Артериялық гипертония дамуындағы қауіп-қатер факторлары



Дата29.06.2016
өлшемі71.08 Kb.
#164655
Артериялық гипертония дамуындағы қауіп-қатер факторлары

С.М. Исаева, Б.С. Мекебаева, Л.Б. Абишева.

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Алматы.
Өзектілігі. Қазіргі медицинаның маңызды мәселелерінің бірі – жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары, соның ішінде эссенциальды артериалық гипертония (АГ), атеросклероз және жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА). АГ – қазіргі таңда ересек адамдар арасында 20-40% жиілікпен кездеседі /1/.

АГ – жалпы өлім көрсеткішінің 40-50%-ын алып жатқан жүрек-қантамыр және цереброваскулярлы аурулардың дамуындағы негізгі факторларының бірі болып, келешекте мүгедектікке шалдықтырып, соған байланысты емдеуіне көп шығын келтіретін денсаулық сақтау ісінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады /2, 3/.

АГ қауіп-қатер факторларының дәрежесіне байланысты қазіргі кездегі жіктелуіне стратификация деген түсінік енгізілген. Яғни, қауіп-қатер факторларының болуы және осы процеске нысана мүшелердің қатысу дәрежесі, сондай-ақ ассоциацияланған жағдайлардың болуы артериялық қысымның көтерілу дәрежесіне қарағанда маңызы зор деп есептеледі.

Соңғы жылдары остеопороз (ОП), аорта, жүрек қақпақшаларының кальцификациясы және қантамырлардың атеросклероздық зақымдалуы өзара байланысты патологиялық үрдістер екені анықталды /4/. Осы мәліметтер бойынша ОП бар әйелдерде жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары жиірек, ағымы ауыр және асқынулары болатыны дәлелденген. Осыған байланысты АГ мен ОП байланысын зерттеу ғылыми және тәжірибелік маңыздылық көрсетеді.

Қауіп-қатер факторлары:


  • жынысы: ерлер > 55 жас, әйелдер > 65 жас

  • шылым шегу

  • дислипидемия:

  • холестерин > 6,5 ммоль/л (250 мг/дл)

ТЖЛП: ерлерде < 1,0 ммоль/л (40 мг/дл)

әйелдерде <1,2 ммоль/л (48 мг/дл)

ТТЛП > 4,0 ммоль/л (155 мг/дл)


  • диабет

  • тұқымқуалаушылық

  • абдоминалды семіздік: мықын өлшемі: ерлерде ≥ 102 см,

әйелдерде ≥ 88 см

  • гиподинамия

  • ↓ фибриноген

  • әлеуметтік-экономикалық

  • этникалық, географиялық

Артериалдық гипертензия кезіндегі нысана-мүшелердің зақымдалуы:

  • сол қарынша гипертрофиясы

  • протеинурия немесе плазма креатининінің ↑ (106-177 ммоль/л)

  • қантамырларда атеросклероздық түйіндердің болуы

  • көз торы қантамырларының жергілікті немесе жайылған тарылуы

Зерттеу мақсаты

Күндізгі стационар жағдайындағы артериялық гипертониясы бар аурулардың қауіп-қатер факторларының маңыздылығын және ассоциациялану жағдайларын анықтау және бағалау.



Материалдары мен әдістері

Науқастарды зерттеу скрининг әдісі бойынша №5 ҚКА және ҚазҰМУ Сауықтыру-клиникалық орталығында өткізілді. Скрининг әдісі артериялық гипертониясы бар 15 науқасқа (негізгі топ-І) және артериялық гипертониясы жоқ 15 науқасқа (бақылау топ-ІІ) жүргізілді.

Стандарттық калькулятор көмегімен зерттеушілердің дене салмағының көрсеткіші (ДСК) есептелінді. Сонымен бірге, зерттелушілердің 16-на сүйектік жүйе жағдайына зерттеу жүргізілді. Негізгі мақсат: артериялық гипертониямен өзара байланысын білу. Остеопороз – прогрессивті дене салмағының төмендеуі мен сүйек тіні құралымының бұзылыстарымен сипатталатын жиі кездесетін қаңқаның жүйелі ауруы. Сүйек тінінің минералдық тығыздығын анықтау (СТМТ) ультрадыбыстық сүйектік денситометрмен (УСД) жүргізілді. Рhalangae proximalis III, radialis distalis - екі нүктеден УДС көмегімен СТМТ анықталды.

Зерттеу нәтижелері

Анкетаны жасы мен жынысы бойынша сәйкес келетін топ адамдардан жинадық (кесте 1). Негізгі топта жас шамасы 20-дан 82 жас аралығында (орташа жас 58,67±3,82), олардың ішінде ер адамдар саны – 3 (20%), әйелдер - 12 (80%).

Кесте 1 – Артериалық гипертония қауіп-қатер факторлары бойынша зерттелушілерді бөлу

Көрсеткіштер

I (абс.с.,%)

II (абс.с.,%)

Барлық науқас

- ерлер


- әйелдер

Соның ішінде :

- ерлер > 55 жас

- әйелдер > 65 лет



15 (100%)

3 (20%)


12 (80%)
2

6


15 (100%)

2 (13,3%)

13 (86,7%)
1

2


Шылым шегу

2 (13,3%)

0

Диабет

3 (20%)

0

Тұкымқуалаушылық

1 (6,67%)

0

Абдоминалды семіздік, мықын өлшемі:

- ерлерде ≥ 102 см

- әйелдерде ≥ 88 см

1 (33,33%)

10 (83,33%)

0

7 (53,85%)



- Гиподинамия

10 (66,67%)

6 (40%)

Сүйек тінінің минералдык тығыздығын анықтау

Төмендеуі


8

6 (75%)


8

8 (100%)


Бақылау топта жас шамасы 34-71 жас аралығы (орташа жас – 54,07±2,45 жас), оның ішінде ерлер саны - 2 (13,33%), әйелдер саны – 13 (86,67%) (сурет 1).



Сурет 1- Зерттеушілерді жас мөлшері бойынша бөлу


1-суретте көрсетілгендей АГ-ның қауіп-қатер факторы – жас мөлшері бойынша ер адамдарда 55 жастан жоғары болуы және әйел адамдарда 65 жастан жоғары болуы негізгі топта (53,3%), ал бақылау тобында тек 20%.

Шылым шегу сияқты қауіп-қатер факторы 13,33% негізгі топта анықталса, ал бақылау тобында бұл фактор анықталған жоқ.

АГ-ның маңызды қауіп-қатер факторларының бірі – қантты диабет. Бұл ассоциацияланған жағдай негізгі топтағы 20% науқастардың АГ-ның ағымын асқындырды.

Семіздік сияқты қауіп-қатер факторын білу үшін дененің салмақ көрсеткіші (ДСК) анықталды. ДСК зерттелушінің бойы мен салмағының арақатынасы бойынша стандарттық ДСК калькулятор көмегімен анықталды (сурет 2).


Сурет 2 - Зерттелушілерді дене салмағының көрсеткіші бойынша бөлу


2-суретте көретілгендей ДСК бойынша I топта орташа көрсеткіші - 27,87±1,29, II топта - 26,97± 0,65.

Жалпы ДСК екі топта да шамамен бірдей болғандықтан, семіздік типі анықталды (кесте 2).

Кесте 2 – Дене салмағының көрсеткіші бойынша зерттелушілерді бөлу

Көрсеткіштер

Негізгі топ

Бақылау тобы

Қалыпты салмақ ( <25)

4

2

Жоғары салмақ (25-30)

5

11

Семіздік ( >30)

6

2

Семіздік типін анықтау барысында АГ бар науқастардың 11-нде (73,33%) абдоминальды семіздік барын көрсетті, ал бақылау тобында тек 7 (46,67%) зерттелушіде. (кесте 3).

Кесте 3 – Зерттелушілерді абдоминалды семіздік бойынша бөлу

Көрсеткіш

негізгі топ

бақылау тобы

Мықын өлшемі:

- ерлерде ≥ 102 см

- әйелдерде ≥ 88 см

1 (33,33%)

10 (83,33%)

0

7 (53,85%)




АГ-мен байланысын білу үшін сүйектік жүйе жағдайын зерттеу екі топта да СТМТ төмендеуі жоғары дәрежеде болды (сурет 3).



Сурет 3. Зерттелушілерді Сүйек тіні минералды тығыздығы бойынша бөлу


Қорытынды

  • Қауіп-қатер факторлары артериялық гипертонияның дамуында маңызды рөл атқарады. Зерттеудің нәтижелері көрсеткендей артериялық гипертония көп жағдайда 55 жастан (53,3%) асқан ауруларда кездеседі.Сонымен қатар, қауіп-қатер факторларына шылым шегу (13,3%), қантты диабет (20%) сияқты аса жоғарылаған жағдайлар жатады.

  • Артериялық гипертониясы бар науқастардың 40% дене салмағы көрсеткішінің (ДСК)шамадан тыс артуы – семіздік қауіп-қатер факторын анықтайды.Оның үстіне семіздік сипатын анықтауда артериялық гипертонияның пайда болуында абдоминалды семіздіктің үлкен мәні бар екенін анықтауға үлкен мүмкіндік туды (73,3%).

  • Артериялық гипертониямен ауыратын науқастардың сүйек тіні жағдайын анықтауда сүйек тінінің минералды тығыздығының (СТМТ) төменденуі зерттелген 8 науқастың 75% анықталды.Зерттеудің көрсеткіштері артериялық гипертонияның бар-жоқтығына қарамай, остеопениямен көбіне үлкен жастағы науқастардың ауыратыны анықталды.


Тұжырым

  • 1. Артериялық гипертонияның көбіне науқастар арасында 55 жастан жоғары ер адамдарда және 65 жастан жоғары әйел адамдарда болуы, күндізгі стационардағы дәрігерлердің осы науқастар контингентіне тағы да назар аударуын күшейтуді кажет етеді.

  • 2. Темекі шегу сияқты зиянды әдеттер және ассоциацияланған жағдайлар (қантты диабет) АГ өршітеді.

  • 3. Семіздік типін анықтау дене салмағы көрсеткішін анықтау сияқты өте маңызды.

  • 4. СТМТ төмендеу жиілігіне АГ болуына қарағанда науқас жасының ықпалы зор.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Борьба с артериальной гипертонией (Доклад комитета экспертов ВОЗ). Государственный центр профилактической медицины. М., 1997; 64.

  2. Кобалова Ж.Д., Профилактика, диагностика и лечение первичной артериальной гипертонии. Кардиология 2000; 11: 71-89

  3. Арабидзе Г.Г., Белоусов Ю.Б., Карпов Ю.А. Артериальная гипертония. Справочное руководство по диагностике и лечению. М.: Ремедиум, 1999.

4. Насонов Е.Л. Остеопороз и заболевания сердечно-сосудистой системы. Кардиология, 2002, 3, 80-82
Резюме

Факторы риска развития артериальной гипертонии.

С.М. Исаева, Б.С. Мекебаева, Л.Б. Абишева. Казахский Национальный медицинский университет им.С.Д.Асфендиярова, Алматы.

В статье представлены результаты исследования о наиболее распространенных факторах риска при артериальной гипертонии у пациентов наблюдавшихся в дневном стационаре.

Summary

Risk factors of development of an arterial hypertension.



S.M. Issayeva, B.S. Mekebayeva, L.B. Abisheva. Kazakh National medical university named S.D.Asfendiyarov.

In article results of research about the most widespread risk factors are presented at an arterial hypertension at patients observed in a day hospital.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет