География сабағы, 8 сынып
СҚО облысы
Г.Мүсрепов облысы
Гаврилов орта мектебі
Аяшева.Ж.С.
Тақырыбы: Қазақстанның ішкі сулары.
Мақсаты:1.Қазақстанның ішкі суларынан алған білімдерін пысықтау, қайталау.
2.Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Отан сүйгіштік тәрбиеге баулу.<<Судың да сұрауы бар>> қоршаған ортаны аялауға шақыру
Сабақ түрі: жарыс сабағы
Әдіс тәсілдері: топтық,ұжымдық, жеке интерактивтік тақтада конверт,картамен жұмыс, электронды оқлықпен жұмыс.
Көрнекілік: Қазақстанның физикалық картасы, 8 cынып атласы,интерактивтік тақта, электронды оқулық.
Сабақтың барысы
1.ұйымдастыру кезеңінде өтілетін сабақтың ерекшілігі туралы айтылады және әділқазылар алқасы сайланып, оқушылар екі топқа бөлінеді.
2. Жаңа сабақ.
Жүргізуші. Біз <<Қазақстанның ішкі сулары>> деген тақырыпта жарыс сабағын бастаймыз.
а) Екі команданың бір- біріне сәлемі.ә) Топ басшылары өз эмблемаларын таныстырады.
3.Жүргізуші. Екі топқа сұрақ қояды.
a) Республика территориясындағы ішкі суларды атаңдар.
ә )Қазақстанның өзендері қандай алаптарға жатады?(Солтүстік Мұзды мұхит алабы, ішкі тұйық алаптар.)
4. капитандар бір -біріне сұрақ қояды.
a) Қазақстанның өзендерінің негізгі ерекшеліктерін ата?
ә )Өзеннің су шығыны дегеніміз не?
5. Екі команда суреттер арқылы өзендерге сипаттама береді.
6.Жарнаьалық үзіліс.
Екі команда мүшелері өзен,көл туралы өлеңдер оқиды.
7.Интерактивтік тақтада.
Электрондық оқулықтан.
2-тапсырма
3-тапсырма
5-тапсырма
8.<<Жұлдызды сағаттан үзінді>>.”Республика жерінде”, “Жер қойнауы” сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, өзендер құрап жазу.
1 1
2 2
3 3
4 4
5
9. Геграфиялық қателіктерді табу.(Конверттің ішіндегі әңгімені оқып, қатесі болса табады.)
1- Балықшының әңгімесі
Бұл оқиға Жайық өъенінде болған еді. Үш күн бойы өзенмен жүзіп келеміз. Үш күннен кейін өзенге Күнгес пен Текес өзендері құяды. Енді өзеннің суы молаяды. Зайсан көліне келіп жеттік. Құмға қыздырынып, суға шомылып, балық аулауға кірістік. Каспий теңізінен бірақ шықтық.
2- топ. Аңшының әңгімесі
Балқаш көлінің маңайы. Біз екі күн бойы көл жағасында түйемен жүрдік. Түйелер әбден шаршады. Көл жағасында құстар көрінбейді. Бір кезде ну қамыстан тауешкі, марал шыға келді. Біз бірнешеуін атып алдық. Су маңайында мұнай өндіріліп жатыр. Су ащы екен. Біраз тырығып, суға шомылып, атқан аңдарымызды алып, Сырдария өзені арқылы жүзіп отырып, ауылға қайттық.
10. “Географиялық орнын тап”ойынын ойнату. Жүргізуші қандайда бір географиялық обьектілерді атауы керек. Оған ойыншылар жауап береді. Жауап берген оқушыға ұпай беріледі.
Жайық- Батыс Қазақстандағы өзен. Бурабай -Көкшетаудағы көл.
11.Қорыту.
12.Үйге тапсырма. Ішкі суларды қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |