С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет213/278
Дата14.02.2023
өлшемі4.62 Mb.
#469553
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   278
Кітап мектепке дейінгі тәрбие

388 
Білімқұмарлар үшін
Театрланған ойындарға деген қызығушылықтарын тәрбиелеу және оны 
іске асыру үшін шығармашылық қабілеттерді дамыту, бос уақытты мазмұнды 
өткізуге баулу тұрғысынан келешекте іске асыру. Бұл ойындарға ата-
аналардың назарын аудара отырып, олардың балаларының табыстарын 
ерекше атап көрсетіп, үйдегі театр құрудың отбасылық дәстүрдің қайта 
өркендеуіне ықпал ету қажет. Үйдегі спектакльді дайындау белгілі бір 
уақытты талап етеді және қандай да бір отбасылық мереке, мейрамға (атаның 
мерейтойы, 
әкенің 
туылған 
күні, 
ата-аналардың 
үйлену 
күні) 
орайластырылған. Жаттығу, костюмдерді әзірлеу, декорация, туысқан және 
таныстарға арналған шақыру қағаздарын дайындау отбасы мүшелерін 
бірлігін арттырады, олардың өмірінде маңызды іс-әрекеттерді көбейтеді, 
қуанышты сезімдерге бөлейді. Ата-аналарға баланың мектепке дейінгі 
мекемеде жүргенде қол жеткізген «әртістік және театрлық» қызметіндегі 
тәжірибесін қолдануға кеңес берген жөн. Олар баладан кеңес, көмек сұрай 
отырып, оның хабардарлығын айрықша баса айтып отырған маңызды 
(«Балабақшада шақыру қағаздарын қалай дайындайсың? Сеніңше, бұл рөлді 
кім жақсы орындайды? Түлкіге қалпақты қалай істеу керектігін үйретші!»). 
Осылайша баланың өзін-өзі құрметтеу деңгейі көтеріледі. Ол отбасындағы 
өзінің маңыздылығын сезінеді, ептілік, білімпаздығын (эрудициясын) 
ұғынады, бұл оның жалпы дамуына қолайлы ықпал етеді.
Көркем қызмет түріндегі театрланған ойындар
А.Н. Леонтьев драмаландырылған ойындарды (театрланған 
ойындар мектепке дейінгі педагогикада көпке дейін осылайша 
аталып кетті) баланың өзгеше «эстетикалық әрекет алды 
қызметіне» жатқызады. Бұлар ойын бола отырып, 
шығармашылық қабілеттерін дамытады және көркемдік 
қызметтің ерекше түрін білдіреді. 
Балалар ойынды мазмұнынан алған әсерден, әсіресе өздерінің 
әртістігінен мол қуанышқа кенелтетін спектакль ретінде 
қабылдайды. Мектепке дейінгі балалардың театрланған 
ойындары толық мағынада өнер деп атауға болмайды, бірақ олар 


389 
оған жуықтайды. Ең алдымен, спектакльді ойнауда балалар мен 
шын әртістердің қызметтерінде көптеген ортақтық бар. 
Әртістерді көрермендердің пікірлері, реакциялары қалай 
толғандырса, тетарланған ойындарда балалар басқа адамдарға 
тигізген әсерлері туралы солай ойлайды. Кішкентай әртістер 
үшін жақсы болып шыққаны, айналадағыларға ұнағаны 
маңызды болады. Басқаша айтқанда, оларды қол жеткізген 
нәтижелер толғандырады. Ал нәтиже – шығарманы қалай 
бейнеледі, қалай рөлге сомдады деген сөз. Бұл нәтиженің 
жетістіктеріне педагогтар мен балалардың назары бағытталған. 
Шынында, шығарманы шығармашылық орындауға ұмтылу 
театрланған ойындардың тәрбиелік мәнінде жатыр. 
Театрланған ойындарда балалар шығармашылықтарының сан 
алуан түрлері дамытылады: көркем сөйлеу, музыкалық-
ойындық, билеу, сахналық, әншілік. Тәжірибелі педагогта 
балалар әдеби шығарманы тек рөлді орындайтын «әртістер» 
ретінде ғана емес, сондай-ақ спектакльді безендіретін 
«суретшілер» ретінде, дыбыстық сүйемелдеуді қамтамасыз 
ететін «музыканттар» ретінде және т.б. көркем түрде бейнелеуге 
тырысады. Мектепке дейінгі балаларды театрланған ойындар 
дайындау үдерісінде және оның барысында көркемдік қызметке 
қатыстыру мүмкіндіктері өте жоғары болады. Неғұрлым жоғары 
болса, соғұрлым педагог шеберлігі де жоғары деңгейде, себебі 
оның индивидуалды ерекшеліктерінің ашылуына көмектесетін 
оның шеберлігі арқылы балаларды қызықтыру, олардың 
дарындарын дамыту жеңілірек болады. 
Театрланған ойындардың балаларды өнердің түрлеріне 
(әдеби, драмалық, театрлық) тартудағы рөлін ерекше атап өткен 
жөн. Мектепке дейінгі балалар театр өнерінің сан алуан 
түрлерімен танысады. Дұрыс басқарған барысында балаларда 
әртіс, режиссер, театр суретшісі, дирижер жұмыстары туралы 
түсінік қалыптасады. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар 
спектакльді шығармашылық ұжым дайындайды дегенді түсіне 
алады (барлығы бірге бір жұмысты – спектакль істейді). Балалар 


390 
театрланған ойындардағы өздерінің тәжірибелерімен ұқсастығы 
бойынша театрдың ойнаушы әртістерге де, көрермендерге де 
қуаныш сыйлайтынын сезеді және ұғынады. Кейінірек бұл қоғам 
өміріндегі өнер міндеттері туралы жинақталған түсініктерін 
қалыптастыру үшін қызмет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   278




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет