Құрметті уәлихановтықтар! Қадірлі жерлестер!



Дата23.02.2016
өлшемі194.52 Kb.
УӘЛИХАНОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Е.Б.УӘХИТОВТЫҢ

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ
Құрметті уәлихановтықтар!

Қадірлі жерлестер!
Өткен жыл республикамызда үлкен саяси оқиғаларға ие. Тәуелсіздіктің 19 жылы түбегейлі саяси өзгерістер, ауқымды экономикалық реформалар кезеңі ретінде тарихқа еніп отыр.

2010 жыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығы аясында өтті.

Қазіргі таңда елімізде жүзден астам ұлттар мен ұлыстар мекен еткен жерде татулық пен рухани келісім және түсіністіктің болуы – үлкен жетістігіміз. Астана қала­сында алғаш рет өткізілген Бүкіләлемдік рухани мәдениетінің форумы осы біздегі дінаралық ынтымақ пен өзара тү­сіністіктің дамып келе жатқан­дығының бір айғағы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің екі құрылтайы өткені белгілі. Мұның барлығы да осы елде жасап жатқан халықтардың ынты­ма­ғы мен ауызбірліктерінің бір көрінісі болып табылады. Ал елордада бой көтерген Бейбітшілік пен келісім сарайы болса, осы рухани татулықты бас­ты құндылық деп бағалайтын өркениет елдерінің өкілдері үшін нағыз келісімге құрылған келіссөз орталығына айналды. Астана бүгінгі күні әлем қоғамдастығымен әлемнің рухани астанасы атағына абыроймен ие болуда.

Жылдың ең маңызды оқиғаларының бірі - Қазақстанның Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық етуі болды.

Үлкен жеңіспен Қазақстанның Ақордасы-Астана қаласында бұл халықаралық ұйымның Саммиті өтіп, онда 56 қатысушы елдің басшылары мен өкілдері қатысты. Бұл Саммит тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы тек қана мәртебелі жиын ғана емес, сонымен бірге, еліміздің, Елбасымыздың, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік абыройын асырған ерекше кезең деуге болады. Сол үшін Астана Саммиті әлі келер ұрпаққа, көптеген елдерге зор үлгі болады деп білеміз.

Ауданның атқарушы билік органдарының барлық жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауға және жүзеге асырылуына бағытталды.

13 ақпараттық-насихаттау топтары белсенді жұмыс атқарды. Жылдың басты құжатын түсіндіру және насихаттау бойынша 600-ден астам іс-шараларды 16 мыңнан астам тұрғындардың қатысуымен өткізілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жергілікті атқарушы органдарының басшыларының тұрғындармен есептік кездесулер өткізу туралы» 2005 жылғы 6 сәуірдегі №1546 Жарлығын іске асыру мақсатында 2010 жылдың қаңтар-ақпан айларында барлық деңгейдегі әкімдердің аудан тұрғындары алдында есептері өткізілді. Бұл кездесулер өткізу барысында тұрғындардан әлеуметтік-экономикалық сипаттағы мәселелер мен ұсыныстар көтерілді.

Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 16 ақпандағы №19 қаулысымен аудан әкімі және селолық округ әкімдерінің атына түскен сұрақтар мен ұсыныстарды орындау жөніндегі іс-шаралар бекітіліп, 55 сұрақ бақылауға алынды.

2010 жылдың 30 желтоқсанына бақылауға алынған 55 сұрақтың 50-і немесе 91% шешілді. Аудандық газеттерде көтерілген сұрақтардың орындалуы жөнінде селолық округ әкімдерінің, мемлекеттік мекемелер басшыларының 49 материалдары жарияланды.


* * *

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақты және қарқынды сипатқа ие. Аудан тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыру және экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін жүйелі шаралар қолданылуда.

Уәлиханов ауданының 2010 жылғы әлеуметтік экономикалық даму нәтижелері барлық негізгі көрсеткіштер тұрақты өсіп жатқанын көрсетеді.

Ең басты міндеттердің бірі – ауданымыздың экономикалық әлеуетін әрі қарай арттыру, әлеуметтік саланы дамыту және оның негізінде тұрғындардың өмір сапасын жақсарту болды.


Аграрлық сектордың дамуы
Аграрлық кешен аудан экономикасының негізгі саласы болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенінің экспортты әртараптандыру және тұрғындарды жұмыспен қамтуды арттыру үшін негіз ретіндегі қарқынды дамуы ауданымыздың негізгі басымдықтарының бірі.

Аграрлық сектордың даму жетістіктері ең алдымен аграрлық кешенге күшті қолдау көрсетіліп жатқан Президентіміздің мемлекеттік саясатына, сондай-ақ елімізде жасалған қолайлы жағдайларға негізделген.

Бұл саладағы жұмыстың басты бағыты – елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау болды.

Өсімдік шаруашылығының басым бағыттарының бірі дәнді-дақылдар өндірісінің тиімділігін арттыру және сапалы бидай алуды одан әрі жетілдіру болып табылады.

Ауданның ауыл шаруашылығы өнімнің жалпы көлемі 2010 жылы 9678,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем көрсеткіші 76% құрады.

2010 жылы астық өнiмдiлiгi 11,2 ц/га болып, 266,0 мың тонна астық алынды, тазаланғаннан кейінгі салмағы 239,4 мың тоннаны құрады.

Жоғары сапалы астық алу үшін ауданның агроқұрылымдарымен барлық қажетті шаралар өткізілді.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілерін субсидиялау бағдарламасы бойынша ауданға 2010 жылы 98 тонна көлемінде элита тұқымы квотамен алынды. 541,4 тонна минералды тыңайтқыш бөлінді.

Егін салу науқанының нәтижесінде ауданның агроқұрылымдарына 126 млн.теңге көлемінде мемлекеттік субсидия төленді.

784 тонна арзандатылған бағамен жаңар-жағар май алынды. Егін жинау науқанына 500 тоннадан артық көлемінде келісім-шарт жасалды.

«АФ Қзылту-НАН» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қаратерек, Елтай, Мортық өндіріс учаскелерінде 266 млн. теңгеге жалпы сыйымдылығы 18 мың тонна 12 сатылас модульдарының құрылысын аяқтады.

2010 жылы «АФ Қзылту Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 548 млн. теңгеге ауылшаруашылық техникасын сатып алды, мұның ішінде 6 - «Борго» егістік комплексі, 1 - «Джондир» жоғары өндiру дестелегіш, 2 - МТЗ-1222,3 тракторы, 2 - жүк тиеу-түсіру конвейерлері, 1 - автогрейдер, және навигациялық жүйелерді сатып алды.

Биылғы жылы да техниканы жаңарту жұмысы жалғастырылады.


Мал шаруашылығы
Ауданда мал шаруашылығын нәтижелі дамыту, ауыл шаруашылық малдардың басын көбейту және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін барлық ресурстық және табиғаттық-климаттық жағдайлар бар.

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында несие беріліп, шағын фермаларды ұйымдастыру, мал сою алаңдарын салу және ветеринария саласын мамандармен толықтыру жұмысы қолға алынған.

2010 жылы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы аудан тұрғындарына мал шаруашылығын дамыту үшін 7050 мың теңге сомасына несие берілді.

Аудан бойынша 74 шағын ферма ұйымдастырылған, соның ішінде ірі қара малды өсіретін - 60, онда 1892 бас ірі қара мал бар, қой өсіретін - 50, онда 3972 қой бар және 891 басы бар 43 жылқы өсіретін шағын ферма бар.


Бүгінгі күнде былтырғы жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда ірі қара малдың саны 4,4%, соның ішінде сиырлардың саны 4,2% (12,5 мың бас), қойлар мен ешкілер 5% (27,3 мың бас), жылқы 1,2% (11,2 мың бас), шошқалар саны 3,7% (1,6 мың бас), құстар 7,4% (51,3 мың бас) өсті. Мал және құс санының артуы мал шаруашылық өнімдерін өндіруінің өсуіне оң ықпалын тигізіп отыр.

2010 жылы тірі салмақта 4,9 мың тонна ет немесе 103,2%, сауылған сиыр сүті 40,0 тонна (101,5%), 4,7 мың дана немесе 102,4% жұмыртқа өндірілді.

Ауданымызда ара шаруашылығының да дамуы байқалады. Аудан бойынша ара шаруашылығымен айналысатын 5 жеке тұлға бар болса, олардың барлығында 100 ден аса ара ұясы бар, ара балы өнімдері облыс орталығындағы және Кішкенекөл селосындағы жәрменкелерде сатылады.

2011 жылы Қулыкөл селолық округінде «Даниял и К» ШҚ асыл тұқымды қазақ «Жәбе» жылқыларын өсіретін шаруашылығының, Амангелді, Бидайық және Чехов селолық округтерінде ірі қара малдарды семірту алаңдардың ашылуы жоспарлануда.



Өнеркәсіп
Ауданда бәсекеге қабілетті және тиімді өнеркәсіп саласын қалыптастыруға қолайлы жағдай туғызуға бағытталған шаралар кешені нәтижесінде ауданның өнеркәсібі дамып келеді.

2010 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімдерін өндіру 103 млн.теңге болады деп күтілуде, физикалық көрсеткіш көлемі өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 67% құрады.

Ауданда тағам өнімін өндірумен 14 мекеме айналысады, соның ішінде 1-ұн үктіру комбинатымен 13 наубайхана.

Ауданның жалпы өнеркәсіп өнімдерін өндіру саласында ұн өндіру саласы 95,7% құрайды.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 43% немесе 9998 тоннаға кем ұн үктірілді.

Көлемнің төмендеуіне ауданда ұн үктірумен айналысатын Қызылту ұн үктіру комбинатының астықты үктіру жөніндегі келісім шарттарының болмауы әсер етті.



Тұрғын үй құрылысы және ауыз сумен қамтамасыз ету


Тұрғын үй құрылысы-біздің экономикамызды алға сүйреуші қуатты күш.

2010 жылы аудан аумағында тұрғындар есебінен 729 шаршы метр 9 тұрғын үй қолданысқа енгізілді немесе 112%.

Ауданды ауыз сумен қамтамасыз ететін 3 су құбырлар жүйесіне «Мөлдір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет жасайды.

2010 жылы тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет трансферттер есебінен 184,4 млн.теңге бөлінді. 140,428 млн.теңге сомасы Кішкенекөл селосында су құбырын тарату жүйесінің құрылысына жұмсалды. Нәтижесінде 10,2 км су құбыры тартылып, 37 су тарататын колонкалар орнатылды.

Аққұдық селосында жер асты сулар есебінен локалді сумен қамтамасыз ету құрылысы 43,972 млн. теңге сомасына жүзеге асырылды.

Жергілікті бюджеттен Бидайық селосында ауа электр желісін салу үшін 3839 мың теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта ауданның 33 елді-мекендерден 15 елді-мекен сапалы суды пайдаланады, оның ішінде топтық су құбырлардан-10, локалды көздерден 5 елді-мекен, қалғандары – суды жергілікті көздерден алады.

2011 жылы 7 млн. теңгеге 1-мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй құрылысы жоспарлануда.

Сонымен бірге, сапалы таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасын табады, бұл мақсатқа бюджетте 58 362 мың теңге сомасында шығындар қарастырылған, оның ішінде;

- Қаратал ауылында жер асты суларынан локалді сумен қамтамасыз ету құрылысына 35776 мың теңге;

- «СҚО Уәлиханов және Ақжар аудандарының елді мекендерін сумен қамту (3 кезең). «Ақтүйесай с. - Өндіріс с. – Жұмысшы с. – Жамбыл с.» бағыты бойынша және Ақтүйесай с., Өндіріс с. су тарату жүйесін дамыту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу мақсатында республикалық бюджет трансферттері есебiнен 12580 мың теңге;

«СҚО Уәлиханов және Ақжар аудандарының елді мекендерін сумен қамту (3 кезең). "Молодая гвардия с. - Мортық с.» бағыты және Молодая гвардия с., Мортық с. бойынша су тарту жөнінде жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін республикалық бюджет трансферттері есебiнен 8006 мың теңге;

«Кішкенекөл селосында су құбырын қайта құру және дамыту» жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық бюджет есебінен 2000 мың теңге;



Шағын және орта бизнестің дамуы


Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің тұрақты және динамикалық дамуы кәсіпкерлікке де оң әсерін тигізді.

Ауданның кәсіпкерлік құрылымы экономиканың дамуына салмақты әсерін тигізеді, өндірістік саланың дамуына, тұрғындардың жұмыспен қамту проблемасын шешуге, бәсекелестік ортаның құрылуына және қызмет көрсету саласының кеңеюіне өз септігін тигізуде.

Ауданда «2009-2011 жылдарға арналған Уәлиханов ауданында кәсіпкерлікті дамыту және қолдау бойынша бағдарламасы» жүзеге асырылуда.

«2020 бизнес жол картасы» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды қажет ететін 8 жоба бастамасын бастады. «Ар» ЖШС-нің бастамасымен 45 млн.теңге тұратын жоба (Жылқы, ірі қара мал және қой сатып алу, өсіру, семірту. Мал сою алаңы мен шұжық цехінің құрылысы) бойынша Цесна Банкке қажетті құжаттар жіберілді.

Ауданда 541 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 492 жұмыс істейді немесе 91%. Олар 32 заңды тұлғалар, 167 шаруа қожалықтары, 291 жеке кәсіпкерлер.

Жылдың басынан шағын кәсіпкерліктің 25 объектілері ашылды, оның ішінде 8 сауда орны, 1 дүкен көкөніс сақтау қоймасымен, 2 қоғамдық тамақтану орындары, 3 шаштараз, 2 шағын наубайхана, 1 дүкен-кафе, 4 монша, 1 дәріхана, «Мөлдір Су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі жанында сүргілеу цехі ашылды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін 1200 мың теңге кредит берілді.

Аудан орталығында меншікті қаражаттар есебінен «Тельжанов» жеке кәсіпкер құны 5,0 млн.теңге тұратын дүкеннің, сонымен қатар «Арынов» жеке кәсіпкер дүкен және көкөніс қоймасын 1,5 млн. теңгеге құрылыстарын аяқтады.

2010 жылғы қаңтар-қараша айлары аралығында бөлшек тауарайналымы 355,9 млн.теңгені құрады, 2009 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда 255,6% құрап отыр.

Жыл қорытындысы бойынша бөлшек тауарайналымы 2,5 есе өсіп, 388 млн. теңге болады деп күтілуде.

2011 жылы меншікті қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени және өндірістік мағынасы бар нысандарды енгізу жоспарлануда, олар:

- Кішкенекөл селосында жалпы құны 10 млн.теңгеге сауда үйі («Темірбекова» ЖК);

- жалпы құны 2 млн.теңгеге көліктерге қызмет көрсету станциясы («Сәдуақасова» ЖК);

- жалпы құны 1,5 млн.теңгеге дүкен («Елмаганова» ЖК);

- жалпы құны 3 млн.теңгеге ұн үктіру диірмені («Мәліков» ЖК).


Аудандық көлік-коммуникациялық кешенінің дамуы

Ауданымыздағы автомобиль жолдары жүйесін дамыту және жақсарту біршама қаржылық шығынды талап ететін маңызды мемлекеттік міндет болып табылады.


2010 жылы аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу мен ұстауға бюджеттен 19258,0 мың. тенге көлемінде қаражат бөлінді, мұның ішінде аудандық маңызы бар автожолдарды жөндеу мен ұстауға 9258,0 мың. тенге, сонымен қатар ауданда Жол картасын жүзеге асыру барысында аудандық маңызы бар автожолдарды ағымдағы жөндеуге-10 млн. тенге. 4000 м2 көлемінде асфальтобетонды жамылғыш шұңқырды жөндеу жұмыстары жүргізілді, 15 адам жұмысқа тартылды.

Жергілікті бюджеттен Бидайық селосында ауа электр желісін салу үшін-3839 мың теңге бөлінді. Қаржы толық игеріліп, электр желісі іске қосылды.

Қайрат және Аққұдық селоларында діңгекті-антенна ғимаратының құрылысына облыстық бюджеттік трансферттер есебінен-15 млн.теңге бөлінді.

2011 жылы Кішкенекөл селосының С.Мәліков көшесі бойынша 4573 мың теңгеге ауа электр жүйесі желісінің құрылысын салу жоспарлануда және Сәдуақасов, Островский, Южный көшелері мен Актүйесай селосына ауа электр жүйесі желісінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындау үшін 1000 мың теңге бөлінді.


Аудан бюджеті
2010 жылы аудан бюджеті экономиканың қарқынды дамуының барлық деңгейіне сәйкес болды.

Өткен жылы жергілікті бюджетке салық және басқа да міндетті төлемдердің жоспарланған түсімдері 102 пайызға орындалды немесе 291 385,0 мың теңгенің орнына нақты түскені 296 919,1 мың теңге, соның ішінде облыстық бюджет 138 936,2 мың теңгеге немесе 101% орындалды, асыра орындалғаны 2006,2 мың теңге, аудандық бюджет – 157 983,0 мың теңгеге немесе 102 пайызға орындалды, асыра орындалғаны-3528,0 мың теңге.

2010 жылы шығындар бойынша бюджеттің орындалуы 98,3 пайыз болды. Жоспар бойынша 1 684 264,9 мың теңге, орындалғаны 1 655 099,7 мың теңге.

Тұрғындарды әлеуметтік қорғау


Ауданда азаматтарды әлеуметтік қорғау, жұмыссыздықты төмендету, аз қамтылған отбасылардың санын азайту бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізілуде.

Тұрғындарды жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс «2008-2010 жж. арналған тұрғындарды жұмыспен қамту» және 2010 жылға арналған «Жол картасы» бағдарламаларына сәйкес жүргізілді.

Жыл басынан бері 1287 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды немесе бұл бағдарламалық тапсырмадан 130% құрады, жаңа кәсіпорындардың іске қосылуы және кеңеюі есебінен 511 жаңа жұмыс орындары құрылды, сонымен жоспарлы тапсырма 115% -ға орындалды.

Тұрғындарды жұмыспен қамтуды жүзеге асыруға мемлекеттік қолдау жәрдемдеседі. Бұл мақсатқа аудандық бюджетте 19 млн. 042 мың теңге қарастырылған. Бұл 2010 жылы қоғамдық жұмыстарға 278 адамды орналастыруға, 50 әлеуметтік жұмыс орындарын құруға және 47 жұмыссызды кәсіби оқытуға жіберуге септігін тигізді.

Елбасының Жолдауын жүзеге асыру аясында қабылданған Жол картасында халықты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын ашуға нақты бағдарлар көрсетілген.

Ауданның 7 жұмыс берушінің қатысуымен 24 әлеуметтік жұмыс орындары ашылды. Жалақының орташа көлемі 36 мың теңгені құрап отыр.

Жастар тәжірибесі жалғасын тапты. Оны жүзеге асыру аясында жылдың басынан 109 жас маман ауданның 34 мекемесі мен кәсіпорындарында жастар тәжірибесіне тартылды, олардың 62-і - 2010 жылдың түлектері.

Жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлау және қайта даярлауда жергілікті кәсіби лицейге кәсіби оқытуға 30 жұмыссыз «тракторист-жүргізушісі, «газбен дәнекерлеуші» кәсіптері бойынша жіберілді.

2009 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 217 адамға азайып, 703 адамды құрады. Кедейшілік деңгейі 0,6% қысқарып, 3,9% құрап отыр.

Сонымен бірге, алдымызда аз қамтылған азаматтар санын оларды жұмысқа орналастыру және кәсіби оқу мен қайта оқуға жіберу арқылы қысқарту мақсаты тұр.


Әлеуметтік-мәдени саланың дамуы


Білім
Білім беру жүйесінің сапалық жетістіктері жалпыұлттық даму бағдарламасының басымдықтарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні орта мектеп түлектерінің білім деңгейі ұлттық бірыңғай тестілеумен бағалануда. Ұлттық бірыңғай тестілеу бойынша аудандық көрсеткіш 87,6 балды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,5 балға артық. 245 түлектерінің 202-сі немесе 82,4% ұлттық бірыңғай тестілеуден өтті, түлектердің қамтылуы бойынша осы көрсеткіш облыс көлемінде ең жоғары болып саналады. 2 үміткер «Алтын белгімен», 2 түлек үздік аттестатпен бітірді, 44 оқушы 100-ден астам ұпай алды.

Президенттің биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасына сәйкес «Балапан» бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның жүзеге асырылуы ағымдағы жылы мектепке дейінгі тәрбиемен 60,1% бүлдіршіндерді қамтуға, 17 шағын орталық, «Балдәурен» балабақшасында қосымша 2 топ ашуға мүмкіндік беріп отыр.

Білім ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жұмыс атқарылды. Өткен кезең ішінде республикалық бюджеттен Өндіріс, Мортық орта мектептеріне 2 мультимедиялық кабинетін, Бидайық орта мектебіне 1 биология кабинетін сатып алуға-15179,0 мың теңге бөлінді, облыстық бюджеттен 8 мектепке 24 компьютер сатып алу үшін 2400,0 мың теңге бөлінді, сонымен қатар, бастапқы әскери дайындық кабинеттерін жабдықтауға, спорт құралдарын сатып алу үшін 2155,0 мың теңге қаражат бөлінді.

Кішкенекөл мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жүргізілді, бұл мақсатқа 39,712 млн.теңге бөлінді, соның ішінде ауданның жол картасы бойынша 35,237 млн.теңге.

Ауданның 2 мектебінің жылу жүйесін күрделі жөндеуіне жергілікті бюджеттен 8 044 мың теңге бөлінді, мұның ішінде Телжан ОМ -3 044 мың теңге, Чехов ОМ - 5 000 мың теңге. Сонымен қатар, үнемделген қаражат есебінен ауданның 6 мектебінің қазандықтарын ауыстыруына 4 383,9 мың теңге жұмсалды: Аққұдық ОМ, Каратерек ОМ, Елтай ОМ, Жамбыл ОМ, М.Жұмабаев атындағы ОМ, Озерный ОМ.

№1 Кішкенекөл орта мектебінде өнер мектебін орналастыруға ағымды жөндеу жасауына - 1 757,0 мың теңге бөлінді.

2010 жылы ауданның 6 мектебіне 1100,0 мың теңгеге автоматикалық өрт дабылғыштары орналастырылды: Жамбыл ОМ, М.Жұмабаев атындағы ОМ, Қайрат ОМ, Қарашілік ОМ, Жасқайрат ОМ, Шағырсай ОМ.

№1 Кішкенекөл орта мектебі және Кішкенекөл мектеп-гимназиясына циклон және түтін сорғыштар сатып алуға 1673,0 мың теңге бөлінді.

Аз қамтылған азаматтарды қолдау ретінде Жалпыға бірдей білім беру Қоры оң бағытқа ие болып отыр, осыдан бұрын білім бөлімінің бюджетінде 1% ғана құраса, бүгінгі күнге ол 2,6% жетіп, 18 млн. 369 мың теңгені құрады. Оның ішінде 13 млн. 149 мың теңге аз қамтамасыз етілген отбасылардың 641 оқушысына ыстық тамақ ұйымдастыруға бағытталды. Бастауыш сынып оқушылары үшін «Мектеп сүті» және тегін бал қосымша тамақтандыру қарастырылған.

Балалардың жазғы демалыстарын ұйымдастыруға 2052 мың теңге бөлінді, мұндағы аудан орталығындағы үш мектептегі сауықтыру алаңдарына-560,0 мың теңге, «Оқжетпес» сауықтыру лагеріне 100 жолдама алуына 1155,5 мың теңге, Астана қаласына 20 балаға «Темір жол турын» ұйымдастыруға 242,0 мың теңге қарастырылды. Сонымен бірге, облыстан 100 оқушыға «Арман» сауықтыру лагеріне жолдама берілді. Жазғы демалыспен барлығы 1560 оқушы қамтылып, 47% құрады.

2011 жылы да білім саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру, мектепке дейінгі тәрбие жүйесін дамыту және жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табады.

№16 кәсіптік лицейдің жатақханасының және қоғамдық-тұрмыс кешенінің күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылады, бұл мақсатқа 54 442 мың теңге қарастырылып отыр.

Мектептерге пәндік кабинеттер сатып алу үшін 15179 мың теңге, спорттық құралдарға-3 664 мың теңге жоспарланып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде қосымша 110 орын құру үшін 4852 мың теңге бағытталатын болады.

Өрт дабылғыштарын орнатылуына, өрт сөндіру құралдарын, білім объектілеріне ағаштан жасалған конструкцияларды өндеу жөніндегі қызметтерді сатып алуға 6259 мың теңге қарастырылды.

Сонымен бірге, аудан бюджетінде жетім балалардың қамқоршыларына қаржылай көмек көрсету және оларды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге 6501 мың теңге, үйлерінде оқитын мүгедек балаларды бағдарламалық қамсыздандыру мақсатында 3028 мың теңге бөлініп отыр.
Денсаулық сақтау
Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында «Халық денсаулығы-ол Қазақстанның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі» деген еді.

2010 жылы ауданның денсаулық сақтау саласына 360,894 млн. теңге, соның ішінде 173,661 млн. теңге республикалық бюджет есебінен бөлінді.

Денсаулық сақтау объектілерінің ағымды жөндеуіне және аудандық орталық аурухананың екі қазандығының орнатылуына жергілікті бюджеттен 7059 мың теңге қарастырылды.

2010 жылдың қаңтар-қараша айларында 2009 жылдың сәйкесінше мерзімімен салыстырғанда:

- жалпы адам өлімі 18,2%-ға төмендеді;

- ана және бала өлімі тіркелмеді;

- туберкулез ауруына шалдығу 42,2% азайды,

- онко-аурулар 1%-ға төмендегені байқалады.

Аудандық көрсеткішке бала туудың төмендеуі теріс ықпалын тигізіп отыр. Бала тууды арттыру жөніндегі «Ұрпақ Қоры» бағдарламасының қабылдануына байланысты оны жүзеге асыру бойынша жұмыс қамтамасыз етілуде.

Денсаулық сақтау объектілерін медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында ауданға дәрігер мамандарын тарту бойынша шаралар қолданылуда. Демеушілер есебінен аудан үшін 2 дәрігер оқытылуда. Бүгінгі күнге дәрігерлердің жетіспеушілігі 6 бірлікті құрап, 2009 жылмен салыстырғанда 7 адамға төмендеді.

Емдеу ұйымдарын дәрігерлік кадрлармен толықтыру, жаңа мамандарға қажетті жағдайлар жасау, алғашқы медико-санитарлық көмекті толық жетілдіру жүйесін алдын алу бағытымен нығайту, салауатты өмір салтын тұрғындар арасында насихаттау бағытында жұмыс өз жалғасын табатын болады.

Мәдениет, тілдерді дамыту және спорт
Ауданда мәдениетті дамыту, тарихи-мәдени мұраларды қалпына келтіру және сақтау жөнінде мақсатты жұмыстар жүргізілуде.

2010 жылы аудандық Мәдениет үйі жанынан тарихи-өлкетану мұражай құрылды. Кітапханалардың кітап қоры көбеюде. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында шаралар қабылдануда. Сала бойынша қаржыландырудың жалпы көлемі 53916 мың теңге, былтырғы жылмен салыстырғанда 66% артық.

Жылдың басынан бастап 2183 жалпы мәдени іс-шаралар 44274 адамның қатысуымен өтті, мұндағы клубтар бойынша 1849 іс-шаралар өткізілді, аудан кітапханалары бойынша 334 іс-шаралар өткізілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 16025 мың теңге бөлініп, 2 объектілерде аудандық мәдениет үйінде және Чехов селолық клубында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Аудан «Ең үздік селолық мәдениет мекемесі» облыстық байқауында клубтар арасында 2 орын, кітапханалар арасында 3 орынға ие болды. Сонымен қатар, облыстық деңгейде өткізілген 8 байқауға қатысып, 4 жүлделі орынға ие болды, соның ішінде 2 гран-при.

Мәдениет мекемелерінің жүйесін кеңейту, клубтарды күрделі жөндеуден өткізуге құжаттар дайындау, мәдени ғимараттарға өрт сөндіру дабылқаққыш орнату бойынша жұмыстар да алда баршылық.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, қолдану аясын кеңейту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік қызметшілердің оқытуы емтиханмен аяқталып, 30 тыңдаушының 19 жоғары білім көрсетіп, сертификат иеленді.

Мемлекеттік тілді насихаттау жұмысы үшін «Мемлекеттік тілді насихаттаудағы ең үздік аудан» номинациясы бойынша біздің аудан дипломмен марапатталып, ауыспалы кубокқа ие болды.

Мемлекеттік тілді дамыту бойынша жұмыс Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын 100%-ға орындауға, қазақ тілін оқыту кабинетін толық жабдықтауды жалғастыруға бағытталады.

Өткен жылы ауданда спортты және дене тәрбиесін дамытуға үлкен көңіл бөлінді. Біздің ауданымыздың 278 спортшысы 17 облыстық спорттық іс-шараларына қатысты. 116 спорттық бұқаралық іс-шаралары өткізіліп, онда барлығы 6251 адам қатысты.

«Салауатты өмір салты» бағдарламасы бойынша бұқаралық жарыстар өткізілуде. Тұрғындардың спортзалдарға бару кестелері мен іс шаралар жоспары әзірленді және оның іске асырылуы туралы газеттерде 23 мақала жарияланды.

Позитивті жетістіктермен қатар аудан мектептерін спорттық құралдармен жабдықтау, әр мектепте спорттық алаңдар мен хоккей корттарын салу мақсаты тұр, өйткені мектеп қабырғасы спорттың дамуының бастапқы базасы болып табылады.

2011 жылы «Солтүстік» аудандық қысқы спорт ойындары Кішкенекөл селосында өткізіледі. Сонымен бірге, облыстық «Ақ бидай» жазғы спорт ойындарының біздің ауданымызда өткізілуі жоспараланған. Бұл біз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік.
Құқық тәртібін қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «жаңа онжылдықта бізге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құқық қорғау жүйесі қажет» деп атап өтті.

Аудан аумағындағы оперативтік жағдай соңғы жылдары тұрақты болып келеді. Бірақ, атап көрсету қажет, барлық көрсеткіштер бойынша қылмыс санының 7,4%, ал жалпы қылмыстың 13,9% көбейтілуі байқалып отыр. Қылмысты ашу алдыңғы жылғыдан 98,1% артық, 2009 жылы ол 96,3% ғана болған еді.

Ауданда қоғамдық тәртіптің жағдайын жақсарту мақсатында ішкі істер бөлімі нарядтарымен көшелерді және қоғамдық жерлерді зерттеу жұмыстары үнемі жүргізіледі.

Полицияның учаскелік инспекторларымен күн сайын есепте тұрған тұлғалармен алдын ала жұмыстары атқарылады.

Республикалық және облыстық оперативті-алдын алу шаралары аясында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында кең ауқымды рейдттік шаралар үнемі өткізіліп тұрады.

Халықты және азаматтық қоғам институттарын құқық қорғау қызметіне тарту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда.

Жол-көлік оқиғаларының 50% өсуіне байланысты, жол полициясының жұмысы арттырылып отыр.

Ішкі істер бөліміне алдағы уақытта ауданда құқықтық тәртіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, біріншіден аудан орталығы Кішкенекөл селосындағы қылмыстық жағдайды жақсарту үшін әлі де атқаратын жұмыстары баршылық. Біздің полицейлеріміз қаншалықты құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етсе, соншалықты ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығымыз әрі қарай дамуын табады.


Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
Саяси тұрақтылық, қақтығыстардың жоқтығы елде жүргізіліп жатқан саясаттың маңызды қорытындыларының бірі екендігін Президентіміз Н.Ә.Назарбаев талай мәрте айтқан болатын.

Аудандық әкімдіктің ішкі саясат саласындағы бүкіл жұмысы Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін кеңінен насихаттау негізінде ішкі саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, биліктің беделін одан әрі нығайтуға, азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталды.

Азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп ВИЧ/СПИД-тің, нашақорлықтың алдын алуға, еріктілерді даярлауға, қоршаған ортаны, азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар жүзеге асырылды.

Діни экстремизм идеяларын таратуға жол бермеу жөніндегі жұмыстар діни конфессиялардың өкілдерімен тығыз байланыста жүргізілді.

Өңірлік жастар бағдарламасын жүзеге асыру аясында қоғамдық-саяси шаралар, акциялар, фестивальдар өткізілді.

Мемлекеттік органдар мен этномәдени орталықтардың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде 2010 жылдың 30 тамыз күні облыс орталығы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-жылдығына арналған «Солт-Дәстүр» достық фестивалінде біздің аудан гран-при иегері атанды. Біздің аудан үшін бұл зор жетістік.



Алда әлі міндет көп. Осы бетімізбен біз тәуел­сіз еліміздің 20 жылдығына кіреміз. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауында Президент: «Қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту ішкі саяси сала мен ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаты боп қала береді», – деді. Алда тұрған Ислам Конференциясы Ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету осы міндеттің бір саласы болып тарихқа кіретін болады. Осы Отанымыз үшін қымбат мемлекеттік мерекелердің маңыздылығына қарай идеологиялық жұмыс атқару міндеті де тұр.
* * *

Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы осындай. Аудандық атқарушы органдар ҚР Президентінің Жолдауында, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында және өзге де бағдарламалық құжаттарда қойылған міндеттерді орындау бойынша жұмысты жалғастырады.
Каталог: uploaded -> ua.sko.kz -> docs -> KAZ -> Otchetnye vstrechi akima raiona -> Otchet akima raiona i akimov selskih aulnih okrugov 2011
Otchet akima raiona i akimov selskih aulnih okrugov 2011 -> Ақтүйесай селолық округінің әкәмә Ж. С. Сұнғатовтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
Otchet akima raiona i akimov selskih aulnih okrugov 2011 -> Бидайық ауылдық округінің әкімі Т. Сақымның тұрғындар алдындағы есебі
KAZ -> Кішкенекөл селолық округінің әкімі – Сейтуаров Азамат Көшербайұлы: Кішкенекөл селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алға қойылған міндеттері туралы
Otchet akima raiona i akimov selskih aulnih okrugov 2011 -> Барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері – халықты мемлекеттік басқару процесіне тартудың тиімді тәсілдерінің бірі
KAZ -> Ақтүйесай селолық округінің әкімі – Сұнғатов Жәнібек Сұнғатұлы: Ақтүйесай селолық округінің 2011 жылы атқарылған жұмыстары және
Otchet akima raiona i akimov selskih aulnih okrugov 2011 -> Қулыкөл ауылдық округінің әкімі Д. Садығұловтың тұрғындар алдындағы есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет