1. Калий хроматы К2CrO4 Ва2+ катионымен ВаCrO4 сары тұнбасын береді:
ВаСІ2 + К2CrO4 → ВаCrO4↓ + 2КСІ
Ва2+ + CrO42- → ВаCrO4↓
Тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы ВаСІ2 барий хлориді немесе Ва(NО3)2 барий нитраты ерітіндісін алып, оған 3 тамшы калий хроматы К2CrO4 ерітіндісін және 3 тамшы сірке қышқылы ерітіндісін қосады. Су моншасында қыздырады. Қыздыру барысында ВаCrO4 сары кристалдық тұнбасы түзіледі.
2. Калий дихроматы К2Сr2O7 барий катионымен барий хроматының сары тұнбасын береді:
K2Cr2O7 + 2BaCI2 + H2O → 2BaCrO4↓ + 2KCI + 2HCI
Cr2O72- + Н2О → 2CrO42- + 2Н+
2CrO42- + 2Ва2+ → 2BaCrO4↓
Тәжірибе. Пробиркаға 3 тамшы ВаСІ2 ерітіндісін немесе Ва(NО3)2 барий нитраты ерітіндісін алып, оған 3 тамшы калий дихроматы ерітіндісін және 4-5 тамшы СН3СООNa натрий ацетаты ерітіндісін қосып, су моншасында қыздырады. Қыздыру барысында BaCrO4 барий хроматының сары кристалдық тұнбасы түзіледі.
3. Жалынның боялуы. Барийдің ұшқыш тұздары түссіз жалынды сарғыш – жасыл түске бояйды.
Sr2+ катионына жеке реакциялар.
Sr2+ катионының ерекше өзіне тән реакциялар жоқ.
1. Гипс суы. Гипстің қаныққан сулы ерітіндісі (СаSO4x2H2O) Sr2+ катионымен SrSО4 стронций сульфатының тұнбасын түзеді.
Достарыңызбен бөлісу: |