ҚҰРметті әріптестер!



Дата19.06.2016
өлшемі50.59 Kb.
#148342

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!


Сіздерді "ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙДАҒЫ ЭНЕРГЕТИКА, ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ"

ІХ Халықаралық ғылыми-техникалық

Конференцияға қатысуға шақырамыз,

Конференция 2014 жылы 9-11 қазанда

Алматы қаласы (Қазақстан Республикасы),

Алматы энергетика және байланыс университеті базасында өтеді.
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ:


  1. Даукеев Г.Ж. – т.ғ.к., проф., ректор;

  2. Стояк В.В. – т.ғ.к., проф., ҒЖжХБ проректоры.

  3. Коньшин С.В. – т.ғ.к., проф., ОӘЖ проректоры;

  4. Абдрахманов Е.А. – т.ғ.д., проф., ТӘЖ проректоры;

  5. Ибраева А.А. – ҚӘБ бастығы-бас бухгалтер;

  6. Дворников В.А. – ф-м.ғ.к., доц., ҒЗС бастығы;

  7. Табултаев С.С. – т.ғ.к., доц., ААТФ деканы;

  8. Денисенко В.И. – т.ғ.к., проф., ЭЭФ деканы;

  9. Медеуов У.И. – т.ғ.к., проф., РТжБФ деканы;

  10. Зияханов М.У. – ф-м.ғ.к., доц., ЖЭФ деканы;

  11. Аршидинов М.М. – т.ғ.к., проф., СОжМҚДФ деканы;

  12. Назиров К.Т. – АТҚО бастығы;

  13. Соколов С.Е. – т.ғ.к., проф., ЭСТЖ каф.мең., «АЭжБУ Хабаршысы» журналының бас редакторы;

  14. Жигулин Ю.Т. – МКБО бастығы;

  15. Джетписбаева Б.М. – кітапхана директоры;

  16. Жидебаев М.Т. – фотограф.


КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТІЛІ:

Қазақ, орыс және ағылшын аудармасымен (қысқаша аңдатпа 3 тілде), шет ел авторлары үшін орыс және ағылшын тілінде.


ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖАРНАСЫ

Ұйымдастыру жарнасына баяндамаларға, жариялауға ұсынылған баяндамаларға техникалық құралдар алу, мәжіліс арасындағы үзілісте шәй, кофе беру кіреді.

Ұйымдастыру жарнасы – 3000 теңге.

Конференция материалдары баяндамалар тезисінде, жариялауға ұсынылған баяндамалар «Алматы энергетика және байланыс университетінің хабаршысы» журналының жақын сандарында жарық көреді.


ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫ

«Алматы энергетика және байланыс университеті» Коммерциялық емес Акционерлік қоғамы, 050013, Алматы қ., Байтұрсынов к-сі, 126.

ИИК KZ608560000000005121 Банк "Центр Кредит" АҚ, Алматы қ., БИК KCJBKZKX, БИН 030640003269, Кбе 17.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ




ЖЫЛУ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӘНЕ ЖЫЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ


  • жылу энергетикалық процесстердің математикалық үлгілеу мәселелері;

  • энергетика жабдықтарында жылу алмасу және гидродинамика;

  • жылуэнергетикадағы физика-химиялық процесстер;

  • жылумен жабдықтау жүйелерiндегi энергия мен ресурсты үнемдеу.


ЭЛЕКТР ЭНЕРГЕТИКАСЫ

  • электроэнергиясын бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйелері;

  • ЖЭК базасындағы электр энергетикасы;

  • электр желілерінің геоақпараттық үлгілері;

  • электр механикасы және электр жетегі;

  • электр станциялардың, қосалқы станциялардың және электр желілердің электр жабдықтары;

  • энергия жүйелерiндегi энергия мен ресурсты үнемдеу.


РАДИОТЕХНИКА, ЭЛЕКТРОНИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ

  • радиохабарлар мен теледидар желісі және жүйелері;

  • байланыс, навигация және басқарудың жүйелері мен құрылғылары;

  • телекоммуникациядағы қазіргі ақпараттық технологиялар;

  • коммутацияның телекоммуникациялық желісі мен жүйесі;

  • радиоэлектронды құралдардың электромагниттi үйлесiмдiлігi.



ЭЛЕКТРОНИКАДАҒЫ НАНОТЕХНОЛОГИЯЛАР




САЛАЛАР БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК, ЭКОНОМИКА


  • энергетикадағы, өндірістегі және телекоммуникациядағы еңбек шартын жақсарту және экологиялық қауіпсіздікті арттыру;

  • қоғамдық өрлеу және өркениет мәселелерi.



ЖОҒАРЫ БІЛІМДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР


  • жоғары инженерлiк бiлiм сапасы мен мазмұны;

  • инженерлiк бiлiмде оқу технологиясын және инновациясын басқару.


ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ ДАМУ: ТАРИХИ ТӘЖІРИБЕ, ЖЕТІСТІКТЕР, ПРОБЛЕМАЛАР




АВТОМАТИКА, АЭРОҒАРЫШ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


  • ғарыштық аппараттарды басқару жүйелері;

  • есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету;

  • ақпараттық жүйелер;

  • аспап жасау.

БАЯНДАМАЛАР МЕН ТЕЗИСТЕРДІ РЕСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

Конференцияға көлемі 1 беттен аспайтын баяндама тезисі және 7-10 бет болатын баяндаманың толық нұсқасы ұсынылуы қажет.

Баяндама қысқаша зерттеу мақсатының мазмұны, алынған нәтижелерді жүргізу әдістері мен талдаудан тұруы қажет. Баяндама материалының әр бетінің төменгі оң жағына авторлар қол қоюы керек.

Баяндама мен тезис материалдарын жұмыс тілдерінің бірінде, төмендегі талаптарға сәйкес ресімдеу керек.

1. Баяндама мәтіні CD-тасымалдауыштарда ұсынылады және №13 кегль Times New Roman қарпімен Word ортасындағы бірлік интервалда екі данада басылады.

2. Жоғары сол бұрышта ӘОЖ қойылады. Келесі жолда авторлардың аты-жөні, одан кейін жұмыс орны (мекеме немесе ұйымның жергілікті орынның атауы) келтіріледі.

3. Одан әрі - бос орыннан кейін баяндама және тезис аты қойылады

Баяндаманы ресімдеудің қосымша талаптары

1. Бұдан кейін баяндама тілінде аңдатпа орналастырылады (2-3 сөйлемнен аспайтын курсив №12 кегль).

2. Содан кейін баяндама мәтінің алдына жеке жолда баяндаманың түйін сөздері орналастырылады (жобамен 6 сөз немесе 3-4 сөз тіркесі, №12 кегль).

3. Одан әрі баяндама мәтіні және әдебиет тізімі орналастырылады (кегль №13). Әдебиет тізімі мәтіндегі сілтемелер ретімен нөмірленеді. Сілтемелер квадрат жақшалардың ішіне орналастырылады [2] [5-7].

4. Одан кейін - баяндаманың аты мен авторлары көрсетілген түйіндеме (қысқаша мазмұн, 5-7 сөйлем), түйіндеме баяндама тілінен басқа екі тілде жазылуы қажет.

5. Суреттер және кескіндемелер, оларға сілтеме жасалған соң, қысқартусыз мәтін бойынша орналастырылуы қажет, мысалы: «1 сурет – Атауы (сурет астында)». Математикалық, физикалық және басқа белгілер мен формулалар (Microsoft Equation) - формулалар редакторы режімінде, көлбеу қаріппен теріледі және ортасына орналастырылады. Формула нөмірлері беттің оң жақ шетінде дөңгелек жақшаларға қойылады.

6. Жеке бетте авторлар туралы мәліметтер: аты-жөні толық, пошта адресі, e-mail, жұмыс орны, лауазымы, қызмет және үй телефондары келтіріледі.

Жоғарыда қойылған шарттар мен талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген уақыттан кеш жіберілген материалдар қабылданбайды.



Конференцияға ұсынылатын материалдарды 2014 жылдың 8 қыркүйегіне дейін мына мекенжайға жіберу қажет: 050013, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, А.Байтұрсынов көшесі, 126, «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес АҚ (АЭжБУ), ғылыми-зерттеу секторы (ҒЗС), А ғимараты, 223-каб.

Тел.: 8(727) 292-90-55, тел./факс 292-09-14,

E-mail: nis_aues@mail.ru, http://www.aipet.kz
Құрметпен, Ұйымдастыру комитеті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет