ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚ №2
Тақырып: Үлестірілген желілер түсінігі мен түрлері.
Сабақтың мақсаты: Пәнге жалпы мағлұмат беру және басқа пәндермен байланысымен, даму тарихымен танысу. Компьютерлік желілердің жіктелуін талдай отырып қарастыру.
Жоспары:
1 . Пәнге кіріспе
2. Зерттеу объектісі және пән құрылымы, мамандықтың басқа пәндермен байланысы.
3. Компьютерлік желілердің дамуының қысқаша тарихи деректері
4. Компьютерлік желілердің жіктелуі. Жергілікті және ауқымды желілер
Сабақтың барысы:
Компьютерлік желілер өте тез таралып жатыр. Егер 20 жыл бұрын КЖларға шағын адамдар қатынас жасап жұмыс атқарса, қазір желілісіз адамдар өз ара байланыс жасай алмайды.
60-жылдардың ортасында үшінші кезеңдегі машиналар шығарыла басталды. Олардың жұмыс істеу жылдамдығы 1 млн. оп/сек. жетті. Машина уақыты қымбат болды. Құатты ЭЕМның қорларын бір мезгілде бірнеше қолданушылар арасында пайдалану идеясы көптерминалдық есептеуіш жүйелерді құрастыруға келтірді. Бұл жүйеде есептеуіш машинаға бірнеше терминалдар қосылады.
I BM-360 компьютері.
Үшінші кезең
Терминал – бұл монитор мен пернелер тақтасы, яғни, терминал қосылған компьютерге ақпаратты енгізу/шығаруға керекті және жеткілікті құралдар жиыны. Үшінші кезеңдердегі компьютерлерде арнайы терминалдарды қосу құрылғысы пайда болды. Ол компьютерге жақын (он шақты метр қашықтықта) оналастырылды.
Қазірде, бірақ-та, сирек Терминалдар компьютерлік кластарды жабдықтауға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |