Құрметті студенттер!



Дата30.01.2024
өлшемі14.14 Kb.
#490203
Алаяқтық бойынша хабарлама


Құрметті студенттер!
Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары қоғамымызда алаяқтық саны артып келеді. Бірі интернет желісі, телефонға қоңырау шалу арқылы алдап, ақша ұрласа, бірі колледж, университет студенттерімен кездесіп, белгілі бір қаражатқа оқуға түсіруге, ақылы бөлімнен мемлекеттік білім беру грантына ауыстырып беруге немесе емтихандық сессиядан көмектесу туралы қызметтерін ұсынуда.
Өкінішке орай, бұл жағдай университетімізде де жыл сайын орын алып отыр. Ректорат, деканат қызметкерлерінің, оқытушылардың атын жамылып алаяқтар студенттерден қомақты қаржыны алып, алдап қашып кету мәселелері бізге жетуде. Оқуға түсу, мемлекеттік білім грантына ауысу мәселелері Үкімет қаулысымен немесе заңнамалармен реттеледі және үнемі мемлекет тарапынан тексеріледі. Деканат тарапынан студенттерге түсіндіру жұмыстары жүргізілгенімен, жағдай жыл сайын қайталанып отыр.
Сол себепті жоғарыда жазылған алаяқтық жағдайларымен кездескен болсаңыздар, алданып қалмауыңызды ескертеміз! Егер алданып қалу жағдайлары немесе жоғарыда айтылған фактілермен кездескен болсаңыздар Комплаенс-офицерге хабарласуыңызды сұраймыз.
Комплаенс-офицер Сугралин Радик Еленович, байланыс номері 87017328567.


Жалпы медицина деканы Т. Абилов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет