Сабақ: 1 Мектеп: 29жоббм күні: Мұғалімнің аты-жөні



бет1/3
Дата04.03.2024
өлшемі51.56 Kb.
#494260
түріСабақ
  1   2   3
РД ҚМЖ С1 Н1 9 Адам жанының құпиясы





САБАҚ: 1

Мектеп: 29ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Озганбаева Г.К:

Сынып: 9-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

3-бөлім. Адам жанының құпиясы
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының сюжеттік-композициялық құрылымы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

9.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романының сюжеттік-композициялық құрылысын талдау

Бағалау критерийлері

Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:
сюжет пен композиция,
Оқушылар түсінеді және сипаттайды...
Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын

Құндылықтарды дарыту



Жалпыадамзаттық құндылықтар:

  • адамгершілік, мейірімділік, әділдік;

Еліміздің құндылықтары;

  • рухани жаңғыру, ұлттық кодтың сақталуы.

Пәнаралық байланыстар

Тарих, өзін-өзі тану, валеология

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, слайд

Осыған дейін меңгерілген білім

Бөлімнің бірінші сабағы



Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы
10 минут



Қызығушылығын ояту

  • Оқушылар «Ұлпан» романынан алынған тірек сөздерге назар аударады.

  • Тірек сөздерді басшылыққа алып, романның негізгі идеясы туралы өз ойларын ортаға салады





https://surak.baribar.kz

Сабақтың ортасы


5 минут
10 минут

10 минут



Мағынаны тану
Әдеби-теориялық ұғымды еске түсіру
Сюжет – өзара жалғасқан оқиғалар тізбесі, оқиғаның тұтас желісі.
Композиция (лат. соmpositiо - құрастыру, шығарма) – көркемөнер туындысының құрылымы, оның жанры мен мазмұнына орай құрамдас бөліктерінің тұтастығы. Композиция – құрамдас бөліктері бірлікте ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым.
1- тапсырма
ЖЖ «Ұлпан» романының сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасайды:

1.Оқиғаның басталуы. ......


2.Оқиғаның байланысы.....
3.Оқиғаның шиеленісуі .....
4.Оқиғаның шарықтау шег ....і
5.Оқиғаның шешімі .........
Бағалау
Дескриптор:

  • сюжеттік-композициялық құрылысын анықтайды;

  • сюжеттік-композициялық құрылысына өзіндік баға береді

ЖЖ. «ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК ЖӘНЕ ГЕНДЕРЛІК ТЕҢСІЗДІК»

....Гендерлік теңдік қызметтің барлық түрлеріне қатысатын ерлер мен әйелдердің, ұлдар мен қыздардың жай ғана тең санын немесе әйелдер мен ерлер бірдей дегенді білдірмейді. Бұл ерлер мен әйелдер теңдей мүмкіндіктерді, құқықтарды, қоғамда танылуды және мәртебені пайдаланады және теңдей құрметке ие болуы керек дегенді білдіреді. Гендерлік теңдік дегеніміз әйелдер тура ерлер сияқты болу керек дегенді білдірмейді. Теңдікті көтермелеу ерлер мен әйелдердің түрлі рөлдері мен қажеттіліктері бар екенін мойындайды және даму бағдарламаларын жоспарлаған кезде осы факторлардың маңыздылығын көздейді...

Романнан гендерлік мәселеге қатысты ақпараттарды анықтап, қазіргі қоғамда жиі кездесетін гендерлік теңсіздік туралы таныстырылым жасайды.


Мысалы,



  1. Тұлымы желбіреген жас қыздан бір рулы елдің басын біріктіріп, атын шығаратын ұлы тұлғаға дейін қөтеріле білген қайраткер жан Ұлпанның әрекеті;

  2. Ұлпанның күйеу баласы Торсанның Ұлпанды «отырса –опақ, тұрса – сопақ» етуі т.б.






1. ЗЕЙНОЛЛА ҚАБДОЛОВ шығармалары 6-том

2.Любовь Анатолийқызы Дорожкина,


ББЖ ҚБАРИ доценті

«Валеология» Ұлыбритания елшілігі





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет