V Сауданы ұйымдастыру формасы бойынша және бағалық ақпарат мінездемесі бойынша бағаларды топтастыру
Бұл топта бағаның келесі түрлері болады:
1) тура байланыстар бағалары, олар сатушылардың бағасы, сатып алушылардың бағасы, келісімдік баға немесе факттық келісімдер бағасы болып бөлінеді:
а) сатушының бағалары - сатушы өз тауарларын ұсынатын (жарнамалайтын) бағалар. Бұл сатушы қажет ететін бағалар;
б) сатып алушының бағалары - бұл сатып алушының қажет ететін (жариялайтын) бағалары;
в) келісімдік баға немесе факттық келісімдер бағасы - сатушы мен сатып алушы арасында, контрактпен (келісім шартпен) бекітіліп, келісімділік жасайтын бағвалар. Контракттік бағалар, немес факттік келісімділік бағалары әдейі коммерциялық құжаттарда – контракттарда және есепшоттарда бекітіледі, олар нақты сатушы мен сатып алушы арасында бекітілетін келісімнің нақты шарттарын – тауар санын мен сапасын, тасымалдау мерзімі мен шарттарын, төлем шарттарын, кепілдігін, және т.б. көрсетеді.
Факттік келісімдер бағалары құру әдісі бойынша келесіге бөлінеді:
- факттік келісімдердің нақты бағалары келісім-шартты әзірлеу кезінде белгіленеді, және олар оның бүкіл қолдану мерзімі кезінде өзгертілмейді;
- кейін бекітілетін факттік келісімдердің бағалары бекітудің мерзімі мен принципі көрсетілетін келісімшарты іске асыру үрдісінде қолданылады, мысалы әр тауар партиясын жеткізу алдында және әр календарлық жылдың басында бағаларды бекіту;
- факттік келісімдердің қозғалмалы (жылжымалы) бағалары келісім-шартты жасау кезінде анықталады, бірақ онда келісім-шартты іске асыру мерзімінде бағаның келісілген элементтері немесе нарық қонъюктурасының параметрлері өзгеретін болса, онда оларды қайта қарау туралы түсіндірме істеледі. Қозғалмалы (жылжымалы) бағалар көбіне тауар жабдықтаудың ұзақ мерзімдік контракттарында және бұл тауарлардың нарығының конъюктурасының тұрақсыздығында қолданылады;
2) биржалық бағалар - әдейі делдалдар – биржалардың қызметтерін қолданып жасалатын келісім-шарттардың бағалары. Биржалық тауар нарығының ерекшелігі келесі негізгі қасиеттер арқылы анықталады: биржалық тауарлар – массалық стандарттық тауарлар, сондықтан келісімдер жиі болып тұрады, мұнда көп сатушылар мен сатып алушылар болады, яғни, биржалық нарық – бұл мемлекеттің қол сұғуын қажет етпейтін бәсекелестік нарық. Оның нәтижесінде биржалық бағалар ең тиімді бағалық ақпарат болып саналады;
3) аукциондық бағалар - аукциондарда сату жолдарын көрсететін бағалар. Аукцион классикалық түсінігінде – сатушы нарығы. Аукцион шекарасында келесі бағаларды бөліп атауға болады:
а) сауда (торги) басы жарияланатын бастапқы баға;
б) аукцион қадамдарының бағалары, яғни бастапқы және потенциалды сатып алушы жариялайтын бағалардан асатын аралық бағалар;
в) бастапқы бағасын аукцион қадамдарының бағаларының сомасына асатын факттік сату бағалары;
4) сауда (торговые) бағалары - сауданың әдейіленген түріндегі (формасындағы) бағалар, олар тауарды жабдықтауға тапсырыстарды беруге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға көтермелерді (подрядов) беруге негізделеді.
Классикалық саудалар (торги) - бұл сатып алушы – тапсырыс берушінің нарығы, оның тапсырысына жауап ретінде потенциалды сатушылардан (офференттерден) ұсыныстар (офферттер) келеді. Бұл жерде баға дамының жалпы тенденциясы азаймалы: басқа да ұқсас шарттарда тапсырыс беруші ең арзан ұсынысты тандайды. Аукциондармен салыстырғанда сауда (торги) жабық түрде және шектелген болады. Әдетте сауданың (торгидың) бағалары мемлекет қол сұғуының объектісі болып табылады, себебі тапсырыстардың және подрядтардың көп бөлігі мемлекет бекіткен ережелермен регламенттеледі;
-
анықтама бағалары сатып алушыға өндірушінің (сатушының) тауарларын (қызметтерін) сату шарттары туралы ақпарат береді. Әдетте олар сатушының қызығушыларын көрсетеді, оның бағдарлаушы қасиеті бар және факттік келісім бағаларынан ауытқи алады. Жабдықтаушылар үшін анықтама бағалары ұсыныстардың бағаларын анықтауда негіз болады, ал сатып алушылар үшін – келісім бағасын саудаласуда (келістіруде) бағдаршы ретінде болады.
Ұсыну түрі бойынша анықтама бағалары келесілерге бөлінеді:
-
прейскуранттар (каталогтар, проспекттер) бағаларын стандартты, массалық өнімдерді өндіруші фирмалар өнімнің технико-экономикалық параметрінің қысқаша мінездемесімен бірге басады. Прейскуранттық бағалар келісім жасау кезінде саудаласудың негізі болады;
-
ұсыныстар бағаларын өндірушілер әдейіленген, тапсырыс берілген өнімдер арқылы тұтынушылармен келісімсіз белгілейді. Бірақ оларды белгілеу кезінде келісімнің негізгі шарттары мен нарық конъюктурасы есептеледі.
3-тақырып. Бағаға әсер етуші факторлар
Бағалық стратегияны жасау үшін фирма бағаға әсер ете алатын бүкіл факторларды анықтап, талдауы қажет. Көп жағдайда бұл фирмаға қатысты сыртқы себептер, және оларды фирма бақылай алмайды. Шекті бағалардың өлшеміне (мөлшеріне) келесі факторлар әсер етеді:
-
шығындар;
-
бәсекелестер;
-
мемлекет (мемлекеттік басқару);
-
тауар қозғалысы каналдарының қатысушылары;
-
тұтынушылар.
Бұл факторлардың әрқайсысын бөлек қарастырайық.
Шығындар
Шығындарды анықтаудың (есептеудің) екі жолы болады: бухгалтерлік және экономикалық жол.
Бухгалтерлік жолдарға қатысты өнімді шығарудың шығындары тұтынудың факттік бағаларына шығындалған ресурстардың құны ретінде анықталады.
Экономикалық жолға сәйкес, шығындар бірдей қорларды (ресурстарды) қолданудың бүкіл балама бағыттардың ең падалысын қолданып алуға болатын басқа игіліктердің құны ретінде анықталады.
Кәсіпорын үшін тауар бағасының құрамындағы мағынасы бойынша маңызды элементі болып оның өздік құны ( ақша түрінде кездесетін өндіріс және өнімді жөнелту шығындары) табылады
Бағаны негіздеу кезінде кәсіпорында өнім бірлігінінің өздік құнының калькуляциясы әзірленеді. Мұнда шығындар тізімі, олардың шығындардың бұйымдары мен орталықтарының құрамы және бөлу әдістері өнімнің өздік құнын жоспарлау, есептеу бойынша салалық нұсқаулықтармен бекітіледі.
Уақытша шығындар – олардың өлшемдері өндірістік қуаттардың деңгейлері өзгерген кезде бірге өзгереді (өндіріс көлемдері өзгеруімен бірге: шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары, электроэнергия және т.б.).
Тұрақты шығындарға әдетте өндірістік қуаттар дәрежесі өзгерген кезде өдшемдері өзгермейтін шығындар жатады (қосымша жұмысшылардың жалақылары, коммуналдық төлемдерге шығындар, көлік шығындары, жарнама шығындары, амортизация және т.б.)
Өнімнің құрамына қосуға байланысты шығындар тура және жанама болып бөлінеді.
Тура шығындар – өнімнің құрамына тура еңгізілген (шикізат, материалдар, негізгі жұмысшылардың жалақылары).
Жанама шығындар – өнімнің құрамына жанама еңгізілген (жарнама шығындары, көлік шығындары, коммуналдық төлемдер және басқалар).
Кәсіпорын шығындары тауардың шекті бағасына үлкен әсерін тигізеді. Олар шикізатты, жұмыс күшін, тауардың бөлек компоненттерін, көлік қызметтерін алуымен, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты болуы мүмкін. Мұндай шығындар бақылана алмайды, бірақ баға белгілеу кезінде есепке алынуы тиіс. Оны бірнеше әдістер арқылы іске асыруға болады:
- шығындар көбейген сайын фирма өзінің өнімінің бағаларын жоғарылатады және олардың жоғарылау «ауырлығын» тұтынушының иығына салады;
- фирма шығындары өсуін өндірілетін өнімнің алуан түрлігін (ассортиментін) өзгертпей, өзінің ішкі резервтері арқылы бөлшектеп қайтара алады;
- өнімдердің өздерін өзгерту (олардың өлшемдерін қысқарту, арзан шикізатты қолдану арқылы сапасын азайту), бірақ бағаның деңгейін өзгеріссіз қалдыру;
- өнімді сатып алушылар үшін бағаның жоғарылауы шамадан тыс болып көрінбей, ал ол жоғарғы сапалықпен, ынғайлықпен, абыроймен теңестірілетіндей деңгейде толық жетілдіру;
- шығындарды төмендету арқылы, фирма өнімнің бағасын төмендетуге немесе мүлде өзгеріссіз қалдыруы мүмкін, сөйтіп, өзінің пайдасын арттыру.
Бәсекелестер
Бағаның дәрежесіне әсер ететін маңызды элемент ол – бәсекелестік болып табылады. Маркетингтік тұрғыдан фирма өзінің іс әрекетін белгілі орталарда талдайды. Бағаны кім бақылайтындығына байланысты оның үш ортасын бөліп көрсетеді:
- нарықта бақыланатын бағалар орталығы, ол бәсекелестік деңгейінің жоғарылығымен, сонымен қатар тауар мен қызметтің ұқсастығымен ерекшеленеді. Осы жағдайға байланысты фирманың дұрыс бағаны белгілеуі өте маңызды болады, өйткені бағаның тым жоғары болуы тұтынушыларды өзінен алшақтатып, бәсекелестік фирмаларға кетуіне ықпал етеді, ал бағалардың төмендеуі кәсіпорынға болашақ пайданы әкелмейді;
- бағаның бір немесе бірнеше фирмалармен бақылануы, ол шектелген бәсекелестікпен, тауар мен қызметпен ерекше болуымен сипатталады. Бағалардың төмендігі немесе жоғарылығына қарамастан, олар өз тұтынушыларын табады, бағаны таңдау тек стратегиялық және мақсаттық нарыққа байланысты болады;
- үкіметпен бақыланатын бағалар ортасы, олар транспортқа, байланысқа, коммуналды қызметке және азық түлік өнімдеріне таралады.
Мемлекеттік басқару
Үкімет заң шығару жолымен өндірушілер араларында және көтерме сауда және бөлшектік сауда араларында бағалар туралы келісімдер жүргізу және бекітілген бағаларды құру әрекеттеріне шек қояды.
Тура мемлекеттік бағалық басқарудың негізгі рычагтарын атап өтейік:
1) бағаның жоғарғы абсолюттік шегін құру (нарық шарттарындағы ең қатаң (қатал) рычаг); нұсқа - алғашқы негізгі бағаны және оның өсуінің шекті бағалық коэффициенттерін анықтау;
2) рентабелдік нормативтердің пайыздарын өздік құнға регламенттеу арқылы бағаның өсуіне шек қою;
3) делдалдық сый-сыйапаттарға шек қою;
4) бағаның төменгі шегін анықтау.
Алғашқы үш рычаг арқылы инфляцияның өсуін жою үшін бағаның өсуін сақтайды.
Төртінші рычаг, ең алдымен, фиксалдық мақсаттарда қолданылады. Бағаны төмендету мүмкінсіздігі бюджетке бөлу өлшемдерін жоғарылатуға көмектеседі. Бұл рычаг бюджеттін ең маңызды кірістік статьясы болып саналатын жанама салығының үлкен бөлігі бар (ең алдымен акциздер) тауарларға қатысты кенінен қолданылады.
Төменгі бағалық шекті мемлекет ғылыми-техникалық прогреске түрткі болу үшін бекітеді. Прогрессивтік салаларда өндірістің өсуі - жалпы ұлттық міндет. Бағаның төменгі шегін еңгізу монополиялардың монполияландырылмаған кәсіпорындар – ұқсас прогресшіл өнімдерді өндірушілерді әлсірету үшін бағаларды төмендетуді қолдану мүмкіндігінен айырады.
Тура бағалық басқарудың ең ақырғы жолы – бекітілген бағалар (бір деңгейдегі бағалар) болып табылады. Мұнда сатушы олардан құтыла алмайды. Бекітлген бағалар басқа да барлық көрсеткіштердін бірдейлігін көрсетеді, сондықтан олар нарықтық емес, ал әкімшілік басқарушы экономикаға тән.
Бағаны басқарудың мемлекеттік әдістеріне сатушының бағаның өзгеруі туралы алдын ала хабарлауы, сатушының бағаның ресми мәлімдеуі және сатушы мен мемлекет араларында баға туралы келісім жүргізуі жатады.
Делдалдар
Өндірушілерден көтерме және бөлшек саудамен айналысатын делдалдар барлық жолдармен өнім өндіруді жоғарылатып, түскен пайда мен белгіленген бағаны бақылайды. Өткізу арналарының барлық қатысушыларының бағаны белгілеуі туралы бір шешімге келуі үшін, кәсіпорын бірнеше шарттарды орындауы тиіс:
- әрбір қатысушыға өз шығындарын жауып және өзіне табыс әкелетіндей белгілі үлеспен қамтамасыз ету;
- көтерме және бөлшек саудагерлері үшін өнімді ең төмен бағамен сатып алуына кепілдік беру;
- арнайы келісімдерді ұсыну, олар өзіне мыналарды жатқызады: анықталған уақытқа дейін жеңілдіктерді немес бөлшек және көтерме саудагерлерге тегін партия тауарды жеткізуі керек болады.
Тұтынушылар
Тауарды тұтынушылар басқа фирмалардың өз тауарына деген бағасын анықтағанда әсер етеді. Ұсынылған бағалар бойынша істелген сатып алулар мен бағалар арасындағы байланысты екі себеппен түсіндіруге болады: сұраныс заңының әсері мен бағалық иілгіштікті ұсынып, тұтынушылардың өмірлік деңгейінің әртүрлілігіне байланысты бағаға деген іс әрекеті.
Тұтынушылардың келесі түрлерін ажыратады:
- экономист (үнемшіл) тұтынушылар- олар сатып алу барысында бағаға, сапасына және ассортиментіне негізгі көлемін аударады. Осы топтағы адамдарға көбінесе жарнама үлкен әсер етеді, өйткені жарнамада тауардың қосымша пайдалы құрамы көрсетіледі;
- тұлғалық тұтынушылар. Сатушы жағынан өзіне қалай қызмет көрсеткеніне көп көңіл аударады. Тауар бағасы олар үшін екінші орынды алады;
- этикалық тұтынушылар- өзінің сатып алулары арқылы кішігірім фирмаларды қолдап, олар үшін тауарды жоғары баға бойынша да сатып алуға дайын болады;
- апатикалық тұтынушылар- олар бірінші орынға ыңғайлылық пен жайлылықты қояды, ал бағасына ешқандай көңіл аудармайды.
4-тақырып. Баға белгілеудің әдістері
Калькуляциялық шығындардың екі схемасын ажыратады:
- толық шығындар базасындағы калькуляция;
- тура шығындар базасындағы калькуляция.
Толық шығындар базасындағы калькуляция. Кәсіпорынның барлық шығындары өнімдер бойынша бөлінеді., көп жағдайларда пайыздық мөлшерлемелерді орташа шығындарға қолданылады.
Мысалы. А өнімін өндіруге кеткен шығындар- 400 мың.тң., Б өнімі үшін – 600 мың.тң., В өнімі үшін – 500 мың.тң. тура шығындар жұмсалды. Жанама шығындар барлық өнімдер үшін (А, Б, В)- 300 мың.тң. құрады. Тура шығындар- 1500 мың.тң. құрады. Тура шығындардан жанама шығындардың пайыздық мөлшерлемесін табу керек.
300*100 %/ (400+600+500)=20 %
Әрбір өнімнің тура шығындарына алынған бөлігіне (20 %) көбейтіп, осы бұйымға жіберілген жанама шығындардың мөлшерін есептейміз.
А. ( 400*20 %)/100 %=80 мың.тң.
Б. (600*20 %)/100 %=120 мың.тң.
В. (500*20 %)/100 %=100 мың.тң.
Тура шығындар базасындағы калькуляция. Өнімді өндіру үшін тура байланыста болатын шығындар ғана есептелінеді, яғни тура (өзгермелі) шығындар, ал жанама ( тұрақты) шығындар маржиналды табыспен бірге пайда болады. (МП).
Маржиналды табыс өнімнің бір бірлігіне (АМП)- ол баға мен тура орташа шығындар арасындағы айырма
АМП = Р- АVС
Маржиналды табыс барлық өндірістің өнімі үшін табыс пен тура шығындардың айырмасына тең
МП = TR- VС
Тура және толық шығындардың базалық калькуляциясына қатысты қарапайым мысалды қарастырайық.
1-кесте – Толық кетірімдік базасындағы калькуляциясы
Көрсеткіштер
|
а
|
в
|
с
|
Бағасы, тенге
|
4,5
|
4,1
|
5,1
|
Сату көлемі
|
134
|
204
|
116
|
Табыс
|
585
|
836,4
|
591,6
|
Тура кетірім
|
430
|
466,7
|
400
|
Жанама кетірім
|
163
|
176,8
|
151,6
|
Табыс
|
-8
|
192,9
|
40
|
Жалпы табыс
|
|
224,9
|
|
1-кесте бойынша көрсеткіші толық кетірімдік базасындағы калькуляциясы кулігінде сол А бұйымы рентабельді емес. Сұрақ туады және өнеркәсіптен өнімді алу туралы.
2-кесте – Тура кетірімдік базасындағы калькуляциясы
Көрсеткіштер
|
а
|
в
|
с
|
Бағасы, тенге
|
4,5
|
4,1
|
5,1
|
Сату көлемі
|
134
|
204
|
116
|
Табыс
|
585
|
836,4
|
591,6
|
Тура кетірім
|
430
|
466,7
|
400
|
Маржинальді табыс
|
155
|
369,7
|
191,6
|
Маржинальді табыс
|
|
716,3
|
|
Жанама кетірім
|
|
491,4
|
|
Жалпы табыс
|
|
224,9
|
|
2-кесте бойынша тура кетірімдік базасындағы калькуляциясы куәлігінде сол А бүйым кәсіпорындар маржинальді табыс жасайды, А өнімі қаржы түрінде болады. 3 кесте бойынша 70 процент табысты түсіреді.
Шығынсыздық анализы
Шығынсыздық нүктені нақты және ауыспалы шығындарға бөлінуді келтіреді. Шығынсыздық нүктесі – бұл табыс алмай кәсіпорын өзінің барлық шығындарын жаба алатын сату мөлшері. Осы әдісті қолдану әр түрлі сату көлемі кезіндегі жалпы шығындар мен пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін құруды көздейді.
Маржиналды табыстын коэффициенті
Маржинальды табыстын әдісін колдану зиянсыз анализде маржинальды табыс коэффициентін шығарады. Мөлшері табыстын жалпы көрсеткішін көрсетеді.
Mпк=Mп\TR немесе МПк= Мп/Р*Q
Мысалы. өнімнін мөлшері 6000 шт бағасы 12 тенге сатудан табыс 72 тенге, орташа 6 тенге. Кетірімі 20 тенге.
Шығынды шығармай сату мөлшерінін өсіруге болады. Сату мөлшерін көтеру үшін 10 процент бағасын төмендетуге бола ма?
Табыс тен 16тг. Сонымен 16т табыстын бұрынғы көлемін сақтау үшін 10 процент төмендетуге 7507 өнімді бөліп сату керек, 1507 шт көбірек 12 тг бағасына қарағанда.
VCk = VC/TR немесе VCk = AVC/P
МПк немесе VCk қосындысы бірге тең сондықтан жазылады:
МПк = 1-VC/NR немесе МП к = 1-AVC/P
Мпк экономикалық есептерде қолдануға болады.
Параметрлік әдіс баға құрлысы аналогиялық өнімді есептеу бағасын пайдалаыла, өнімді физико-химиялық ќұрылым бойынша және бірдей керектігін қанағаттау. Осы әдістер керекті параметрлерді аналогиялық өнім сапалық анықтағышқа қолданылады. Осы өнім параметрлік ретімен жазылады. өнімге параметрдін бір негізгі реттік бірнеше болып келеді. Әрбір жана өнімнін бағасы корректті бағасы базалық бұйымға байланысты қарастырылады. Егер жаңа баға параметрдін өзгеруіне болса, онда бұл әдіс параметрлік деп аталады. Параметрлік сапасында бағалы, опайлы мен регрессиялық әдісі қолданылады. Бағалы әдіс негізгі тауар сапасы параметріне бағаны қатыстыруға байланысты. Бағалы негізгі тауар сапасына параметрлік жеке бөлуден тұрады. Әдісте қатені жібермеу үшін бағаны бағдарлау бағасы тұрінде қолданылады. Бағалы әдістін опайы тауар параметрін экспертті бағасын қолдану үшін қорытындылады. Алгоритмдік бойынша осы әдістіњ нақты бағасын білу үшін қолданылады.
Негізгі параметрдін тандауы
Әрбір параметрге опай беріледі
Тауарға базалық опай қою
Опайдын тауарға есептеу бағасына байланысты.
Опайдын бағалық әдісі бағалы тауардын бағасына қалыптастырып қолданылады, параметрлері әртүрлі және сапалық өлшеуіш қолданылмайды. Әдістің кемшілігі – опайды есептеудің субъективизмі. Бағалы әдістін регрессиясы эмпирикалық ережесінін анықтауынан тұрады. Қолдану эффекті есептеу әдісі.
Егер өнім ауыспалы болса, физико-химиялық өзгереді, параметрлік ретін құруға болмайды. Сату максимилизациялық әдістің эластикалық сұраныс есебінен эластикалық сұраныс бойынша бағанын төмендеу сапасында қолданылады, эластикалық емес сүранысты көтеріледі. Сату максимилизациялық әдістін бағаны жеілдігі қолданылады. Әдісте бағанын құрылуы психологиясы. Әдістегі топтың сатып алушылардыњ психологиясын пайдалануға болады. Сонымен маркетинг жүйесі өнімде қолданылады.
Жіктеу бағасы әдісте бұл мысал тұрінде болады. Бағаны құру психологиялық мысал тұрінде сыйлық бағасынын әдістері болып саналады. Бұл тұрінде сыйлық беріледі. Сыйлық бұл бағаны женілдеті және тауарды ескерген кезде қолдануға болады. Бағаға жеңілдік бұл сатып алушыларға психологиялық жағынан сыйлық тұрінде болып келеді. Сатушы қымбат бүйымды сатқан кезде сыйлық түрінде арзан бұйымды қоса береді.
Мысалы, кассетаны видео немесе радитехникаға сатқан кезде қосып береді.
5-тақырып. Фирманың бағалық саясаты және бағалық стратегияны таңдау
Фирманың бағалық саясаты – фирманың экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз ететін, оның жалпы шаруашылық саясатының аса маңызды бөлігі.
Қазіргі нарық жағдайында коммерциялық ұйымдар өзінің шаруашылық саястан, сонымен қатар бағалық саясатын өткізуге нақты мүмкіндігі бар.
Фирманың бағалық саясаты, тіпті жоғары дамыған еуропалық нарықтарда да тұтынушыларды жаулап алу құралы ретінде пайдаланылады. Әсіресе берілген сұрақ отандық нарықтың жоғары серпінді қалыптасуы жағдайында, нарыққа шетел бәсекелестердің белсенді енуі кезінде, қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі кеңеюі жағдайында Қазақстанның кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін аса өзекті болып табылады. Қазақстан экономикасының нарық жағдайына көшу кезеңінде баға белгілеу үрдісінің даму ерекшеліктерін талдау нәтижесінде келесі қорытындыға келді: инфляцияның төменделуі нәтижесінде, импорттың өсуі арқылы бәсекестік деңгейдің күрт артуы, өндірістік және тұтынушылық сұраныстың күрт төмендеуі іс жүзінде инфляциялық баға белгілеу моделін ысырып шағарды. Әлемдік тәжірибиеде қабылданған экономикалық қатынастардың қағидалары қолданыла бастады. Бұл қазақстандық фирмалар кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен сәйкес формаларын таңдауды, әдістердің барша түрлерін және нарықтық баға белгілеудің барлық әдістерін меңгеруді талап етеді.
Фирманың бағалық саясаты бағалық нарықтық стратегиялардың жүйесін қамтиды.
Бағалық стратегиялар – фирма үшін жоспарланған кезеңде максималды пайдаға жетуге бағытталған бірнеше нұсқалардың ішінен бағаның негізделген таңдауы ( немесе бағалар қатарынан).
Бағалық стратегиялық таңдау – фирма қызметінің басымдықтарын бағалауына негізделген баға белгілеудің стратегиясын таңдау. Нарық жағдайында әрбір фирма көпшілік бағалық стратегиялар ішінен таңдау жүргізе алады.
Негізінде, бағалық стратегияның сәттілігі және нәтижелілігі оның құрылу үрдісінен бастап дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Бағалық стратегияны жасаушылар үшін схема және сәйкес сұрақ тестерін құру қажет.
Бағалық стратегияны құрудың бірінші кезеңінде – бес бағыт бойынша бастапқы ақпарат жинау жұмысы жүргізіледі:
1) шығындардың бағалануы;
2) фирманың қаржылық мақсаттарын нақтылау;
3) әлеуетті тұтынушыларды анықтау;
4) маркетингтік стратегияны нақтылау;
5) әлеуетті бәсекелестерді анықтау.
Бағалық стратегияны жасаудың екінші кезеңінде де – бес бағыт бойынша стратегиялық талдауды жүргізіледі:
1) қаржылық талдау;
2) нарықтың сегменттік талдауы;
3) бәсекелестік талдау;
4) сыртқы факторлардың бағасы;
5) мемлекеттік реттеудің рөлін бағалау.
Бағалық стратегияның үшінші кезеңінде фирманың бағалық стратегиясының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
Қазіргі бағалық стратегиялардың негізгі түрлері және оларды жүзеге асырудың салдары
Баға белгілеудің дифференцияланған стратегиясы
Баға белгілеудің дифференцияланған стратегиясы бірдей тауарларды бірнеше бағалар бойынша сату мүмкіндігіне және тұтынушылар категориясының біртекті еместігіне ( әртекті, бірыңғай емес) негізделген.
Екінші нарықта жеңілдіктің бағалық стратегиясы келісім бойынша тұрақты және өзгермелі шығындар ерекшеліктеріне негізделген.
Мезгіл – мезгіл (периодический = оқтын – оқтын, әлсін - әлсін, қайта – қайта) жеңілдіктердің бағалық стратегиясы тұтынушылардың әртүрлі категориясының сұраныс ерекшеліктеріне негізделген.
Бағалық дискриминация стратегиясы. Бұл стратегияға сәйкес фирма бір уақытта, бірдей тауарды (қызметті) әртүрлі тұтынушылар категорияларына әртүрлі бағамен ұсынуды білдіреді. Сондықтан бағалық дискриминация туралы айтылады.
Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы
Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы фирманың бағада бәсекеге қабілеттілігін есепке алумен құрылады.
Нарыққа енудің бағалық стратегиясы өндіріс көлемінің өсуі арқылы үнемді пайдалануға негізделген.
«Меңгеру қисығы» бойынша бағалық стратегия алынған тәжірибе артықшылықтарына және бәсекелестермен салыстырғанда төмен шығындарға қатысты негізделген.
Бағаларды дабылдандыру (сигнализирования) бағалық стратегиясы бәсекелес фирмалармен құрылған бағалық механизмге сатып алушының сенімін пайдалануға негізделген.
Бағалық географиялық стратегия нарық сегменттері үшін баға белгілеудің бәсекелестеріне қатысты.
Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы
Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы фирмада ұқсас жиынтықтар, қатысты немесе өзара алмастырушы тауарлар болған кезде қолданылады.
«Жиынтық» (набор) бағалық стратегиясы өзара алмаспайтын тауарларға сұраныстың бір қалыпсыз жағдайында қолданылады.
«Жинақ» (комплект) бағалық стратегиясы тұтынушыларға фирманың бір немесе бірнеше тауарларды әртүрлі бағалуға негізделген.
«Номиналдан жоғары» бағалық стратегиясы фирма алмасатын тауарлардың бір қалыпсыз сұранысына тап болған кезде және өндіріс көлемін ұлғайту арқылы қосымща пайданы алу мүмкіндігі болған кезде қолданады.
«Имидж» бағалық стратегиясы сатып алушылар өзара алмасатын тауарларды баға арқылы сапасын анықтаған кезде пайдаланылады.
6-тақырып. Баға белгілеудің тактикасы
Баға белгілеудің тактикасы – бұл өндірістің, тауарды өткізудің немесе бәсекелестердің әрекетінің өзгеру салдарынан ағымдағы бағаны түзетумен түсіндіріледі. Бағаны қайта қарастыру аса күрделі үрдіс болып табылады, сондықтан оның тек айқын сыртқы себептердің болуы кезінде түзетеді. Ондай сыртқы себептерге келесілер жатады:
- фирманың тауарына сұраныстың жалпы тенденциялары өзгерсе;
- тауар алмастырушыларға сұраныс өзгерсе;
- ілеспелі тауарлар нарығының дамуы өзгерсе;
- бәсекелестердің бағалық саясаты өзгерсе;
- инфляция.
Фирманы бағаны қайта қарауға итермелейтін ішкі себептерге келесілерді жатқызуға болады: шығындардың өзгерісі, фирма сату серпінділігі арқылы ұлғайтуға ұмтылатын қолма – қол қаражаттың жетіспеуі.
Бағаның төмендетілуі өте ауырсынды және қиратушы үрдіс болуы мүмкін, себебі ол табыстар мен шығындарың азаюына әсер етеді және келесі жағымсыз салдарларды әкелуі мүмкін: сатып алушы санасында тауардың беделі ( престиж= абырой,бедел) құлдырау. Фирманың бағаны төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі жағдайлар:
- өндірістік қуаттылықтың артық қалуы - кәсіпорын үшін шығаратын өнімді ұлғайту арқылы жалпы орташа шығындарды төмендетіп және қосымша пайда табуға немесе бұрынғы деңгейде рентабельділікті сақтап қалуға мүмкіндік береді;
- әлуетті сатып алушыларды тартуға (қызықтыруға) мүмкіндік беретін баға бойынша икемді нарықтық сұраныс бойынша бағаны тқмендету;
- жақын уақытта бәсекелестер өз өнімінің бағасын төмендете алмауына толық сенімділік.
Бағаны төмендетудің бір салдары – инициаторға және осы шараны жалғастырушыға тым жағымсыз әсер ететін «бағалар соғысының» пайда болу мүмкіндігі.
Егер бәсекелестер жаңа модельдерді шығаруға көшсе ( егер фирма оған ештене қарсы қоя алмасы), өз өніміне бағаны төмендету жалғыз шешім болып табылады.
Бағаны төмендетудің негізгі себебі өндірістің азаюы және жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Алайда, экономикасы дамыған елдердің тәжірибиесі көрсетіп отырғандай, қысқару кезеңінде фирма өнім көлемін қысқартып бағаны сол күйінде қалдырады. Тек санаулы фирмалар жалпы конъюнктураның нашарлауы кезеңінде бағаны төмендетеді.
Бұл фирмалар берілген нарықта тастауға тастауға шешәм қабылдады немесе олардың бағасы бәсекелестерге қарағанда жоғары болды деп шешім қабылдауға болады.
Бағаны төмендетпес бұрын, фирмаға түсетін шығындарға мұқият есеп жүргізу қажет және бәсекелестердің тарапынан болатын реакцияны ескеру қажет. Бағаны төмендетудің жағымды жағдайының бірі - берілген өнімді өндіруде жалпы шығындарда тұрақты шығындардың үлесі көп болады. Айтылғанды дәлелдеуүшін шартты мысал келтірейік.
Айталық, фирма шығындар құрылымымен ерекшеленетін үш түрлі өнім шығарады.
Айталық, әр бұйымға бағаны 10 % төмендету қажет, нәтижесінде жаңа баға Р2 тең болады, ол 90 у.е. тең болады, әдеттегі пайданы сақтау үшін (Q2) өнім көлемін өткізу керек.
Есепті әр өнім бойынша маржиналдық пайданың коэффециенті арқылы жүргізуге болады. Нәтижесінде маржиналдық пайданың кеелсі коэффециенттерін табамыз:
A = 0,834, B = 0,723, C = 0,612.
3-кесте. – Шығындар калькуляциясы және А,В,С бұйымының пайдасы
Калькуляция баптары
|
Бұйымдар
|
А
|
В
|
С
|
Баға (Р), у.е
|
100
|
100
|
100
|
Көлемі (Q),дана
|
200
|
200
|
200
|
Тұрақты шығындар(FC) y.e
|
8000
|
6000
|
4000
|
Өзгермелі шығындар (VC) y.e
|
3000
|
5000
|
7000
|
Жалпы шығындар (TC) y.e
|
11000
|
11000
|
11000
|
Жалпы шығындардағы өзгермелінің үлесі (FC:TC), %
|
0,72
|
0,55
|
0,36
|
Орташа өзгермелі шығындар (AVC = VC:Q), y.e
|
15
|
25
|
35
|
Жалпы түскен түсім (выручка) (TR = P*Q), y.e
|
20000
|
20000
|
20000
|
Жалпы пайда(TR-TC)
|
9000
|
9000
|
9000
|
Сату рентабельділігі (R), %
|
45
|
45
|
45
|
Маржиналдық пайда (Mп = TR-VC), y.e.
|
17000
|
15000
|
13000
|
Бағаны төмендеткенде тұрақты шығындардың өте төмен үлесі кезінде қазіргі пайда деңгейін қалпына келтіркге қиын болады. Ол мүмкін болады, егер де сұраныс жоғары икемді және нарық кеңеюі жағдайында болса.
Бұйымның пайдалылығын арттырудың тиімді әдісі ретінде келесіні айтуға болады: шығындардың азаюы, әсіресе өнім көлемімен байланысты болатын тура (өзгермелі) шығындар.
Бағаның төмендетілуін хабардар еткенде ескеретін жайт: сатып алушыларға бағаның төмендетілуі тауардың тұтынушылық қасиеттерінің нашарлануымен байланысты емес екенін түсіндіру, сатып алушылардың теріс реакциясын әлсірету. Бағаларынызды бәсекелестердің бағасымен байланыстырып айтудың қажеті жоқ, әсіресе бағаның төмендетілуінен сатылым мен шығынға ықпал ету туралы хабарландыру айтымау тиіс.
Баға көтерілу проблемалары
Әдеттегідей, бағаның көтерілуі фирманың тауарына сұранысын қысқартады,сатылым қысқарады және пайда азаяды.
Бағаның көтерілу қажеттілігін тудыратын ең басты себептердің бірі шығындар көлемінің өсуімен туатын тұрақты инфляция болып табылады. Өндірістің өсіміне байланыссыз шығындардың жоғарлауы пайда нормасының қысқаруына алып келеді және кәсіпорынға үнемі бағаларды жоғарлатуға мәжбүр етеді.
Баға көтерілуінің тағы бір себебі шектен артық сұраныс, бұл кезде кәсіпорын оны толық қанағаттандыра алмайды. Онда ол өз бағаларын көтереді, тауар бөлу нормалауын енгізеді немесе екеуін бір уақыттта қолданады.
Іс жүзінде жеңілдіктерді алып тастап, ассортиментке неғұрлым қымбат нұсқаларын енгізіп бағаны білдіртпей көтеруге болады, алайда оны ашық түрде жүргізуге болады.
Әдебиеттерде шырмаланған баға көтерілудің келесідей түрлері кездеседі:
- бағаны көтерудің орнына, бір ораманың ішіндегісін қысқарту;
- неғұрлым арзан материалдар мен детальдарды қолдану;
- өнімді дайындауды біршама жеңілдету;
- тегін қосымша қызметті қысқарту немесе мүлдем алып тастау;
- неғұрлым арзан ораманы қолдану;
- бұрынғы неғұрлым күрделі және қымбат тауар маркасының орнына жаңа «арзан модель» маркасын енгізу;
(әрбір осы шырмаланған баға көтерілудің әдістерінің негізінде шығындарды азайту жатыр)
7-тақырып. Аса маңызды салалық кешеніндер өніміне баға белгілеудің ерекшеліктері
Өндірістік – техникалық тағайындау бойынша өнім нарығының ерекшеліктері (ӨТТ)
ӨТТ өніміне баға белгілеу бірқатар ерекшеліктерді қамтиды, олар келесілерге байланысты болады:
-
сатылатын тауар сипаттамасына;
-
нарық қатысушыларының санына;
-
сатылымға әсер ететін факторлар санына.
Бұл нарықта сатылатын тауар сипаттамасы аса әртарапты, алайда олардың бәрі тауар мен қызсетті құрудың технологиялық үрдісін жүзеге асыру үшін маңызды болып табылады. Осыдан бірнеше маңызды жағдайлар туындайды:
- нарықта осы өнімге деген сұраныс туынды сипат алады, яғни өндірістік – техникалық өнімді пайдаланып жасалған тауар (қызмет) нарығында конъюнктурамен анықталады;
- кейбір өнім түрлері ұзақ уақыт пайдаланылады, сондықтан сатып алушы үшін баға көлемі ғана емес, сонымен қатар берілген өнімді пайдалану бойынша кейінгі шығындар да маңызды, яғни барлық эксплуатация кезеңінің жиынтық (жалпы) шығындары.
- әдетте сатып алушы үшін өнімнің пайдалылығын техникалық құжаттарда нақтыланатын және сөзсіз тексеруге бағынатын параметрлер негізінде нақты сандық түрде бағалауға болады.
ӨТТ өніміне баға белгілеу ерекшеліктері тұрғысынан негізгі екі классын ажыратуға болады:
1) бірнеше рет алынатын тауарлар. Бұл категорияға негізгі капиталдың элементтері жатқызылады (машиналар, ғимарат, құрылыс, құрал – жабдық, кемелер, ұшақтар және т.б.);
2) қайта – қайта алынатын тауарлар. Бұл категорияға келесілер жатады: шикізат, материалдар, құрамдастар.
ӨТТ өнімінің экономикалық маңызы тұрғысынан алыну мүмкін:
-
оның негізінде тікелей дайын өнімді жасау үшін;
-
өндірістік қызмет шарттарын қамтамасыз ету үшін;
-
өндірістік ( физмкалық) капиталдың қалыптасуы үшін.
min
4-сурет – Сатып алушылардың ӨТТ өнімінің бағасына қарай сезімталдылық деңгейіне байланысты жіктелуі
Нарыққа қатысушылар мұнда сатылатын тауарлар сипаттамасымен анықталған және келесілерді қамтиды:
-
тауар өндіруші – фирмалар;
-
өткізуде делдал болатын дилерлік фирмалар;
-
қоғамдық игілікті құрумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өндірістік – техникалық өнімді сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.
Сатуға әсер ететін факторлар қатарына келесілер кіреді:
1) тауар ерекшелігі ( сатып лаушы үшін экономикалық құндылықты анықайтын оның функционалды параметрлері: өнімділігі, қуаттылығы, пайдалы заттар құрамы және т.б.);
2) фирма ерекшелігі ( тауар маркасының имиджі, сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру);
3) дилер ерекшелігі ( нарықта өндірістік - техникалық өнімнің қозғалысын қамтамасыз ететін сауда делдалдарының жаулап алу (басып алу, агрессивтік) және шеберлігі деңгейі.
Бұл нарықтың тұтынушылық нарықтан тағы да бір ерекшелгіне сатып алушыға ықпал ету шамасы (нарықтық күш) сияқты факторды ескеру қажеттілігі жатады.
Сатып алушыға ықпалдылық деңгейі ( нарықтық күш) – келіссөздер үрдісінде сатып алушы өзіне қолайлы келісім шарттарын сатушыға артып қоюға мүмкін болатын шара. Іс жүзінде тұтынушылық тауарлар нарығында кездестіруге болмайтын шекті жағдай монопония болып табылады ( нарықта тек бір сатып алушының болуы).
8-тақырып. Әлемдік бағалар
Әлемдік бағалар – бұл халықаралық нарықта берілген тауар бойынша неғұрлым атаулы мәмілелерді айқындайтын бағалар. Еркін саудалық – саяси режимде және еркін айналатын валютада неғұрлым үнемі өтетін мәмілелер атаулы болып саналады. Әдістемелік қателіктерден аулақ болу үшін және әлемдік бағалар туралы ақпарат әртүрлі болмау үшін ол қол жетімді болу керек.
Тауардың әлемдік бағасы – бұл әлемдік тауар нарығында қалыптасқан конъюнктурада нақты жеткізу және жалпы қабылданған төлем шарты кезінде берілген тауарды өткізу бойынша орташаөлшенген баға деңгейі. Әлемдік баға келесі негізгі белгілермен сипатталады:
- көпшілік тауар нарықтары үшін әдеттегі шарттар негізінде ірі экспорттық және импорттық келісімдерді жүзеге асыру бойынша бағалар;
- маңызды нарықтарда және тұрақты (уақытылы) келісмдерде қолданылатын бағалар;
- төлемдер еркін айналатын валютада жүргізілетін келісімдердегі бағалар.
Осылайша, әлемдік баға жеткілікті түрде атаулы боуы керек, атаулықтың негізгі белгісі ретінде – сәйкес тауардың әлемдік экспортта алатын проценттік үлесі. Іс жүзінде әлемдік баға ретінде негізгі жабдықтаушылардың және тауарды сатып алушылардың экспорттық және импорттық бағалары қолданылады. Шикізаттық тауарлар сияқты массалық тауарлар үшін әлемдік баға ретінде халықаралық сауданың негізгі орталықтарының (биржа, аукцион және т.б.) бағаларын жатқызуға болады.
Сатушылар және сатып алушылар үшін атаулы және қол жетімді бағалардың болуы - сыртқы нарықта коммерциялық қызметтің қажетті алғышарты болып табылады. Әлемдік бағалар бойынша ақпарттық мәліметтер жиынтығы бағаның келесі түрлерін құрайды (жарияланатын немесе сұрай бойынша алынатын): анықтамалық, биржалық, аукциондық, саудаласу бағалары, каталогтар, есептік бағалар, ұсыныс бағалары, прейскуранттар бағасы, нақты келісімдер бағасы.
Нарықта шикізаттық тауарлардың көп бөлігі анықтамалық, биржалық және аукциондық бағалармен қамтылған, бағалық ақпаратпен қамтамасыз ету тұрғысынан жалпы дайын өнім, машина және жабдықтар нарығына қарағанда орынды болады (находится в положении).
Әлемдік бағалар - халықаралық саудада нақты тауарлар жағдайын жеткілікті түрде толық сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жүргізу бойынша бағалар. Іс жүзінде әлемдік бағалар келесідей анықталады: бір тауар бойынша ( әдетте шикізаттық) – экспортаушы немесе импорттаушы елдердің баға деңгейімен; басқасы бойынша – аукцион, биржа бағаларымен; дайын бұйымдар бойынша – әдетте берілген өнім түрін өндіруге мамандандырылған әлемде алдыңғы қатарлы өндірушілердің бағасымен. Егер келесі шарттар орындалатын болса, әлемдік баға болып саналады: 1) берілген тауар бойынша алдыңғы қатарлы нарықтарда жасалатын ірі экспорттық немесе импорттық келісімдер бағасы; 2) тұрақты сипат алатын келісімдер; 3) төемдерді еркін айналатын валютада қарастыратын келісімдер.
Әлемдік тауарлық нарықтардың негізгі бағалары белгілі тауар түрінің тұтыну, өткізу және өндіру орташа әлемдік шартын көрсетеді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындар мен шетелдік серіктестер арасындағы ынтымақтастық жобаларының нұсқаларын анықтайды. Тауарлар түрі бойынша әлемдік болып табылады: бидайға – Канаданың экспорттық бағалары; мұнайға – ОПЕК елдер – мүшелерінің экспорттық бағалары; пиломатериалдар – Швецияның экспорттық бағалары; каучук – Сингапурлық биржаның бағалары; түсті металдар – Лондонның түсті металдар биржасының бағалары; шай - Лондон, Коломбо, Калькуттадағы аукционның бағалары.
Шикізаттық тауарлар бойынша әлемдік бағаны анықтау ешқандай қиындық туғызбайды (шикізатты негізгі жабдықтаушы елдер бойынша анықталады), алайда дайын өнімге байланысты бағаны таңдау ұқсас өнімді өндіретін ондаған фирмалардың бағасын пайдалануға тура келеді, ал шикізат бойынша тек 1-3 көрсеткіштер алынуы мүмкін.
9-тақырып. Сыртқы сауда бағалары
Сыртқы сауда бағалары мемлекетпен жүргізілетін сыртқы сауда және кеден саясаты шеңберінде қалыптасады, сондықтан сыртқы саудалық баға белгілеу ресей тәжірибиесі негізінде қарастырылған.
Сыртқы сауда саясаттың негізгі міндеттері:
- сыртқы нарықта отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
- отандық өндірушілерді бағалау;
Сыртқы сауда саясаттың жүзеге асыру құралдарына жатады:
- кедендік баждың дифференциалау;
- демпингтік бағаларды қолдану;
- халыққа және отандық өндірушілерге залалын тигізетін өнімдерді енгізуге тура тосқауыл қоюды ендіру;
- экспорттаушыларға мемлекеттік субсидиялар.
Кедендік баждар дифференциялау және кедендік құнды анықтау тәртібін бекіту ең негізгі экономикалық тұтқа болып табылады. Осы сұрақты дұрыс түсіну үшін бірнеше түсініктеме беру қажет.
Кедендік баждар – ел шекарасын кесіп өтетін тауарлардан кедендік мемекемелер арқылы алынатын федеративтік салықтар. Тауар қозғалысының бағытына байланысты кедендік баждар келесідей ажыратылады: импорттық, экспорттық және транзиттік (соңғысы барлық елдерде дерлік рәсімделмейді). Есептеу формасына байланысты келесілерін ажыратады: пайызбен есептелетін адвалорлық кедендік баждар, абсолюттік көріністе бекітілген мөлшермелер спецификалық; құрамдастырылған – алғашұы екі түрінің құрамасы.
Кеден кедендік баждардан үстінен тауарлар қоймалау және сақталуы үшін, санитарлық жиын ретніде кедендік жиындар алынады.
Кедендік тариф – кедендік баждардың белгілі ережелері бойынша жүйлендірілген арнайы түрде рәсімделген құжат. Импорттық кедендік баждар түрлері экспорттық баждарға қарағанда әлдеқайда көп, себебі экспорт кезінде мемлекеттік субсидиялар мен квоталар қолданылады. Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін экспорт кезінде баждар алынып тасталады. Импорттық кедендік баждар отандық өндірушілерді қорғауға бағытталған (жоғарлатылған баждар) , сонымен қатар отандық өндіріс масшатабы жеткіліксіз (төмендетілген баждар), әлеуметтік маңызы бар өнімдер, материалдар, шикізат, ілгері технологиялардың енуін ынталандыру.
Кедендік құн - сыртқы сауда келісімінің қатысушысы білдіретін және кедендік баждар мен басқа салықтар, жиындар үшін база болып табылатын шекараны кесіп өтетін тауардың бағасы.
Шеттен әкелінетін тауарлар келісімінің бағасы бойынша әдіс басқа келісімдер үстімдірек пайдаланылады. Негіз ретінде келісімнің келісімшарттық бағасы алынады. Тауарды елдің кедендік шекрасының пунктіне (мекен, жер, орын) дейін жеткізу бойынша шығындар, комиссиялық сый ақылар, лицензиялық төлемдер және т.б. қосыша есепке алынады. Отандық тәжірибиеде экспорт кезінде кедендік құн сәйкес қабылданған тәртіп шарты FOB, FCA бойынша қалыптасады – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы, импорт кезінде шарты CIF, CIP бойынша – Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы. Сыртқы сауда келісімшарттарының базистік шарттары іртүрлі болуы мүмкін, бірақ кедендік құнды есептеген кездекелісімшарттық бағалар аталған стандарттық шарттарға сай келеді. Бұл сыртқы сауда келісімін жасаушыларға салық төлеу кезінде біршама бірдей қауырттылықты (напряженность – алаңдаушылық, қобалжаушылық) қамтамсыз етеді.
Егер берілген тауардың келісімшарттық бағасы көпшілік түрде жасалатын келісімдердің бағаларынан айтарлықтай аутқу байқалса, онда берілген әдіске сәйкес кедендік құнның есептелуі кедендік органдармен алынбауы мүмкін. Бұндай жағдай келісім жасаушылардың бір - біріне тәуелді болған жағдайда, сауатсыз есептер кезінде орын алады.
Бұл жағдайда басқа әдістер қолданылады: бірдей тауарлармен жасалған келісімер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, физикалық құрамы, тұтынушылық сипаттамалар бойынша); біртекті тауарлармен жасалған келісімдер бағасы бойынша әдіс (шыққан жері, тағайындалуы бірдей, алайда физикалық құрамы бойынша әртүрлі); шегеру және қосудың есептік әдістері (олардың толық баяндамасы ұсынылған әдебиеттер тізімінде берілген).
Экспортталатын тауарға баға құру тәртібі
Сыртқы нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үшін барлық елдердің үкіметі экспорттаушыларға субсидия береді, экспорттық баждарды төмендетеді және алып тастайды, экспорттаушыларға салық салудың жеңілдікті шарттар жасайды. Осының бәрі экспортталатын тауалардың ұсынысы үшін неғұрлым төмен бағаның негізі болып табылады.
Ерекше көңіл бөлетін жайт, отандық тәжірибиеде экспорттаушыларға жеңілдікті салық салу сұрағы. Бұл салық салу сұрағы ғана емес, сонымен қатар бағалық. Қазіргі жүзеге асатын тәртіпке сәйкес отандық экспорттаушылар экспортталатын өнім шеңберінде бюджетке қосылған құн салығын және акцзді (акцизделетін тауарлар бойынша) төлеуден босатылады.
Жеңілдікті алу сұрағы негізінде, экспорт фактысын дәлеледейтін сұрақ.
Экспорттаушылар жеңілдікті алу үшін Салық органдарына келесі құжаттарды тапсыру керек:
1) тауардың экспортын дәлелдейтін келісімшарт (немесе келісімшарттың көшірмесі);
2) жүктік кедендік декларация (немесе оның көшірмесі);
3) шекаралас белгілері бар кедендік мелекеттердің – ТМД қатысушылары және ТМД қатысушыларынан тыс мемлекеттерде орналасқан елдердің кедендік органдарының көліктік немесе тауар жетектеуші құжаттардың көшірмесі;
4) ресейлік банктегі ресей салық төлеушінің шотына шет елдің тұлғасына өткізген өнімінен нақты түскен табысты дәлелдейтін төлемдік құжат немесе банк құжаты;
Ресейлік экспорттаушы аталған құжаттарды өткізбес бұрын салық органдарына қажет салық сомасын аудару керек. Салық органдарына аталған құжаттар өткізілген соң, алдында төлеген салық сомасы экспорттаушыға қайтарылады немесе болашақ есеп айырысу шотына жазылады.
Айтылғандардан осындай маңызды қорытынды жасалады: ішкі өткізуге арналған тауарлардың бағасына қарағанда, экспортталатын тауарлардың бағасына ішкі жанама салықтар есепке алынбайды.
Экспорт кезінде бағаның құрылуы жөнінде арнайы белгіленген тәртіп жоқ, алайда оның шектері туралы айту дұрыс болар.
Экспорт кезінде бағаның төменгі шегі – бұл өндіріске кеткен шығындар және өндірушілердің нормативтік пайдасы, сонымен қатар келісімшартта айтылған, белгіленген жерге дейінгі жеткізуге кеткен шығындар және оның кедендік рәсімделуіне кеткен алымдар.
Жоғарыда айтылғандай, экспорттық кедендік баж дерлік барлық тауарлардан алынбайды, алынса да тек экспорттаушы бағасының төменгі шегіне енетін міндетті төлем ретінде енеді.
Экспорт кезінде бағаның жоғарға шегі – экспорттаушының келісімшарттық бағасы.
Импортталатын тауарға бағаның құрылу тәртібі
Импортталатын тауар ішкі нарыққа келіп түседі, сондықтан міндетті түрде оның бағасы ұқсас отандық тауар бағасымен сәйкестендіріледі. Әдетте сыртқы нарық және ұлттық нарық жағдайында қалыптасатын көрсеткіштердің айырмасы импорттық кедендік бажбен жабылады. Импортты ынталандыру мақсатында ( ұлттық нарықта неғұрлым жетіспеушілктеге тауарлар) баж мөлшермесі төмендетілуі немесе алынып тастауы мүмкін. Сонымен қатар жеңілдікті шаралар қолайлы саясат жасасатын нашар дамыған елдедің тауарларының импорты кезінде қолданылады. Ішкі жанама салықтар ( қосылған құн салығы және акцизделетін тауарларға акциз) баға құрылымына енеді.
Импорт кезіндегі бағаның есептелу деңгейі оның төменгі шегі болып табылады және келесі формуламен беріледі:
+ К б+ Ка + А + Шішкі + ҚҚС
мұнда - импортталатын тауардың келісімшартық бағасы;
- тауардың теңгемен есптелген (рубль)
келісімішарттық бағасы;
К б – импорттық кедендік баж;
Ка - кедендік алымдар;
А - акциз (егер тауар акцизделген болса);
Шішкі – келісімшартта айтылмаған және ішкі нарықта
тауар қозғалысымен байланысты
импорттаушының ішкі шығындары;
ҚҚС – қосылған құн салығы.
Импорт кезінде бағаның жоғарғы шегі – ішкі нарықта оның конъюнктурасына сәйкес импортталатын өнімнің өткізу бағасы болып табылады.
5 Студенттердің өзіндік жұмысы үшін материалдар
5.1 Дәріс сабақтарына дайындалу тапсырмалары
Достарыңызбен бөлісу: |