Сабақтың ортасы
|
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық, қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын немесе әлсіз жасыл-сары тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнайды терең өңдеу кешені
Бұл кешен жылына 2 млн. 400 мың тонна шикізат (мазут, вакуумды газойль) өңдеуге есептелген. МТӨК жоғарыоктанды бензин, авиациялық және дизельді жанармай өнімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Жылына 5,5 млн. тонна мұнай өңдеу барысында, Атырау МӨЗ жыл сайын 1 млн. 745 мың тонна автокөлік бензинін, 1 млн. 640 мың тонна дизель жанармайын, 244 мың тонна авиакеросин шығарады. Мазут шығару 193 тоннаға дейін қысқарады. Барлық моторлық жанармайлар Евро-5 стандартына сәйкес болады.
«Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешенінің құрылыс» жобасын іске асыру аясында құрылыс-монтаж жұмыстары 13 технологиялық қондырғыда және зауыттың жалпы шаруашылық аумағындағы 50 нысанда жүргізілуде.
Мұнайды терең өңдеу кешені құрылыс алаңында резервуарлар салу бойынша жалпы саны 52 бірлік болатын, 13 титулда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған кешен бойынша Департаменттің мемлекеттік инспекторлары «Prime G» қондырғысының ірі ауқымды қондырғылары C-0701 және С-0702 бағаналарының гидравликалық сынақтарына қатысты. С-0701 бағанасы өнім қоспасын фракциондау мен реакторды сутектендіруге арналған:
- каталитикалық крекингтің жеңіл бензинін;
- каталитикалық крекингтің орташа және ауыр қоспалы бензинін алуға;
«Атырау МӨЗ-де мұнайды терең өңдеу кешені құрылысы» жобасының ірі ауқымды С-0701 бағанасының техникалық характеристикасы бойынша биіктігі - 39.7 м, диаметрі- 3.6/4.4 м., ал С-0702 бағанасының биіктігі– 28.15 м, диаметрі – 3/3.6 м. құрайды.
«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС - Қазақстандағы алғашқы мұнай өңдеу ошағы. Бүгінде АМӨЗ-да Еуро-2 деңгейіндегі Регуляр-92, Премиум-95, Супер – 98 маркалы автокөлік бензиндері шығарылады. Қазіргі кезде шығарылатын жалпы бензин көлеміндегі жоғарыоктанды бензин өндірісі қайта жаңғыртуа дейінгі 7% -дан 36,9 %-ға дейін өсті. Дизель отындары да Еуро 2,3,4 деңгейлеріне сәйкес келеді және қазіргі заманғы дизельді қозғалтқышты жеңіл және жүк көліктерінде қолдануға арналған.
АМӨЗ қайта жаңғыртудың екінші кезеңінде 2010 жылдың қазанында бастау алған хош иісті көмірсуектер кешенінің (ХКК) құрылысы жүргізілді. Бүгінде АМӨЗ жаңа кешеннің құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр.
АМӨЗ қайта жаңғыртудың үшінші кезеңі – мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені (МТӨК). Жобаны жүзеге асыруға зауыт 2012 жылдың желтоқсанында кірісті. МТӨК құрылысының аяқталу мерзімі – 2016 жыл. 1999 жылдың ортасынан бастап зауыт акциясы бақылау пакетінің (86,7%) ұстаушысы "ҚазақОйл" ¥лттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамы, кейін "ҚазМұнайГаз" ҰК" акционерлік қоғамы болды. "ҚазМұнайГаз" Қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 2005 жылдан бастап 99,5% үлесті иеленуші болып есептеледі.
Мұнай-газ құрылғыларын өндіру бойынша тағы бір жоба Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірлесіп жүзеге асуда. Білдек-тербелмелі, ұңғымалы, қарнақты, тереңдетілген, бұрамалы сорғыштар, құбырларды коррозияға қарсы жабындылармен қаптау және химиялық реагент жасап шығару өндірістерін жолға қою көзделген. Қазіргі таңда техникалық-экономикалық негіздемені дайындау аяқталып келеді.
Есептер шығару.
№1. 2 т Октанды крекингілегенде қанша бутан түзіледі?
№2. Массасы 1кг пентанды (С7Н16 ) жағу үшін оттектің
қандай көлемі қажет?
№3. Октанның 5 моль мөлшері жанғанда түзілетін көміртек
оксидінің көлемі және массасы қандай?
|
Берілген есептерді шығарады
|
|