Құрметті әріптестер!



Дата15.06.2016
өлшемі57.79 Kb.
#136282
Құрметті әріптестер!

Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті студенттері мен жас ғалымдарының халықаралық қатысыммен LVI ғылыми конференциясы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің Студенттік ғылыми қоғамы мен Жас ғалымдар кеңесі біздің университетімізде 2016 жылдың 27 сәуірінде халықаралық қатысыммен студенттер мен жас ғалымдардың 56 ғылыми конференциясы болатынын хабарлайды.

Конференция секциялары:

1. Фундаменталды ғылымдағы жас ғалымдар;

2. Клиникалық медицинадағы жас ғалымдар;

3. Сараптамалы медицина;

4. Морфология (анатомия және гистология);

5. Физиология;

6. Экология;

7. Гигиена (жалпы, еңбек, балалар және жасөспірімдер, коммуналды);

8. Қоғамдық денсаулық сақтау;

9. Ішкі аурулар мен аралас пәндер;

10. Хирургиялық аурулар мен аралас пәндер;

11. Акушерия және гинекология;

12. Педиатрия;

13. Стоматология;

14. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар;

15. Филологиялық ғылымдар;

16. «Actual problems of medicine and education» (ағылшын тілінде);

17. Колледж студенттері мен оқушылары секциясы;

18. Постерлік баяндамалар секциясы.

АҚПАРАТ


Конференцияның өткізілетін орны: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің оқу-зерттеу ғимараттары, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Маресьев к., 68.

Конференцияның өтетін уақыты: 09.00 – 18.00.

Конференцияның ресми тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру шығындары: БҚММУ студенттеріне -1500 теңге, шетелдік қатысушыларға-1500 теңге. Шетелдік қатысушылардың күндізгі қатысымына төлем тіркеу кезінде жүргізіледі. Төлемақы университет кассасы арқылы жүргізіледі (2 дәріс залына қарама-қарсы). Чек көшірмесін ұйымдастыру комитетіне тапсыру қажет.

өлемге арналған реквизиттер: РГП "ЗКГМУ им.Марата Оспанова" с НС МЗ РК БИН 990240007563 ИИК KZ 328560000000064698 БИК KCJBKZKX АО “Банк Центр Кредит” “55 ғылыми конференцияға” белгісімен.

Тезистерді ресімдеудің талаптары:

Тезис Microsoft Word мәтіндік редакторында, барлық ақжол 2 см-ден ресімделеді. Шрифті: KzTimesNewRoman немесе TimesNewRoman, 12 кегль, жолдар арасындағы аралық - бірлік, форматтау «аралықсыз». Автоматты түрде тасымалданады және ені бойынша түзетіледі. Тезистің өзектілігі, мақсаты, материалдары мен әдістері, нәтижелері мен талқылаулары, қорытындысы мен әдебиеттер тізімі болуы тиіс. Түпнұсқалық тезис мәтінінің көлемі Microsoft Word (жолдардың саны - жұмыстың атауын, авторларды, 3 дерек көзінен артық емес әдебиет тізімдерін қоса алғанда 39 жолдан кем емес және 50 жолдан артық болмауы тиіс) редакторында 1 парақтан аспауы тиіс. Әдебиеттер тізімі БМЖМС 7.1-2003 талаптарына сәйкес ресімделеді.

Мәтінде символдарды жартылай қоюға және курсив шрифтімен айқындауға, мәтінде кестелер, суреттер, фотолар, диаграммалар, графиктерді қолдануға болмайды. Тезисті ресімдеудің үлгісі: 1-қосымшаны қараңыз.

Тезис А4 форматында 1 дана, кафедра жетекшісі мен ғылыми жетекшінің қолдарымен расталуы тиіс. Талаптарға сәйкес келмейтін тезистер қабылданбайды. Тезисті белгіленген мерзімінен (жіберген күні бойынша) кешіктіріп алған жағдайда, ғылыми жұмыстар жарияланбайды.

55 мерейтойлық конференциясына тіркеу үлгісінің сілтемесі Марат Оспанов атындағы БҚММУ ресми сайтында және Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ «Вконтакте» ресми паблигінің бекітілген жазбасында бар.

Түпнұсқалық тезис мәтінінен кейін:

қазақ тіліндегі жұмысқа орыс тіліндегі РЕЗЮМЕ және ағылшын тіліндегі SUMMARY (екі түйіннің мәтіні 5 жолдан артық болмауы керек) қоса берілуі тиіс;

орыс тіліндегі жұмысқа қазақ тіліндегі ТҮЙІН және ағылшын тіліндегі SUMMARY (екі түйіннің мәтіні 5 жолдан артық болмауы керек) қоса берілуі тиіс;

ағылшын тіліндегі жұмысқа қазақ тіліндегі ТҮЙІН және ағылшын тіліндегі SUMMARY (екі түйіннің мәтіні 5 жолдан артық болмауы керек) қоса берілуі тиіс;

басқа елдің студенттерінің жұмысында орыс тіліндегі РЕЗЮМЕ және ағылшын тіліндегі SUMMARY (екі түйіннің мәтіні 5 жолдан артық болмауы керек) ресімделеді;

ТҮЙІН, РЕЗЮМЕ және SUMMARY тақырыбында автордың тегі және инициалы, ЖҰМЫСТЫҢ АТАУЫ, тиісті тілде оқу орнының атауы ресімделеді.

 

Тезистің ресімделу тәртібі:



Бірінші азат жол - автордың тегі мен инициалы (бірлескен авторлар үтір арқылы, авторлар бесеуден артық болмауы тиіс).

Екінші азат жол - барлығы бас әріппен ЖҰМЫСТЫҢ АТАУЫ.

Үшінші азат жол - жұмыс орындалған кафедра мен курс.

Төртінші азат жол - ғылыми жетекші(лері)нің Т.А.Ә. және ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.

Бесінші азат жол - оқу орнының атауы.

Алтыншы азат жол - қаласы мен елі.

Келесі азат жол - әдебиеттер тізімі мен тезис мәтіні.

Тезис мәтінінде өзектілігі, мақсаты, материалдары мен әдістері, нәтижелері мен талқылау, қорытынды мен әдебиет тізімдерінің болуы міндетті.

Кафедра жетекшісі мен ғылыми жетекшінің қолдарымен расталған тезис мәтінін Ақтөбе қ., Маресьев көш., 68, №1 ОЗК, №103 кабинетте орналасқан Марат Оспанов атындағы БҚММУ Студенттік ғылыми қоғамының кеңесіне ұсыну және тезисті жарияланымға беру үшін онлайн тіркеуден өту керек.

2016 жылдың 20 сәуіріне дейін!

Ауызша баяндама: сөз сөйлеу – 7 мин. дейін, талқылау – 4 мин. дейін. Слайдты презентациялар Microsoft Power Point бағдарламасында шаблонға сәйкес ресімделуі тиіс, 2-қосымшаны қараңыз.

 

Постерлік баяндама: барлық талаптарға сәйкес баяндама тезисі материалдар жинағына міндетті түрде ұсынылуы тиіс, постердің өзі конференцияның (постердің тақырыпшасы жинақтағы тезисті рәсімдеумен тең) жұмыс тіліндегі мәтінімен, 100х90 см форматында ресімделуі және міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Рәсімдеу үлгісін – 3 қосымшадан қараңыз.



 

 NB!!!


1. Осы талаптарға сәйкес келмейтін тезистер қабылданбайды.

2. Жинақ материалдары конференция болатын күні тек бірінші авторға немесе өтініш берген баяндамашыға беріледі.

3. Ұйымдастыру комитеті жұмыс рецензиясын, секция бойынша баяндамаларды бөлу, мақала мәтінін редакциялау және түзету құқығын (орфография және пунктуация) өзіне қалдырады.

4. Ұйымдастыру комитеті тезис мәтінінің мазмұнына жауап бермейді.

5. Барлық өтініш берген постерлер конференция басталарға дейін ұйымдастыру комитеттінің рецензиясынан өтуі тиіс.

6. Конференцияның бағдарламасына тек ауызша және постерлік баяндамалар ғана енгізіледі.

7. Ұйымдастыру комитеті баяндамалар саны көп болған жағдайда ауызша баяндамаларды іріктеу құқығын өзіне қалдырады.

 

Ұйымдастыру комитеті:



1. Бекмұхамбетов Ербол Жасуланұлы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ ректоры;

2. Джаркенов Тимур Ағатайұлы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ ғылыми-клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры;

3. Түсіпқалиев Асылбек Балашұлы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ оқу және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры;

4. Саханова Светлана Калиуллақызы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ ғылыми – практикалық орталықтың жетекшісі;

5. Баспақова Ақмарал Мұхамеджанқызы – ғылыми зерттеулер менеджменті бөлімінің жетекшісі;

6. Раманқұлова Айгүль Болатқызы – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ ғылыми жетекшісі;

7. Медовщиков Вадим Владимирович – Марат Оспанов атындағы БҚММУ ЖҒК төрағасы;

8. Оразбаева Камила – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ төрағасы;

9. Нұрмағамбет Ақтөре – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ төрағасының орынбасары;

10. Кальманова Айман – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ төрағасының орынбасары;

11. Сабыр Мадина – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ төрағасының орынбасары;

12. Гутарёв Антон – Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ ғылым бойынша кеңесші.

 

Байланыс ақпараттар:



1. Қазақстан Республикасы Ақтөбе қ., 030019, Маресьев көшесі, 68, Студенттік ғылыми қоғам;

2.http://zkgmu.kz – Марат Оспанов атындағы БҚММУ ресми сайты;

3.http://vk.com/sno_zkgmu - Марат Оспанов атындағы БҚММУ СҒҚ «В контакте» ресми паблигі;

4.snozkgmu@gmail.com – СҒҚ кеңесінің электронды поштасы;

5. Оразбаева Камила–http://vk.com/kamila_orazbaeva,+77078078601;

6. Гутарёв Антон–http://vk.com/id22552262,+77771803764;

7. Медовщиков Вадим–http://vk.com/medovchshikov;



8. Кальманова Айман - https://vk.com/shok_puding, +77752861048

 

КОНФЕРЕНЦИЯДА КЕЗДЕСКЕНШЕ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет