«Бабалар ұлағаты-ұрпақ аманаты» Тақырыбы



Дата29.02.2016
өлшемі61.85 Kb.
#33337
№ 31 мектеп-гимназиясы

Байкеева Актилек Ертугановна

Бастауыш сынып мұғаілімі

«Бабалар ұлағаты-ұрпақ аманаты»
Тақырыбы: «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн»

Сынып сағатының мақсаты: Оқушы бойында ұлағатты ой түйінін беретін Бауыржан Момышұлының ұлағатты сөздерімен, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында тәрбиелеу.



Бақыт гүлін терген күн – деп, ақын Қадыр Мырза Әли жырлағандай, қазақтың қаһарман қолбасшысы Бауыржан Момышұлының өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, жеңісті дәріптеу, өз Отанын, елін жерін сүюге, оны қорғай білуге, тәрбиелеу.

Міндеті:



  1. Халқымыздың ұлы перзенті, ерліктің ерен үлгісі болған – Бауыржан Момышұлының өмірін үлгі тұту;

  2. Батыр ағаның ерліктері мен еңбектері арқылы өткен тарихымызға қызығушылығын арттыру;

  3. Тарихи тұлғаларды құрметтеуге тәрбиелеу, оқушылырды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу; тарихи көркем шығармалар арқылы ой-өрістерін кеңейту.

түрі: кіріктірілген.

әдісі: сөздік, қойылым, ой түйіндеу

Көрнекілігі: «Бабалар ұлағаты-ұрпақ аманаты» тақырыбында слайд топтамалары,

нақыл сөздер, кітап көрмесі,

«Ежелден ел тілегі – ер тірегі»

Адал ұл туса – ел тілегі»

«Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды»

Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (реферат, бүктеме, салған суреттер,

Өтілу барысы:

Мұғалім: Әр азамат туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін сақтауда тарихын үлгі етеді. Ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін тарихи оқиғалардың баса ауқымдысы Ұлы Отан соғысы. «Ер елсіз болмайды, ел ерсіз болмайды» деп дана халқымыз айтқандай, қан майдандарда қол бастап, елдің намысын жауға таптатпаған батыр бабаларымыз аз емес. Отанын жаудан қорғау үшін көп ұлтты кеңес халқының ішінде қазақ халқы ерекше ерліктермен, аңыздарымен жауға қарсы тұрды. Халық жадында сапында 30 ұлттық өкілі бар Брест қорғаушылырының өшпес ерлігі мәңгі сақталмақ. Қазақстан жерінде жасақталған И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияның 28 батыры Москваны қорғауда тарихта болып көрмеген теңдессіз ерліктің үлгісін танытты. Панфиловшылардың ішінде шын мәнінде болаттай беріктік пен ержүректілік көрсеткен, өз заманында–ақ аты аңызға айналған Бауыржан Момышұлының ерлігі ерекше. Қазақ халқының ардагер ұлы, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының мерейтойына арналған «Бауыржан жұлдызды болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

Әкелсін туын, көтеріп асқақ айбыным,

Қуантып елді, жасартып мәңгі ай, кунін,

Әкелсін туын, шырқалсын өршіл әнұран,

«Мәңгі ізің өшпейді» тақырыбындағы еске алу минуты.
І.Оқушылардың ойларын тыңдау. Поэзия минуты

1.1941 жылғы маусымның 22-сінде фашистік Германия Отанымызға соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады, Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірді. Бұл халық үшін ауыр да қиын кезең болды.

2. Отанымызға қатерлі күн туғанда елін,жерін қорғау үшін көптеген ер-азаматтар майданға аттанды.

С. Мұхамеджановтың «Майданға» әні орындалады.



3. Жауға деген шексіз өшпенділік, Отанға деген қасиетті сүйіспеншілік, жауынгерлерге жеңіп шығу.а деген қайтпас қайсарлық туғызды.

4.Соғыс деген қайдан шықты,

Авторы кім алғашқы?

Есіл адам, есі кетіп,

Оған несін жармасты?!

Бүкіл адам тарихыныңбетін неге қан басты?

5.Соғыс деген – аққан соры ақсүйектің, құлдың да,

Соғыс деген – төккен ары ұлдың және қыздың да..

Соғыс деген – сотқарлардың қолындағы найзасы...

Соғыс деген – зұлымдықтың айнасы.

6.Соғыс даласында қаза тапса да жауды өткізбей қан жұтқан 28 батырдың мынадай ұлағатты өсиетін естен шығару мүмкін емес. «Біз өмірімізді Отан үшін пида еттік. Біздің жансыз денеміздіңжанымызда тұрып көз жасын төкпеңдер. Тістеніп тас түйін болыңдар. Біз қаза таптық, бірақ жеңіп шықтық». Бұл өсиет өшпек емес. Ержүрек панфиловшылардың ерлігін халық есіне мәңгі сақтайды.

ІІ.Ой бөлісу:

Б. Момышұлының өмірі туралы деректермен танысу

ІІІ. Көрініс: «Бауыржан әскерге аттанар алдындағы бейнесі»



Тойтарып анталаған жаудың бетін,

Көрсеткен батырлықтың құдіретін.

Жиырма сегіз батырын туған елім,

Ардақтап мәңгі жасар құрметін.

Тастар көкке атылды,

Орман шулап, тау құлап,

Жиырма сегіз батырды

Жеңе алмайды жау бірақ.
Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі ұрыстарда қазақ жауынгерлері ерлікпен шайқасты. Атап айтқанда – Бауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, т.б. көптеген батырлардың есімі аңызға айналды.
Оқ борайды күні-түні,

Жапты жерді от қарып.

Алға қарай ұмтылды

Батыр қазақ Тоқтаров.


Отанға жаулар қапталды,

Опасыз жаулар тапталды.

Қасиетті жер үшін

Қастерлеп батыр елі үшін.

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.

Ә. Нұршайықовтың сөзіне жазылған «Мәншүк» әні орындалады.

Қазақ халқының жүз жасаған бәйтерегі, алып тұлғасы Жамбыл ақынның жырлары Ленинград үшін шайқастардың ұранына айналды, патриоттық қызмет атқарып, жаңа күш, демеу беріп отырды.

Әскердің берген антындай,

Найзағайдай жарқылдай,

Жауға қарсы тартынбай,

Отан үшін құйылған,

Жамбылдың да жыры бар!
Екі дүние айқасты,

Майдандасқан алаңда

Олар фашист – сұр жылан,

Уын шашқан адамға!

Денеге уын дарытпай,

Езгіледі табанда.

Бейбітшілік орнаттық,

Күн ортақ барлық адамға.


М.Мақатаевтың сөзіне жазылған «Көгершіндер» әні орындалады.
1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен – Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр – Жеңіс күні!

1.

Алақай-ай! Әйгілі,

Тоғызыншы май бүгін.

Алғаш күні шаттықтың,

Соңғы күні қайғының.

2.

Әлем бізді ұққан күн,

Жауды ініне тыққан күн.

Батыр атам алдынан,

Әжем күліп шыққан күн.



3.

Ұлы күшке сенген кун,

Фашистерді женген күн.

Қырмызы гүл, қызыл гүл,

Құшақтарға енген күн,

Ағаларға ерген күн,

Бақыт гүлін терген күн!

4.

Сағындырып жеткен күн,

Қадірі әбден өткен күн.

Тұңғыш рет туған жер

Тәтті ұйқыға кеткен күн!


5.

Иә, аспанымызда жеңіс туы желбірегеніне – 65 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы-мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенге - 65 жыл.

65 жыл – бейбір көктем таң атқалы,

65 – жыл шуақты күн таратты әнін.

Есімде сонан бері алпыс бес рет,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Талай құс содан беріқайта оралды,

Талай бақ әлеміне қайта оранды.

Соғыста өлгендер тек оралмайды,

Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.

65 жыл – үзілмеді құстар әні,

Кетті сұм соғыстың қыспағы әлі.

65 жыл – жауымыздың ажал оғы,

Біздің елдің үстіменен ұшпағалы.




6.

Жеңіс! Иә, расында, бұл сөз бес әріптен тұрса да мән-мағынасы зор. Біз бұл сөзді қуаныш қып, мақтанып айтамыз. Міне, Ұлы Жеңіске 65 жыл болды. Жеңіс күні жыл сайын оралатын ардақты сәт. Осы Жеңіс күнін жасы да, кәрісі де қуанышпен тойлайды. Осы Жеңіс күнін жасы да, кәрісі де қуанышпен тойлайды.



7.

Сен неткен Отан-анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, Ұлы Отаным – қазақ елім.

8.

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге қайта келдім.

Мен, мың да бір тірілдім мәнгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

9.

Желбіре, көгілдір Ту көк аспанда,

Не жетсін жөні келіп жарасқанға.Сен менің құдіретім, кием – дағы,

Айбарың айтсын сөзді адасқанға.

Азаттық аңсарынан кемел қармап,

Мұраты бүгінгініңалыс бармақ.

Атынан Алашымның топқа кірді

Көк туы қазағымның әлем шарлап.




Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған «Елім менің» әні орындалады.



ІҮ.Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет