Abai University «Абайтану»



бет1/15
Дата12.03.2024
өлшемі111.66 Kb.
#495076
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
6.Дәрістің қысқаша мазмұны



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University


«Абайтану» пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны
2023-2024 оқу жылы (көктемгі семестр)
Дәріс 1. Тақырыбы: Кіріспе
Жоспары:
1. «Абайтану» пәнінің мән-мазмұны, мақсаты, міндеті.
2. «Абайтану» пәнін оқытудың қажеттілігі.


Дәріс мақсаты: Пәннің мән-мазмұны, мақсатымен таныстыру.


Дәріс мәтіні (қысқаша): Абайдың заманы, өмірбаяны мен әдеби мұрасы жайында мектеп оқушылары бірінші сыныптан бастап он бірінші сынып аралығында мазмұны мен көлемі жағынан біршама хабардар болып шығады.
Орта мектепте оқушылардың Абай мұрасынан алған білім негізіне сүйене отырып жоғары оқу орындарында «Абайтану» және «Абайтану тарихы» деп аталатын арнаулы курс пен арнаулы семинар сабақтарында Абай мұрасын жан – жақты әрі терең танытуға мүмкіндік туады. Өйткені бүгінгі өмірімізде рухани – моральдық құндылықтардың аяқ астында қалуы біздерді жаңаша бағдар алуымызға бағыттап отыр.
Абайтану өзіңнің даму аса күрделі де қиын күрес жолдарын басып өтті. Абай мұрасының жайын білу, бағалау саласында қоғасдық ой – санада қым – қиғаш талас – тартыстар өріс алады. Алғашқы кезеңде (1924 жылға дейін) Абай мұрасын әдеби мұра ретінде танып – бағалау басымтүсіп, отызыншы жылдары тұрпайы социологияның танымының қоғамның санада үстем түсіп жатуы себепті, Абайдың әдеби мұрасын терістеуге дейін барды. Бұл құбылыс Абайтану тарихының М. Әузовке дейінгі дәуірінде пікірталаста, ғылыми – зерттеу еңбектерінде өз көрінісін беріп жатты. Абайтанудың М. Әуезов дәуірінде де біз осы құбылыстан толық қол үзе алмасақ та, М. Әуезов Абайтанудың негізін қалап кетті. Абайтанудың М. Әуезовтен кейінгі бүгінгі дәуірге дейінгі кезеңде, даму жолы М. Әуезов дәстүрін жалғастырып, сенімді ғылыми даму жолына түсті. Абайтануда орын алған кеңестік идеологияның құрсауынан шығып, қалыптасқан ескі танымдардан арыла отырып, тәуелсіз заманның уақыт талабына орай жаңа таным мен соны көзқарастың ғылыми тұрғыдан тың байламдарын бүгінгі заман жастарының санасына сіңіру міндеті алға қойылып отыр. Осы жаңа талап тұрғысынан ЖОО барлық факультеттерінде шәкірттерге ойшыл ақын мұрасы бойынша «Абайтану» арнаулы курсы мен семинар сабақтары оқытылса, филология, тарих, педагогика мен психология факультеттерінде Абайдың әдеби мұрасын жан – жақты, терең,бүгінгі заман талабына орай меңгерту талабы қатаң қойылуы себепті, «Абайтану тарихы» (1889 – 2009 ж) деп аталатын жаңа арнаулы курс пен семинар сабақтарын өткізу міндеті алға қойылып отыр.
Барлық факультеттер бойынша тұңғыш рет оқылатын «Абайтану» арнаулы курсы мен семинар сабақтары бұрын филология факультеттерінде оқытылып келген арнаулы курс пен семинар сабақтарынан тақырыбы мен мазмұны жағынан өзіндік ерекшелігі бар жаңаша бағыт – бағдарда оқытылмақ. Өйткені қазіргі капиталистік даму жолында бүкіл әлемде, соның ішінде тәуелсіз Қазақстан республикасында да дүниеқорлық, пайдақорлық, нәпсіқұмарлық пиғылы, материалдық игілік, яғни рухани құндылықтан басым түсіп, өріс алып барады. Қоғамның болашағы жас ұрпақтың ой – санасын осы дүниеқоңыздық пиғылдан аулақ ұстап, ұлттық рухани қазына көздерінен нәр алып толықтырудың бірден – бір жолы – әл – Фараби бабамыз дүниеге әкелген парасатты адам ілімін, оны ХІ ғасырда дәстүр ретінде жетілдірген Жүсіп Баласағұнидың жәуанмәртлік ілімін, оны ХІІ – ХІІІ ғасырда одан әрі жетілдірген Қожа Ахмет Яссауидің «Қал ғылымын оқыппын, хал ғылымына жетіппін» деп ескертуге сүйене отырып, Қал ғылымы мен Хал ғылымының айырмасын түсіндіру. Заман талабы осы адами кісілік ілімдердің негізіне сүйене отырып, ХІХ – ХХ ғасырдағы қазақ қауымын инсанияттың кәмалаттығы жолына бастап, ойшыл ақындар Абай мен Шәкәрімнің рухани ой қазанынында қайта қорытылып, ұсынылған толық адам ілімінің негіздерімен бүгінгі жас ұрпақтың ой – санасын, дүниетанымын кісілік имандылық рухымен тәрбиелеу міндетін алға қояды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет