С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет41/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Гигиеналық деңгей – қолды жуу үшін зарарсыздан-дырылған заттарды пайдалану; бұл микроорганизмдерді жоюға және кетіруге арналған өте тиімді әдіс. Қолдың гигиеналық өңдеуі алдымен инвазия рәсімнің орындалуымен ескеріледі, иммунитеті төмен науқасты тексеріп болғаннан соң, жаралармен немесе несеп шығаратын катетермен жұмыс жасағаннан соң, қолғапты киерде және қолғапты шешкеннен соң, ағзадағы биологиялық сұйықтықпен жанасқанда немесе микробтық ластанудан соң пайдаланылады.

Қолды гигиеналық өңдеу 2 кезеңнен тұрады: қолды механикалық тазалау және антисептикпен қол терісін залалсыздандыру.
Қолды жуу үшін (механикалық тазалау) шиша ыдыстағы мөлшерленген сұйық сабынды бірреттен көп пайдалануға болады. Сабынды мөлшерленген шиша ыдысқа құюға болмайды.Егер сабын тілімдері пайдаланса, онда олардың кішкентай үзіңділерін пайдалану керек, басқа үзінділері ұзақ уақыт дымқыл жерде қалып қоймауы қажет, себебі микроорганизмдердің көбеюіне мүмкіндік жасамау үшін. Арнайы сабын салғышты қолдану тиімді, себебі басқа уақытта қолды жуу үшін сабын кеуіп тұру тиіс.
Қолды өңдеу кезіндегі қимыл-қозғалыстар еуропалық EN-1500 стандартына сай келуі шарт. Әр қимыл кем дегенде 5 рет қайталанылады. Қолдардың өңделуі 30 секундтан 1минут уақыт арлығында орындалады (1-сурет).


ekoline.com.ua

1-сурет.


Қолды гигиеналық өндеу

Қолды қағаз сүлгімен кептіру керек, сосын кранды жабамыз. Егер қағаз сүлгілер болмаса онда оның орнына таза мата тілімдерін шамамен мөлшері 30 х 30 см жеке қолдануға болады. Әрбір қолданылып болған сүлгілерді қайта тазалаудан өткізу үшін арнай қойылған контейнерлерге тастау керек. Электр құрғатқыштар тиімсіз, себебі теріні аса жай кептіреді.


Механикалық өңдеуден кейін (екірет сабындап және шаю) қолдың жалғауына аз дегенде 3 мл зарарсыздандырғыш жағылады. Қолды гигиеналық дезинфекциялау кезінде препараттар қолданылады, яғни құрамында зарарсыздандырылған детергенттер болады, сонымен қатар қолды спиртпен залалсыздандырады (адекваттық шарттың қолды жууға немесе қолды жуу үшін арнайы уақыттың болмағандығынан).
Зарарсыздандырылған сабынды немесе детергенттерді қолданған кезде қол ылғалданады, содан соң теріге 3 мл құрамында спирт бар препаратпен жағады (мысалға, «Исосепт», «Спитадерм», «АХД-2000 специаль», «Лизанин», «Биотензид», «Манопронто»), толық кепкенге дейін теріге ұқыпты сіңеді (қолды сүртуге болмайды).
Персонал қолына сақина тағудан немесе тырнағына бояу жағудан сақтануы керек, себебі сақина мен жылтырақ бояу қолдағы микроорганизмдерді жоюға қиындық соқтырады. Маникюр (әсіресе тырнақ асты аймағынажасайтын әрекеттер) кішіжарақаттарға әкелуі мүмкін, себебі ол теззақымдалады. Қолды жууға арналған жабдықтар аурухананың шекарасында ыңғайлы орналасуы керек. Дербес жағдайда, диагностикалық немесе емдеу өткізілетін бөлмеде, әр бөлмеде және бөлмеден шығарда тікелей емес орналасады.
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет