Құрметті жерлестер, жиналған қауым! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!



Дата07.07.2016
өлшемі19.53 Kb.
#184167
ҚР Тұңғыш Президенті күніне

арналған құттықтау сөз мәтіні.
Құрметті жерлестер, жиналған қауым! Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Барша қазақстандықтар үшін шын мәніндегі халықтық мерекеге айналып отырған – Президент күні аталып өтуде. Президент күні ретінде 1-желтоқсан таңдалып алынды. Бұған дейін де заманауи Қазақстанның жылнамасына алтын әріптермен жазылып үлгерген бұл күн ендігі жерде айтулы мереке ретінде халқымыздың жүрегіне отаншылдық, патриоттық сезім сеуіп, тойлана беретін болады.

Жылдың 365 күнінің ішінен дәл осы күннің «Президент күні» ретінде таңдалып алуының өзіндік себебі бар. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991-жылдың 1-желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы ақмаңдай асыл ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің тұңғыш президенті атанғаны белгілі. Сол күні сайлауға қатысқан дауыс беру құқығы бар барша азаматтардың 98.78 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс беру арқылы өздерінің тарихи таңдауын жасаған еді.

Бұл жеңіс қазақ мемлекеттігінің мейілінше қиын қалыптасу кезеңінде халық сынынан сүрінбей өткен перзентіне ел тағдырын сеніп тапсырған Қазақстан халқының аса жауапты таңдауы ғана емес, сол перзентінің иығына артылған мың батпан сенімі мен жауапкершілігі болатын. Бұл таңдау бір жағынан жаңа саяси жүйенің ең басты лауазымы – Қазақстан Республикасының Президенті қызметінің зор беделінің де көрінісі іспетті болды.1991 жылдан бастап заманауи қазақ шежіресінің алтын жолдары ретінде жылнамаға жазылды.



Құрметті жерлестер!

Міне, осылай ықылым замандардан бері бабалардан мирас болған мемлекеттігіміз бұдан 22 жыл бұрын заманауи сипатта қайта жаңғырып, дүниежүзінің саяси картасында әлемнің барлық мемлекеттері мойындаған жас мемлекетті құруымызға, мыңжылдықтардан бастау алатын азаттық жолындағы күрес тарихына алтын әріптермен нүкте қойып, ендігі жерде сол азат еліміздің заманауи шежіресін өз қолымызбен жазуымызға мүмкіндік берген жаңа дәуір басталды. Бұл дәуірде Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентімен бірге сенімді түрде алға басып барады.



Құрметті әріптестер! Баршаңызды Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Күнімен шын жүректен құттықтаймын және біздің Президентіміз, Елбасы, аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, отбасы бақытын, тәуелсіз Қазақстанның игілігі мен өсіп-өркендеуі үшін жаңа жетістіктерге қол жеткізуіне тілектестік білдіруге рұқсат етіңіздер!

Барлығыңызға бақыт, мықты денсаулық, еңбекте табыс тілеймін!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет