Сабақ 18 Деңгейлік тапсырмалар(20 ұпайға дейін): і-ші деңгей



Дата24.01.2024
өлшемі45.85 Kb.
#489759
түріСабақ
БАН 18 практикалық сабақ


ЖМ-720 БАН Жайсанбай Бекзат
05/05/2021ж. Практикалық сабақ 18


Деңгейлік тапсырмалар(20 ұпайға дейін):
І-ші деңгей:
1.Қант диабеті дегеніміз не және этиологиясы.
Қант диабеті – абсолютті және салыстырмалы инсулиинің жетіспеушілігіне байланысты, зат алмасудың бұзылысына алып келетін ауру. Балаларда қант диабеті эндокринологиялық жүйелер патологиясының арасында бірінші орын алады.
Қант диабеті 2 негізгі типке бөлінеді: инсулин тәуелді (І тип жасөспірімдік) және инсулин тәуелсіз (ІІ тип ересектерде). Балаларда І тип жиі кездеседі.
Этиологиясы. Себебі дұрыс анықталмаған. Тұқымқуалаушылық, вирусты инфекция, аутоиммунды бұзылыстар осыған алып келеді. Қауіпті факторларға күйзеліс жағдайлары, физикалық жарақаттар, тамақ құрамында көмірсулардың көп болуы, семіздік, гиподинамия, глюкокортикоидты гормондар және диуретиктермен тиімсіз ем қолдану жатады.
ІІ-ші деңгей:
1. Қант диабетінің патогенезі.
Патогенезі. Қант диабетінің даму негізінде инсулин мөлшерінің жетіспеушілігі жатады. Инсулиннің жетспеуі кенеттен глюкоза алмасуының бұзылысына алып келеді. Қанда глюкозаның жиналуына байланысты гипергликемия дамиды (қалыпты жағдайда қандағы глюкоза деңгейі 3,3-5,5 ммол/л). Гипергликемия глюкозурияға алып келеді.
Ауруға тән белгілердің бірі – зәрдің салыстырмалы тығыздығы жоғарлайды. Глюкозурия полиурия тудырады, осының салдарынан қандағы сұйықтық азайып, шөлдеу (полидипсия) пайда болады.
Организм сумен бірге электролиттердіде (калий, магний, натрий, фосфор, хлоридтер, кальций) жоғалтады. Одан басқа көмірсулардың майға ауысуы, белок синтезі бұзылады және май қоры клеткаларынан майдың мобилизациясы күшейеді. Нәтижесінде науқастар арықтап, шектен тыс тәбеті жоғарлайды (полифагия). Инсулиннің жетіспеушілігі май
алмасуы бұзылысына алып келеді: майдың түзілуі төмендейді, ыдырауы артады. Қанда май алмасуынан толық тотықпаған өнімдер (кетонды денелер) жиналуына байланысты қышқылды-негіздік жағдайдың ығысып, ацидоздың дамуына алып келеді.

ІІІ-ші деңгей:
Тапсырма №3
Бала С. 10 жаста. Аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне мынадай шағымдармен келді: жөтел, дене қызуының жоғарылауы, аузының құрғауы, шөлдегіш, азуы. Анамнезінде: жағдайының нашарлауын вирусты инфекциямен байланыстырады. Емді амбулаторлы қабылдаған, эффект болмаған. Бала тез арықтап, жүдей бастаған, шөлдегіш, полиурия пайда бола бастады.
Зерттеу нәтижесі: аш қарынға гликемия 14ммоль/л, зәрде: кетондар 2+++, тығыздық салмағы 1036, глюкоза 5.

Сұрақтар:
1.Сіздің клиникалық диагнозыңыз?Қант диабеті(E11)
2.Емдеу жоспарыңыз?№9 диета;
· жалпы режим;
· тамақтануды жоспарлау;
· баланың және оның ата-аналарының диабет мектебінде білім алуы;
· дене жаттығуларын дозалау;
· психологиялық көмек.
Инсулин терапиясы, HB1Ac-ның жекелеген мақсатты деңгейін немесе күнделікті 0,5-0,75 Ед / кг / тәулікте тері астындағы инъекция түрінде ,немесе тері астындағы инсулиннің инфузиялық-помпалық инсулинді терапиясы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет