Сабақ №1 Жұмыстың мақсаты: Жердің дамуы (архей эрасының ерекшеліктері бойынша) Көрнекілік құралдар



бет2/2
Дата27.10.2023
өлшемі36.74 Kb.
#481819
түріСабақ
1   2
Семинар 1 (1)

Плейстоцен
QР-0,8

Соңғы QIII

Жоңғар

Ортаңғы QII

Бакин

Алғашқы QI

Қойбын

Эоплейстоцен
QЕ-1,0

Соңғы QЕII

Хор-
Госс

Алғашқы QЕI

Ф а н е р о з о й

Эоно
тема (эон)

Эратема,
индексі

Кезең-абс. жасы
млн. жыл, индексі

Дәуір-абс. жасы млн. жыл, индексі

Түсі

Ф А Н Е Р О З О Й Ф – 540 млн. жыл


Кайнозой KZ-65 млн. жыл

Неоген N-21,7
(23,5)

Плиоцен N2-3,5

Ақшыл сарғыш


Миоцен N1-18,2

Сары


Палеоген
Е-41,5
(65)

Олигоцен Е3-10,2

Ашық қызғылт сары


Эоцен Е2-19,3

Қызғылт сары


Палеоцен Е1-12

Қою қызғылт сары



Мезозой MZ-185 млн. жыл

Бор К-70,0
(135)

Соңғы К2-31

Жасылдау

Алғашқы К1-39

Жасыл

Юра J-68,0
(203)

Соңғы J3-19

Ашық көк

Ортаңғы J2-21

Көк

Алғашқы J1-28

Қою көк

Триас Т-47,0
(250)

Соңғы Т3-27

Ашық күлгін

Ортаңғы Т2-10

Күлгін

Алғашқы Т1-10

Қою күлгін

П А Л Е О З О Й PZ-290 млн. жыл

Соңғы палеозой PZ3

Пермь
Р-45,0
(295)

Соңғы Р2-19,0

Қоңыр қызғылт


Алғашқы
Р1-26,0

Қою қоңыр қызғылт

Таскөмір
С-60,0
(355)

Соңғы С3-?

Ашық сұр

Ортаңғы С2-?

Сұр

Ортаңғы палеозой PZ2
Алғашқы
палеозой PZ1

Алғашқы С1-35,0 (?)

Қою
сұр



Эоно
тема

Эратема,
индексі

Кезең-абс. жасы
млн. жыл, индексі

Дәуір-абс. жасы млн. жыл, индексі

Түсі










Девон
Д-55,0
(410)

Соңғы Д3-20,0

Ашық қоңыр

Ортаңғы Д2-15,0

Қоңыр

Алғашқы Д1-20,0

Қою қоңыр

Силур
S-25,0 (435)

Соңғы S2-15,0
Ашық сұр жасыл

Алғашқы S1-10,0

Сұр жасыл

Алғашқы палеозой PZ1

Ордовик
О-65,0
(500)

Соңғы О3-20,0

Ашық қою жасыл


Ортаңғы О2-10,0

Қою жасыл

Алғашқы О1-35,0
Қоп қою жасыл

Кембрий
-40,0
(540)

Соңғы €3-?
Ашық көк жасыл

Ортаңғы €2-?

Көк жасыл

Алғашқы €1-20,0

Қою көк жасыл


П р е к е м б р и й (Р€)

Эоно
тема, инд.

Эратема,
индексі

Абс. жасы млн. жыл

Кезең,
аттары


Индексі


Түсі

Протерозой PR

Неопротерозой

540

Венд V

NP3

Ашық қызғылт

NP

Рифей R

650

Каратавий

NP2


Қызғылт

850

NP1

Мезо-протерозой
МР

1000

Юрматиний

МР3

1200

МР2

1400

Бурзяний

МР1


Палеопротерозой
РР

1800

Суйсарий

РР4

Қою қызғылт

2050

Ятулий

РР3

2300

Сариолий

РР2

2500

Сумий

РР1

Архей
AR

Неоархей

2800

Лопий





Қызыл күрең

Мезоархей МА

3200

Саамий

Палеоархей РА

3600




Эоархей ЕА

4000







  1. Қарқынды жанартаулық әрекеттердің көрініс беруі (4-3,6 млрд. жыл бұрын). Көптеген жерлерде алғашқы жер қыртысының ыдырауы мен жылжымалы үдерістер көрініс берген. Жер бетінде белсенді жылжымалы зоналар қалыптаса бастады. Жылжымалы зоналарды протогеосинклин деп атайды. Осы зонада белсенді жанартаулық үдерістер жүрді. Жанартаулардың көпшілігі тектоникалық жарықшақтарға ұштасқан. Алғашқы жер қыртысы тұрақты блоктар (протоплатформалар) мен қозғалмалы зоналарға (протогеосинклиндер) ыдырады. Архей эрасы активті жанартаулық әрекеттер мен тектоникалық қозғалыстармен сипатталады. Осы үдерістер әрекетінен таулар, жайпақ таулар мен терең қазаншұңқырлар қалыптасты. Сонымен қатар, жанартаулық және қарқынды жылжымалы қозғалыстар нәтижесінде жер бетінде көлемді массалы гранит, диабаз, габбро және сиентитті магмалық таужыныстарын әкелді. Жердің осы эволюциялық даму кезеңі темір, уран және алтын кенорындарын қалыптастырды.

  2. Континеттер (қалқандар) көне ядросының қалыптасуы (3,8-3,0 млрд. жыл бұрын). Архей эрасында тұрақтылықпен ерекшеленетін континенттердің көне ядросы қалыптаса бастаған. Олардың қалдығы Қытай-Корей, Оңтүстік Қытай платформаларынан басқа барлық көне платформаларда кездеседі. Континенттер көне ядросының қалыптасуымен Кольск қатпарлығы (немесе Балтық қалқаны), трансвааль қатпарлығы (Оңтүстік Африка) байланысты. Архей эрасында шамамен 3,5 млрд жыл бұрын біздің планетамызда өте көне суперконтинент Ваальбара қалыптасқан. Осы супер континент 2,8 млрд жыл бұрын жекелеген континенттерге ыдыраған. Сонымен қатар континенттік жер қыртысының қалыптасуы белсенді түрде жүрді. Бірақ континентті жер қыртысының қалыптасуы архей эрасында 5-40% құрайды.

  3. Климаттық жағдайдың өзгеруі (4,0-3,6 млрд. жыл бұрын). Архей эрасында жас Жер планетасы біршама геологиялық қайта жаралу, қарқынды тектоникалық қозғалыстар және атмосферада толықтай оттегінің болмауымен ерекшеленеді.

  4. Анаэробты (оттексіз) жағдайда тіршіліктің қалыптасуы (3,8-3,6 млрд. жыл бұрын). «Анаэроб» терминін ғылымға француз микробиологы Луй Пастер 1861 жылы енгізген.

  5. Ғаламшарда алғашқы тіршіліктің көрініс беруі (3,8-3,3 млрд. жыл бұрын). 1865 жылы неміс ғалымы Г.Рихтердің ұсынған панспермия гипотезасы немесе космогониялық теориясы бойынша тіршілік Жерге басқа ғаламшар арқылы келген.

  6. Тірі организмдердің болуы (3,5-2,5 млрд. жыл бұрын). Архей эрасының шөгінді таужыныстарында органикалық тіршілік іздері кездеседі. Бұл мәліметтер алғашқы қарапайым тірі организмдер пайда болғанын айқындайды.



Тапсырма: Протерозой, палеозой, мезозой, кайнозой эралары бойынша үлгі құрастыру және әрбір ерекшеліктерге сипаттама беру, презентация жасау.



Эра атауы

Ерекшеліктері

Кайнозой

?

Мезозой

?

Палеозой

?

Протерозой

  1. Континеттік жер қыртысының өсуі

  2. Оттек каупі (кислородная катастрофа)

  3. Родиния суперконтинентінің қалыптасуы мен ыдырауы

  4. Аэробты организмдердің дамуы

  5. Көп клеткалы организмнің пайда болуы

  6. Криогендік кезең



Сабақтың нәтижесі: 1 семинарлық сабақ бойынша магистранттар Жердің дамуы бойынша әрбір эра ерекшеліктерінің үлгі құрастырып талдау жасауға үйренеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет