Рогаланд (Норвегия) округының кәсіптік дайындау орталығы делегацияларының Павлодар облысына келуі



Дата03.07.2016
өлшемі12.71 Kb.
#175436
Рогаланд (Норвегия) округының кәсіптік дайындау орталығы делегацияларының Павлодар облысына келуі

2012 жылғы сәуірдің 18-і мен 20-сы аралығында Норвегия корольдігінің елшісі Даг Малмер Халворсен мырза, сондай-ақ, Қазақстандағы жоба директоры Хелль Ховард Сэварайд, жобаның аға менеджері Рун Торсен, Өскемен қаласы кадрларды дайындау және қайта даярлау курс орталығы филиалының директоры С. Бородулина және жоба үйлестірушісі О. Пономарева құрамында норвегиялық делегация Павлодар облысына келді.



Іссапар барысында «Павлодар облысында Қазақстан – Норвегия ынтымақтастығы» жобасын дамытуда тәжірибе алмасу бойынша аймақтық семинар өтті. Семинарға Қазақстан-Норвегия жобасы шеңберінде жұмыс жасайтын оқу орындарының өкілдері қатысты: технологиялық колледж, политехникалық колледж, бизнес-колледж, Ж. Мұса атындағы Ақсу колледжі, Павлодар қаласы № 15, № 31, Ақсу қаласы № 19 кәсіптік лицейлер, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, Ақмола облысы ТжКБ оқу орындарының басшылары. Семинар көлік және коммуникация колледж және № 7 кәсіптік лицей базасында өтті. 
Облыс әкімі Е.М. Арын норвегиялық делегациямен кездесу барысында кәсіптік білім беру жүйесінің мемлекеттік және жергілікті билік органдарымен өзара байланыс, әлеуметтік серіктестік және білім беру саласында одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ, іссапар барысында норвегиялық делегация «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, политехникалық колледж, Ж.Мұса атындағы Ақсу колледжі, Ақсу қаласы № 19 кәсіптік лицейіне барды.
Норвегиялықтар Павлодар облысы кәсіптік оқу орындарының аталған бағыттағы жұмыс тәжірибесін жоғары бағалап, кадрларды дайындау тәжірибесін, өндірістік тәжірибеден өту және бітірушілерді әлеуметтік серіктестіктер кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру жөніндегі тәжірибелері Қазақстанның басқа да облыстарына үлгі боларлықтай екендігін атап өтті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет