Сабақтың аты
|
§1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия сабақ 1
|
Жалпы мақсаты
|
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы мағлұмат беру
Сабақ барысында оқушыға МКТ негізгі қағидаларын, Жылулық қозғалыс, Броундық қозғалыс, диффузия құбылысын, диффуззия жылдамдығы туралы түсіндіру, практикада қолданылуы туралы мағлұмат беру.
|
Күтілетін нәтиже
|
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия жайлы мағлұмат алады
Жылулық қозғалыстың анықтамасын және механикалық қозғалыстан айырмашылығын айыра алады;
Броундық қозғалыс пен диффузия құбылыстарын кеңірек оқып біледі;. Диффузия құбылысының күнделікті өмірде кездесетінін түсініп, біледі.
|
Сабақтың кезеңдері
|
Мұғалімнің іс - әрекеті
|
Оқушының іс- әрекеті
|
Оқыту үшін бағалау Қажетті ресурстар, қолданылатын құралдар
|
Кіріспе
|
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
Оқушыларды топқа бөлу
1. Жылу энергиясының қаттырақ қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге өту процесі.
2.Дененің температурасын ............өлшейді
3. Абсолют термодинамикалық шкаладағы температура бірлігі
4.Цельсий шкаласындағы температураның өлшем бірлігі
-Үй тапсырмасын тексеру.
|
-мұғаліммен сәлемдесу;
- жоқ оқушыларды айту
Төрт топқа бөлінеді
|