Психикалық белсенді заттарды (пбз) пайдалану Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша (ахж 10) осы үлкен топқа кіреді



Дата21.09.2023
өлшемі157.4 Kb.
#478215
Психикалық белсенді заттарды


Психикалық белсенді заттарды (ПБЗ) пайдалану

Аурулардың халықаралық жіктемесі бойынша (АХЖ - 10) осы үлкен топқа кіреді:

  • - маскүнемдік (жіті улану, созылмалы маскүнемдік, тұрмыстық ішкіштік)

  • - нашақорлық (опий тобы, каннабиоидтар, спайстар, кокаин, амфетаминдер және т. б.)

  • - уытқұмарлық (желім, газ, бензин, ұшпа еріткіштер және т. б.)

  • - темекіні пайдалану (насыбай, темекі, «көк темекі», вэйптар, қороқор)

  • - прекурстарды пайдалану (дәрігердің тағайындауынсыз қатты әсер ететін дәрілік құралдарды пайдалану)

Соңғы жалдары жастар арасында ең жиі кездесетін мәселе болып микстер табылады, бұл екі және одан астам психикалық белсенді заттарды пайдалану.
ПБЗ пайдаланушыларды анықтау қалай өтеді:
- өз еркімен жүгіну – егер бұрын жылына нарколог дәрігерге осы жағдай бойынша жылына 2-3 жағдайда жүгінсе, 2017-2019 ж.ж. 10-12 жағдай байқалды. Бұл халықтың тыйым салынған зарарлы заттарды пайдаланудың салдары туралы жоғары хабардарлығын дәлелдейді.
- бастапқы медициналық, білім беру мекемелері мен құқық сақтау органдардан жіберу. Бұрын терапевт дәрігерлер, педиатрлар мен басқа белгілі бір сала мамандары адамдарды шамалы мөлшерде жіберген болатын. 2018-2019 жылдары 20-дан астам жіберілген адамдар жағдайлары болды. Әсіресе кеңес алу мақсатында психиатр дәрігерлер мен мектептер және колледждер әкімшіліктері жиі жібереді.
- алкогольдік, нашақорлық, аралас масаю мәніне тәуліктік сараптамадан жіберу. Әсіресе мереке алдындағы және меркелік, демалыс, каникул күндерінде куәландырылғандардың саны айына 8-10 кісіге дейін жетеді.
- оқу орындарындағы профилактикалық медициналық қарап тексерулер. Орташа алғанда, бір оқу орнын қарап тексеруді аяқтағаннан кейін қосымша тексерулерге 12-15 адам шақырылады. Күнтізбелік жыл ішінде профилактикалық медициналық қарап тексерумен 3500 адам шамасында қамтылады. Белгілі нәтижелер бар. Профилактикалық қадағалауға алынғандардың (қауіп-қатер тобы) арасында қадағалаудың 1 жылы ішінде 98,2% ПБЗ қайталап пайдалануды тоқтатады.
Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарынан келген 16-жасар жігітте профилактикалық медициналық қарап тексеруден өткенде темекі тартқаны анықталды. Бала толық емес отбасында, жалғыз анасымен тәрбиеленеді. Үш бала. 1,5 жылдың ішінде темекі тартып жүр, ол туралы анасы білмейді. Оның баласы күніне 3-4 рет темекі тартқанына таңғалып қалды. Олардың қарым-қатынастары сенімділекке негізделгені туралы және ешқашан ПБЗ пайдалануға тексермегені туралы айтты. 6-жолақты есірткі тестіде анықталды: анаша, сонымен қатар тармадол. Соңғы рет нашаны «сулы» арқылы 7 күн бұрын пайдаланған. 3 күн бұрын қаланың дәріханаларының біреуінен сатып алған 4 грамм тармадол ішкен. Ол рецептсіз қатты әсер ететін затты қалай сатып алды деген сұраққа жауап қайтарды: ақшаға бәрін сатып алуға болады!
2-3 жыл бұрын Қазақстанға, нақты біздің облысымызға спайстар келді. Спайстар ол шөптер қоспалары, олардың құрамына психикалық белсенді заттардың жоғары мөлшері бар синтетикалық каннабис кіреді. Синтетикалық каннабиоидтарға жататын осы қоспалардың жасанды алмастырғыштары адамның психикалық және денелік күйіне өте қатты психотропты әсер етеді. Осы «химияны» шылым қоспаларында 2-3 рет пайдалану анық абстиненттік синдромы бар құмарлықты туғызады. Спайсты пайдаланатындар белгілі бір кезеңде үрейлі қорқынышты, мазысыздануды сезінулері мүмкін, әртүрлі галлюцинациялар пайда болады. Спайсты тартудан негізгі соққыны орталық жүйке жүйесі өзіне алады. Сонымен қатар бауыр мен өкпе бүлінеді, қантүзу жүйесі өзгереді. Ағзада түтін, бу, стронций, никотиннің шырышты қабықшалар арқылы тура, келеңсіз әсер етулерінен, аталғандардан басқа, жергілікті реакциялар да орын алады. Тыныс алу жолдарының созылмалы қабынулары пайда болады, бұл кейінгіде ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмей мен өкпенің обырына апаруы мүмкін. Зейін, ықыластылық нашарлайды, ойлану процестері мардымсызға айналады, адам күйзеліске бейімді болады және өзіне-өзі қол салуға дейін жетуі мүмкін. Артық мөлшерлеуде психиканың ауыр бұзылуы пайда болады және адам өзі үшін де, сонымен қатар айналадағылар үшін де қауіптіге айналады. Спайстарды пайдаланудың салдары шарасыз нәтижеге апаруы мүмкін.
Өзіңіздің өміріңізді, жақындарыңыздың, достарыңыз бен туыстарыңыздың махаббатын талқандамаңыз.
ШҚ ОПД КМҚК нарколог дәрігері М. С. Қалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет