220
Экзистенциализм – нақты болмыстағы жеке тұлғалық адам тірлігіне
негізделген философиялық ілім. Алғаш
рет экзистенциализм ұғымын
Хайдеггер 1927 жылы өзінің «Болмыс пен уақыт» деген еңбегінде ұсынған.
Бұл ағымның Франциядағы өкілдері ретінде Марсель, әсіресе Сартрды
атауға болады.
Хорей – орыс поэзиясында силлабо- тоникалық өлең жүйесінде
қолданылатын өлшемнің бірі, екі буынды ырғақтақ өлең.
Шарықтау шегі – (лат. – шың) –
сюжеттік дамудың ең жоғарғы
сатысы. Адамдар арасындағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп
жеткен жері; Шығармадағы дарамалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Мысалы, «Ревизордағы» Хлестаковтың Дуан басының қызына құда түсіп,
үйленбек болуы, Шұғаның қатты құса болуы, ауруға шалдығуы, Есімбектің
Әбдірахманды тұтқыннан амалсыз босатуы.
Шешім – (развязка) – суреткердің өзі суреттеп отырған өмір
шындығына өзі суреттеп отырған үкімі, адамдар арасындағы күрделі
күрестердің бітуі, түрлі тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, күллі
оқиғалардың соңғы түйіні.
Шумақ - аяқталған белгілі бір синтаксистік ойды білдіреді. Ол
тармаққа, бунаққа жіктеледі.
Эллипсис – (грекше – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішіндегі не
өлең шумағындағы атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай
тастап кету.
Эпос (грекше – баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің
байырғы,
негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып
кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше
терең ашып, жан-жақты
танытатын іргелі, күрделі жанр. Эпостық шығарманың арқауы ішкі
субъективтік
шындық емес, сыртқы объективтік шындық , - жекелеген
адамдардың көңіл күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи
тағдыры, ұлттық даму заңдылықтары.
Эпилог – (грекше – соңғы сөз) – көркем
шығарманы қорытудың бір
түрі. Тартыс аяқталған соң, сюжеттік шешімнен кейін басты
қаһармандардың одан арғы хал-жағдайына қысқаша мәлімет беру.
«Ботагөздің», «Тағдыр», «Махаббат қызық мол жылдар»
романдарының
эпилогтары.
Достарыңызбен бөлісу: