1. Эпикалық шығармаларды оқыту



бет1/3
Дата21.12.2023
өлшемі25.79 Kb.
#487428
  1   2   3
окыту


1. Эпикалық шығармаларды оқыту. Эпос (грекше epos – баян, әңгімелеу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, кейіпкер қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, оның жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан айқын көрсетіледі.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді:
– шағын көлемді эпикалық түр;
– орта көлемді эпикалық түр;
– кең көлемді эпикалық түр.
Шағын көлемді эпикалық түрге – миф, аңыз, ертегі, мысал, новелла, әңгіме, очерк, фельетон жатады.
Орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі – повесть пен поэма. 
Баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін повесть немесе хикаят деп атайды. Повесть көлемі жағынан әңгімеден көлемді, ұзақ, ал романға жақындау. Повесть жанрындағы оқиғалар жинақы, сюжеттік желісі бір арнадан өрбейді, кейіпкерлер саны да әңгімеге қарағанда молырақ. Бұл жанр бірнеше оқиғаға құрылып, адам өмірінің кезеңдері кеңірек беріледі.
Кең көлемді эпикалық түрге роман мен эпопеяны жатқызамыз. Роман – орта ғасырларда роман тілінде жазылған шығармалар осылай аталған. Сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік еткен орта ауқымында, жан-жақты суреттейді. Басқа жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтиды.
2. Әңгіме жанрын оқыту әдістемесі. Жоғарыда айтқанымыздай,әңгіме – қиын жанр. Алдымен көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс.
Әңгіме жанрын оқыту оқушының сөйлеу дағдысының, мәнерлеп оқуының, рухани дүниесінің қалыптасуының негізгі кілті болып табылады. Әңгімені оқытуда берілетін білім мен тәрбиенің аясы өте кең. Әңгіме жанрын оқытуда берілітін теориялық ұғымдар туралы түсінік беру үшін, ең алдымен, материалды неше сағатта өтуге болады, әр сағатта өтілуге тиісті материал көлемі мен мазмұны және оның оқушыларға бұрыннан таныс, не таныс еместігі, сондай-ақ, оқушылардың қабылдай алу қабілеттілігі, өресі, дағдыларының бар-жоғы сияқты мәселелерді алдын ала ойластырып, жоспарлап алу қажет. Әңгімені оқыту арқылы оқушыға мол тәрбие беруге болады. Әңгіменің идеясы, ондағы кейіпкерлердің мінез-құлқы оқушыларды ойлауға жетелейді. Яғни, оқушы әңгіме мазмұнын түсіне отырып, оның кейіперлерінің бойындағы ұнамды, ұнамсыз қасиеттерін ажыратады. Сол арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Кей оқушылар әңгіме авторын үлгі етіп, тіпті кейбір кейіпкерлерге еліктеп, оларды өнеге тұтады.
Мектепте оқылатын қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әңгіме жанрының алатын орны ерекше және оны оқытудың мәні зор.
Мектептегі оқу мен тәрбие оқушылардың жас ерекшелігіне, психологиясына байланысты ұйымдастырылады. Оқушыларға көркем шығарманы оқыту, кітапқа деген құмарлығын, сөз өнеріне деген ынтасы мен құлшынысын дамыту – әдебиет пәнін оқытудың күрделі жұмыстарының бірі болып саналады. Бұл мәселелерде де оқушының психологиялық ерекшелігі, жасы, оқып жүрген сыныбы ескеріледі. Осыған орай, әңгіме жанры мектептегі қазақ әдебиеті курсының бағдарламасында әр сыныпқа жіктеліп беріледі. Бұл бағытта әңгіменің көлемі, мазмұны, көркемдік ерекшелігі ескеріледі. Мәселен, V-VI сынып оқушыларын әңгімеде көтерілген мәселелерден бұрын оның сюжеттік оқиғасы қызықтырады. 10-11 жастағылар – психологиясы, мінез-құлқы, физиологиялық жағынан балалықтан кетсе де, әлі қалыптасып, толысып жетпегендер. Сондықтан олардың жасына және қабылдау қабілетіне қарай қызықты, жалықтырмайтын көлемді әңгімелер беріледі.
Әңгімені оқыту ең алдымен әдеби-теориялық ұғым беруден басталады.
Әдеби-теориялық ұғым екі кезеңде беріледі. Бірінші кезеңде әңгіме, сюжет, эпизод, композиция, образ, кейіпкер жайлы ұғымдар беріледі.
Мәселен, әңгіме жайлы ұғым беруде төмендегідей мәліметтер береміз.
Әңгіме –әдебиетте оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді [1, 17].


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет