С. Д. Асфендияров атындағЫ



Дата15.07.2016
өлшемі61.1 Kb.
#200072

С.Д.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ



КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕЙІРБИКЕ ІСІ ИНСТИТУТЫ




С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбике ісі жүйісін дамыту

Концепциясын жүзеге асыру бойынша

ЕСЕП
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбике ісі жүйісін дамыту Концепциясын жүзеге асыру шеңберінде 2015-2016 оқу жылында мейірбике ісін жетілдіру үшін атқарылды:

1. Ұйымдастырушылық-басқарушылық деңгейде Университеттік клиника базасында мейірбикелік көмек көрсету және мейірбикелік процессті басқару модернизацияланды, атап айтқанда барлық клиникаларда «мейірбике ісі бойынша менеджер» лауазымы енгізілді, мейірбикелік күту картасы жетілдірілді, нормативтік құжаттарға сәйкес дәрігерден мейірбикелерге бірқатар қызметтер тапсырылды.

Әріптестік байланыстарды дамытуға байланысты:

-Саутгемптон Университетімен (Ұлыбритания);

-Карлов Университетімен (Прага, Чехия);

-JAMK, LAMK қолданбалы ғылымдар Университеттерімен (Финляндия);

-Литва денсаулық ғылымы Университетімен (Каунас, Литва) қол қойылған Меморандумдарға сәйкес белсенді жұмыстар жүргізілуде, жұмыс кездесулері, шақырулар, білім беру семинарлары өткізілді.


2. Мейірбикелік мқызметті басқару жүйесін жетілдіру деңгейінде. Іс-шаралар жоспарына сәйкес менеджер-мейірбике және түрлі деңгейдегі мейірбикелерді даярлау және қайта даярлау оқу орталығын құру жұмыс үстінде.

Қазіргі таңда менеджер-мейірбике және түрлі деңгейдегі мейірбикелерді оқыту визитинг-профессорларды, сонымен қатар С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тиісті теориялық және клиникалық кафедраларының профессорлық-оқытулар құрамын шақыру арқылы Дисполман кейінгі білім беру Институтынің біліктілікті арттыру туралы куәлік берумен іске асады. «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша магистранттар үшін әріптес-университеттерден ғылыми жетекшілерді шақыру бағдарламасы іске асырылады.

Литва, Чехия, Жапониядан визитинг-профессорлар 2 аптадан 8 аптаға дейінгі уақытқа шақыртылуда, болашақта оларды Университет штатына енгізу жоспарлануда.

Қабылданған компетенцияларға сәйкес, мейірбикелердің еңбегін ынталандыру жүйесін құру үшін, мейірбикелер қызметін бағалаудың механизмдері әзірленді. Менеджер-мейірбикелер клиника басқармасына және Үйлестіру клиникалық Кеңесі құрамына енгізілген.


3. Білім беру деңгейінде. Мейірбикелік кадрларды аттестациядан өткізу үшін 4 компетенция (емделушілер құқығы, коммуникациялар және этикалық принциптер, инфекциялық бақылау, кәсіби деңгей) және 3 деңгей бойынша функционалдық міндеттер әзірленді. Теориялық дағдылар тест сұрақтары арқылы, ал практикалық дағдалар баллдық-әріптік жүйе бойынша практикалық дағдылар орталығында бағаланды. Аттестациядан «Ақсай» Университеттік клиникасының 162 мейірбикесі 48 практикалық дағдалар бойынша сынақтан өтті.

1 деңгей (төменгі) – 79 мейірбике немесе 48,7% (48 практикалық дағдының 20 меңгерген).

2 деңгей (орташа) – 56 мейірбике немесе 34,6% (48 практикалық дағдының 39 меңгерген).

3 деңгей (жоғары) – 27 мейірбике немесе 16,7% (48 практикалық дағдының 48 меңгерген).

Біріккен Университеттік клиника базасында «Мейірбике ісіндегі тәлімгерлікке кіріспе» атты С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Университеттік клиникаларының мейірбикелеріне Литва денсаулық ғылымы Университетінен (Литва) шақырылған визитинг-профессор Riklikiene Olga білім беру семинарын өткізді (16-28 қараша, 2015 жыл)№ Қазіргі кезде аталған курстан өткен мейірбикелер өзге мейірбикелерді оқытуда.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Қоғамдық денсаулық сақтау Институтының базасында «Uniclinic философиясы және принциптері» тақырыбында 14.03-28.03.2016 аралығында Біріккен Университеттік клиниканың 10 мейірбикесі 54 сағат көлемінде білім беру семинарынан өтті.

Университеттік клиникаларда мейірбикелерді даярлау және қайта даярлау бойынша бекітілген жоспарлар бар.

1-4 курс студенттері үшін өндірістік практика Университеттік клинкалар базасында өтеді. Студент практикасының күнделігі жетілдіріліп, қайта бекітілді. Қазіргі кезде Менторлық бағдарламасының негізінде тәлімгер ретінде клиникадағы мейірбикелерді шақыру мүмкіндігі қарастырылуда.

Эрасмус + бағдарламасына сәйкес 2 оқытушы JAMK, LAMK қолданбалы ғылым Университеттерінде (Финляндия) «Финляндиядағы мейірбике ісі мамандарын даярлау моделі» бағдарламасы бойынша білім алып қайтты. Қазіргі кезде «мейірбике ісі» мамандығы бойынша 3 курс студенті академилық ұтқырлық бойынша JAMK қолданбалы ғылым Университетінде (Финляндия) 3 айлық білім алуда.

2016-2019 жж. Мейірбикелік білім беру жүйесін модернизацмиялау бойынша Жол картасына сәйкес Мейірбике ісі Институты дамуының стратегиялық жоспарына мейірбике ісі мамандарын даярлауда білім беруді модернизациялау сұрақтары енгізілді.

Жылдамдатылған формада бакалавриат деңгейінде мейірбике ісі мамандарын даярлау бағдарламасы әзірленіп, ҚР ДСӘДМ ұсынылды. Атап айтқанда, 2016-2017 жылдарына медициналық колледж түлектерін жылдамдатылған формасына алу мүмкіндіктері қарастырылуда (жоба түрінде).
4. Практикалық деңгей. Қазіргі таңда Университеттік клиникаларда теориялық және клиникалық кафыедралар орналастырылған, олар түрлі деңгейдегі мейірбикелерге консультативтік көмек көрсетеді..

Нозологиялар бойынша (артериалды гипертония, қантты диабет) мейірбикелік көмек көрсету хаттамалары әзіргенген.

Ұлттық норматитік-құқықтық құжаттарға сай АМСЖ деңгейінде дәрігерден мейірбикеге құзіреттікті беру бағдарламасы енгізілген. Бірікке университеттік клиника да дайындалған 7 мейірбике, 3 медициналық пункттердегі 3 мейірбике дәрігерлік қабылдауға дейінгі деңгейде жеке қабылдау жүргізеді.
5. Ғылыми деңгей. Бакалавриат деңгейінде «мейірбике ісі» мамандығы бойынша студенттердің мемлекеттік қорытынды аттестациясында дипломдық жұмыс қорғау қарастырылған. Магистратура деңгейінде де магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды зерттеу) жұмыстары қарастырлған.

Визитинг-профессор ретінде бакалаврларға (37 студент) және магистрларға (5 магистрант) «мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісіндегі зерттеулердің ғылыми методологиясы» тақырыбында мейірбике ісін дамытуда өзінің жетістіктерімен белгілі, Карлов Университетінің білім беру бағдарламаларының жетекшісі (Чехия), доктор, PhD Канушина М.А., сабақ өтті.

Сонымен қатар, 2015 жылы университетішілік ғылыми грант шеңберінде «Денсаулық сақтау жүйесін бағалауға халықаралық технологияларды бейімдеуде және біріккен медициналық көмек моделін іске асыруда методологиялық жолдарды ғылыми негіздеу («С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ» Университеттік клиникасы мысалында) атты ғылыми жобасы орындалды, оны орындауға Универститтік клиникалардығы мейірбикелер қатысты.

Қазіргі кезде де «UNI Clinic» ҚазҰМУ инновацияллық моделін енгізу» атты ғылыми жоба орындалуда, бұл жоба енгізілгеннен кейін толық деңгейде Университеттік клиниканың жаңа философиясы қалыптасуы қажет.

Сонымен, С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбике ісі жүйісін дамыту Концепциясын жүзеге асыру бойынша жоспарланған іс-шаралар жоспарға сәйкес орындалып келеді.
Мейірбике ісі Институтының

директоры, м.ғ.к. Қалмаханов С.Б.

ШЕШІМ: С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбике ісі жүйісін дамыту Концепциясын жүзеге асыру бойынша есеп мәліметке алынсын.

-С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мейірбике ісі жүйісін дамыту Концепциясын мониторингтеу және бағалау көрсеткіштері 2016 жылдың 1 мамырына дейін әзірленсін. Жауапты: Мейірбике ісі Институтының директоры, м.ғ.к. Қалмаханов С.Б.

-ҚР ДСӘДМ атына «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім берудің жылдамдатылған түрін өткізуге рұқсат беру туралы өтінішхат 2016 жылдың 1 мамырына дейін әзірленсін. Жауапты: Мейірбике ісі Институты директорының орынбасары, м.ғ.к. Иванченко Н.Н.

-ҚР БҒМ және ҚР ДСӘДМ атына «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша PhD докторантура ашу туралы өтінішхат 2016 жылдың 1 мамырына дейін әзірленсін. Жауапты: Мейірбике ісі Институты директорының орынбасары, м.ғ.к. Иванченко Н.Н.



-Менторларды ынталандыру бағдарламасы 2016 жылдың 1 маусымына дейін әзірленсін. Жауапты: Мейірбике ісі Оқу Департаментінің директоры, м.ғ.к. Оразбақова Г.О.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет