Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы! Құрметті Серік Әбікенұлы! Құрметті кеңеске қатысушылар!



Дата05.07.2016
өлшемі21.29 Kb.
#180423
Құрметті Әбілғазы Қалиақпарұлы!

Құрметті Серік Әбікенұлы!

Құрметті кеңеске қатысушылар!
Қазіргі уақытта Алматы облысында Талдықорған қаласында, Боралдай және Байсерке кенттерінде әуежайлар жұмыс істейді.

Талдықорған қаласының әуежайы 1968 жылы пайдалануға берілген. Осы әуежай «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының жеке меншігінде және «Жетісу» авиакомпаниясы үшін базалық болып табылады. 2004 жылы аэровокзалға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу 1980 жылы жүргізілген, осыған байланысты ұшу-қону жолағы қайта жаңартуды талап етеді. Сондай-ақ, қаржыландыру мәселесін бірлесе отырып шешуіміз қажет.

Қазіргі уақытта авиакомпанияда барлық қажетті жабдықтармен жарақталған Як-40 үлгісіндегі 4 ұшақ бар. Болашақта авиапаркті батыс өндірісінің әуе кемелерімен жаңарту бойынша жұмыстарды бастау қажет.

Алматы облысы әкімдігінің субсидиялау бағдарламасының арқасында «Жетісу» авиакомпаниясы 2005 жылдан бері Талдықорған-Астана-Талдықорған маршруты бойынша әлеуметтік-маңызды авиарейсті орындайды. Күзгі-қысқы кезеңде авиарейс аптасына 7 жиілікпен, ал көктемгі-жазғы кезеңде аптасына 14 жиілікпен орындалады. Авиамаршрут бойынша орындардың орта жылдық қамтылуы 80 пайызды құрайды.



Анықтама: 2010 жылы Алматы облысының әкімдігі авиарейстерді субсидиялауға 225,5 млн. теңге бөлді, 2011 жылға субсидиялауға жоспарланған сома 241,3 млн. теңгені құрайды.

«Боролдай» және Байсерке әуежайларын жалпы саны 100 әуе кемесін құрайтын шағын авиация компаниялары белсенді түрде пайдаланады. Өткен жылғы шілдеде Алматы облысының Балқаш ауданы Бақбақты кентінде жоғары кәсіби деңгейде «Jeppesen Air Party» авиашоуы өткізілді. Осы іс-шараға жоғары пилотаждың фигураларын көрсеткен 20 шақты әуе кемесі қатысты.

Жағдайды пайдалана отырып, облыс басшылығының Алматы қаласының әуежайы ауданында орнитологиялық ахуалды жақсарту бойынша көрсеткен көмегін атап өткім келеді. Облыс әкімдігі Балқаш-Алакөл экология департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалу департаменті, энергетика және коммуналды шаруашылық, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы өкілдерінен құралған жұмыс тобын құрды. Жұмыс тобы тексеру жүргізіп, оның барысында Талғар және Іле аудандарында әуежайға іргелес аумақта қоқыстарды жөнсіз тастау анықталды. Қазіргі уақытта осы аудандардың әкімдіктері қалдықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізді және 100 кубометрден артық қалдықты жинады.

Әкімдік пен Алматы қаласы әуежайының бірлесіп әрекет ету нәтижесінде әуежай ауданындағы орнитологиялық ахуал едәуір жақсарды.

Дегенмен қолданылған шаралар орнитологиялық ахуал жағынан толық көлемде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Кұлжа трассасы бойында әуеайлақтан 8 және 10 километр алшақта орналасқан қоқыс тастайтын жерге қоқыстардың тасталуы жалғасуда, бұл Алматы қаласы әуежайының ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіретін құстардың жаппай жиналуына әкеледі.

Осыған байланысты, құрметті Серік Әбікенұлы, осы мәселені бұдан әрі шешу мақсатында көмек көрсетуіңізді сұраймыз.


Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет