391
қолғапқа киіледі (қуыршақтың басы баланың сұқ саусығына
сияды, ал костюмнің жеңі – бас бармақ және ортаңғы саусаққа,
қалған саусақтар алақанға бүгіледі). Спектакль қалтарыс
(ширма) үстінде
көрсетіледі; қуыршақ ойнатушы әртістер
қуыршақты көтере ұстайды, сондықтан тағы бір атауы бар –
жоғары.
Соңғы жылдары мектепке дейінгі
мекемелерде марионетка
принципі бойынша құрылған қуыршақтар пайда болды. Оларды
бекітілген жіп, сымдарды қозғай отырып, алаңшада,
сахнада
жетелеп жүреді.
Қуыршақтарды жетектеудің екі амалы да тіпті мектепке
дейінгі ересек жастағы балалар үшін айтарлықтай қиын,
сондықтан арнайы жаттығулар қажет.
Педагог балаларға
қуыршақтардың қимылдарын (еңкею, бұрылу, қолды сілтеу)
қандай тәсілдермен көрсетуді үйретеді, кейіпкерлердің
қимылдарымен сөйлеуі сәйкес келуін қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: