Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



бет1/8
Дата11.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
#190768
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Бу және ыстық су құбырларын орнату және қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар жұмыс қысымы 0,07 МПа (0,7 ксг/см2) астам және температурасы 115ºС жоғары ыстық суды тасымалдайтын құбырларды жобалауға, дайындауға, монтаждауға, жөндеуге, пайдалануға және куәландыруға қолданылады.

2. Осы Талап:

1) қазандықтың айналасында орналасқан құбырларға;

2) құбырлар жүйесіне кіретін және олардың ажырамас бөлігі (су бөлгіштер, лай тұндырғыштар және басқалары) болып табылатын ыдыстарға;

3) теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзу құралдарында, жылжымалы теңіз қондырғыларында және су астында қолданылатын объектілерде орнатылатын құбырларға;

4) теміржол, автомобиль және шынжыр табанды көліктердің жылжымалы құрамында орнатылатын құбырларға;

5) сыртқы диаметрі 51 мм кем І санатты құбырларға және сыртқы диаметрі 76 мм кем ІІ, ІІІ және IV санатты құбырларға;

6) атмосферамен қосылған қазандықтар мен ыдыстардың құю, үрлеу және газ шығаратын құбырларға;

7) атом электр станцияларының құбырлары мен қондырғыларына;

8) бу турбиналарының айналасындағы бу жіберу құбырларына және турбинадан ысырмаға дейін бу алу құбырларына;

9) әскери ведомствоның арнайы қондырғыларының құбырларына;

10) металл емес материалдардан дайындалған құбырларға қолданылмайды.

3. Құбырлар төрт санатқа бөлінеді (1-қосымша).

4. Жұмыс өлшемдерімен тасымалданатын орта құбырларының санатын анықтау кезінде:

1) қазандықтардан бу өткізгіштер үшін-қазандықтардан шығу жолындағы (бу қыздырғыштардан кейін) көрсетілген мәндері бойынша қысым мен температураны;

2) қарсы қысыммен жұмыс істейтін турбиналардан бу өткізгіштер үшін-турбинаны жеткізуге техникалық шарттармен қарастырылған қарсы қысымдағы ең жоғарғы ықтимал қысым және турбина соңғы жүрісте жұмыс істеген кезде қарсы қысымдағы ең жоғарғы ықтимал температура;

3) турбина буын реттемей және реттеп сұрыптағыштан бу өткізгіштер үшін (оның ішінде аралық қыздыру бу өткізгіштері үшін)-сұрыптағыштағы будың қысымы мен температурасының ең жоғарғы ықтимал мәндері (турбинаны дайындаушылардың деректеріне сәйкес);

4) редукциялық және редукциялық-салқындатқыш қондырғыларынан бу өткізгіштер үшін қондырғы жобасында қабылданған редукцияланған будың қысымы мен температурасының ең жоғарғы ықтимал мәндері;

5) жоғарылатылған қысым деаэраторларынан кейін қорек суының құбырлары үшін-сұйықтық бағанының гидростатикалық қысымын ескере отырып, көрсетілген қысым мен деаэратордағы қанығу температурасы;

6) қорек сорғысы мен жоғары қысымды қыздырғыштардан (ЖҚҚ) кейін қорек суының құбырлары үшін-ысырма жабық болғанда және сорғының сору желісіндегі қысым ең жоғары болғанда қоректендіргіш электр сорғысымен тегеурін құбырында пайда болатын едәуір көбірек қысым (құбыр жетегімен және сорғысының көрсетілген қысымы 1,05 гирдомуфтасы бар электр сорғысымен қорек сорғыларын, қазандықтағы көрсетілген қысымы 1,2 поршенді сорғыларды қолдану кезінде) және соңғы ЖҚҚ кейінгі судың ең жоғарғы есептік температурасы;

7) су, жылу желілерінің тартушы және кері құбырлары үшін-трасса мен жер бедерінде шағын сорғы станцияларының тартушы құбырындағы едәуір ықтимал қысымы мен тартушы құбырдағы судың ең жоғарғы температурасы.

5. Құбырға кірер жолдағы ортаның жұмыс температурасы бойынша анықталған құбырдың санаты (онда бұл өлшемдерді өзгертетін құрылғылар болмаған кезде) оның ұзындығына қарамастан, барлық құбырға жатады және жобалау құжаттамасында көрсетіледі.



2-тарау. Жобалау

1-параграф. Жалпы талаптар
6. Құбырдың төзімділігіне есебі жылумен кеңейту өтемін есепке ала отырып жүргізіледі.

7. Жобада мыналар: есептік қызмет мерзімі, есептік ресурсы, салқын күйден іске қосу саны (І және ІІ санатты құбырлар үшін) көрсетіледі.

8. Құбырдың жобасында есептік қызмет мерзімі барысында монтаждау және пайдалану кезінде металды жөндеуге және бақылауға қойылатын талаптар көрсетіледі.

9. Құбырларды жобалау кезінде осы Талаптағы барлық бақылау түрлерін орындау мүмкіндігі қарастырылады.

10. Құбыр құрылымын өзгерту жобалық параметрлерді қамтамасыз ету есебі негізінде жүргізіледі.

11. Құбырлардың бөлшектері мен элементтерін қосу дәнекерлеу арқылы жүргізіледі.

12. Фланецті қосқыштарды арматура мен фланецті жабдықтың бөлшектеріне тек құбырларды қосу үшін ғана қолдануға болады.

13. Бұранда қосқыштарды шартты өту жолы 100 мм аспайтын IV санатты құбырларға шойын арматурасын қосу үшін қолдануға болады.

14. Бойлық жігі бар құбырлардан жасалған үш көзді қосқыштарды III және IV санатты құбырлар үшін қолдануға болады; бұл ретте барлық дәнекерлеу қосқыштарының сапасын радиографиялаумен немесе ультрадыбыстық әдіспен (бұдан әрі-УДБ) тексеру жүргізіледі.

15. Құбырлар мен құрастырмалы механикалық құрылымдар үшін тотығудан сенімді түрде қорғау қарастырылады.

16. Қабырғасының сыртқы қабатының температурасы 45ºС астам, қызмет көрсетуші персонал үшін қол жетімді орындарда орналастырылған құбырлардың барлық элементтері жылу оқшаулағышпен жабылады. Оның сыртқы қабатының температурасы 45ºС аспайды.

17. Дәнекерлеу қосқыштары мен металдың сырғуын өлшеу нүктелері орналасқан орындардағы І санатты құбырларда алмалы-салмалы оқшаулағыш учаскелері орнатылады.

18. Штуцерлерді, дренаж құбырларын, дөңесшелер мен өзге де бөлшектерді дәнекерлеу жіктеріне, І және ІІ санатты құбырлардың иіндеріне дәнекерлеуге болмайды.

2-параграф. Қисық сызықты элементтер
19. Штамп дәнекерлеуші иіндерді жіктердің тұтас ұзындығы бойымен радиографиялық немесе УДБ жүргізілген жағдайда диаметрлік орналасқан бір немесе екі бойлық дәнекерлеу жіктерін қолдануға болады.

20. Секторлық дәнекерлеу иіндерін ІІІ және IV санатты құбырлар үшін қолдануға болады. Сектордың бұрышы-30ºС аспайды. Осы жіктерді сыртқы қабаты бойынша екі жағынан бірдей бақылау мүмкіндігі иіннің ішкі жағынан көршілес дәнекерлеу жіктері арасындағы қашықтықпен қамтамасыз етіледі. Шиыршықты жік құбырлары жылу желілерінің секторлық иіндерін дайындау үшін қолданылмайды.

21. Иін қабырғасының қалыңдығы-оның кез келген учаскесінде төзімділікке арналған есеппен белгіленген мәндерден кем емес.

22. Иіннің ішкі жағындағы қатпарлардың (есебінен) қисықтық пайда болған иіндерді қолдануға болмайды.

23. Төмендегі формула бойынша есептелетін иіннің көлденең қимасының ең жоғарғы сопақтығы:

(мұндағы Damax, Damin -иіннің өлшенетін қимасындағы ең жоғарғы және ең төменгі сыртқы диаметрі).

24. Иіннің көлденең қимасының сопақтығы-құрылымдық құжаттамасында көрсетілген шамадан аспайды.

3-параграф. Дәнекерлеу қосқыштары мен олардың орналасуы
25. Құбырлардың барлық дәнекерлеу қосқыштары (дәнекерленетін бөлшектердің жіктерін қоса алғанда) оларды бақылау мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналасады.

26. Құбырлар мен үлгі бөлшектерді қосу үшін толықтай балқытып аралық дәнекерлеу қолданылады.

27. Бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын құбырларға штуцерлерді, құбырларды, жайпақ фланецтерді қосу үшін қолдануға болады. Бұрыштық қосқыштар толықтай балқытылады.

28. Құбырлар мен ішкі диаметрі 100 м және одан кем штуцерлер және шартты қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) аспайтын және температурасы 350°C аспайтын жайпақ фланецтер үшін құрылымдық саңылауымен (құрылымдық дәнекерленбеген орындарымен) бұрыштық дәнекерлеу қосқыштарын пайдалануға болады. Мұндай қосқыштардың сапасын бақылау құрылымдық құжаттама бойынша орындалады.

29. ІІІ және IV санатты құбырларда, тіректер мен аспаларда тесіктерді бекітетін төсемдер үшін айқастырып қосуға болады.

30. Қабырға қалыңдығы әр түрлі элементтердің жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарында біршама қалыңдау қабырға жағынан элементтің ұшын бір жақты немесе екі жақты механикалық өңдеу арқылы ең үлкен қимадан кішкентайына бір қалыпты ауыстыру қамтамасыз етіледі.

31. Өтпе жолдардың қабаттарының көлбеу бұрышы-15° аспайды.

32. Қабырға қалыңдығы жұқа элементтің қабырға қалыңдығынан 30 % кем айырмашылық болған жағдайда, бірақ 5 мм аспаса, көрсетілген қалыпты өтпе жолды жік қабатының көлбеу орналасуы есебінен жиектерді ашу жағынан орындауға болады.

33. Осы талап құйылған, қапталған және штампталған бөлшектері бар, сондай-ақ доғалық иілген иіндері бар дәнекерлеу қосқыштарына қолданылмайды. Мұндай бөлшектердің ұштарындағы өтпе жолдардың бұрыштары, жік қабаттарының көлбеу бұрыштары құрылымдық құжаттамада белгіленген нормадан жоғары болмайды.

34. Құбырлар ен өзге де элементтерді бойлық және шиыршық дәнекер жіктерімен дәнекерлеген кезде бір-бірімен салыстырғанда соңғысы жылжыту түрінде қарастырылады. Бұл ретте жылжыту дәнекерленетін құбырлардың (элементтердің) қабырғасының үш еселік қабырғасынан кем емес, бірақ сыртқы диаметрі 100 мм астам құбырлар үшін кемінде 100 мм қарастырылады.

35. Ультрадыбыстық бақылауға немесе жергілікті термиялық өңдеуге жатпайтын көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары үшін құбырлардың тікелей учаскелеріндегі көршілес дәнекерлеу жіктерінің шүлдіктері арасындағы қашықтық дәнекерленетін құбырлардың (элементтердің) қабырғаларының үш еселік қалыңдығынан кем емес, бірақ кемінде 100 мм қарастырылады. Дәнекерлеу жігінің шүлдігінен бастап иінді дөңгелектеп бастағанға дейінгі қашықтық кемінде 100 мм.

36. Ультрадыбыстық бақылауға жататын көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары үшін құбырдың (элементтің) еркін түрдегі тікелей учаскесінің ұзындығы жік шүлдігінен бастап (жақын орналасқан дәнекерленетін бөлшектер мен элементтерге, иілгіштің басына, көршілес көлденең жіктің шүлдігіне дейін және тағы басқа) әр жағына төменде келтірілген шамадан кем кем етіп қарастырылады:

1-кесте


Дәнекерленетін құбырлардың (элементтердің) қабырғаларының көрсетілген қалыңдығы) S, мм

Құбырдың (элементтің) еркін түрдегі тікелей учаскесінің жік шүлдігінен бастап ең қысқа ұзындығы, мм

15 дейін

100

15 астам 30 дейін

5S +25

30 астам 36 дейін

175

36 астам

4S +30

37. Жергілікті термиялық өңдеуге жататын көлденең жапсарлас дәнекерлеу қосқыштары үшін құбырдың (элементтің) еркін түрдегі тікелей учаскесінің ұзындығы жік шүлдігінен бастап (жақын орналасқан дәнекерленетін бөлшектер мен элементтерге, иілгіштің басына, көршілес көлденең жіктің шүлдігіне дейін және тағы басқа) әр жағына төмендегі формула бойынша анықталатын l шамасынан кем емес қарастырылады:



,

бірақ 100 мм кем емес. Мұнда Dm -құбырдың (элементтің) орташа диаметрі Dm = Da-S; Da-көрсетілген сыртқы диаметрі, мм; S-құбырдың (элементтің) қабырғасының көрсетілген қалыңдығы, мм.

38. Дөңгелек иілген, штампталған және штампты дәнекерленген иіндерді орнату кезінде көлденең дәнекерлеу қосқыштарын дөңгелектеу басында орналастыруға және бір-бірімен өзара дөңгелектеп иілген иіндерді тікелей учаскесіз дәнекерлеуге болады.

39. Құбыр өткізгіш элементтерімен құбырлардың және штуцерлердің бұрыштық дәнекерлеу қосқыштары үшін элементтің сыртқы қабатынан бастап құбыр иілгішінің басына дейінгі немесе көлденең жапсарлас жік шүлдігіне дейінгі қашықтық:

1) сыртқы диаметрі 100 мм дейінгі құбырлар (штуцерлер) үшін-құбырдың сыртқы диаметрінен кем емес, бірақ кемінде 50 мм;

2) сыртық диаметрі 100 мм және одан астам құбырлар (штуцерлер) үшін-кемінде 100 мм қарастырылады.

40. Құбырдың көлденең дәнекерлеу қосқыштарының шүлдігінен бастап тіректің жиегіне немесе аспаға дейінгі қашықтық тексеру, бақылау және термо өңдеу жүргізу мүмкіндігі негізінде алынады.

4-параграф. Құбырларды төсеу
41. І санатты құбырларды бір арнада басқа технологиялық құбырлармен бірге жерасты төсеуге болмайды.

42. Құбырларды жартылай өту арналарында төсеу кезінде жарықтағы арналардың биіктігі кемінде 1,5 м, оқшауланған құбырлар арасындағы өту жолының ені кемінде 0,6 м қарастырылады.

43. Құбырларды өту тоннелдерінде (коллекторларда) төсеу кезінде жарықтағы тоннелдің (коллектордың) биіктігі кемінде 2 м, оқшауланған құбырлар арасындағы өту жолының ені кемінде 0,7 м қарастырылады.

44. Тиек арматурасы (жабдығы) орналасқан орындарда тоннелдің ені орнатылған арматураға (жабдыққа) қолайлы қызмет көрсету үшін жеткілікті болатындай етіп алынады. Тоннелдерді бірнеше құбырларды төсеу кезінде оларды өзара орналастыру құбырларға қолайлы түрде жөндеу жүргізуді және олардың жекелеген бөлшектерін ауыстыруды қамтамасыз етеді.

45. Құбырларды жер бетінде ашық төсеу кезінде барлық санаттағы құбырларды әр түрлі мақсаттағы технологиялық құбырлармен, мұндай төсем қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін жағдайдан басқа барлық жағдайда бірге төсеуге болады.

46. Жер асты құбырларына қызмет көрсетуге арналған камераларда сатылары немесе тұтқалары бар кемінде люк қарастырылады.

47. Өткізу арналары сатысы немесе тұтқасы бар кірме люктерімен жабдықталады. Люктердің арасындағы қашықтық-300 м аспайды, ал басқа құбырлармен бірге орналастырған жағдайда-40 м аспайды. Кірме люктер тұйық учаскелердің барлық ақырғы нүктелерінде, трассаның бұрылыстарында және арматура қондырғысының тораптарында қарастырылады.

48. Құбырлардың көлденең учаскелері үшін еңіс кемінде 0,004; жылу желілерінің құбырлары үшін еңіс кемінде 0,002.

49. Жол тарту кезінде су тұнбасы учаскелерінің түзілу мүмкіндігі болмайды.

50. Арматура қызмет көрсету және жөндеу үшін ыңғайлы орындарда орнатылады. Қажет болған жағдайларда сатылар мен алаңдар орнатылады.

51. Орнатылатын шойын арматурасы иілгіш кернеуінен қорғалады.

5-параграф. Жылумен кеңейту теңгерімі
52. Жылжымайтын тіректер арасындағы құбырдың әрбір учаскесі өздігінен теңгерілетін немесе теңгерме орнату арқылы жүзеге асырылатын жылумен ұзартқышты теңгеруге есептеледі. Тығыздама шойын теңгермелерін қолдануға болмайды.

53. Ішкі диаметрі 150 мм және одан астам және будың температурасы 300ºС және одан жоғары бу өткізгіштерде бу өткізгіштердің кеңеюін бақылау және тірек-аспа жүйесінің жұмысын қадағалау үшін ауысуды көрсететін тілшелер орнатылады. Тілшелердің орналасқан орындары мен олар бойынша ауыстырудың есептік мәндері бу өткізгіштің жобасында көрсетіледі. Ауыстырғыштардың тілшелеріне еркін түрде өту жолы қамтамасыз етіледі. Қажет болған жағдайда алаңдар мен сатылар орнатылады.



6-параграф. Тірек-аспа жүйесі
54. Құбырдың көтергіш құрылымдары, оның тіректері мен аспалары (серіппелерден басқа) су толтырылған және оқшаулағышпен жабылған құбырдың массасынан тігінен орналасқан жүктемеге және құбырларды жылумен кеңейту күшіне есептеледі.

55. Бу өткізгіштердің тіректері мен аспалары гидравликалық сынақ кезінде судың массасын есепке алмай, бірақ будың массасын ескере отырып есептеледі. Мұндай жағдайда жобада гидравликалық сынақ кезінде серіппелерді, тіректер мен аспаларды босатуға арналған арнайы бұйымдарды қолдану қарастырылады.

56. Жылжымайтын тіректер жүктемелер үйлеспеген жағдайда оларға берілетін күшке есептеледі.

7-параграф. Дренаждар
57. Құбырдың әрбір ысырмалармен ажыратылатын учаскесінің төменгі нүктелерінде құбырды босату үшін тиек арматурасымен түсіру штуцерлері қарастырылады.

58. Құбырлардың жоғарғы нүктелерінде ауаны бөлу үшін әуе құрылғысы орнатылады.

59. Бу өткізгіштердің қыздыру және үрлеу үшін тиек органдарымен ажыратылатын барлық учаскелері соңғы нүктелерінде вентилді штуцермен жабдықталады, ал қысым 2,2 МПа (22 кгс/см2) жоғары болғанда штуцермен және бірінен кейін бірі орналасқан екі: тиек және реттегіш вентилімен жабдықталады. 20 МПа (200 кгс/см2) және одан жоғары қысымға бу өткізгіштер бірінен кейін бірі орналасқан екі: тиек және реттегіш вентилімен және дроссель шайбасымен қамтамасыз етіледі. Бу өткізгіш учаскесі екі бағытта қызған жағдайда учаскенің екі соңғы нүктесінен үрлеу қарастырылады.

60. Дренаждарды орнату кезінде құбыр қызған уақытта оның жұмысын бақылау мүмкіндігі қарастырылады.

61. Бу өткізгіштердің төменгі соңғы нүктелері мен олардың иілгіштерінің төменгі нүктелері үрлеуге арналған құрылғымен жарақталады.

62. Дренаж нүктелерін бу өткізгіштердің көлденең учаскелерінде орналастыруды, құбырлардың дренаж құрылғыларын орналастыру орындары мен құрылымын жобалау ұйымы белгілейді.

63. Теңгерме құмырасы немесе басқа құрылғылар арқылы конденсатты үздіксіз бұру қаныққан будың бу өткізгіштері үшін және қызған будың бу өткізгіштерінің тұйық учаскелері үшін міндетті.

64. Жылу желілері үшін трассаның төменгі нүктелерінде конденсатты үздіксіз бөлу будың күйіне қарамастан міндетті болып табылады.



8-параграф. Арматура мен редукциялайтын құрылғылар
65. Әрбір құбыр қауіпсіз пайдалану жағдайын қамтамасыз ету үшін жұмыс ортасының қысымы мен температурасын өлшеу үшін аспаптармен, ал қажет болған жағдайда тиек және реттегіш арматурамен, редукциялық және сақтандыру құрылғыларымен және қорғағыш және автоматтандыру құралдарымен жабдықталады.

66. Арматураның, өлшеу, автоматтандыру және қорғау құралдарының саны мен орналасу орнын қауіпсіз қызмет көрсету және жөндеуді қамтамасыз етуді ескере отырып, жобалау ұйымы қарастырады.

67. Сақтандыру құрылғылары қорғалатын элементтегі қысым жұмыс қысымынан 10 % жоғары, ал есептік қысым 0,5 МПа (50 кгс/см2) дейін болғанда 0,05 МПа (0,5 кгс/см2)артпайтындай етіп есептеледі және реттеледі.

68. Сақтандыру құрылғыларының өткізу қабілеттілігінің есебі МСТ 24570 бойынша жүргізіледі.

69. Сақтандыру клапанын толықтай ашқан кезде қысымның есептік мөлшерден 10 % жоғары артуына егер бұл құбырдың төзімділігіне арналған есеппен қарастырылған болса, жол беріледі.

70. Егер құбырды төменгі қысымда пайдалануға рұқсат берілсе, онда сақтандыру құрылғыларын реттеу осы қысым бойынша жүргізіледі, құрылғылардың өткізу қабілеті есеппен тексеріледі.

71. Сақтандыру құрылғысы орнатылған келте құбырдан ортаны алуға болмайды. Тиек органдарын сақтандыру құрылғыларына дейін және кейін орнатуға болмайды.

72. Сақтандыру клапандары персоналды клапан жұмыс істеп тұрған кезде күйіктен қорғайтын бөлетін құбырлармен жабдықталады. Бұл құбырлар қатып қалудан қорғалады және олардың ішінде жиналған конденсатты құю үшін дренаждармен жабдықталады. Тиек органдарын дренаждарға орнатуға болмайды.

73. Жүк немесе серіппелі клапандардың құрылымы құбыр жұмыс істеп тұрған кезде мәжбүрлі түрде ашу арқылы клапанның ақаусыз жұмыс істеуін тексеруге арналған құрылғымен жабдықталады. Құбырға электр магниттік импульсті-сақтандыру құрылғысын (ИСҚ) орнатқан жағдайда, ол клапанды қашықтықтан басқару қалқанынан мәжбүрлі түрде ашуға мүмкіндік беретін құрылғымен жабдықталады.

74. Манометрлердің дәлдік класы:

1) жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) дейін болғанда-2,5;

2) жұмыс қысымы 2,5 МПа (25 кгс/см2) астам және 14 МПа (140 кгс/см2) дейін болғанда-1,5;

3) жұмыс қысымы 14 МПа (140 кгс/см2) астам болғанда-1,0 төмен емес.

75. Манометрлердің шкаласы жұмыс қысымында манометрдің тілшесі шкаланың үштен бір бөлігінде болатындай етіп алынады.

76. Манометрдің шкаласында қысымды көрсететін қызыл жолақ болады. Қызыл жолақтың орнына манометрдің корпусына қызыл түске боялған және манометрдің шынысына мықтап орнатылған корпусты бекітуге болады.

77. Манометр оның көрсеткіштері қызмет көрсетуші персоналға айқын көрінетіндей етіп орнатылады, бұл ретте оның шкаласы көрсеткіштің жақсы көрінуі үшін тігінен немесе алдыңғы жағына қарай 30° дейін көлбей орналасады.

78. Манометрлерді бақылау алаңының деңгейінен 2 м дейін биіктікте орнатылатын манометрлердің көрсетілген диаметрі кемінде 100 мм, 2 м бастап 3 м дейін биіктікте кемінде 150 мм және 3 м бастап 5 м дейінгі биіктікте кемінде 250 мм қарастырылады. Манометрді 5 м жоғары биіктікте орнату кезінде көшірме ретінде төмендетілген манометр орнатылады.

79. Әрбір манометрдің алдынан манометрді үрлеу, тексеру және ажырату үшін үш жүрісті кран немесе басқа да осыған ұқсас құрылғы орнатылады. Бу қысымын өлшеуге арналған манометрдің алдынан диаметрі кемінде 10 мм кішкене сифон құбыры орнатылады.

80. Арматура корпусынан айқын таңба салынады, онда мыналар көрсетіледі:

1) дайындаушының атауы немесе тауарлық белгісі;

2) шартты өту жолы;

3) ортаның шартты қысымы мен температурасы;

4) орта ағының бағыты;

5) болаттың маркасы.

81. Шартты өту жолы 50 мм және одан астам арматура белгіленген нысандағы паспортпен жеткізіледі, онда металдың химиялық құрамы, механикалық қасиеттері бойынша деректер, термиялық өңдеу режимдері мен бұзбай бақылау нәтижелері көрсетіледі. Арматураның негізгі бөлшектеріне: корпусына, төбесіне, шпинделіне, тығынына және бекіткішке деректер беріледі.

82. Арматураның тегершіктерінде арматураны ашу және жабу кезінде айналдыру бағыты көрсетіледі.

83. Құбырлардың арматурасының жетегін құрастыру кезінде мынадай шарттар сақталуы тиіс:

1) арматураны ашу тегершікті сағат тілшесіне қарсы қозғау ақылы, жабу-сағат тілшесі бойынша жүргізіледі; бұдан басқа вентилдер мен ысырмаларды шынжыр мен құлыпқа жабу мүмкіндігі қарастырылады;

2) арматураны ашу тілшесін тілікке қозғаған кезде оның қозғалысын соңғы қалыпта шектеуге болмайды; арматураны ашу көрсеткіштерінің шкаласында соңғы қалыптары жазумен белгіленеді.

84. Есептік қысымы оны қоректендіретін көздің қысымынан төмен құбыр манометрі бар редукцияланған құрылғымен және сақтандыру клапанымен жабдықталады, олар аз қысым жағынан (РСҚ немесе басқа да редукциялайтын құрылғы) орнатылады.

85. Редукциялық және редукциялық-салқындату құрылғылары будың қысымы мен температурасы автоматты реттегішпен жабдықталады.

86. Бу өткізгіштерді қыздыру үшін (техникалық негізделген жағдайда) едәуір айналдыруды қажет ететін ысырмалар мен вентилдерді ашуды жеңілдету мақсатында жиектелген жолақтармен (байпастармен) жарақталады, олардың диаметрін жобалау ұйымы анықтайды.



3-тарау. Материалдар мен жартылай дайын өнімдер

1-параграф. Жалпы талаптар
87. Қысыммен жұмыс істейтін құбырлар мен олардың бөлшектерін дайындау, монтаждау және жөндеу үшін 3-қосымшаның 1-7-кестелерінде көрсетілген материалдар мен жартылай дайын өнімдер қолданылады.

88. Егер материалдардың өлшемдері 3-қосымшаның 1-7-кестелерінде көрсетілген талаптардан төмен болмаған жағдайда кестелерде көрсетілмеген, 3-қосымшаның 1-7-кестесінде тізбектелген материалдарды қолдануға болады.

89. 3-қосымшаның 1-7-кестесінде келтірілмеген материалдар мен жартылай дайын өнімдерді қолдануға, оларды пайдалану шектерін кеңейтуге немесе осы бөлімде және 3-қосымшаның 1-7-кестесінде көрсетілгендермен салыстыру бойынша сынақ және бақылау көлемін қысқартуға олардың оң сынақ қорытындысының негізінде рұқсат беріледі.

90. Материалдар мен жартылай дайын өнімдердің сапасы мен қасиеттері туралы деректер жартылай дайын өнімді дайындаушының сертификатымен және тиісті таңбалаумен расталады. Сертификат (таңбалау) болмаған немесе толық болмаған жағдайда дайындаушы немесе құбырға монтаждау немесе жөндеу жүргізген ұйым қажетті сынақ өткізіп, нәтижелерін жартылай дайын өнімді жеткізушінің сертификатын толықтыратын (ауыстыратын) хаттамамен ресімделеді.

91. Климаты салқын аудандарда салынатын құбырлар үшін материалдарды іріктеу кезінде жұмыс өлшемдерінен басқа, пайдалану, монтаждау, түсіру-тиеу жұмыстары және сақтау кезінде төменгі температураның әсер етуі ескеріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет