Ұлытау ауданының әкімі Хамит Нұрланұлы Омаровтың өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау барысындағы 2013 жылы атқарған жұмысы туралы қорытынды есебі
Құрметті жерлестер,
ардақты ағайын!
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында аудандық маңыздағы қалалардың, селолық округтердің, селолық округ құрамына кірмейтін поселкелер мен селолардың әкімдерін сайлауды өткізу туралы тапсырма берген болатын.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қазақстан тарихында алғаш рет жергілікті билік органдары басшыларының сайлауы өтіп, баламалы негізде жергілікті мәслихат депутаттары селолық әкімдерді сайлады.
Әкімдердің тиімді жұмыс істеуі үшін жергілікті билік органдарының құзыреті мен халықпен жұмыс істеу мүмкіндіктері күшейтілді. Бүгінде жұмыс жүргізу үшін қажетті барлық материалдық-қаржылық және кадрлық ресурстар шешілді. Биылғы жылы күшіне енген жаңартылған заңнама бойынша оларға заң жүзінде 67 функция бекітіліп берілді, оның өзі іс жүзінде жергілікті маңыздағы барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік береді.
Күні кеше 2014 жылдың 17 қаңтар күні Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады.
Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз.
Стратегиялық құжатқа инновациялық индустрияландыру, агроөнеркәсіп кешені, инфрақұрылым, шағын және орта бизнесті, ғылымды дамыту т.с.с. халық мүддесіне, еліміздің мәңгілік болашағына арналған елеулі мәселелерді енгізген.
Құрметті жиынға қатысушылар біз бүгін 2013 жылы Ұлытау ауданы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелеріне сараптама жасап және алдағы уақыттағы жұмыс ауқымын айқындау, жобалау мақсатында халықтың тілегі мен сұранысын, талабын тыңдап, алдымыздағы мерзімді кезеңге арналған міндеттерді белгілегелі отырмыз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы қаңтар айындағы жолдауында Ұлытау ауданының территориясынан өтетін Жезқазған – Сексеуіл және Арқалық – Шұбаркөл бағытындағы салынатын теміржол құрылысы үлкен қолдау тауып, 2012 жылы құрылыс жұмыстарын бастау жөнінде тапсырма берген болатын. Құлазып жатқан далаға шойын жолы түсіп, тіршілік пайда болатындығына ауылдың үлкен кішісі бірдей қуанды десек артық айтпаған болар едік. Бүгінгі танда теміржол құрылысы қарқынмен жүргізіліп аяқталуға жақын.
«Жезқазған-Бейнеу» темір жол құрылысының 387 шақырым жері Ұлытау ауданының Қарсақбай кенттік округі, Жанкелді, Қоскөл селолық округтері, ауданның Қызылорда облысына, Ресей Федерациясына жалға берген жерлері арқылы өтеді.
Ал, «Арқалық-Шұбаркөлдің» бойында Терісаққанмен қатар, Майбұлақ атты жаңа елді мекен пайда болады. Бұл жолдың аудан аумағынан өтетін бөлігі – 140 км. Егінді алқаптарға анағұрлым жақын орналасар Терісаққан, Майбұлақ станцияларының келешегі зор болмақ.
Барлық станциялар мен разьездерге тұрғын үйлер салынып, жаңадан халық қоныстанады, мал өсіріп, бау-бақша егіп ауданның негізгі тұрғындарының санының көбейуіне үлкен септігін тигізеді. Сондай-ақ темір жол бойындағы елді мекендер қажетті әлеуметтік нысандар ФАП, мектеп, балабақшалармен қамтамасыз етіледі, жолдар жөнделіп, электр энергиясымен қамтамасыз ету орталықтары, жаңадан ұялы байланыс жүйелері іске қосылатын болады.
Осыдан бірер жыл бұрын ғана Үкімет қабылдаған Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары қайтадан толықтырылып 2013 жылдың 31 желтоқсанында қабылданды. Бұл құжатта ауданымызға байланысты бірнеше үлкен жобалар - атап айтқанда индустриялды иновациялық даму бағытында 4 жоба және Ұлытау селосындағы спорт кешені, кәріз жүйесін салу, ауылшаруашылық саласын дамытуға бағытталған мал бордақылау алаңы, жүн өндеу, сүт қабылдау жұмыстарын іске қосу енгізілген. Жалпы осы кешенді даму бағдарламасы бойынша 14 іс – шара жоспарланып 7 млрд 292 млн теңге қаржы қаралған. Оның 1 млрд 114 млн теңгесі республикалық бюджеттен, 296 млн теңге жергілікті бюджеттен және 5 млрд 818 млн теңге бюджеттен тыс қаржыдан қарастырылған.
Жыл басынан бері 35 әкімдік өткізіліп, осы мерзімде 430 қаулы мен 309 өкімдер, 1 шешім қабылданды. Аудан әкімінің аппаратына 837 өтініш түсті (682 жеке тұлға, 155 заңды тұлға). Аудан әкімінің жеке қабылдауында 277 азамат болды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аудан, кент, ауылдық округтерде, дербес атқарушы органдарда штат бірліктері бойынша 141 мемлекеттік қызметшілер болу керек болса, 2013 жылдың қорытындысы бойынша нақты 104 мемлекеттік қызметкерлер жұмыс атқарады. Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау, біліктілігін көтеру мақсатында Қарағанды облысы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру аймақтық орталығынан 19 мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру курсынан дәріс алса, 8 мемлекеттік қызметкер қайта даярлаудан өтті.
Экономиканың нақты секторы
Аудан бойынша өндіріс өнім көлемі шағын кәсіпорындардың көрсеткіштері 2013 жылдың 12 айында 370 млн 192 теңгені құрады. Өнімдердің нақты көлемінің индексі есептегі кезеңі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,8 %.
Қаңтар-желтоқсан айларына жоспар 260,0 млн теңге болса нәтижесі 370 млн 192 мың теңгеге орындалды.
Тау-кен өнеркәсібі бойынша өнімдердің нақты көлемінің индексі есептегі кезеңі өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 100,6 %.
Шағын кәсіпкерлік саласы.
Шағын бизнес саласында 2013 жылдың қаңтар- желтоқсан айында бөлшек тауар айналымының нақты көлемінің индексі 107,8 % құрап отыр.
Шағын кәсіпкерліктің белсенді кәсіпорындары санының өсу қарқыны 100 % болды. 2013 жылдың 12 айында 964 жеке тұлға және 24 заңды тұлғалар қызмет көрсетіп отыр. Тікелей талдай келсек, барлығы – 988 шаруашылық жүргізуші нысандар қызмет жасайды. Сол сияқты, осы салада 3330 адам жұмыспен қамтылды.
Өндірілген өнім көлемі 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 7 млрд 349 млн теңгені құрады. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 131,1 пайызды құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі
Ұлытау ауданы бойынша салушылардың меншік нысаны бойынша негізгі капиталға 2013 жылдың қаңтар-желтоқсан айында 69 млрд 477 млн 354 мың теңгеге инвестиция салынып отыр. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 674 пайызға артық орындалды.
Қаржылық көрсеткіштері
2013 жылдың қорытындысы бойынша Ұлытау ауданының бюджетінің түсімдері жоспардағы 2 млрд 918 млн 816 мың теңге орнына 3 млрд 453 млн 857,5 мың теңге болып қалыптасты.
Аудан бюджетінің шығыстар бөлігі жоспардағы 2 млрд 918 млн 816 мың теңге орнына 2 млрд 914 млн 323 мың теңге болып игерілді, немесе 99,85%.
Игерілмей қалған қаржы 4493,0 мың теңгені құрады.
Индустриальды-инновациялық жоба
Бүгінгі күнге Ұлытау ауданы бойынша мемлекеттің 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасының қолайлығына байланысты біршама жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, «Самға» ЖШС-і Ұлытау ауданына қарасты Никольское кен орнында ұнтақтау-сұрыптау жұмыстарын жүргізіп отыр.
Бұл кен орнында 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Шығарылатын өнім қазіргі темір жол құрылысында, тас жолдар салуда үлкен сұранысқа ие.
Осы жұмыстардың барлығы «Самға» ЖШС-нің өз қаражаты есебінен және аудан әкімдігінің қолдауы негізінде жүргізіліп отыр.
Аудан экономикасының өсуіне қосымша инвестициялар тарту, қойнауы қазба байлықтарға бай ауылымыздан жаңа кен орындарын ашуға ықпал жасап, жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жақында қабылданған Жезқазған, Сәтпаев қалаларымен Ұлытау өңірінің әлеуметтік экономикалық дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасында жалпы құны 2 млрд 995 млн теңге тұратың 4 жоба қамтылған. Олар Жезді кентінде марганец кешенің жандандыру, Қарсақпай мыс қорыту зауытында минералды техногендік мыс өндіру, Қияқты кен орынында көмір шығару т.б.
Сондықтан аудандық кәсіпкерлік бөлімі барлық кент, село әкімдерімен бірлесе отырып индустияландыру картасына сәйкес жаңа жобаларға барынша қолдау көрсетіп өндіріс мүмкіндіктерін кеңейту жолын бірлесіп қарастыруды қолға алғандары жөн. Сондай-ақ инвестиция көлемін нығайту, өндірісті модернизациялау жөнінде және жобалар іздестіру үшін нақты іс шара жасау қажет.
Ауылшаруашылық саласы
Аудан бойынша 862 шаруашылық тұрақты жұмыс істейді, оның: 817 шаруа қожалығы мал шаруашылығымен, 45-і егін шаруашылығымен айналысады
2014 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы малдары: ірі қара – 38736 бас (102.4%), оның ішінде сиыр 21328 бас (105,0%), қой-ешкі – 157630 бас (100.1%), жылқы – 20686 бас (109.9%), түйе – 300 бас (109.1%), құс – 6915 бас (100.4%).
(Слайд 13)
2014 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы мал өнімдерінің өндірісі: Ет – 5999,7 тонна (101,0%), Сүт – 23748,4 тонна (110,3%), жұмыртқа – 811,6 мың дана (102,5%), жүн 271,8 тонна (100%).
2013 жылы Ұлытау ауданындағы ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы 9803,2 млн теңге, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі 6589,7 млн теңге, өсімдік шаруашылығы өнімі 3206,1 млн теңге, ал қызметтер 7,4 млн теңгені құрады.
2014 жылдың 1-ші қаңтары қортындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы (ИФО) 115 %.
2013 жылы 121 мың тонна мал азығы дайындалды (130,1%).
Аудан бойынша асыл тұқымды ірі қара 461 бас, яғни үлес салмағы 1,0%, бүгінге аудан бойынша 2 репродуктор тіркелген («Жауғашты»ш/қ. қазақ ақ бас тұқымы, «Рахымбек» ш/қ. әулиекөл тұқымы). Ал асыл тұқымды 2 қой шаруа қожалығы бойынша 8780 бас, яғни үлес салмағы 5,9%.
«Ет әлеуетің дамыту» бағдарламасы аясында 2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – нан аудан бойынша 9 шаруа қожалығы 48 млн 130 мың теңге несие алды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ – нан 3 шаруа қожалығы 58 млн 390 мың теңге несие алды.
2013 жылы лизингке 3 шаруа қожалығына үш МТЗ – 80 трактор және бір «Лида» комбайн техникасы алынды.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 39 шаруа қожалығы 3706 аналық басқа селекциялық және асыл тұқымды жұмыстарды жүргізуге 14 мың теңгеден 49 млн теңге, осы бағдарлама бойынша 25 шаруа қожалығы 98 бас асыл тұқымды бұқа, 3 бас асыл тұқымды қашар сатылып алынғаны үшін 50 пайыз женілдетілген 13 млн 720 мың теңге субсидия төленді.
Мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2 шаруа қожалығы 13 тонна жылқы етіне 1200,0 мың теңге, 5 шаруа қожалығы 24 тонна қой етіне 2402,5 мың теңге, 5 шаруа қожалығы 17,7 тонна қымызға 1064,3 мың теңге, және 30 аналық сиыры бар 75 шаруа қожалығы аналық басын сақтауға және мал азығы үшін 5959 мал басына 4500 теңгеден 26 млн 815,5 мың теңге субсидия алды.
2013 жылы Үкімет тарапынан 200 млн теңге көлемінде ауылшаруашылық тауар өндірушілерге субсидия төленді.
Көктемгі егістік науқанында 24980 га жерге егін алқабына тұқым сіңірілген. Оның 1850 га арпа, 200 га мақсары, ал қалған 22970 га алқапқа бидай егілді және 34 га картоп, 10 га алқапқа бау-бақша егілді.
Жалпы алынған астық 29736 тонна, өнімділігі 12 ц/га. 2000 тонна тұқым құйылды. 2013 жылы 3,5 мың тонна 80 пайыз жеңілдетілген көп жылдық екпе шөптің (житняк) тұқымы алынып егілді. Мақсарыдан 10 ц/га алынып, 200 тонна мақсары дәні алынды.
Зиянды организмдерге қарсы 2013 жылы 10,0 мың гектар үйірсіз шегірткеге, 40,0 мың гектар үйірлі шегірткеге жұмыстар жүргізілді.
Аудан бойынша тұрақтандыру қорынан 2013 жылдың каңтар-тамыз айларына бөлінген арзандатылған, килограмы 49 теңгеден 200 тонна ұн мен килограмы 15 теңгеден 502 тонна кебек халыққа босатылды.
Нанның бағасын тұрақтандыруға наубайханаларға қаңтар-тамыз айларына 47 теңгеден 80 тн ұн бөлінді (Ұлытау, Жезді, Қарсақбай). Қалған селолық округтерге арзандатылған ұн таратылды.
Білім саласы
Аудан көлемінде жалпы 24 білім және тәрбие беру ұйымы бар, оның ішінде 15 орта, 2 негізгі мектеп, 5 бала-бақша, 2 мектептен тыс білім беру ұйымы (музыка мектебі, оқушылар үйі).
1.Мектепке дейінгі тәрбие
Бүгінгі таңда аудан бойынша 5 балабақша және мектептер жанынан 15 шағын орталық жұмыс істейді. Аталған мектепке дейінгі мекемелерде 975 бала тәрбиеленуде. Бүгінгі таңда “Балапан ” бағдарламасы аясында мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100 пайызды көрсетіп отыр.
Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі
Ұлытау ауданының білім бөліміне қарасты мектептерді 2012-2013 оқу жылында жалпы 144 түлек бітіріп (138-қазақ, 6–орыс бөлімі), оның 121 ҰБТ-ға қатысып, 16-і мектеп сынағынан өтті.
Оның ішінде ЖОО-на түскені 71 (50%), грант иегері атанғандар 8 (5,6%), ақылы негізде 63 (44,3%).
Колледждерге түскені 64 (45%), грант иегері атанғандары 10 (7%), ақылы негізде 54 (38%).
Жалпы ЖОО, Колледжге түскен оқушы саны 137 (96,4%-ды құрап отыр).
2013 жылғы Ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесі бойынша төмендегідей көрсеткіштер анықталды:
Жалпы аудан бойынша
-
2013 жылы ҰБТ орташа балл көрсеткіші 55 (қазақ сыныбы 54,7 орыс сыныбы 59,7%), жалпы балл саны 6650
Ұлытау ауданы бойынша Алтын белгіге үміткер 9 оқушының 2-і ғана Алтын белгі иегері атанды.
Бұл аудан мектептерінде ҰБТ-ге дайындық жұмыстарының жүйесіз жүргізілгенінің нәтижесі. Қала, аудандар арасында оқу жылы қорытындысы бойынша ең төменгі көрсеткішке жетіп отыр. Республикалық, облыстық фестивальдар, тақырыптық конференциялар, әр-түрлі сайыстарға қатысу динамикасы мониторингі бойынша төменгі деңгейде, сондықтан аудандық оқу бөлімінен алдағы уақытта жүйелі мақсатты жұмыс жүргізуді талап етіледі.
3. Ақпараттандыру
Мектептердің барлығы компьютермен –100 пайызға қамтылған. Бігінгі таңда 14 мектепке «Астел» байланыс қондырғылары орнатылып, интернетке қосылу 100% көрсетіп отыр. «Астел» байланысын қосуға аудандық бюджеттен 13 млн теңге бөлінді.
Аудан мектептерінде ескірген компьютер саны 115 дана, қазіргі таңда қолданыстағы жаңа үлгідегі компьютерлер саны 573 дана.
Аудан бойынша 1 компьютерге шаққанда 3,5 оқушыдан келеді. (Облыс бойынша 1 компьютерге 10, республика бойынша 18 баладан).
Мектептерде 14 интерактивтік тақта, 3 лингафонды, 9 мультимедиялық, 7 биология, 4 химия, 6 физика кабинеттері бар.
2013 жылы 7 дана жоғары технологиялық құралды (интерактивтік тақта) алу үшін жергілікті бюджет есебінен 24 млн 500 мың теңге, сондай-ақ жаңа модификациялық 3 дана физика кабинетін алуға 12 млн 300 мың, 4 химия кабинетін алуға 16 млн 400 мың, 4 биология кабинетін алуға 16 млн 400 мың теңге қаражат бөлінді. Бүгінгі таңда аталған кабинеттер мен қондырғылар толығымен орнатылды.
Республикалық бюджет есебінен 1 химия кабинетін алуға 4 млн 097 мың теңге қаражат бөлінді.
«Bilim al» білім порталын мектептерге орнатуға бюджеттен 6 млн 664 мың теңге бөлінді.
4.Мектептерінің материалдық-техникалық базасын нығайту
2013-2014 оқу жылының қыс маусымына дайындығы бойынша айтатын болсақ, жалпы бөлінген көмір 5490 (бес мың төрт жүз тоқсан) тонна. Барлық көмір мектептерге толығымен жеткізілді.
Көмірді сатып алуға бөлінген қаржы 19 млн 695 мың, тасымалдауға бөлінген қаржы көлемі 22 млн 833 мың теңге.
№3 Аманкелді орта мектебінің спорт залына «2020 бағдарламасы» аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп қазіргі таңда спорт зал толығымен пайдалануға берілді. Бөлінген қаржы 17 333,0 мың теңге.
№1 Ұлытау орта мектебінің жылу қазандығына, апаттық жағдайда тұрған дәретханасына 2 600,0 мың теңгеге жобалық-сметасы жасалынып, жөндеу жұмыстары аяқталды.
№4 Қаракеңгір орта мектебінің жылу қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгінгі күні пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен жөндеу жұмыстарына бөлінген қаржы 10 млн 292 мың теңге.
Аудандағы білім ұйымдары ғимаратының шатырларын өртке қарсы залалсыздандыру мақсатында және өртке қарсы дабыл қақыш жүйелерін тексерістен өткізуге аудандық бюджеттен 7 млн 177 теңге бөлініп, жұмыс толығымен аяқтады.
№10 Борсеңгір орта мектебінің спорт залына 913 мың теңге және жылу қазандығына 3 млн теңге бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5.Спорт
Ауданда барлығы 55 спорт кешені бар. Оның ішінде 26 спорт алаңдары, 19 спорт залдары, 6 нысана көздеу тирлері, Дене тәрбиесі мен спортпен 2710 адам шұғылданады.
Аудандағы 18 білім беру мекемесінде 17 спорт залдарында 394 оқушы 42 спорттық секция мен үйірмелеріне қатысады.
Ауданда жалпы 22 облыстық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар, олардың ішінде 6 спортшы республикалық деңгейде жүлдегер атанған.
Аудан аймағында 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істеп, онда спорттың 8 түрімен 390 бала қамтылған. Аудан бойынша бұқаралық спортпен айналысатын адам саны 2012 жылы 7,7 пайыз болса 2013 жылы бұл көрсеткіш 13 пайызды көрсетіп отыр.
Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының 2012-2020 жылдарға әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарында жалпы құны 260 млн теңге құрайтын спорт кешенінің құрылысы 2017 жылға жоспарланған.
Бүгінгі күнге аудан бойынша апатты жағдайда тұрған Алғабас селолық округінде 80 орындық орта мектеп пен жылу қазандығының құрылысын салуға құрылысын салуға қаражат бөлінді. Құрлыстын жалпы құны 255 млн 900 мың теңге.
Сонымен қоса № 1 Ұлытау орта мектебіне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджет есебінен – 39 млн 482,0 мың теңге бөлінеді деп жоспарлануда.
Жергілікті бюджеттен мектептерге компьютер жабдықтарымен сатып алуға – 10 млн 620,0 мың теңге, мектептер мен балабақшаларға видео бақылау орнатуға – 26 млн 900,0 мың теңге, Қарсақбай кентіндегі «Балдәурен» балабақшасын абаттандыру жұмыстарына – 12 млн 572,0 мың теңге қаржы бөлініп отыр.
Денсаулық сақтау саласы
Аудандық орталық ауруханасына қарасты:
-
1 орталық аурухана,
-
1 селолық бөлімшелік аурухана (Жезді кенті),
-
5 дәрігерлік амбулатория (Қаракеңгір, Қарсақбай, Жетіқоңыр, Аманкелді, Егінді),
-
7 медициналық пункт (Қарақұм, Шеңбер, Алғабас, Аралтөбе, Сарысу, Терсіаққан, Байқоңыр) жұмыс істейді.
Орталық ауруханада барлығы 17 дәрігер, 73 орта буын мамандар бар. 10 мың халық санына дәрігердің қөрсеткіші бойынша 12,1, орта буын бойынша -53,0. 2013 жылы жоспар бойынша жоғарғы санатқа 1 дәрігер жоғарғы біліктіруді арттыру өтті.
Барлық дәрігерлер мен орта буын медбибілері аттестациядан өтіп, толығымен сертификатпен қамтамасыз етілді. Биылғы жылы 1 фтизиатр дәрігері, 3 медбибі жаңадан жұмысқа орналасты.
Аудан көлемінде барлық елді мекендер дәрігер, фельдшерлермен қамтамасыз етілген яғни аудан халқы медицина қызметімен толық қамтылған.
Аудан бойынша 2013 жылы аналар өлімі және 1 жасқа дейінгі балалар өлімі тіркелген жоқ.
Флюрографиялық тексерістің жоспары - 6578 адам, қаралғаны – 4494 адам, пайызы 67,6. 2012 жылы көрсеткіш бойынша туберкулез ауруымен 19 адам, 2013 жылы 10 адам тіркелген, яғни 9 адамға төмендеген.
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 2013 жылы республикалық бюджеттен 13 млн 200 мың теңге бөлініп Қарсақпай, Байқоңыр, Терісаққан, Алғабас, Борсеңгір, Қарақұм елді мекеніндегі денсаулық сақтау бөлімшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Осы бағдарлама аясында биылғы жылы республикалық бюджет есебінен 107 млн теңгеге Жезді, Бозтұмсық, Қарсақпай, Жыланды, Мибұлақ, Сарлық кент, селоларында денсаулық сақтау бөлімшелері күрделі жөндеуден өткізіу және Ұлытау мен Қарсақпай кентінде 2 дәрігерлік отбасылық амбулатория нысаны 150 млн 200,0 мың теңгеге салынады деп жоспарлануда. Сонымен қоса медициналық (5 дана) қондырғылар алуға 2725,0 мың теңге, жедел жәрдем автокөліктерін (3 дана) алуға 8250,0 мың теңге қаржы бөлінуде.
Мәдениет саласы
Ауданға қарасты 15 селолық округтің 14-де мәдениет және клуб үйлері толыққанды жұмыс істеп, халыққа қызмет көрсетуде.
Аудандағы жұмыс істеп тұрған барлық мәдениет және клуб үйлеріндегі штат саны - 285. Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне 2013 жылы аудандық бюджеттен 288 млн 730,0 мың тенге қаржы бөлініп толығымен игерілді.
Жыл басынан бері ауданда бекітілген іс - шараларға сәйкес тұрақты түрде мәдени іс - шаралар өтіп тұрды. Барлық өткізілген мәдени іс - шаралардың саны кітапханалар бойынша 750, мәдениет және селолық клуб үйлері бойынша 340, өткізілген іс - шараларға 7821 көрермен қатысты. Аудандық мәдениет үйіне қарасты 54 құрылымдар жұмыс істейді оған қатысушылар саны 623 адам. Ауданда Халықтық «Ұлытау сазы» фольклорлық ансамблі және Жезді кентінде «Жезді жұлдыздары» ансамблі жұмыс істейді. Зерде бейне кешені 2013 жылы 90 іс – шара өткізіп 2500 адамды қамтыды.
Аудан бойынша бүгінгі күнге Ақтас кентінде клуб үйі жок. Бірақ Ақтас кентіне биылғы жылы клуб ашу үшін 1 тұрғын үйді сатылып алынған. Жергілікті бюджеттен 13 млн теңге қаржы бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жасалатын болады.
Әлеуметтік сала
2013 жылдың 12 айында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтінген азаматтардың саны 245 адам болса, былтырғы осы мерзімге өтінгендер саны 333 адам болған.
Есептік кезеңде жұмысқа орналасқан адам саны 170 адам, яғни 69,3 пайызды құрайды. Есепті кезеңдегі жұмыссыздық деңгейі 2,6 пайызды құрап отыр, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға төмендеген (2012 жылдың 11 айында жұмыссыздық деңгейі 3,6% құраған).
Қоғамдық жұмыста жүрген 180 адамға еңбекақының ең төменгі мөлшері 18660 теңгеден орташа ұзақтығы 6 айға 12958,0 мың теңге қаржы аударылып отыр.
2013 жылы 12 айында жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау мақсатында 10 жұмыссыз оқытылды, оқуға жұмсалған қаржы сомасы 801,0 мың теңгені құрады.
Жастар тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарына 6 айға 10 жас маман және 10 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуге жоспарланып, Жастар тәжірибесі бойынша 11 жас маман ауданның әр саласында жұмыс атқарды. Жұмсалған қаржы сомасы 1646,0 мың теңге.
«Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 4 жұмыссызға барлығы 276,0 мың теңге берілді.
18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына жыл басынан 136 отбасы өтініш білдіріп, 437 балаға 6507,8 мың теңге тағайындалып, 6574,2 мың теңге төленді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке 11 отбасының 48 мүшесіне, 920,3 мың теңге тағайындалып, 921,6 мың теңге төленді.
Тұрғын үй жәрдемақысы бойынша жыл басынан өтініш берген 58 отбасының 208 мүшесіне 1352,0 мың теңге тағайындалып төленді.
Ұлытау ауданы бойынша үйлерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде жыл басынан бастап 92 кемтар балалар мен 37 жалғыз басты зейнеткерлер мен мүгедектер есепте тұрады.
«Мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуге, ымдау тілінің мамандарының, жеке көмекшілердің қызмет көрсетуі» бағдарламасына сәйкес, 2013 жылы міндетті гигиеналық құралдар берілді.
Жыл басынан 10 адамға протездік-ортопедиялық құралдарға тапсырыс беріліп, оның ішінде 6 адамға ортопедтік аяқ-киімге, 2 адамға қол протезіне, 1 адамға төс протезіне және 1 адамға фиксациялық кеуде тіреуіші бар жетек арбаға жолдама алды. 3 мүгедек адам сурдотехникалық құралдарға тапсырыс беріліп, оның ішінде 2 адам есту аппаратымен, 1 адам көпфункционалды дабылды жүйемен қамтамасыз етілді. Тифлотехникалық құралдарға 6 мүгедек адамға тапсырыс беріліп, 2 нашар көретін адамдарға арналған қол сағаты берілді.
Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған № 2 медициналық-әлеуметтік мекемесіне демалушыларға 11 адамға жолдама беріліп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» және «Тыл ардагерлері» демалып қайтты.
Көкшетау қаласындағы «Зеленый бор» санаторлық-курорттық емдеу шипажайына 10 мүгедек жолдамамен емделіп келді.
5 ай бойы амбулаторлық емделу кезеніңде тамақтануы үшін аудандық медицина бірлестігі ұсынған тізім бойынша туберкулезбен ауыратын 24 азаматқа 510 теңгеден 150 күнге 43,2 мың теңгеден барлығы 1036,8 мың теңге аударылып берілді.
Село кент округтарының ұйымдастыруымен 6 айда аз қамтамасыз етілген отбасыларына, жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге және көмекті қажет ететін 164 адамға мемлекеттік емес ұйымдардан 3996,1 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Орташа 1 адамға 24366,8 теңге көмек көрсетілді.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша
-
жылы республикалық бюджеттен – 118 млн 816,0 мың теңге қаржы бөлінді.
Бағдарламаның 1-бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша жалпы бөлінген қаржы 58 600,0 мың теңге бөлініп, денсаулық саласы бойынша Қарсақпай, Терсаққан, Алғабас, Қарақұм, Байқоңыр, Борсеңгір, Шеңбер селоларындағы медициналық бөлімшелерді жөндеуге 7 жоба, коммуналдық сала бойынша Қоскөл селосында электр желілерін жөндеуге 1 жоба, білім беру саласы бойынша Амангелді селосындағы спорт залды күрделі жөндеуге 1 жоба барлығы 9 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды. Жұмыспен қамтылған адамдар саны -15.
Бағдарламаның 2-бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 30,0 млн теңге бөлініп, 4 адам 10,5 млн. теңге несие алды. Кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 844,0 мың теңге бөлініп 17 адам оқытылды. Инженерлік инфрақұрлымын дамытуға 10.0 млн. теңге бөлініп, 4 жоба бойынша 6,5 млн теңге игерілді.
Бағдарламаның 3 бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша 2013 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына барлығы 10 адам жұмысқа тартылып, 2,3 млн. теңге бөлінді. Барлық 10 қатысушы тұрақты жұмыс орындарымен қамтылды.
Жастар практикасы бойынша 7 қатысушы жұмысқа орналасып (жоспар бойынша 5 жұмыс орыны), 893,0 мың теңге қаржы игерілді. Алты қатысушы тұрақты жұмыспен қамтылды.
2014 жылға жоспарланған жұмыстар:
Бірінші бағыт аясында 2014 жылы «инфроқұрлымды және түрғын үй- коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» жобалары бойынша Ұлытау ауданы бойынша 309 млн 503 мың теңге көлемінде, оның ішінде:
Коммуналдық сала бойынша 2014 жылы іске асырылатын жобалар Жезді кентіндегі көшелердегі жолдарды жөндеуге 90 млн 721 мың теңге және Ұлытау-Сарлық аралық жолды жөндеуге 72 млн 300 мың теңге, барлығы 163 млн 21 мың теңге.
Білім беру саласы бойынша іске асырылатын жобалар №1 Ұлытау орта мектебін күрделі жөндеуге 39 млн 482 мың теңге;
Барлығы 202 млн 503 мың теңге жоспарланды.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 2014 жылы іске асырылатын жобалар Ақтас, Қарсақпай кенттеріне және Ұлытау селосына денсаулық сақтау бөлімшелерін салуға барлығы 162 млн 800,0 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінеді деп жоспарлануда.
Екінші бағыт аясында «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша 2014 жылға 30 млн теңге және инженерлік инфроқұрылымдарын жетілдіруге 10 млн теңге көлемінде қарастырылды, несие алуға үміткерлердің өтініштерін жинақталып 45 млн. теңгеге 17 адамның тізімін АШҚҚҚ АҚ-на жіберілді.
«Қол жетімді баспана»
Мемлекеттік «Қол жетімді баспана» бағдарламасы бойынша Ұлытау селосының Тайжан көшесіне және ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшеге салынатын бір пәтерлі үш бөлмелі 20 коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы 2013 жылы басталып, 2014 жылдың қазан айында аяқталады деп жоспарлануда. Үйлердің жалпы көлемі 2096,4 шаршы метр. 2013 жылға қаралған қаржы 137 млн 713,7 мың теңге.
Тұрғын үй құрылысының инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылым желілерінің тораптарын тартуға 2013 жылы 81 млн 815,0 мың теңге (РБ есебінен 43 млн 213,0 мың теңге, ОБ есебінен 39 млн 40,0 мың теңге, ЖБ есебінен 34 млн 698,0 мың теңге) бөлініп толығымен игерілді. ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы атындағы көшеге салынған бір пәтерлі үш бөлмелі 20 коммуналдық тұрғын үйлердің және Бұлқышев көшесіне салынған №7 және №8 бір пәтерлі үш бөлмелі коммуналдық тұрғын үйлердің инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылымы жұмыстары толығымен аяқталды.
Алғабас селолық округі Бетбұлақ селосында 80 орындық орта мектеп салуға 255 млн 900 мың теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталады.
Аудан бойынша 2013 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен тұрғын үйді қолданысқа қабылдау жоспары- 3151м2, орындалысы - 3420м2, яғни - 108,5%
Жер ресурстары
2013 жылдың 12 айында 556 шаруа қожалық иегерлерінің құжаттары тексеріліп, құжаттары халыққа қызмет көрсету орталығына тіркеуге жіберілді, қалған 369 шаруа қожалық иегерлерінің 215-і құжаттарын жасатуда, 54-нің мекен-жайы іздестірілуде.
2013 жылы аудан көлеміндегі жер телімдеріне құқық беру мәселелерін қарайтын аудандық комиссия отырысы 40 рет өткізілді, жеке және заңды тұлғалардан түскен 402 өтініш қаралды.
Электр энергиясымен қамтамасыз ету
Республикалық бюджеттен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында 20211,0 мың теңгеге және жергілікті бюджеттен 7889,0 мың теңге қаражат бөлініп, ол қаражатқа Қоскөл елді мекенінің ішкі тоқ желілері және подстанциясы жөнделеді. Қаралған қаражат толықтай игерілді.
Жезді кентінің Абай, Сансызбаев көшелеріне 2600,0 мың теңгеге, Кеншілер, Құттыбаев көшелеріне 5293,0 мың теңгеге, Борсеңгір селосының Сарыарқа, Қазыбекби көшелеріне 3665,0 мың теңгеге 32 жарық бағандары, Сарысу селосының Сүйінбай, Сейфуллин, Тұржанбаев, Уалиханов, Бейбітшілік көшелеріне 3290,7 мың теңгеге 40 жарық бағандары, Қарсақбай кентінің Болман ақын көшесіне 3601,0 мың теңгеге 30 жарық бағандары орнатылды.
Көпсалалы коммуналдық кәсіпорын арқылы Қызыл үй елді мекеніндегі ТМ 35/4-150 трасформаторы жөнделді.
Мибұлақ селолық округіне қарасты Ақкеңсе подстанциясына ТМ-1000 КВ 35/10 трансформаторы айырбасталды.
Көшелерді жарықтандыруды ұстап тұруға 41 млн 320,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
2013 жылы Ұлытау, Жезді, Ақтас елді мекендерінің тоқ желілерімен, подстанцияларды жөндеуге жобалық сметалық құжаттары сараптамасымен қосылып жасалды. 2014 жылы Республикалық бюджеттен 270,0 млн теңге қаржы қаралып жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарлануда.
Ауыз-сумен қамтамасыз ету
Жаз айларында Жезді кентінде су жетіспеушілігін жою мақсатында су жүйесіне ұзындығы 800 метр, диаметрі 159 мм темір тұрба тартылды. Жаңадан екі қуатты насос орнатылды. Осы мақсаттарға 3795,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Ауыз-сумен кәріз жүйесін ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3900,0 мың теңге жұмсалды.
Қоскөл селосының ауыз-су мұнарасындағы 4 жеріндегі кемшіліктер қалпына келтірілді.
Жангелді селосында ЭЦВ-6 скважина насосы жаңадан айырбасталды. Мектепке су құбыры тартылды.
Сарысу селосында жаңадан 4 колонка койылды, 4 құдыққа жаңа қақпақтар орнатылды.
Борсеңгір селосында скважинаға жаңадан қосу механизмі орнатылды. 8 колонканы жөндеуден өткізді.
Пионер елді мекенінде скважина насосына жөндеу жүргізілді.
Ұлытау селосының ауыз суын ұстап тұруға 3000,0 мың теңге, Қаракеңгір селосының ауыз суын ұстап тұруға 2206,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Селолық жерлердегі ауыз су және кәріз жүйесін ұстап тұруға және ағымдағы жөндеу жүргізуге 38 млн 671,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Ұлытау – Саламат – 244 млн теңгеге және Алғабас селосына – 129,4 млн теңгеге ауыз су жүйесін тарту үшін республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 365,0 млн теңгеге жұмыстар жасалады.
Автокөлік жолдарын жөндеу
2013 жылы автокөлік жолдарын ұстап тұру және ағымдағы жөндеу жұмыстарына 20409,0 мың теңге қаражат қаралған.
Қысқы маусымда барлық жолдар уақытылы аршылып отырды, көктемгі су тасқыны салдарынан Амангелді елді мекеніне барар жолдың су шайып кеткен тұсына 3 жерге суағар тұрба салынды, 66 рейс қиыршық тас төселді, жолы биіктетілді. Шеңбер елді мекеніне барар жолдың су шайып кеткен жерлеріне 48 рейс қиыршық тас төгіліп, жол қалпына келтіріледі, 8 сауағар қалпына келтірілді.
Облыстық дәрежедегі Қарақұм, Алғабас бағытына көктемгі қыру тегістеу жұмыстары уақытылы жасалды. Қарсақпайдың жолына ойылған жерлеріне асфальт салынды.
Арқалық бағытындағы жолдың 20 шақырымына материал қосу арқылы жөндеу жұмыстары жасалды.
Автокөлік жолдарында жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 700,0 мың теңгеге Ұлытау селосының көшелеріне жол бедерлері жасалды, Жезді кентінің №6 мектеп алдына және «Айгөлек» балабақшасының алдына жылдамдықты бәсеңдеткіш жасанды жол төмпешіктері орнатылды, 18 жол белгілері жаңартылды, ескілері қалпына келтірілді.
Ауылдық елді мекендердің ішкі жолдарын күтіп-ұстауға 8860,0 мың теңге қаржы қаралды, оның ішінде Ұлытау селосына 5812,0 мың теңге, Жезді кентіне 2666,0 мың теңге бөлінген.
Жоғарыда айтылғандай «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Жезді кентіндегі көшелердегі жолдарды жөндеуге 90 млн 721 мың теңге және Ұлытау-Сарлық аралық жолды жөндеуге 72 млн 300 мың теңге, барлығы 163 млн 21 мың теңге республикалық бюджеттен бөлінеді деп жоспарлануда.
Жергілікті бюджет есебінен Жезді кенті бойынша Бұлқышев көшесінің 750 м және Тоқтыбаев көшесінің 500 м жолдарын орташа жөндеуден өткізуге – 14 млн теңге, Ұлытау селосы бойынша Амангелді көшесінің жолын орташа жөндеуден өткізуге – 12 млн 844 мың теңге, Борсеңгір селосының ішкі жолдарын жөңдеуге – 25 млн 128 мың теңге және аудандық жолдарды ағымдағы жөндеуден өткізуге және ұстап тұруға 20 млн қаржы қаралған.
Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету
2013 жылдың наурыз айында Ұлытау ауданының кенттік, селолық елді мекендерін сәулеттендіру, санитарлық тазалық және көгалдандыру бойынша көктемгі үш айлықты өткізу өкімі жарияланды. Осы үш айлық барысында 14 рет таза бейсенбі күндері және 5 рет сенбілік өткізілді. Осы тазалық бейсенбісімен сенбіліктерге 91 ұжымнан өспелі қорытындымен 7440 адам қатысты, оның ішінде 248 адам қоғамдық жұмыстан қатыстырылды.
Ұлытау селосының «Хандар алаңы», «Алаш арыстары», «Кетбұғы» ескерткіштерінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанына гүл отырғызылды. Тұрғындардың күшімен 300 түп ағаш егілді. «Жасыл ел» бағдарламасы аясында мектеп оқушылары мен студенттерден жинақталған отряд екі ай тазалық жұмыстарымен айналысты.
2013 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 10 млн 940 мың теңгеге ауданның барлық 15 елді мекеніне шағын балалар ойын алаңы орнатылды.
Сарысу ауылының иесіз қалған 3730 тонна қатты тұрмыстық қалдықтары арнайы орынға төгілді, жұмсалған қаржы 1499,0 мың теңге.
Амангелді ауылының иесіз қалған күл-қоқыстарын алуға 3043,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Барлық селолық, кенттік әкімдер бойынша санитарияны қамтамасыз етуге 5132,0 мың теңге қаржы жұмсалды.
Күзгі екі айлық барысында тазалық күндеріне өспелі қорытындымен 6825 адам қатысты. 5724 тонна күл-қоқыс сыртқа шығарылды.
2013-2014 жылдарғы жылу маусымына дайындық.
Ұлытау ауданы бойынша 24 автономдық жылу жүйесі жұмыс атқарады. Осы 24 автономдық жылу жүйесінде 53 қазандық бар, оның 7 резервтік.
Жергілікті бюджеттен қаржыланатын мекемелерге 9654 тонна көмір уақытылы тасылды. Жылу беру маусымы жүйелі түрде қалыпты өтуде.
Құрметті аудан тұрғындары!
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған міндеттерін іске асыру мақсатында, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі атқарушы билік органдары жүргізген ауқымды жұмыстарды саралап алдағы істелер жұмыстарды талдадық.
1 ақпан 2014 жылы облстың әлеуметтік экономикалық дамуының 2013 жылғы қорытындысына арналған облстық әкімдік отырысы өтіп, Ұлытау ауданы әлеуметтік экономикалық дамудың 2013 жылғы қорытындысы бойынша 9 аудан арасында рейтейнгілік көрсеткіште 1 – ші орынды, жалпы 18 аудан, қала арасында 2 орынды иеленіп зор табысқа ие болды.
Бұл аудан тұрғындарының көрсеткен жоғарғы ұйымшылдығы мен дәйекті еңбегінің арқасы. Сондықтан барша аудан тұрғындарын, мекеме, кәсіпорын басшыларын, депутаттар мен мемлшекеттік қызыметкерлерді осы табыстарымен құттықтай отырып үлкен рахметімді айтқым келеді. Келешекте де ұйымдасқан еңбек үлгісін көрсетіп, қол жеткізген табыстарымызды сақтай отырып, туған жеріміздің байлығын еселей түсеміз және биік белестерді бағындыруға қол жеткіземіз деген сенім білдіремін.
Осы мақсатқа жету жолында баршаңызға еңбекте үлкен табыс, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік тілеймін.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |