр.
Бұқаралық ақпарат құралымен жұмыс

Қазіргі қоғамда ішкі саяси процестерді басқару тиімділігі көбіне ақпараттық ағымдарды басқару сапасымен анықталады.

Ақпарат – бұл негізгі басқару ресурстарының бірі. Бұқаралық ақпарат құралдары шешім қабылдау процесінің негізгі факторларының бірі болып отыр.

Сондай –ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жасау, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу, аудан тұрғындарын елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен ақпараттандыру маңызды саяси мәселелердің бірі екендігі белгілі.

Осы орайда аталмыш жұмыстарды жүйелендіріп жұмыс жасау мақсатында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін аудандық бюджеттен 2012 жылға 7116,0 мың теңге қаржы бөлінсе, 2013 жылы 7 млн  754 мың теңге қаралып отыр.

Мемлекеттік тапсырыс ай сайынғы және тақырыптық медиа жоспарлар арқылы жүзеге асырылып, есепті мерзімде 3 млн 596 мың теңгесі игерілген



Діни бірлестіктермен жұмыс

Ауданда 2013 жылдың 1-жартыжылдығында діни ахуалды күрделендіретін фактілер тіркелген жоқ. Аудан көлемінде миссионерлер, аз санды діни топтар тіркелмеген. Радикалды және діни экстремистік идеологияны ұстанатын адамдар мен ұйымдар жоқ. Жергілікті басылым «Жаңақорған тынысы» газетінің 2013ж жарты жылында «Дінің тұрсын дін аман», «Дін имандылық негізі», айдарларымен 20 мақала жарық көрді. Барлық мешіттердің діни бағыты – ислам дінін насихаттау болып табылады. Ауданда 31 имам болса, оның 6-ы жоғары білімді, 9-і арнаулы орта, 16-ы орта білімді. Мешіт имамдарының басым бөлігінің жоғары діни білімдері жоқ. Діни бірлестік жетекшілерінің білімдері жергілікті тұрғындарды қанағаттандырмайтындығы жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижелерінен де байқалады. Яғни сұрауға қатысқан респонденттердің 58,5 пайызы аудандағы имамдардың білімдеріне көңілдері толмайтындықтарын жеткізген. Мұнан имамдардың білімін жетілдіру, арнайы оқу орнын бітірген мамандарды имамдыққа қою жұмыстарына көңіл бөлу қажеттілігі байқалады. Осы орайда аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің мәжілістерінде барлық мешіт имамдарының білімін жетілдіру мен біліктілігін арттыру мүмкіндіктерін қарастыру жайы қаралып келеді.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы»Заңына сәйкес аудандағы заңды немесе филиал ретінде тіркелмеген діни бірлестіктерді тіркеуге қатысты түсіндірме жұмыстары үнемі жүргізілуде. 2013 жылы Бәйкенже, Жаңарық, Келінтөбе ауылдарындағы мешіт құрылысы аяқталып құжаттары Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына жолданып рәсімдеруде. Құжаттар дайын болған соң облыстық әділет департаментінен тіркеуден өткізу жоспарлануда.

2012ж аудандағы 26 діни бірлестіктер есепті қайта тіркеуден өтті.

Тұрғындардың жекелеген топтарының діншілдігін және діни ахуалды бағамдау мақсатында 2013 жылдың І тоқсанында әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей сұралушылардың 91,2 пайызы ауданда «діни экстремизм» мәселелерінің өзекті еместігін жеткізген. Аудандағы діни ахуалды және ұлтаралық қатынасты 31,7 пайыз сұралғандар «қолайлы» деп көрсетсе, 63,5 пайызы «тыныш» деген жауап нұсқасын таңдаған.

Жаңақорған аудандық мешітінде маусым айында облыстық ішкі саясат басқармасымен «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы» қоғамдық қоры бастамасымен «Дін-рухани үйлесім негізі» атты тақырыбанда облыстық семинар болып өтті. Семинарда еліміздегі діни ахуал мен жастарымыздың жат ағымдардың жетегінде кетпеудің жолдары талқыланды. Экстремизм көріністерінің алдын алу бағытында «қатерлі жихадизм», «ата дін» дискілері мешіттерде көрсетіліп, Исламдағы шынайы мұсылман бейнесі, діни экстремизмге жол жоқ, Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабы-біздің жолымыз кітапшалары таратылды. ҚР ДІА төрағасы Қайрат Лама Шәріптің «жиһад» ұғымы «қасиетті соғысты» емес, «өз надандығыңмен күрес» дегенді білдіреді,- мақаласы аудандық газетте жарияланды.

Қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу мақсатында, аудындық ішкі саясат бөлімі мен ауданымыздың бас имамы С. Омаровтың үйлестіруімен шілде айының 20-күні сағ:10:00-де орталық мешіттің ауласында «Жақыныңа жәрдемдес» атты арнайы кең көлемді акция өткізілді. Мақсат: кент орталығындағы тұрмыс-жағдайы төмен, әлеуметтік көмекке мұқтаж 40 отбасына материалдық тұрғыдан, азық түлікпен жәрдемдесіп, қам-көңіл жандардың кішкене болсын көңілдеріне шуақ сыйлап әрі Рамазан айының сауабына бөлену.

Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылған шаралар туралы

2013 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларына 1 500 мың теңге бөлініп, төмендегі 5-бағыт бойынша жүзеге асырылуа.

1.«Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру»;

2. «Тұрғындар арасында діни экстремизм мәселелерінің алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру»;

3. «Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу»;

4. «Аймақта отбасы-демографиялық саясатты дамыту»;

5. «Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және өткізу» қызметтері.

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және өткізу» қызметін «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып танылды.

Аула клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру» қызметі бойынша балалардың бос уақытын тиімді өткізуі үшін спорттық бағытындағы 3 аула клубын, қолөнер шеберлері бағытындағы 3 аула клубын, өнер (ән-би) бағытындағы 2 аула клубын, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында 1 аула клубтарын ұйымдастырып бөлінген қаржыны игеруде.,

- «Тұрғындар арасында діни экстремизм мәселелерінің алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру» қызметі бойынша 1 рет арнайы маман-лекторлардың қатысуымен діннің қоғамдағы рөлін күшейтуге бағытталған семинар кеңес және кездесу, діни салт-дәстүрлер тақырыбына орай «Діни салт-дәстүрлер және қоғам» атты семинар, «Дін – имандылық негізі» атты діни сенім бостандығы және діни экстремизм көріністерінің алдын алуға бағытталған дөңгелек стол, 2 рет діни салт-дәстүрлер тақырыбына орай «Діни салт-дәстүрлер және қоғам» атты семинарлар ұйымдастырылды.

- «Өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайға әлеуметтік зерттеулер арқылы мониторинг жүргізу» қызметі бойынша 2 рет аудан тұрғындарының әлеуметтік-саяси көңіл-күйін зерттеу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізілді

« Әйел басқаратын үздік кәсіпорын» атты аудандық байқау, «Ана – бақыт, ана - күн» тақырыбымен үлгілі отбасылар сайысын, «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында пікірталас, «Инабатты арулар мен ержүрек сұлтандар» сайысын, қыздар арасында спорттық жарыстар өткізілді. Орталық мешітте «Skaipe» бағдарламасы жұмыс істеп тұр. Аптаның дүйсенбі күндері жамағатымыз «Skaipe» бағдарламасы арқылы облыстағы барлық мешіттермен байланысып сабақтар өткізіліп келеді.

Бүгінгі таңда Жаңақорған ауданында облыстық әділет департаментінде тіркелген 74 үкіметтік емес ұйым жұмыс жасайды. Оның ішінде, 5 қоғамдық бірлестік белсенді жұмыс жасауда. олар


    1. «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігі (төрағасы Н. Бакиров)

    2. «Жаңақорған аудандық Ауған соғысы ардагерлері және патриот жастары» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Қ.Әбілакимов)

    3. «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі (төрайымы К.Әбілтанова)

    4. «Жебеуші» қоғамдық қоры (төрағасы Исмайлов Нурдин)

    5. «Невада - Семей» қоғамдық бірлестігі (төрағасы Жұмабай Шіраздин)


Қаржы саласы бойынша

І. Кірістер туралы

А) 2013 жылдың 6 айдағы кірісі болжам бойынша:
- жергілікті кіріс көздерінен – 570 млн.599,0 мың теңге

  • Субвенция есебінен – 2 млрд.961 млн 142,0 мың тенге

  • Арнайы трансферт есебінен – 752 млн 405,0 мың теңге

Барлығы: 4 млрд 284 млн.146 мың теңге болып белгіленген.

Б) Нақты орындалуы

2013 жылға кірістерін нақты орындалуы төмендегідей болды:

- жергілікті кіріс көздерінен – 996 млн.47,8 мың теңге немесе 174,6 %

- субвенция – 2 млрд.961 млн.142 мың теңге немесе 100 %

- арнайы трансферт – 752 млн.305 мың теңге немесе 100 %

Барлығы – 4 млрд 709 млн.494,8 мың теңге немесе 109,9 %-ға орындалды.

ІІ. Шығыстар бойынша:

2013 жылдың 6 айында жергілікті бюджет шығысы:

а) Барлығы болжам 4 млрд 379 млн.512 мың теңге, оның ішінде мақсатты трансферттер 752 млн.405 мың теңге болып белгіленген.

б) Нақты орындалғаны

Барлығы 4 млрд 274 млн 47,5 мың теңге немесе 97,6 %-ға орындалды, оның ішінде арнайы трансферттер 700 млн 509,0 мың теңге болып 93,1 %-ға орындалды.



ІІІ. Орындалмау себептері туралы.

1. Барлық игерілмеген қаржы көлемі (мекеменің есеп шотында қалғаны 106 млн.174,5 мың теңге. Оның ішінде:

- объективті себептерімен (тендерден үнемделгені вакант есебінен т.б.) 28 млн.38,4мың теңге.

- субъективті себептермен (мекеме басшыларының оралымсыздығынан) 78 млн.136 мың теңге игерілмеген. Ауылдық округтерде 73 млн 968 мың теңге

2. Осы жалпы орындалмаған қаржы есебінен соның ішінде арнайы трансферттен игерілмей қалғаны 51 млн.896 мың теңгені құрады.

Оның ішінде:

- Объективті себептермен (тендерден үнемделгені) 19 млн.163,3 мың теңге

- Субъективті себептермен 32 млн.732,7 мың теңге болып тұр. Оның ішінде ауылдық округтерде (спорт алаңқайын салудан) 18818,5 мың теңге, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде 7 млн.251,1 мың теңге, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 20 млн.44,9 мың теңге болып тұр.


Құрметті депутаттар!

Құрметті әріптестер!
Бүгін сіздердің алдарыңызда 2013 жылдың І жарты жылдығына Жаңақорған ауданының қоғамдық өмірінің барлық салаларында атқарылған жұмыстарды алға қойған мақсат-міндеттерімізді баяндап өттім, шешімін күткен мәселелерге де тоқталдым. Қазір сіздерден түскен сауалдар барысында да күрмеулі мәселелерді талқылап, алдағы уақытта шешу жолдарын қарастыратын боламыз.

Елбасымыздың Жолдауында көрсетілген, тапсырмалар мен міндеттерді, бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру үшін әрбіріміз жұмыла қызмет етсек, еліміздің берекесі артып, мәртебесі биіктеп, отанымыздың болашағы баянды болары сөзсіз.



Зейін қойып, тыңдағандарыңызға рахмет!







Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет