Сабақ №2 Тақырып: Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері. Сабақтың мақсаты



бет7/10
Дата03.01.2022
өлшемі1.51 Mb.
#451730
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №2

Жергілікті желілер (ЖЖ) әдетте 2 - 2,5км аумақ аралығында орналасқан абоненттерді біріктіреді. Жергілікті компьютерлік желілер жеке кәсіпорындар мен мекемелердің соның ішінде білім беру мекемелердің жұмыстарын, жалпы техникалық және ақпараттық қорларға қатынас құруды үйымдастыруға мүмкіндік береді.

Ауқымды желі бір бірінің арасы елеулі қашықтықты қамтыйтын: қаланың әр түрлі аудандарында, әр түрлі қалаларда, мемлекеттерде, әр түрлі континенттерде орналасқан абоненттерді біріктіреді. Осындай желіде абоненттерді өзара әрекеттестіру телефон желісі, радиобайланыс және спутникалық байланыс жүйелер арқылы жүргізіледі. Ауқымды компьютерлік желілер бұкіл адамзаттың және мекемелердің ақпараттық қорларды біріктіру проблемасын шешуге және осы қорларға қатынас құруды үйымдастыруына мүмкіндік береді.

Коммуникациялық желінің негізгі компоненттері:



      • беру құралы (передатчик);

      • қабылдағыш құралы (приёмник);

      • хабарлар (белгілі фоматтағы сандық деректер: деректер базалар файлы, кестелер, сұратуға жауабы, мәтін немесе бейнелер);

      • беру құралдары (физикалық беру ортасы және ақпараттардың берілуін қамтамасыз ететін арнайы аппаратурасы).

Компьютерлік желідерде байланыс арналар арқылы хабарлармен алмасу процесін сипаттауға келесі тұсініктер пайдаланады:

      • беру режимі;

      • беру коды;

      • синхронизациялау типі.

Берудің үш режимі бар:

      • симплекс режимі – бұл деректерді тек қана бір бағытпен беретін режим;

      • Жартылай дуплекс режимі – ақпаратты кезектесіп беру, беруші және қабылдаушы құрылғылар тізбекті түрде орын ауыстырып отырады;

      • дуплекс режимі – бұл хабарларды бір уақытта беру және қабылдау режимі.

Деректерді беру үшін арнайы кодтар пайдаланады. Дүниежұзінде қолдануға алынған байланыс арналар арқылы ақпараттармен алмасуды жұргізуге пайдаланатын кодтар ASCII және UNICODЕ болып табылады.

Есептеу желілерде беру және қабылдау процестері белгілі бір уақыт аралығына байланысты болуы мүмкін. Бір процесс екінші процестен деректерді толық қабылдап алғаннан кейін басталуы мүмкін. Осындай процестер синхронды болып табылады. Егер мұндай байланыс жоқ болса, онда процестер асинхронды деп есептеледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет