С. Торайғыровтың педагогикалық – психологиялық көзқарастары



Дата29.01.2024
өлшемі15.15 Kb.
#490151
түріСабақ
С.Торйығровтың педагогикалық көзқарастары Жетилгенова А


С.Торайғыровтың педагогикалық – психологиялық көзқарастары
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі. XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақтың аса талантты демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың психологиялық пікірлерінің негізгі желісі Қазан төңкерісі алдындағы дала өміріндегі дүрбелеңмен сабақтасып отыратындығы белгілі. Сондықтан да оның пәлсапасынан қоғамдағы өзгеріс, жаңа заманның лебі жақсы байқалады. Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, жан тәннің өзіндік зандылықтарына орай көрініп отырады деуі - ғылыми тұжырымның жақсы айғағы. С.Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туыңдысы. Ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіңдеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. Адам сыртқы дүниемен байланыса отыра, оны біртіндеп тани береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын дамытады, оның ешбір рухани қасиеті тумысынан пайда болмаған. Ақын бізді қоршап тұрған дүние сыры мол, бірақ оны тануға әбден болады дей келіп, мұнда ғылымның алатын орны ерекше екендігін былайша түйеді:
"Зерттесе де адамға білмейтін ғып,
Дүние ешбір сырын жасырмаған...
Әлемдегі терең сыр,
Ғылыммен ғана ашылмақ...
Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде осындай ғылыми жаратылыстық пікір айтқан ойшыл ақын айналада болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен оқиғалардың шығу себебін, олардың түпкі негізінің неде жатқандығын, қозғаушы күштері кімдер екенін ажырата алмай, бұлардың басты себебін адамның ақылы мен ой-санасынан іздейді. С.Торайғыров қазақтың ұлы ойшылдары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларындағы сан тарапты озық та өнегелі идеяларды әрмен қарай дамыта түсіп, қазақтың қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеулі үлес қосты. Ол, әсіресе, қазақ зиялыларының педагогика және психология мәселелері жайлы айтқан салиқалы пікірлерін ғылыми жағынан ширата түсті. Мәселен, ол кезінде Абай қолданған психологиялық ұғымдарды (арман, көңіл, ой, ерік, жігер, қайрат, т.б.) онан сайын саралай түсіп, мәнін айқындап түсіндіріп береді. Әрине, Сұлтанмахмұт шығармаларында жан қуаттары ғылыми атаулармен аталмайды және олардың әрқайсысына жеке талдау да жасамайды. Сұлтанмахмұт мұндай мақсатты алдына қойған да жоқ, өйткені ол да абай сияқты ғалым психолог емес еді. С.Торайғыров қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың (дененің) ара қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіреді. Аз жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын, ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа арнаған. Мәселен, оның таным жайлы пікірінің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған сыртқы дүниенің ұшы-қиыры жоқ, ол сансыз атомдардан тұрады, жан тәннің өзіндік зандылықтарына орай көрініп отырады деуі - ғылыми тұжырымның жақсы айғағы.
"Ойласам дүниеде қанша жан бар,
Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар.
Жаңды, жансыз нәрсенің бәрі дағы,
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Қасқыр болмақ, кұс болып, ұшып қонбақ.
Сол болғандар, болмаған өздігінен,
Болғызған еріксіз бір себеп қолдап".
С.Торайғыровтың пікірінше, адам табиғаттың туыңдысы. Ондағы себептіліктің жемісі. Ол дүниенің сырларын біртіндеп ашып, оны шама-шарқынша өзгертіп отыратын белсенді тұлға. С.Торайғыров қазақ тарихында бірінші болып жан мен тәннің, яғни психика мен мидың (дененің) ара қатынасы туралы мәселе көтеріп, бұл екеуінің өзара байланысын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіреді.
Алдымен ақынның өмірі өте қысқа болғанымен, оның артына қалдырған мұрасы, халқына істеген игілік істері, қазақ педагогикасына сіңірген еңбегі өте орасан дерлік. Бала оқытуда өзіндік жинақтаған тәжірибесін педагогика саласына енгізген бірден-бір жаңалығы деп айтуға мүмкіндік береді. Ол білім берудің жөні осы екен деп дүмше молдаларша оқушылардың жинап алып, қалай болса солай білім беруді қолдамай, ең алдымен балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай топтарға бөліп, дидактиканың жеңілден ауырға қарай

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет