Тәрбие жұмысының жоспары о қу жылы Класс жетекшісі Учебный год Классный руководитель Мектеп класс Школа о блыс, қала, ауданы, ауыл Область, город, район, село



бет1/9
Дата07.12.2022
өлшемі494.5 Kb.
#466715
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
9 Б кл ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ 34 САҒАТҚА АРНАЛҒАН (1)





ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ



О қу жылы Класс жетекшісі
Учебный год Классный руководитель


Мектеп класс
Школа
О блыс, қала, ауданы, ауыл
Область, город, район, село
СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ


Күн сайынғы міндеті:

  • Сыныпта жоқ оқушыларды түгендеп, сабақта жоқ оқушыларды анықтап, себебін жазып, хабарлама тапсырады

  • Сыныптағы кезекшілікті бақылауды жүзеге асырады

  • Оқушылардың киім киісін және олардың ауыстырып киетін аяқ киімі болуын бақылап отырады

  • Сыныптың өзін-өзі басқару ұйымдарына және мектептің өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдеріне педагогикалық көмек көрсетеді

Апта сайынғы міндеті:

  • Оқушыларды тексереді

  • Пән мұғалімдерінің сынып журналын Kundelik.kz жүргізуін бақылап отырады

  • Класс сағатын дүйсенбі күні және жарты сағаттық шаралардан ақпарат беру, өзара байланыста болу үшін өткізіп тұрады;

  • Мектеп ішіндегі бекітіліп берілген сыныптың санитарлық жағдайын бақылап отырады

Ай сайынғы міндеті:
Сынып ұжымының мектеп істеріне қатысуын ұйымдастырады;
Жолда жүру ережесі және қауіпсіздік техникасы мен тіршілік қауіпсіздігі бойынша жоспарлы нұсқама жөніндегі сабақтарды өткізеді;
Кабинетке және сыныпқа бекітіліп берген аумаққа тазалық жұмысын жүргізеді;
Мектептегі кештер және басқа іс -шаралар кезінде кезекшілік етеді;( кестеге сәйкес)
Өз сыныбындағы педагогикалық қамқорлықты талап ететін оқушыларды үйірмелерге, секцияларға басқа бірлестіктерге қатысуын бақылайды:
Тоқсан бойындағы міндеті:

  • Оқушылардың денсаулығын сақтау жөніндегі медицина қызметкерлері ұсынымдарын орындалуын ұйымдастыру

  • Сыныптың мектеп бойынша кезекшілігін ұйымдастырып отыру

  • Мектеп оқулықтарының жағдайын бақылап отыру

  • Ата-аналар жиналысын өткізіп отыру

  • Сынып жетекшілердің семинарларына, өзге де сынып жетекшінің іс-шараларына қатысады

  • Сынып оқушыларының мектеп ережесін орындауын қадағалайды

Демалыс уақытындағы міндеті:

  • Сынып жетекшілері әдістемелік бірлестігінің демалыс кезіндегі жұмыстарына қатысып, отырыстар ұйымдастыру

  • Өзін-өзі басқару ұйымдарымен, қоғамдық бірлестіктермен, белсенділерімен, ата -аналарымен бірлесіп өз сыныбында демалыс

кезінде іс- шаралар ұйымдастыру
Оқу жылының аяғындағы міндеті:
Сынып белсенділерімен бірге оқу жылындағы сынып қорытындысын шығару; Сыныптағы оқу-тәрбие қорытындысына талдау жасап, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына есеп тапсырады; Мектеп берген оқулықтарды кітапханаға тапсыртады; Сынып ішін жөндеу жұмысын ұйымдастырады; Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жас бала да тәрбиені қабылдауға солай бейім. Сондықтан ұрпақ жайындағы озық ұлттық мұраны бүгінгі оқу-тәрбие үрдісіне ендіру аса маңызды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» - деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов айтқандай, ел болашағы-жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Сынып жетекшісі қызметінің міндеттері:
Сынып ұжымын қалыптастыру және дамыту
Тұлғаны дамытып, әрбір білім алушының өзін танытуы әрі қайталанбас ерекшелігін сақтай отырып психолгиялық педагогикалық жағдай тудыру
Оқушылардың шығармашылық іс- әрекетін қалыптастыру
Сыныптағы жүйелік жұмысты ұйымдастыру
Білім алушылардың бойында адамгершілік құндылықтар мен рухани бағдарларды қалыптастыру
Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау
Сынып жетекшісінің негізгі қызметіне мыналар жатады:
Сынып жетекшісінің қызметін ұйымдастыру
Сынып ұжымының оқу ісін ұйымдастыру
Сыныптың сабақтан тыс уақыттағы өмірін ұйымдастыру
Оқушылардың жеке басын зерделей түсіну
Оқушыларды әлеуметтік қорғау
Ата- аналармен жұмыс
Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттері:
Журналды жүргізуге;
Оқушылардың жеке істерін жүргізіп, жай- күйін бақылап отырады;
Сынып ұжымын ұйымдастырады: тапсырмаларды бөледі, белсенділермен жұмыс істейді, оқушыларға бағыт береді;
Оқушылардың ақыл -ой қызметін ұйымдастыруда психологты шақырады;
Оқушыларға мамандық таңдауға көмектеседі;
Әлеуметтік жағдайын зерттеп есепке алады;
Оқушыладың денсаулығын нығайту үшін спорт шараларына тартады;
Ата- аналармен дербес жұмыс жүргізеді;
Қабілетті балалардың ой- өрісінің өсуіне жағдай жасау:
Сынып жетекшісі нені білуі тиіс:
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңын;
Бала құқықтары жөніндегі Конвенцияны;
Балалардың жас ерекшелігіне қатысты педагогиканы, психологияны, мектеп гигиенасын, әлеуметтік педагогиканы;
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесін;
Педагогикалық әдеп пен шеберлікті;
Еңбек заңнамасының негіздерін білуі тиіс:
Оқу жылының басындағы міндеті:
Сыныптағы оқушылардың тізімін жасап, сынып журналын рәсімдейді;
Мектеп кітапханасынан кітап алуды ұйымдастырады;
Оқушылардың отбасы жағдайындағы тәрбиесін зерделейді;
Жарты немесе бір жылға арнап сыныптың ұжымдық жоспарын ұйымдастыру;
Жылдық тәрбие жоспарын жасап, тәрбие орынбасарына тапсырады:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет