Павлодар қаласы әкімдігі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар қаласының № 93 сәбилер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорны
Мукатаева Сандугаш Какеновна
Тәрбиеші
Еңбек өтілімі – 27 жыл
1 санат
Ересектер тобы
Білім саласы: Әлеуметтік орта. Таным.
Оқу іс-әрекет түрі: Айналадағы әлеммен таныстыру (экология), құрастыру.
Тақырыбы: «Ғарышқа саяхат».
Мақсаты: Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттеріне дұрыс міңездеме беруге ынталандыру.
Міңдеттері: 1. Балалардың тірек-суреттермен еркін жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
2. Балалардың жорамалдау және қорытындылау қабілеттерін баулу.
3. Кішігірім топтарда жұмыс жасау, өзара бақылау қабілеттерін ояту..
Жаңа сөздер: астроном, скафандр, Байқоныр, ғарышкер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ғарыш туралы әңгіме, глобус – жер шарымен таныстыру, танымдық кітаптар мен қызықты суреттерді тамашалау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, саяхат, Кішкентай астрономның тапсырмалар әкелуі, сұрақ-жауап, суреттермен жұмысты жұп-жұппен жасау, өзара бақылау, орталықтарда жеке жұмыс, тірек-суреттермен жұмыс, ғарыш жайлы тақпақтар оқу, тәжірибе жасау,«Бес саусақ» әдісімен қорытындылау.
Көрнекілік: бейнетаспа, қосымша суреттер, бөтелке, стақан, су, лимон шырыны, ас содасы, сірке қышқылы, әуе шары, изолента, тірек-схемалар, д/ойын «Зымыран құрастыр».
Сабақтың барысы:
Іс-әрекет
кезені
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың әрекеті
|
Мотивациялық оқыту
(1-2 мин.)
|
1 Ал,балалар, шеңбер құрып тұрайық. Балалар, біз тұратын жеріміз «Жер планетасы» деп аталады. Ал үстімізде әдемі көк аспан бар. Ол аспан – ғарыш әлемі. Біз Жер планетасында тату-тәтті тұрамыз.
2. – Балалар, енді көздеріңді жұмып, өздерінді бос сезініңдер.(Үнтаспадан нәзік әуен шығып тұрады).Жақсы, ғажайып нәрселерді ойлаңдар. Сендер өздеріңді жақсы, жеңіл сезініп отырсыңдар, сендер күлімдейсіңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар және бір-біріне жай көз салып қараңдар. Кәне, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.
|
Балалар шеңберде тұрады.
Балалар көздерін жұмып, қиялдайды.
Күлімсіреп, бір-біріне қарайды да бір-біріне жылы лебіз білдіреді:
-Мен саған бақыт тілеймін. -Әдемі қыз бол. -Үлкен азамат бол.-Бақытты бол.
|
Ізденіс ұйымдастыру
(2-3 мин.)
(6-7 мин.)
(4-5 мин.)
(6-7 мин.)
|
Есік қағылып, Кішкентай Астроном (бала) кіреді де амандасады:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ғарышқа ұшып, ғарышты зерттегім келеді.
Тәрбиеші:-Саған кедергі болып тұрған не нәрсе?
Астроном:
-Маған ғалымдар үш тапсырма берді,соны орындасам ғана рұқсат етеді.(тәрбиешіге жұлдызшаларды ұсынады.)
Тәрбиеші:-Ол қандай тапсырмалар? Балалар, Кішкентай Астрономға көмектесеміз бе?
–Қане, тапсырмаларды көрейік.(жұлдызшаларда жазылған тапсырмаларды көріп, түсіндіреді).
-Балалар, ал ғарышқа қалай жетуге болады?
-Жақсы, балалар, ендеше орталықтарға бөлініп, жұмысқа кірісейік.
Жұмыс жасар алдында біз ғарыш жайлы не білетінімізді еске түсірейік.
1.Тіл дамыту орталығы. (Бұл орталықта балалар жұп-жұппен жұмыс жасайды).- өзара бақылау әдісі қолданылады.
а)Ғарыш туралы әңгімелесу.
-Балалар, кеш түсіп, аспан қараңғыланады.Біз аспаннан нені көреміз? (қосымша сурет№1.Жұлдызды аспанды көрсету). Бұл не?
-Тағы нені көріп тұрсыңдар?
- Аспанда қанша жұлдыздар бар?
-Дұрыс, жұлдыздар сан-алуан көп.Аспанда тағы да Ай мен Күн, планеталар бар. Соның барлығы бір сөзбен – ғарыш деп аталады. Ал кім айтады, ғарышқа немен ұшуға болады?
-Ал ол зымыранмен ұшатын кімдер?
(Қосымша суреттер №2. Ғарышкерлерді көрсету).
-Ендеше, маған ең алғашқы қазақ ғарышкерлерін атаңдаршы.
-Кім маған осы ағайдар жайлы тақпақ айтып бере алады?
-Жерден басқа планеталарда тіршілік жоқ, ауа жоқ, сондықтан да ғарышкерлер арнайы киім киеді. Оны – скафандр деп атайды.Ғарышкерлерге арналған бұл киім арнайы жабдықталған.Бұл киімнен ыстық та,суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін радиомен жабдықталған. (Суреттермен жұмыс – қосымша суреттер №3).
-Ал ғарышқа қай жерден ұшады зымыранмен?
-Өте жақсы,балалар. Ғарышкерлер мекені – Байқоныр.
2. Зерттеу орталығы.
а)-Балалар, бізде күрделі мәселе туындап тұр. Бізге ғарышқа ұшып бару үшін әуе шары қажет.
б)Гипотеза-жорамалдау:
-Ал оны жасау үшін бізге не қажет?
в)Мәселені шешу әрекеті:
-Қандай көрнекіліктерді біз қолданамыз?
( қосымша суреттер №4).
г)Қорытынды:
-Балалар, әуе шарына толтыратын ауа бөтелкеге қалай жиналды?
Таным орталығы.
Дид.ойын «Зымыран құрастыр».
а)-Балалар, бізде күрделі мәселе туындап тұр. Бізге ғарыш зымыраны керек болып тұр. Енді қайттық? Оны қайдан аламыз?
б) Гипотеза-жорамалдау:
-Ал оны қалай жасауға болады деп ойлайсыңдар?
в)Мәселені шешу әрекет:
-Ендеше, балалар, сендердің алдарында дайын қағаз қиындылары жатыр.Сендер өз еркіндерімен зымыран жасап көріңдер.
г) Қорытынды:
-Балалар, біз әуе шарын қалай үрлеп және зымыранды қалай жасайтының үйрендік. Ендеше, тәжірибе жасап, зымыранды көкке ұшырайық.
Тәжірибе: «Зымыранды көкке ұшырамыз».
(Қосымша сурет №5 қолданылады).
|
Балалар Астрономмен амандасады.
Ақпаратты қабылдау.
Ия, көмектесеміз.
Белсенді ойлау әрекеті.
Зымыранмен, әуе шарымен.
Топтық және жеке дара жұмыстар..
Балалар 2 топқа бөлініп, орталықтарда жұмыс істейді.
-Жұлдыздарды көреміз.
-Жұлдыздар,ай, планеталар.
-Көп жұлдыздар бар.
-Зымыранмен, әуе шарымен ұшады.
-Ғарышкерлер ұшады.
-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.
1.Батпайтын ол жыр тағы,
Жүрегімізді жылытады.
Тоқтар батыр кәдімгі
Алпамыстың ұрпағы.
2.Тоқтар,Талғат ағалардай,
Болу үшін ғарышкер.
Жұрт қызыға қарағандай
Болу керек намысты ер.
Ғарышкерлер мекені –
Қазақ жері Байқоныр.
Қай жер саған жетеді,
Ғажап жерім Байқоныр.
Әуе шарына ауа қажет.
Ізденіс әрекеті. Топтық және жеке дара жұмыстар..
Балалардың жауабы.
Ізденіс әрекеті.
Балалардың өзіндік іс-әрекеті.
Төменгі деңгей:балалар үлгіге қарап әртүрлі геометриялық пішіндерден зымыран құрастырады.
Орта деңгей:балалар өз бетінше зымыран құрастырады.(үлгісіз)
Жоғары деңгей: Өз еріктерімен қағаздан керек заттарын қиып алады.
Балалардың ізденіс әрекеті.
Топтық жұмыс.
|
Рефлексивті- қорытындылау
(2-3 мин.)
|
Жалпылау:
-Балалар, бүгінгі сабақта біз ғарыш туралы әңгімелесу мен тәжірибе өткізу арқылы білімізді толықтырдық.
-Жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.Ендеше, «Бес саусақ» ойының ойнап тастайық.
4.Қорытындылау «Бес саусақ» ойынымен:
1.Балалар, сендер бүгін жаңа не үйрендіңдер?
2.Сендерге бүгінгі сабақта не ұнады?
3.Сендерге не қиын болды?
4.Сабақта сендерге кім көмектесті?
5.Келесі сабақта не туралы білгілерін келеді?
|
Балалар қабылданған ақпаратты сезінеді.
Балалардың жауабы.
Іс әрекеттеріне анализ жасайды.
Келесі сабаққа жұмыс әрекеттерін жоспарлайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Жер, ғарыш, ғарышкерлер туралы, тәжірибе жасау ережелерін, геометриялық пішіндерден керекті затты жасауды.
Болу керек: күрделі ойлау қабілеттері, білімге деген құштарлықтары, өз бетінше құрастыру, тірек суреттермен жұмыс істеу қабілеттері.
Қолдану керек: эксперимент өткізген кезде өмірлік тәжірибені қолданады, өз бетімен жорамалдайды және қорытындылайды.
Қосымша сурет №1
Қосымша сурет №2
Қосымша сурет №3
Қосымша сурет №4:
«Әуе шарын үрлейміз» тәжірибесі
Көрнекілік: 1 ш.қ.ас содасы, лимон шырыны, 3 ас қасық сірке қышқылы, әуе шары, изолента, стақан ,бөтелке,воронка.
1 Бөтелкеге су құямыз да бәр шай қасық ас содасын қосамыз.
2. Басқа ыдысқа лимон шырынымен 3 ас қасық сірке қышқылын воронкамен құямыз..
|
3 Шарды изолентамен жылдам бөтелкеге байлаймыз..
|
4 Ас содасы, лимон шырыны және сірке қышқылы араласып, химиялық реакцияға түседі де көмірқышқыл газын шығарады және шарды толтыратын қысым тудырады.
|
Қосымша сурет № 5: Тәжірибені жүргізуге арналған тірек схемалары (жұмыс тәртібі)
Көрнекілік: бөтелке, стақан, су, үш шай қасық лимон шырыны, бір ас қасық ас содасы, бқтелке тығыны.
2. Үш шай қасық лимон шырының қосамыз.
1.Бөтелкенің жартысына су құямыз.
3. Бір ас қасық ас содасын қосамыз.
|
|
|
4. Бөтелкенің ауызына тығының орналастырамыз.
|
5. Бөтелкені жерге қойып, өзіміз алысырақ барып тұрамыз.
|
6. Сәлден соң біздің зымыранымыз «тарс» еткен дыбыс шығарып, көкке самғай жөнеледі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |