Құрметті Серік Нығметұлы! Құрметті алқаға қатысушылар! Кіріспе бөлім, сәлемдесу сөзі



Дата30.06.2016
өлшемі270.87 Kb.
#167717


ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы
5 ақпандағы ҚР АШМ алқасында сөйлеген сөзі

Құрметті Серік Нығметұлы!

Құрметті алқаға қатысушылар!
Кіріспе бөлім, сәлемдесу сөзі

Бүгін біз 2013 жылғы агроөнеркәсіптік кешеннің даму қорытындыларын, Министрлік жұмысының нәтижелерін және ағымдағы жылға арналған жедел міндеттерді қарастырамыз.

Ең алдымен өткен жылы іске асырылған шешуші сәттерге тоқталғым келеді. (Слайд 1)
АӨК туралы ҚР заң жобасы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2013 жылғы ақпан айында саланы дамытуға арналған жаңа «Агробизнес 2020» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаны іске асыру шеңберінде бағдарламадағы жаңа бастамаларға заңнамалық негіз қалау жұмыстары басталды.

Осы сәтті пайдалана отырып, аталған заңның қабылдану процесінде қолдау көрсеткендеріңіз үшін Парламенттің екі палатасының депутаттарына және Сізге, Серік Нығметұлы, алғысымды айтқым келеді.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында аталған заңға Мемлекет басшысы қол қойды.

Осы Заңнамалық актімен 6 кодекске және 9 заңға өзгерістер енгізілді.

Аталған заң аграрлық бизнесті мемлекеттік қолдаудың бірқатар мүлдем жаңа құралдарын енгізуді көздейді, олар мыналар:

инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілері тартқан шығындардың бір бөлігін өтеу, бұл оларға жаңа өндірістік қуаттылықтар салу және қолданыстағыларын қайта жаңғырту кезіндегі инвестициялық салымдарды ішінара жабуға мүмкіндік береді;

қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы шикізатын сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау, бұл дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді;

өндірушілерге кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған кезде ақшалай және тауарлық кредит алуға мүмкіндік беретін қарыздарды кепілдендіру және сақтандыру кезінде субсидиялау, бұл жалпы АӨК субъектілерінің қаржыландыруға қолжетімділігін кеңейтуге ықпал етеді.

агроөнеркәсіптік кешен жұмысшыларын әлеуметтік сала мен ветеринария мамандарына ұқсас негізде ауылдық елді мекендерге тартуды ынталандыру.

Сондай-ақ, Заң ветеринариялық қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруді және ветеринариялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді.

Осылайша, заң «Агробизнес 2020» бағдарламасының міндеттерін іске асырудың құқықтық негіздерін құруға мүмкіндік берді.

Биыл біз заңға тәуелді базаны қабылдау бойынша жұмыстарды аяқтауға және қабылданған заңнан туындайтын және Бағдарламада жоспарланған бастамаларға арналған шығыстарды толық бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз етуге тиіспіз. (Слайд 2)

Шебер-жоспарлар

«Агробизнес 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығының әрбір кіші саласы үшін 15 шебер-жоспар (халықаралық стандарттарға сәйкес ветеринария жүйесін жаңғырту; астық нарығын тұрақтандыру; жылқы шаруашылығын дамыту; жемшөп өндірісін дамыту; сүтті мал шаруашылығын дамыту; етті мал шаруашылығын дамыту; қой шаруашылығын дамыту; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту; көкөніс шаруашылығы; етті құс шаруашылығын дамыту; жерді оңтайлы пайдалануды дамыту; шошқа өсіру шаруашылығын дамыту; тұқым шаруашылығы саласын дамыту; тауарлы балық өсіруді дамыту; фитосанитариялық қауіпсіздік жүйесін дамыту) әзірленді. Тізбесін сіздер осы слайдтан көре аласыздар.

Шебер-жоспарларды іске асыру тетіктері жылдар бойынша және облыстар бөлінісінде көрсеткіштерді нақты бөлуді көздейді. Аталған тетік ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын іске асыру кезінде қолданылды және өзінің тиімділігін дәлелдеді. (Слайд 3)
Саланың негізгі макрокөрсеткіштері

Күрделі климаттық жағдайларға қарамастан өткен жыл жермерлер үшін табысты жыл болды.

Өткен жылдағы саланың негізгі көрсеткіштері мынадай.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 2,5 трлн. теңгені құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 11,6%-ға жоғары.

Аталған өсім бәрінен бұрын өсімдік шаруашылығы саласы өндірісін 22,5%-ға ұлғайтумен қамтамасыз етілді.

Мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 1,1%-ға ұлғайды. (Слайд 4)

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиялар ағыны 2,5%-ға ұлғайды және 142,1 млрд. теңгені құрады. (Слайд 5)

2013 жылғы қаңтар-қараша айларындағы ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының көлемі 2,4 млрд. АҚШ долларына бағаланды және бұл 2009-2011 жылдардағы экспорттың орташа көрсеткішінен 27%-ға жоғары.

Бұл ретте, өткен жылдың 11 айындағы КО елдеріне экспорт 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 65%-ға өсті. (Слайд 6)

Ішкі нарықтың отандық өндіріс есебінен негізгі азық-түлік түрлерімен қамтамасыз етілуі 80%-дан астамды құрады.

Бұл мыналарға қатысты емес: құс еті (49,6%), шұжық өнімдері (53,9%), ірімшік және сүзбе (49,8%), ұсақ қант (42,8%). (Слайд 7)

Ал енді саланың даму қорытындыларын толығырақ қарауды ұсынамын.
Өсімдік шаруашылығын дамыту

Өсімдік шаруашылығы

1. Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жиналымы.

Күрделі ауа-райы жағдайына қарамастан таза салмақта 19,0 млн. тонна астық жиналды, бұл өткен жылдың деңгейінен 48%-ға артық, оның ішінде бидай өндірісі – 14,6 млн. тонна 49%-ға, жемдік астық – 3,6 млн. тонна 60 % және жарма дақылдары 0,5 млн. тонна 14%-ға артық болды.

Бұл ретте, арпаның жалпы жиналым көлемі өткен жылғы деңгейден 1,8 есе, сұлы – 2,1 есе, тары – 2,4 есе, қарақұмық – 1,7 есе, жүгері – 9 %-ға артты. (Слайд 8)

Мақта (28,7ц/га), картоп (181,5 ц/га), көкөніс (238,7 ц/га) және бақша дақылдары (212,4 ц/га) өндірісінде рекордтық өнімділікке қол жеткізілді. (Слайд 9)

Бұл ретте жарма және жемдік астық дақылдарының жалпы жиналымы халықтың жармаға деген, ал мал шаруашылығы саласының жемдік астыққа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге жеткілікті.

15,6 млн. тонна жоспар кезінде 18,7 млн. тонна (120%) пішен, 693,5 мың тонна пішендеме немесе жоспарға қарағанда 149 %, 883,8 мың тонна сүрлем (137 %) дайындалды. (Слайд 10)


2. Астық экспорты

Астықтың экспорттық әлеуеті 9,0 млн.тонна деңгейінде болжануда, бұл өткен маркетингтік жылмен салыстырғанда 1,9 млн. тоннаға немесе 26%-ға артық.

Маркетингтік жылдың басынан, яғни 2013 жылғы 1 шілдеден бастап 2014 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша астық эквивалентіндегі ұнды есепке алғанда шамамен 5,3 млн. тонна астық экспортталды, бұл өткен маусымның тиісті кезеңіне қарағанда 25%-ға артық.

Бұл ретте, қазаннан бастап (қаңтарды қоспағанда) ай сайын


ұнды есепке алғанда 1 млн. тонна астық экспортқа жөнелтілді, бұл өткен маусымның тиісті кезеңіне қарағанда 1,7 есеге артық. Экспорттағы ұнның үлесі 33%-ды құрайды.

Осылайша, болжанған 9 млн. тонна көлеміне қол жеткізу үшін 1 шілдеге дейін 3,7 млн. тонна астықты экспортқа жөнелту қажет. Аталған міндетті орындауға болады.(Слайд 11)


3. Әртараптандыру

Өсімдік шаруашылығында есепті жылы құрылымдық және технологиялық әртараптандыруды жүзеге асыру жұмыстары жалғасын тапты.

Жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңы 2013 жылы 21,5 млн. гектарды құрады, бұл, Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыс әкімдіктері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазагроинновация» АҚ арасында жасалған 2012-2016 жылдары ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік алаңдары құрылымын әртараптандыру жөніндегі Меморандумдардағы көрсеткіштен 200 мың гектарға артық.

Сонымен, ағымдағы жылы бидайдың егіс алаңын 372,4 мың гектарға қысқарту есебінен жемдік астықтың (54,6 мың гектарға), майлы (138,8 мың гектарға) және көкөніс-бақша дақылдарының (5,8 мың гектарға) алаңы ұлғайды.

Азықтық дақылдардың алаңы мәнді түрде ұлғайып, 3,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2012 жылдың деңгейінен 258,4 мың гектарға артық.

Осылайша, 2013 жылы жалпы республика бойынша Меморандумдардың индикативтік көрсеткіштеріне қол жеткізілді. Осының нәтижесінде, бидайдың егіс алаңдарының қысқару үдерісі байқалуда, бидай алаңдарының ұлғаю шыңы 2009 жылы орын алған болатын. (Слайд 12)

Осы жылдан бастап өткен жылғы Үкімет отырысында талқыланғандай субсидиялау тәсілдерін қайта қарау және бидайды субсидиялауды алып тастау есебінен майлы, азықтық, жемдік астық дақылдарының өндірісін ынталандыру үшін оларға арналған субсидияны ұлғайту жоспарланып отыр.

Осы тетікті кем дегенде балама дақыл өсіру мүмкін болатын топырақтық-климаттық өңірлерде қолдану қажет.

2014 жылдан бастап өсімдік шаруашылығында гектарға арналған субсидиялар көлемін 1,8 есеге (34,3 млрд. теңгеге дейін) ұлғайтуды, сондай-ақ, субсидияларды бидайдан басқа дақылдарға қайта бағдарлауды ескерсек, басымды дақылдарға арналған субсидиялар барынша мардымды болады және еселеп артады. Мысалы, рапс секілді майды дақылдар бойынша субсидиялау нормативін 4 мыңнан 12 мың теңгеге дейін, соя бойынша 3 мыңнан 9 мың теңгеге дейін, зығыр бойынша 3,6 мыңнан 5 теңгеге дейін арттыру күтіліп отыр. (Слайд 13)

4. Жеміс шаруашылығы мен жүзім шаруашылығын, ерте пісетін көкөніс өсіруді дамыту

Жеміс және жүзім шаруашылығында, сондай-ақ, жабық топырақтағы көкөніс өндірісінде жақсы көрсеткіштер бар. (Слайд 14)

2013 жылы жеміс-жидек дақылдарының, жүзім мен ерте пісетін көкөністердің жалпы жиналымы тиісінше 212,4 мың тонна, 68,1 мың тонна және 90,2 мың тоннаны құрады. Нәтижесінде отандық өндіріс есебінен жемістер және көкөністермен қамтамасыз ету 76 %-ға дейін, ерте пісетін көкөністермен қамтамасыз ету 95%-ға дейін жеткізілді, бұл 2012 жылғы деңгейден 31 пайыздық тармаққа жоғары.

2007 жылдан бастап жаңа бақшалар мен жүзімдіктер салуға және олардың күтіп-бағуға 11,3 млрд. теңге бюджет қаражаты бағытталды, бұл 18,5 мың гектар алаңда көпжылдық екпелер отырғызуға мүмкіндік берді, оның ішінде 2013 жылы тиісінше 1,9 млрд. теңге, бөлініп 2,9 мың гектарға екпелер отырғызылды.

Жеміс-көкөніс шаруашылығын дамыту жөніндегі шебер-жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай тек өнімділігі жоғары интенсивті бақшалар мен жүзімдіктер бойынша алаңдарды 30,5 мың гектарға ұлғайту және оларды 39 мың гектарға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл ретте, қайтарымды лизинг тетегі қолданылады. (Слайд 15)
5. Техниканы жаңарту және ылғалресурс үнемдегіш технологияларды енгізу

2013 жылы шамамен 18,0 млрд. теңге сомасына 1700 бірліктен астам ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу жүзеге асырылды.

Алайда мұндай көлем техниканың жетіспеушілігі мен оның мәнді тозу проблемасын шешпейді. (Слайд 16)

Тракторлар мен комбайндарды жаңарту деңгейі республика бойынша орташа есеппен жылына тиісінше 1,4 және 2,5%-ды құрайды, ал Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облысытарында бұл көрсеткіш одан да төмен.

Анықтама ретінде: Батыс Қазақстан: тракторлар – 0,8 %, комбайндар – 0,1 %, Қарағанды: тракторлар – 1,3 %, комбайндар – 1,7 %, Қостанай: тракторлар – 0,7 %, комбайндар – 1,7 %.

2013 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап техникалық қайта жарақтау мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы техникаларын субсидиялау бағдарламасы басталды.

Осы жылдан бастап ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде 7 % көлемінде кредиттік және лизингтік ставка субсидияланатын болады, ал азық жинау және азық дайындау техникалары мен жабдықтары бойынша ставка 4 %-ға дейін төмендетілетін болады.

Жалпы машина-тракторлық паркті жаңа өнімділігі жоғары техникамен жаңарту бойынша жұмыстарды күшейту қажет, бұл шаруалардың табиғи жағдайларға тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік береді. (Слайд 17)

Ылғалресурс үнемдегіш технологияларды енгізудің оң серпіні байқалады, олар 2013 жылы 12,5 млн. гектар алаңда немесе астық танабының 79%-да қолданылды. Бұл ретте нөлдік технология тек 2,7 млн. гектарда немесе 17%-да қолданылды, ал жекелеген облыстарда бұл көрсеткіш одан да төмен. Ақтөбе облысында дәнді дақылдар алаңдарының 8%-да, Павлодар облысында 6%-да қолданылған. (Слайд 18)

6. Тұқыммен қамтамасыз етілу

2013 жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тұқымға деген қажеттілігі (2,0 млн. тонна) 100% қамтамасыз етілді.

Алайда тауарлы егістерді қамтамасыз ету үшін тұқым жаңарту пробламалары бар. Республикада өндірілетін элиталық тұқымдардың тек 15%-ы ғана өзінің мақсатын орындайды және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 1-3 репродукцияға дейін көбейтуге жіберіледі. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жалпы орташа жылдық санынан тұқым шаруашылығын қолдауға арналған субсидияға тек
926 бірлігі немесе 0,7%-ы қол жеткізген.

Сондықтан, 2014 жылғы тұқым өнімінен бастап тұқым шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетігін өзгерту жоспарланып отыр. «Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бірінші репродукциялы тұқымға қажетті көлемде қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін элиталық тұқымдарды субсидиялауды кезең-кезеңімен алып тастау және жоспарлы сорт жаңартуды және сорт ауыстыруды қамтамасыз ету үшін қажетті көлемде бірінші репродукциялы тұқымды субсидиялауға көшу көзеделеді.

Бұл ретте, бірінші репродукциялы тұқымды субсидиялау нормативтері қазіргі элиталық тұқымға арналған субсидиялау нормативтерінен шамалы төмен болады.

2014 жылдың 1 тамызынан бастап және кейінгі жылдары элиталық тұқымдарға субсидия төлеу жүзеге асырылмайды, ал субсидиялауға бірінші репродукцияның сорттық тұқымдары және бірінші буын гибридтері (элиталық екпелерді қоспағанда) жатады. Бұл ретте, ғылыми-негізделген нормаларға сәйкес жоспарлы сорт жаңартуды қамтамасыз етуге қажетті көлемде бірінші репродукциялы тұқым сатып алмаған ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлық қолдау мен қаржыландыру бағдарламаларына қатысуға жіберілмейді. (Слайд 19)


Фитосанитариялық қауіпсіздік

Қабылданған шаралар нәтижесінде карантиндік және аса қауіпті зиянды организмдердің таралу қатерінің коэффициентін жоспарланған 1,02%-дан 1,0%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестерімен және ауруларымен күрес бойынша қорғаныс іс-шаралары уақытылы жүргізілді.

5,8 млн. гектардан артық жер химиялық әдіспен өңделді, оның ішінде саяқ шегіртке тәріздес зиянкестерге қарсы – 3,7 млн. гектар, сұр астық көбелегіне қарсы – 0,7 млн. гектар, ауруларға қарсы - 1,1 млн. гектар алаң өңделді.

2013 жылы саяқ шегірткелердің Орынбор облысының Соль-Илецк және Домбаровск аудандарынан Ақтөбе облысына көшуі орын алды. Қостанай облысында да шегірткелердің ұқсас көшуін атап өту керек. Бұл ахуал Ресей Федерациясының шектес аумақтарында химиялық өңдеулердің өте төмен қарқынмен, ал жекелеген аудандарда мүлдем жүргізімегенімен байланысты, бұл шегірткелердің Қазақстан Республикасының аумағына ұшып келуіне әкелді.

Әкімдіктердің ауыл шаруашылығы басқармаларының деректері бойынша ауыл шаруашылығы дақылдары алаңдарының бүлінуі байқалған жоқ, алайда үлкен шығындар орын алады деп болжанған болатын.

Биыл көктемгі тексерістерден кейін АӨК Мемлекеттік инспекция комитеті егіс алаңдарын өңдеуді уақтылы бастауға дайын.

Жалпы жоғарыда көрсетілген шаралармен соңғы уақыттары республикада қолайлы фитосанитариялық ахуал қамтамасыз етілуде.
Көктемгі-егіс жұмыстарына дайындық

Өсімдік шаруашылығы саласындағы ағымдағы маусымға арналған міндеттердің бірі – көктемгі-егіс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізу үшін жағдай жасау, бұл министрліктің, әкімдіктердің, «ҚазАгро» холдингінің үйлесімді жұмысын қажет етеді.

Ағымдағы жылы Министрлік көктемгі-егіс жұмыстарын жүргізуге 40 млрд. теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлуді жоспарлап отыр, ол кейіннен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге кредит беру үшін Қазагроға бөлінеді. Бұл ретте, өткен жылғыдай Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігін іске қосу қажет.

Осы мақсаттарға мемлекеттік ресурстарға астық сатып алу үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясына бөлінген 8,0 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты да пайдаланылады.

Ағымдағы жылы тұқыммен қамтамасыз ету қажеттіліктің 99,3%-ын құрайды (2104,9 мың тонна қажеттіліктің 2090,6 мың тоннасы бар). Тұқым тапшылығы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында – 16,9 мың тонна деңгейінде күтілуде, оны облыстардың өздерінің ресрустары есебінен толықтыру жоспарланып отыр.

Облыс әкімдіктерінің алдын ала деректері бойынша 2014 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын 21,7 млн. гектар алаңға еггу жоспарланып отыр, бұл 2013 жылдың деңгейінен 0,2 млн. гектарға немесе 1%-ға артық.

Көктемгі егіс алаңдары 18,9 млн. гектарды құрайды.

Дәнді дақылдар 15,8 млн. гектарға орналасады, оның ішінде бидай 12,7 млн. гектар. Астыққа арналған жүгері алаңдарын


7,3 мың гектарға, басқа дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алаңын 355,0 мың гектарға кеңейту есебінен бидайдың егіс алаңын 434,7 мың гектарға (3,3%), күріштің алаңын 3,2 мың гектарға (6,5%) қысқарту күтіліп отыр. (Слайд 20)
Мал шаруашылығын дамыту

Мал шаруашылығында да өндірістің өсуі белгіленеді.

Ет өндірісі 2012 жылмен салыстырғанда 1,0 %-ға, сүт 1,5 %-ға, жұмыртқа 6,3 %-ға артты. (Слайд 21)

ІҚМ саны 2012 жылмен салыстырғанда 1,2 %-ға (5,8 млн. бас), жылқылар 1 %-ға (1,7 млн. бас), құстар 2,8 %-ға (34,4 млн. бас) артты, қой мен ешкі санының 0,6 %-ға (17,5 млн. бас), шошқа санының 10,5 %-ға (0,9 млн. бас) төмендеуі байқалды.

Осы стратегиялық көрсеткіштердің төмендеуіне жоспарланғандай бірдейлендіру жүргізу әсер етті. (Слайд 22)

2011 жылы орын алған жеке қосалқы шаруашылықтарындағы ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы үлесінің төмендеу және, керісінше, агроқұрылымдардағы мал басының үлесі мен санының жоғары қарқынды өсу үрдісі бекіп келе жатқанын атап өткен жөн.

Осылайша, ІҚМ саны 13,7 %-ға ұлғайды және 1 794,6 мың басты құрады, қойлар мен ешкілер 10,5 %-ға (6 798,8 мың бас), шошқалар 15,5 %-ға (398,7 мың бас) жылқы 11,5 %-ға (773,7 мың бас), түйе 4,6 %-ға (67,3 мың бас), құстар 5,0 %-ға (21 739,1 мың бас) артты.

Агроқұрылымдардағы ІҚМ санының айтарлықтай өсуі мынадай облыстарда байқалды:

-Ақтөбе облысында - 27 %-дан астам;

-Батыс Қазақстан облысында - 22 %-дан астам;

-Ақмола облысында - 16 %.

Айта кету керек, 2013 жылы ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ІҚМ үлесі 31%, тиісінше жеке қосалқы шаруашылықтарда 69 %-ды құрады. Салыстыру үшін, 2010 жылдың басында республика бойынша орташа алғанда ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мал басының үлесі 18 %, тиісінше жеке қосалқы шаруашылықтарда 82 %-ды құраған болатын.

Бұл кәсіби фермерлер артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл елдің мал шаруашылығы үшін қажетті және пайдалы өзгерістер және уақыт өте келе өзінің оң эффектісін береді. (Слайд 23)


ІҚМ етінің жобасы

ІҚМ етінің экспорттық әлеуеті жөніндегі жобаны іске асыру жоспар бойынша,тіпті асыра орындалуда.

Фермерлік шаруашылықтар үшін аналық табын сатып алу бойынша 2011-2013 жылдарға арналған жалпы жоспар 124 мың басты құраған, іс жүзінде аталған жылдары 166 мың бас сатып алынды, асыра орындау 34%.

Өткен 3 жылда 40,4 мың бас мал импортталды (2011-2013 жылдарға жоспар 36 мың бас), бұл жоспарға қарағанда 112%.

Өткен 3 жылда агроқұрылымдар 67,9 мың бордақылау орнын салу жоспары кезінде жалпы қуаттылығы 76,2 мың бордақылау орны болатын бордақылау алаңдарын салды және пайдалануға енгізді, бұл жоспарға қарағанда 112%. (Слайд 24)

«Агробизнес 2020» бағдарламасына сәйкес 2013 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап қой шаруашылығы бойынша аналық мал басын субсидиялау басталды. Осы жылы осы Бағдарлама жалғасын табады. Көлемдері мен қамтуы арта түседі. Әзірленген шебер-жоспарына сәйкес осы жылдан бастап сүтті ірі қара мал шаруашылығы жөніндегі жоба басталады.

Мал шаруашылығы өнімінің экспорты басталды. 2013 жылы шамамен 4,5 мың тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде шамамен 300 тонна премиум сыныбындағы сиыр еті экспортқа өткізілді. 2014 жылға экспорт бойынша болжам 10 мың тонна, оның ішінде бордақылау алаңдарынан экспортталатын сиыр еті 5,0 мың тоннаны құрайды.
Ветеринариялық қауіпсіздік

Жануарлар мен құстардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы жөніндегі эпизоотияға қарсы іс-шаралар толық көлемде орындалды.



2013 жылы жануарлардың инфекциялық ауруларының 210 ошағы тіркеліп, жойылды және ауыл шаруашылығы жануарларының бруцеллезі бойынша қолайсыз 172 пунктте сауықтыру іс-шаралары жүргізілді.

Еліміздегі эпизоотиялық жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында мынадай шаралар қабылдануда:

- ХЭБ мақұлдаған ветеринариялық қызметті ұзақ мерзімді дамыту стратегиясы алғашқы рет әзірленді және қабылданды;

- ветеринариялық жүйе институционалдық нығайтылды (республикалық дегейде де, жергілікті деңгейде де);

- ветеринариялық ұйымдар (және ветеринариялық зертханаларды) материалдық-техникалық жарақтау жөніндегі шаралар қабылданды;

- жануарларды бірдейлендіру рәсімін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылдануда (бірдейлендіруге арналған атрибуттар мен бұйымдарға қойылатын талаптар қатаңдатылды, жануарларды бірдейлендіру үшін жануарлардың меншік иелерінің жауапкершілігі арттырылды, құлақ сырғалары мен басқа да атрибуттарды сатып алуды орталықтандыру, жануарларды бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын порталдық шешілімге ауыстыру, процессингтік орталықты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесі ретінде айқындау, жануарларға ветеринариялық паспорттарды және құлақ сырғаларын ақысыз негізде беру, жануарларды бірдейлендіруге арналған құралдардың, бұйымдардың республикалық запасын құру көзделген);

- ЖАО құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың функцияларын кеңейту жолымен ауылдық округ деңгейіндегі әкім аппаратының ветеринариялық бөлімшелері заңнамалық деңгейде таратылды.

Бұл дегеніміз басқаратын адамдар емес, іс жүзінде жұмыс істейтін ветеринар дәрігерлер арта түседі деген сөз.

- а.ж. жылғы 1 қаңтардан бастап Астана қаласында ХЭБ аусыл жөніндегі субөңірлік үйлестіру кеңсесі ашылды;

- халық үшін ветеринариялық анықтаманы ақысыз беру заңнамалық деңгейде көзделді, ветеринариялық препараттардың сапасына қойылатын талаптар және ветеринариялық заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік шаралары қатаңдатылды; (Слайдтар 25,26)



- ветеринарияға ақпараттық технологиялар мен жүйелер енгізіледі (БАБЖ бағдарламасының шеңберінде бақылауға жататын тауарлардың импортына, экспортына және транзитіне рұқсаттар беру жүзеге асырылады, «Жануарларды бірдейлендіру» веб-порталдық нұсқа енгізілді, КО қатысушы мемлекеттердің Меркурий, Аргус ақпараттық жүйелерімен кірігу рәсімдері жүргізілуде);

Мұнда бір проблема бар – бұл кейбір ауылдық округтарда интернет байланысының болмауы, бұл ветеринария мен мал шаруашылығындағы ақпараттық жүйелердің жұмысын тежеуші фактор болып табылады.

Сондықтан да ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасының тиісті түрде жұмыс істеуі үшін жергілікті атқарушы органдарға жергілікті жерлерде құрылған ветеринариялық ұйымдар мен пункттерді интернет байланысымен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қаражатын көздеуі қажет. Мәселенің құны үлкен емес – облыс деңгейінде 50-60 млн. теңгеден аспайды. Тиісті хаттарды біз жібердік.

Серік Нығметұлы, осы мәселені алқаның хаттамалық тапсырмасына енгізуге рұқсат беруіңізді сұраймын. (Слайдтар 27,28)


Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

2013 жылдың қорытындылары бойынша тамақ өнімдерін өндіру көлемдері 973 млрд. теңге құрап, 4,2 %-ға артты.

Өңделген сүттің 28%-ға (372 497 тоннадан 476 842 тоннаға дейін), қышқыл сүт өнімдерінің 19,7%-ға (156 271 тоннадан 187 006 тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбенің 13,8%-ға (19 161 тоннадан 21 800 тоннаға дейін), торттар мен кондитерлік өнімдердің 16%-ға (24 762 тоннадан 28 730 тоннаға дейін), сары майдың 10,2%-ға (12 240 тоннадан 13 482 тоннаға дейін), макарон өнімдері өндірісінің 4,4%-ға (145 000 тоннадан 151 396 тоннаға дейін), шұжық өнімдерінің 3,8%-ға (39 566 тоннадан 41 058 тоннаға дейін) өсуі байқалады. (Слайд 29)

Өндіріс көлемінің жыл сайынғы өсіміне қарамастан ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі түрлерін қайта өңдеу үлесі төмен күйінде қалып отыр (сүт - 40%, ет - 30%, қызанақ – 5,2%). Негізгі қайта өңдеу өнімдері бойынша қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірісітік қуаттылықтарының жүктелуі келесілерді құрайды: ІҚМ, шошқа, қой еті бойынша - 34%, өңделген сүт - 45,1%, сары май - 31,5%, ірімшік пен сүзбе - 38%, шұжық өнімдері - 28%, ұн а - 37%, жарма - 21,6%, жаңа піскен нан - 41,7%, макарон өнімдері - 49%, қант - 18,4%, өсімдік майы – 24%, жеміс консервілері -19,6%, көкөніс консервілері - 41,1%.

Осындай ахуалдың себебін 2 блокқа бөлуге болады:

Бірінші блок – бұл өндірістік сипаттағы проблемалар, оларды шешу Ауыл шаруашылығы министрлігінің құзыретіне кіреді. Атап айтқанда, шикізаттың төмен сапасы, өндірістің маусымдылығы, ауыл шаруашылығы шикізатын дайындау, тасымалдау және сақтау жүйесінің дамымағандығы, негізгі қорлардың жоғары тозу деңгейі.

Осы проблемаларды шешу, сондай-ақ отандық кәсіпорындарды шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында мынадай шаралар қабылданды және қабылдануда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытудың шебер-жоспары әзірленді және бекітілді, ол «Агробизнес 2020» бағдарламасында көзделген шараларды егжей-тегжейлі айқындайды.

Сонымен, сүт өңдеу кәсіпорындары үшін шикізаттың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін шебер-жоспарда жеке қосалқы шаруашылықтардан сүт жинау жөніндегі дайындау пункттерін құруға инвестициялық субсидиялар бөлу көзделген.

Ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін мал тасығыштар мен рефрижераторлар сатып алуға шығындарды субсидиялау жоспарлануда.

Сондай-ақ шикізаттың жоғары құнының проблемасын шешу үшін қант (қант қызылшасынан), ірімшік, сары май және құрғақ сүт өндіруге арналған шикізатты сатып алуға шығындарды субсидиялаудың жаңа тетігі көзделеді.

Қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік жабдығының физикалық және моральдық тозуының проблемасын инвестициялық субсидиялар бөлу және кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау жолымен шешу жоспарлануда. Осылайша, шебер-жоспарда 2020 жылға дейін 5 ет комбинатын, 2 жеміс-көкөніс консервілеу кәсіпорнын салуды, 16 сүт өңдеу кәсіпорнын, 27 ет өңдеу кәсіпорнын, 7 жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу кәсіпорнын, 7 қант зауытын, 7 май-тоңмай кәсіпорнын, 7 макарон өндіру кәсіпорнын және 21 жарма өндіру кәсіпорнын жаңғырту мен қайта жаңартуды субсидиялау көзделген.

Екінші блок – бұл Министрліктің құзыретіне байланысты емес проблемалар. Бұл техникалық реттеудегі бақылаудың болмауы, жасырын демпингтен жеткіліксіз қорғаныш, отандық өнімді жүйелі өткізу үшін жағдайлардың болмауы, сондай-ақ қолданыстағы салық салу жүйесін жетілдіру (бірінші ҚҚС және төлем көздерінен алынатын салықтар проблемасы) және тауардың қасиеттері мен сапасы туралы ақпараттық насихаттау жүргізу қажеттілігі.

Көрсетілген проблемаларды шешу барлық мүдделі мемлекеттік органдарды тығыз салааралық үйлестіруді талап етеді.

Осы проблемаларды шешу мақсатында 2012 жылы Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін қолдау және дамыту жөніндегі жол картасы бекітілді.

Жақын арада Сіздің тапсырмаңыздан кейін Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевтың төрағалығымен кеңес өткізілді, онда Жол картасын орындауды апта сайынғы негізде қарау шешілді.

Өткен аптада Экономикалық саясат кеңесінде жер салығын реформалау жөніндегі жұмыс тобының ұсынысы мақұлданды. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарларын сатып алу кезінде ҚҚС және төлем көзінен алынатын салықтың сараланған ставкасын енгізу мәселесін пысықтау қажет.
Аграрлық ғылым

2013 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде Ауыл шаруашылығы, Білім және ғылым министрліктері аграрлық бейінді ғылыми ұйымдармен және ЖОО-мен бірлесіп, аграрлық ғылым жүйесін реформалау мәселелеріне қатысты жұмысты бастады. Құрылған жұмыс тобы «ҚазАгроИнновация» АҚ және аграрлық бейінді жоғары оқу орындары базасында ғылыми-білім беру кешенін құру жолымен ғылымды реформалау бойынша ұсыныс әзірледі.

Осы кешеннің жұмыс істеу негізіне Назарбаев Университеті қызметінің негізгі қағидаттары алынды.

Салалық және жоғары оқу орындарының ғылымын біріктіру білім беру бағдарламаларының мазмұнын және мамандарды даярлау сапасын арттырады. Ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми-зерттеу базасының және тәжірибелік-өндірістік шаруашылықтардың экспериментальді учаскелерінің әлеуеті неғұрлым тиімді пайдаланылады. Бұл да білім, ғылым және практика арасында бар арақашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ агробизнесті мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді. (Слайд 30)


Мемлекеттік қолдау көлемдерінің өсуі

Саланы мемлекеттік қолдау көлемдері мен құрылымына ерекше тоқталғым келеді.

Сонымен, 2011 жылы Министрліктің бюджеті 340 млрд. теңгені, оның ішінде бүгінгі күні Өңірлік даму министрлігіне және Қоршаған орта және су ресурстары министрлігіне берілген комитеттердің бюджеті 108,6 млрд. теңгені құраған болатын. Саланы қолдауға бағытталған субсидиялар көлемі 68 млрд. теңге құраған (жергілікті бюджеттер базасына берілген субсидияларды ескере отырып).

Ағымдағы жылы Министрліктің өз бюджеті шамамен 3 есе төмендегеніне қарамастан, саланы субсидиялау көлемдерін


2011 жылмен салыстырғанда 2,1 есе, 143 млрд. теңгеге дейін арттыру көзделген. Бұл ретте субсидиялау көлемдері: өсімдік шаруашылығында – 75,9 млрд. теңгені, 2011 жылмен салыстырғанда екі есе артық, мал шаруашылығында – 46,3 млрд. теңгені, 2011 жылмен салыстырғанда 1,7 есе артық, құрайды.

Осының барлығы Мемлекет басшысының саланы субсидиялауды 4,5 есе арттыру жөніндегі тапсырмасының шеңберінде «Агробизнес 2020» бағдарламасы негізінде орын алады.

2014 жылдан бастап бұрын Министрлік арқылы трансферттермен жүрген субсидиялау бағдарламалары негізінен жергілікті бюджеттер базасына берілгенін атап өту қажет. (Слайд 31)
Бюджет қаражатын басқа бағытқа жіберу

Бұл ретте, ауыл шаруашылығы мақсаттарына арналған республикалық бюджеттен берілген қаражат, сондай-ақ бұрын жергілікті бюджетте болған сомалар бюджет қаражатының минималды көлемдері ретінде айқындалған. Бұл минималды көлемдер «2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы транферттер көлемдері туралы» ҚР Заңында бекітілген.

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары және Алматы қаласы секілді өңірлерде осы қаражат толық көлемде бөлінген және белгіленген минимумнан асып түседі.

11 облыстың жергілікті бюджеттерінде ауыл шаруашылығын қолдауға бағытталған шығыстар көлемдері жалпы сипаттағы трансфеттерді есептеу кезінде ескерілген және тиісті заңмен белгіленген бюджет қаражатының минималды көлемінен де төмен.

Ауытқу 9,3 млрд. теңгеге жуық немесе ауыл шаруашылығына арналған жалпы шығыстар көлемінің 6 %-ын құрайды.

Бұл ретте, Бюджет кодексіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен жекелеген шығыстар бағыттарын Заңмен белгіленген минималды көлемдерден төмен қаржыландырған кезде өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша белгіленген сома мен төленген сома арасындағы айырмашылық жоғары тұрған бюджетке қайтаруға жатады. Мұнда заңмен белгіленген көлемдерден төмен қаржыландыру үшін тиісті деңгейдегі әкімдер жауапты болады.

«Агробизнес 2020» бағдарламасының іс-шараларын уақытылы іске асыру және жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында облыс әкімдіктері тиісті бюджеттерде заңда белгіленген минималды көлемдерден төмен емес ауыл шаруашылығына бөлінетін бюджет қаражатының көлемін қарастыруы қажет.

Серік Нығметұлы, осы мәселені де бүгінгі кеңестің хаттамасында қосуды сұраймын. Республикалық бюджеттің бөлінген қаражаттары жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру тетігі арқылы жергілікті бюджеттің басқа да шығыстарында жоғалып кетпей, заңда және бағдарламада көзделген мақсаттарға пайдаланылғаны өте маңызды.

Айта кету қажет, салада субсидиялау көлемдерінің ұлғаюы ғана орын алып жатқан жоқ, субсидия төлеу тетіктерін жетілдіру, ауыл шаруашылығын басқару саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде әкімшілік кедергілерді төмендету де орын алуда.

Мәселен, Сыбаға бағдарламасына қатысушы шаруашылықтар үшін биылдан бастап субсидия алуға өтінім ақпараттық-талдамалық бағдарламаның өзінде автоматты түрде қалыптастырылады. Шаруашылық өтінімді басып шығарып, қол қойып, әкімдіктің бөліміне тапсырса болды. Басқа ешқандай құжат ұсыну қажет емес. Бөлім порталды режимде жұмыс істейтін ақпараттық бірдейлендіру жүйесі және басқа да жүйелер арқылы малдардың барын, олардың жасын, жынысын өзі салыстырады. Келесі кезеңде өтінімнің өзін интернет портал арқылы беруге көшу жоспарланып отыр.

Осы аптада Үкіметте мал шаруашылығын субсидиялау қағидалары бекітілді, басқа да қағидалар бекітілу сатысында. Жаңа қағидалармен субсидиялар төлеу тетігі жетілдірілді, субсидия алу үшін тауар өндірушілер ұсынатын құжаттардың тізбесі оңтайландырылды және қысқартылды. (Слайд 32)
Кооперация

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің кооперативтерге бірігуін одан әрі ынталандыру үшін Министрлік бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша жұмыстарды бастады, олар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді кооперацияға ынталандыратын мемлекеттік қолдау нормаларын қабылдауға, сондай-ақ Ауылдық тұтынушылар кооперативтерін құру және олардың жұмыс істеу рәсімдерін оңайлатуға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау мәселелері де фермерлерді кооперацияға біріктіру міндеттерімен тығыз байланысты.


Қаржылық сауықтыру

Қаржылық сауықтыру АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдаудың жаңа бағыты болып табылады және қайта құрылымдау, қайта қаржыландыру, кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау жөніндегі бір реттік шараларды білдіреді. Бұл шара кредиттік жүктемені жеңілдетуге және көптеген ауыл шаруашылығы өндірушілерінің банкротқа ұшырауын болдырмауға мүмкіндік береді.

2020 жылға дейін пайыздық ставкаларды субсидиялауға республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі 75,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте, 300 млрд. теңге сомасындағы кредиттерді сауықтыру жоспарлануда. (Слайд 33)

Алайда, 2013 жылдың қорытындылары бірқатар тежеуші факторларды көрсетті, олар да өткен аптада Экономикалық саясат кеңесінде қаралды.

Бұл өзгерістер тұжырымды түрде Сіз, Серік Нығметұлы, өткізген кеңесте мақұлданды, енді тиісті өзгерістер енгізілуде, бұл қажетті іс-шараларды жеделдетеді. (Слайд 34)
Өңірлерді мамандандыру схемасы

Өткен жылы біз ғылыми ұйымдармен бірлесіп, табиғи-климаттық жағдайларын, ішкі және сыртқы өткізу нарықтарын негізге ала отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты түрлерін өндіруде Өңірлерді мамандандыру картасын әзірлеу жұмыстарын жүргіздік, ол барлық әкімдіктермен келісілді және жақын арада бекітіліп, жергілікті атқарушы органдарға жеткізіледі.

Өңірлерді мамандандыру картасы бізге ауыл шаруашылығы өнімін өндіру үшін өңірлік мемлекеттік қолдау көлемдеріне негізделген бюджеттік лимиттер белгілеу арқылы АӨК-де мемлекеттік саясатты әртарапты және неғұрлым тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. (Слайд 35)

Қорытынды

Министрліктің 2013 жылғы жұмысының негізгі қорытындылары осындай. Алдағы уақытта белгіленген іс-шараларды одан әрі іске асыру «Агробизнес 2020» жаңа салалық бағдарламасында көзделген. Осы бағдарламаның негізгі бағыттары мен тетіктері Үкіметте, ел өңірлерінде және жұртшылықпен бірнеше рет талқыланған болатын.

Мемлекет басшысының жақын арадағы Жолдауында агроөнеркәсіптік кешен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басты басымдықтарының бірі ретінде ерекше ата өтілді.

Министрлік Жолдауда қойылған мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі алгоритмді әзірледі, «Агробизнес 2020» бағдарламасы және басқа да стратегиялық, бағдарламалық құжаттар Президент қойған міндеттерді ескере отырып, түзетіледі және оларды орындау бойынша барлық қажетті шаралар қабылданады.



Осы тақырыпқа біз Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы алқа отырысын өткізуді жоспарлап отырмыз. Біздің алдымызға айқын тапсырмалар қойылған. Біздің міндетіміз бизнеспен бірге, оларды орындау болып табылады. Сондықтан да біз Министрліктің ағымдағы негізгі міндеті ретінде «Агробизнес 2020» бағдарламасын және оны іске асыру үшін қабылданған шебер-жоспарларды орындауды көздеп отырмыз.
Назарларыңызға рахмет! (Слайд 36)



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет